6 семестр
Пәннің аталуы
|
Қайраң кен орындарын игеру
|
Қысқартылған атауы
|
ҚОИ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Орымбетова Г.Э.
|
Доцент / оқытушы:
|
Aға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Негізгі пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: физика, экология, химия, жалпы гидравлика пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Қайраң кенорындарын жағдайында мұнай және газ өндіру мен әзірлеу жобалау мәселелері; теңіз мұнайгазды кенорындарын бұрғылаудың техникалық құралдары мен бұрғылау жабдықтары; теңіз кенорындарын әзірлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қоршаған ортаны қорғау бойынша білім беру
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Континент қайраңындағы мұнай мен газ қорын игерудің қазіргі жағдайы мен маңызы. Қазақстан қайраңындағы болашағы мол кенорындар. Қайраң кенорындарын игерудің кезеңдері. Қайраң мұнай және газ кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері. Теңіздегі инженерлік-гелогиялық және іздеу-барлау жұмыстары. Теңіздегі барлау жұмыстарының техникасы мен технологиясы. Кенорындарды игерудің кезеңдері. Теңізде бұрғылауға арналған жабдықтар. Жалпы мәлімет. Теңізде бұрғылау жағдайына байланысты жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар. Бұрғылау жабдықтарының жалпы қолданыстаға және арнайы түрлері. Тұрақты платформалар, олардың негізгі типтері және қолдану аясы. Платформаны тұрғызу мен тиісті орынға жеткізу және жабдықтарды монтаждау. Қалқыма бұрғылау қоныдрғылары. Негізгі типтері мен қолдану аясы. Технологиялық және энергетикалық жабдықтардың құрамы оларды орналастыру. Кемедегі және арнайы қондырғылар (жүзу, құтқару, тұрақтандыру). Бұрғылау жұмыстарын жүргізудің технологисы. Ұңғыманың конструкциясы. Теңіздегі қалқыма және тұрақты бұрғылау қондырғыларынан бұрғылау технологиясы. Қалқыма және жартылай батқан платформалар мен кемелерден бұрғылау процесінде тұрақтандыру мен жылыстауды өтемелеу тәсілдері. Ұңғымаларды аяқтау. Бұрғылау өнімдерін жинау және іске асыру (бұрғылау ерітінділері және қалдықтар). Теңіз ұңғымаларының су асты ернеуі жабдықтары. Теңіз ұңғымаларының ернеуі жабдықтардың қызметі мен типтері. Айрықша талаптар. Суасты ернеу жабдықтарын монтаждаудың техникасы мен технологиясы. Бағыттау арқандарынсых суасты ернеу жабдықтары. Суасты ернеу жабдықтарын қашықтықтан басқару және бақылау жүйесі. Қайраң кенорындарын әзірлеу және пайдалану техникасы мен технологиясы. Қайраң кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері. Техника мен технологияға қойылатын негізгі талаптар. Қайраңда мұнай мен газ өндіруге арналған техникалық құралдардың жіктемесі. Жабдықтардың жалпы қолданыстағы және арнайы түрлері. Жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктері. Кенорындарды әзірлеу мен пайдаланудың технологиялық режимдері. Қабаттардың мұнай беруін көбейту әдістері. Мұнай және газды даярлау жүйесі және жинаудың суасты жүйесі. Теңіз ұңғымаларының ағымдағы және толық жөндеу. Жөндеу жұмысының түрлері. Суасты-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру. Қамтамасыз етудің техникалық құралдары. Мұнай мен газды тасымалдау. Қайраң кенорындарын өндірілген мұнай мен газды жағалауға және белгіленген орындарға тасымалдау тәсілдері. Теңіз құбыры, құбырлар жүйесі конструкциясына қойылатын талаптар. Құрылысы мен пайдаланудың ерекшеліктері. Жағалау қондырғыларының қызметі мен құрамы. Теңіз кеме көліктері, кеме типтері. Мұнай-газ және газ-конденсат кенорындары шикізатын тиейтін техникалық құралдар мен технология. Қауіпсіздік шаралары. Теңіз кенорындарын әзірлеу кезіндегі техника қауіпсізідігі, еңбек пен ортаны қорғау. Барлау мен бұрғылау жұмыстарын жүргізу, қайраң кенорындарын әзірлеу мен пайдалану және мұнай мен газды тасымалдау кезіндегі қауіпсізідк шаралары. Су беті мен жағалау бойындағы ластануды жою. Ластаушыларды жинау және кәдеге жарату техникасы мен технологиясы.
