Пәннің аталуы
|
Ұңғымаларды аяқтау
|
Қысқартылған атауы
|
Ұңғ.аяқтау
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Орымбетова Г.Э.
|
Доцент / оқытушы:
|
Aға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қаз
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
ЖОО компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер Экология, математика, физика, химия, жалпы гидравлика, еңбекті қорғау.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Теориялық жоспарында ұңғыманы бекітумен, мұнайгаз кеніштерді сынау және игерумен, мұнайгаз құрылысын жоғарысапалы аяқтаумен біріккен негізгі технологиялық процестерінің теориясы сұрақтары бойынша сонымен қатар қойнауда пайдалы кен қазбаларды сақтау, қоршаған ортаны қабаттық сұйықтар және басқа күшті қосылыстармен ластанудан сақтау және ұңғыманы аяқтау кезінде еңбектің қауіпсіздіук шарттар сұрақтары бойынша болып табылады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Мұнайгаз қабаттарының физикасы. Өнімді қабаттарының жыныстарының сипаттамасы. Кен орындарының табиғи шарттарындағы қабат сұйықтарының құрамы және қасиеттері. Өнімді қабаттарды ашу сапасына жуу сұйықтарының әсері. Жуу сұйықтарының коллекторге ластану әсерінің бағалау дәрежесі. Өнімді қабаттарды ашу үшін жуу сұйықтарының қасиетттері мен құрамының негізгі талаптары. Алғашқы ашу кезінде ұңғыманы жуудың гидравликалық есептердің принциптері. Өнімді кеніштерге кіру әдістемелері. Кіру әдістемелерді таңдау принциптері. Бұрғылау кезінде температураның өзгеру мінездемелері мен себептері. Ұңғыманың оқпаны бойынша температураның таралуын есептеу әдістері. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау. Сынаудың маңызы мен міндеттері. Сынауға арналған техникалық құралдардың жіктелуі. Сынау жабдығының жинағын таңдау. Сынауды өткізетін алдан-ала жұмыстар. Ашу және өнімді горизонтттарды сынау мен ұңғымаларды игеру кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Ұңғыманы бекіту тәсілдері мен мақсаттары. Ұңғыма құрылысы туралы ұғым. Мұнай және газды ұңғымалардың түптік бөлімшесінің конструкциясы. Ұңғыманың түптік бөлімшесінің жабдығы. Ұңғыма конструкциясын таңдауға әсер етуші факторлар. Ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері. Шегендеу құбырлардың конструкциясы және олардың қосылыстары. Шегендеу құбырлар стандарттары. Шегендеу құбырлар және олардың қосылыстардың беріктік сипаттамалары. Шегендеу құбырлардың көтеру қабілетіне әсер етуші факторлар. Шегендеу құбырлар тізбегінің жұмыс істеу шарттары. Шегендеу құбырлар тізбегін ұңғымаға түсіру технологиясы және оны ұйымдастыру. Шегендеу құбырлар тізбегін түсіру режимін есептеу принциптері. Бекіту және цементтеу кезінде қауіпсіздік техникасы. Тампонажды материалдардың тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар. Базалық тампонаждық материалдар. Цементтеу ұнтақтарының, ерітіндінің және тастың негізгі қасиетттері. Тампонаждық ерітіндінің және тастың қасиеттеріне қысым мен температураның әсері. Қабаттарды ажырату сапасына қойылатын талаптар. Цементтеу тәсілдерінің жіктелуі. Алғашқы цементтеу әдістерінің маңызы, жетістіктері мен кемшіліктері. Ұңғымаларды цементтеу сапасына әсер етуші негізгі факторлар. Буферлік сұйықтардың қолдану аймағы және құрамы, тағайындалуы. Цементтеу кезінде қиындықтар және оларды цементтеу тәсілдері. Алғашқы цементтеудің есептеу принциптері. Шегендеу құбырлар тізбегінің байланыстыру және саңылаусыздандыруды тексеру. Қабаттарды перфорациялау арқылы ашу технологиясы. Ағынды шақыру тәсілдерінің жіктелуі. Ағынды шақыруға арналған техникалық құралдар. Өнімді қабатттарды сынау. Зерттеу тәсілдері. Өнімділік қабатттарды зерттеу әдістері. Көпірлердің тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар. Көпірлерді орнату тәсілдері. Жуу сұйықтарының жұту аймақтарды оқшаулау. Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу. Жөндеу цементттеудің тәсілдері.
Практикалық сабақтар: Әртүрлі геолого-техникалық шарттары үшін ұңғыма конструкциясын жобалау. Шегендеу құбырлар тізбегін есептеу. Пайдалану тізбекті есептеу. Шегендеу құбырлар тізбегінің керу күшін есептеу. Шегендеу құбырлар тізбегін ұңғымаға түсіру режимін есептеу. Алағшқы цементтеуді есептеу. Кері цементтеуді есептеу. Қабатсынағыш көмегімен нысанды сынауға арналған бұрғылау тізбекті есептеу. Ұңғыманы игеру кезінде сесптеу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу нәтижесінде студенттер мұнайгаз кеніштерді ашуын, сынауға ұңғымаларды бекіту жән цементтеуін, тампонажды ерітінділерді дайындау технологиялық жобаларды өңдеу бойынша және іс-тәжірибеде ұңғыманы аяқтаумен байланысты негізгі технологиялық операцияларды біліп шығады.
Бақылау нәтижесі: емтихан.
|