Практикалық сабақтар: Теңіз мұнай мен газ кенорындарының игеруге арналған техникалық құралдар. Бұрғылау жабдықтары. Ұңғымаларды бұрғылау және аяқтау. Өзі көтеретін қалқыма бұрғылау қондырғылары. Жартылай батқан қалқыма бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау кемелері. Қалқыма бұрғылау құралдарын бұрғылау нүктесінде ұстау жүйесі. Теңіз ұңғымаларының суасты ернеу жабдықтары. Тұрақты теңіз платформалары. Бұрғылау баржалары. Теңіздегі құрылыстарды жобалауға арналған нормативтік материалдар. Қабат энергиясының түрлері. Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері. Теңіз құбырларының конструкциясы. Ұңғымаларды жөндеу жұмыстарының түрлері. Қоршаған ортаны ықтимал тастандылар мен шығарындылардан қорғау. Теңіз бетіндегі мұнай жарғақтарын жою.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу нәтижесінде студенттер ұңғымалар конструкциясын жобалауын; ұңғымаларды бекіту технологиясын; теңіздегі мұнай кенорындарын әзірлеу мен іске қосудың ерекшеліктерімен байланысты өздігінен инженерлік шешім қабылдауды; қайраңда көмірсутек шикізаттарын өндіру процесінде гидротехникалық қондырғылар мен жабдықтарды жұмыс істеуге үйреніп шығады.
|
6 семестр
Пәннің аталуы
|
Ұңғымаларды қисайту және бағыттап бұрғылау
|
Қысқартылған атауы
|
ҰҚББ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Орымбетова Г.Э.
|
Доцент / оқытушы:
|
Aға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
ЖОО компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: жалпы геология, материалдар кедергісі, бұрғылау процесінің теориялық негіздері, жоғары математика, инженерлік графикапәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Жер қыртысында белгілі нүктеге ұңғыманы апаруды қамтамасыз ететін технико-технологиялық құралдарды пәннің пәннің мақсаты болып саналады. Пәнді оқыту мақсаты – бұрғылау процесінде бағытталған ұңғымалардың трассаларын жобалау және оларды басқару туралы білімдерді студенттерге беру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Ұңғымаларды бағыттап бұрғылаудың даму тарихы. Бағыттама бұрғылаудың дамуында еңбектері сіңген еліміздің және шетел ғалымдарының орны. Ұңғымаларды қисайту туралы түсінік. Ұңғыма трассасының әртүрлі нүктесін кеңістікте анықтайтын координаттары. Қатты снарядтарды түсіруге мүмкіндік туғызатын оқпандардың қисықтығы. Бағытталған ұңғымалардың тағайындалуы және қолдану саласы. Бағыттама бұрғылауда ұңғыма оқпанының қисаю процестері. Ұңғымалардың табиғи қисаюының себептері және механизмі. Ұңғымалар қисаюының заңдылықтарын анықтау әдістемесі. Ұңғымалардың жасанды қисаюының механизмі және процестері. Ұңғымалардың қисаюының алдын алу. Ұңғымалардың кеңістікте орнын анықтайтын құрылғылар. Бағытталған ұңғымалардың профильдерін жобалау. Бағытталған ұңғымаларды жобалауда атқарылатын міндеттер. Табиғи қисаюдың заңдылықтарын есепке алып, жалғыз бағытталған ұңғымалардың орынды трассаларын жобалау. Көптүпті ұңғымалардың трассаларын жобалау. Ұңғыма оқпанының шекті қарқынды қисаюын анықтау. Бағытталған ұңғымадан технологиялық аспапты көтергенде ілмекке түсетін жүктеме. Бағытталған ұңғымалардың жоспарын және профилін құрастыру. Бағытталған ұңғымаларды бұрғылауда қолданылатын техникалық құралдар. Бағыттап бұрғылаудағы техникалық құралдардың топтастырылуы. Қатты пайдалы қазбаларға кіші диаметрлі бағытталып бұрғыланатын ұңғымаларды бұрғылау үшін техникалық құралдар ұңғымалардың алғашқы бағытын сақтау үшін қолданылатын техникалық құралдар. Қисаюдың қарқындылығын көбейту үшін керек техникалық құралдар; берілген бағытта ұңғымалдарды қисайтуға қажетті техникалық құралдар; уытқыштарды есептеу және құрастыру әдістемелігі. Мұнай және газ бағыттама ұңғымаларын бұрғылау үшін қажетті техникалық құралдар, көлбеу-бағыттама ұңғымаларды бұрғылауда қолданылатын бұрғы тізбегінің төменгі жағының жиынтығы. Ұңғымада ауытқыштарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Қатты пайдалы қазбаларға ұңғымаларды кіші диаметрлерімен бұрғылағанда ауытқыштарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін жиынтықтарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Тік ұңғыманы ауытқытатын жиынтықты бағдарлау; көлбеу ұңғымада ауытқыштарды бағдарлайтын оқпандық құрылғылар және аспаптар. Бағыттама ұңғымаларды бұрғылау технологиясы. Қатты пайдалы қазбаларға бағыттама ұңғымаларды бұрғылау технологиясы. Типтік профиль бойынша бұрғылау технологиясы; көптүпті ұңғымаларды бұрғылағанда қосымша оқпандарды бұрғылау. Мұнай және газға бағыттама бұрғылау технологиясы: ұңғыманың бағытталған тік сызықты аралығын бұрғылау; зенит бұрышын өзгертіп аралықты бұрғылау; бағыттама бұрғылауда тәртіптік параметрлерін негіздеу. Көлбеу бағыттама ұңғымаларын бекіту. Ұңғыманың конструкциясын анықтау; шегендеуші құбырлар және оларды есептеу; шегендеуші тізбегінің технологиялық құралдарының элементтері. Бағытталған ұңғымаға шегендеуші тізбекті түсіру алдында оқпанды дайындау, көлбеу бағытталған ұңғымаларда шегендеуші тізбектерді цементтеу есебі. Бұтақты, көптүпті және көлденең тармақты ұңғымаларды бұрғылау
Бұрғылау мақсаты және міндеттері. Көптүпті және көлденең ұңғымалардың профилін анықтау және негіздеу. Көптүпті және көлденең тармақталған. ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникалық құралдар. Бұтақталған ұңғымаларды қолдану тәжірибесі және оны салуға қойылатын талаптар. Бұтақ алаңында ұңғы сағасының орналасуы. Бұтақталған бұрғылау тиімділігінің критериі. Бағытталған ұңғымаларды бұрғылау экономикасы және экологиясы. Қатты пайдалы қазбаларға бағытталған және көптүптік ұңғымаларды бұрғылаудың экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесі. Мұнай және газға бұтақты, көптүпті және көлденең бұрғылаудың экономикалық тиімділігі. Бағытталған бұрғылауда табиғи кеңістіктің мүмкін бұзылу түрлері және табиғатты қорғау шаралары. Теңізде бұрғылауда табиғатты қорғау шаралары.
Практикалық сабақтар: Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының А типті профилін таңдау, есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Б типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының В типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Г типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Д типті профилін есептеу және салу. Ауытқыштың түрімен өлшемін таңдау. Ауытқыштың өлшемін және ұңғыманың қисаю екпінін анықтау. Көлбеу бағытталған ұңғыманы бұрғылауда бұрғылау тізбегін көтеруге қажетті осьтік жүктемені анықтау. Шегендеу тізбегін түсірген кезде пайда болатын ілмектегі жүктемені, жергілікті максимал кернеулерді және бұрғылау тізбегін айналдыру бұрышын анықтау. Ауытқыштың бұрылу бұрышын анықтау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу нәтижесінде студенттер ұңғымалар қисаюының себептерін; ұңғымалардың кеңістікте анықтайтын техникалық құралдарын; жалғыз және көптүптік ұңғымаларды бағыттап бұрғылау үшін техникалық құралдардын; жалғыз және көптүптік ұңғымаларды бағыттап бұрғылау технологиясын; бағыттап бұрғылау процестерінің экономикалық және экологиялық аспектілерін біліп шығады.
Бақылау нәтижесі: емтихан.
|
4-курс
7 семестр
7 семестр
Пәннің аталуы
|
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
|
Қысқартылған атауы
|
ЕҚ және ТҚН
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Саипов Әбділла Әбиболлаұлы
|
Доцент / оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ, орыс
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Міндетті компонент, кәсіби пәндер
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық – 15,ОСӨЖ – 45,СӨЖ – 45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «физика», «математика», «химия», «мұнай-газ ісі негіздері», «мұнай-газ жабдықтары», «мұнай-газ ұңгымаларын бұрғылау», «мұнай мен газды өндіру негіздері», «мұнай және газ кенорындарын әзірлеу мен пайдалану», «бұрғылау және тампондау ерітінділері», «терең ұңғымаларды бұрғылау технологиясы», «сораптық және компрессорлық станциялар», «газ-мұнай құбырлары», «газ-мұнай құбырлары мен газ мұнай қоймаларын жөндеу»
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
зиянсыз еңбек жағдайларын жасауға және өмір қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз етуге; мұнай-газ жабдықтарын монтаждау мен пайдаланудың қауіпсіздік шараларын орындауға; төтенше оқиғалар жағдайларда тұрғындар мен өндіріс қызметкерлерін және шаруашылық нысандарын болуы мүмкіи апаттардың, төтенше қатерлердің зардаптарынан қорғауда дұрыс шешім қабылдауға, зақымдану мен оның салдарын жоюда қазіргі кұтқару құралдарын қолдануға қабілетті мамандар даярлау
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Курстың мақсаты, негізгі мәселелері мен мазмұны. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері. Ұғымдар мен анықтамалар. Еңбекті корғау мен өмір қауіпсіздігінің басқа пәндермен байланысы. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігі негіздері курсының даму тарихы. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы актілері. Еңбекті қорғаудың психофизиологиялық және эргонометриялық негіздері. Мұнай-газ жобалаудың қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық нормалары. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс нормалары мен ережелері. Жеке еңбек шарты. Еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарт пен еңбек келісімі. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Микроклиматтық еңбек шарттарының организм жағдайына және гигиена нормаларына әсері. Қолайлы микроклимат жасау шаралары. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс алаңының ауасына шектік концентрациясы. Өндірістік жарықтандыру, оны есептеу талаптары мен әдістері. Діріл мен шу көздерінің сипаттамасы. Діріл мен шудың адамға әсерінің қаупі. Жабдықтарға, олардың құрылысына қойылатын гигиеналық және техникалык талаптар. Шу мен діріл деңгейлерін бақылау әдістері. Шу мен дірілден қорғау. Апаттар мен жарақаттанудың себептері. Бақытсыздық жағдайларды тергеу мен ескеру. Жарақаттануды талдау әдістері. Апат пен жарақаттанудың пайда болу қаупі. Аспайтын қауіп және оны ырықтандыру принциптері. Қысыммен жұмыс жасайтын адамдарга электр және газбен дәнекерлеу құралдарына, сонымен қатар ыдыстарға койылатын талаптар. Электр қауіпсіздік негіздері. Электр тоғының адам ағзасына әсері және ток соғу жағдайлары. Түрлі электр тораптарындағы ток coғy қауіптіліктерін талдау. Ток соғудан қорғану шаралары. Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардын пайда болу себептері мен жіктемесі Төтенше апаттарды талдау. Жану мен жарылыстың түрлері және шарттары. Өндірістің өрт қаупі бойынша жіктемесі. Мекемелер мен ғимараттардың от төзімділігі. Өрт пен жарылыстардың алдын алу жүйелері. Технологиялық процестердің өрт және жарылыс қауіпсіздік жағдайлары. Өрт кедергілері, өртті сөндіру. Өрт кезінде адамдарды көшірү. Бейбіт және соғыс уақыттарында азаматтық қорғаныстм қалыптастырудың ролі мен мәселелері. Шаруашылық нысандарыным төзімділігі. Тұрғындарды зақымдану факторларынан қорғау. Апат ошақтарындағы құтқару және апаттық-қайта қалпына келтірү жұмыстары. Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау. Адамдар мен мүлікті көшіру.
Практикалық сабақтар: Өндіріс орындарындағы желдеткішті есептеу. Өндірістік жарықтандыруды есептеу. Электр жабдықтарын нолъдеуді есептеу. Өрт сөндіру құралдарын таңдау мен есептеу. Шаруашылық нысандарындағы радиациялық жағдайларлы бағалау бойынша есептерді шешу. Өндіріс бөлікшелеріндегі метеошарттарды зерттеу. Өндіріс щуынан қорғану. Ауадағы зиянды газ дар құрамын анықтау. Радиациялық қауіпсіздік негіздері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Мұнайгаз жабдықтарын құру және пайдалану кезінде, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек шарттарын құра білуі, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде шешімдерді қабылдай білуі керек / Тесттік емтихан
|
7 семестр
Название дисциплины
|
Охрана окружающей среды в нефтегазовой отрасли
|
Достарыңызбен бөлісу: |