Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
#131484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


4 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есиркепова Г.К., Есимова А.Е.

Доцент/оқытушы

Ф.ғ.к., доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.



4 семестр

Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

ӘжС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Абенов К.К.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орыса

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық –30, ОБСӨЖ–60, СӨЖ–60


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Дәрістер: Әлеуметтану пәніне кіріспе, әлеуметтанулық теориялар мен концепциялар, нақыты әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға әлеуметтануы, девиациялық мінез құлық әлеуметтануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.

Семинарлық сабақтар: Әлеуметтік білімдер құрылымы, қазақ ағартушыларының әлеуметтік ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.


4 семестрлер

Пәннің аталуы

Шет тілі 2 бөлім

Қасқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы, оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практ.- 30сағ., ОСӨЖ-30сағ., СӨЖ –30сағ.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін қолдана отырып,студенттердің коммуникативті аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет ел тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақтар бастауыш оқу топтарына қарастырылған: онда төмендегі сұрақтар қарастырылады, шетел тілінің бүкіл әлемде және Қазақстанда қызмет етуі; ағылшын /неміс тілдерінің грамматикалық жүйесін меңгеруі. Мәтін байланыс жасаудың бірлігі.Монологиялық тілдің түрлері. Реферат.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.


4 семестр

Пәннің атауы

Ауыл шаруашылық өсімдіктер биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

АШӨБ

Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә

Есентуреева Г.Д

Доцент /оқытушы:

А.ш.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лаборатория–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер Ботаника,генетика,өсімдік физиолгиясы;

химия, экология курстары; а/ш өсімдіктер биотехнологиясы.



Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Биотехнологиялық жолмен сағаттардың сабақтардың тақырыбына байланысты бөлу, экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру және жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын алу, жануарлар асыл тұқымдарын шығаратын биоресурстарды сақтау,суларды ауыр металлдардан пестицидтерден, мұнай қалдықтарынан қорғау. Биологиялық объектілердің қызметін пайдалану негізінде іске асырылатын қәзіргі заманның өте тиімді де биік деңгейдегі технологиясын алу.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалар мен ұлпалар биологиясы Қоректік орталар.

Жасушаларды өсіруге қажетті жағдайлар.Каллусты алу және оны өсіру Өсімдіктерді клональді микрокөбейту және сауықтыру

Клондық микрокөбейтудің әдістері Микрокөбейту процесінің кезеңдері Іn vitro әдістерін селекцияда қолдану Жасушалық селекцияның әдістері Ауылшаруашылық өсімдіктерінің сомаклондық варианттарының шаруашылықтағы маңызды белгілерінің өзгерістеріСомаклондық варианттар , олардың іn vitro пайда болуы.Сомаклондық өзгергіштікке әсер ететін факторлар.

Сомаклондық варианттарды пайдалану жолдары.. Генофондты in vitro сақтау (гендер банкі). Жасушалар мен ұлпаларды мұздатып сақтау Генофондты in vitro сақтау әдістері.Жасушаларды мұздатып сақтаудың артықшылықтары.Жасушаларды мұздатып сақтауға дайындау.Криопротектор.Гендік инженерия Басқа организмге тасымалданатын қажетті генді бөліп Гендерді тасымалдайтын векторлар. ДНК ферменттерін ДНК бөлшектерін жалғау үшін пайдалану Бактерияплазмидалары және рекомбинанттық ДНК құрастыру. Хлоропластық ДНК мен митахондриялық ДНК-сы вектор ретінде қолдану. Жылжымалы генетикалық элементтерді вектор ретінде қолдану. Гендік инженерияның мүмкіндіктеріБелоктардың сапасын жақсарту Патогендер мен зиянкестерге төзімді өсімдіктерді жасау. Апикальдық меристеманы өсіруВируссыз көшет алу технологиясын түсіндіру.Картоптың вируссыз көшетін алу.In vitro жағдайында сауықтыру жолы.Прогамдық және постгамдық сәйкессіздікті іn vitro жағдайында жеңу Өсімдіктердің ұрықтану кезіндегі сәйкессіздіктері.In vitro ұрықтанудың маңызы. Гүл тозаңын іn vitro өсіру Тозаңдарды in vitro өсірудегі ерекшеліктер. Іn vitro өтетін андрогенез әсер ететін факторлар.Тозаңдардың өсірудің тәсілдері. Гаплоидтық өсімдіктерді аналық гаметофитті өсіру арқылы алу әдісі Апимиксисдың түрлері. Аналық гаметофиттің in vitro жағдайының даму Агробактериаларға түсінік Ісік жасушаларындағы химиялық заттар.Ісік тудыратын мутант. Вектор ретінде пайдаланатын Т-ДНК.



Лабораториялық сабақтар: . Өсімдіктер ұлпалары культурасын өсіруге арнаған лабораторияны ұйымдастыру. Өсімдіктердің оқшауланған клеткалары мен ұлпаларын жасанды қоректік орталарда өсірудің принциптері және әдістері. Өсімдіктердің клональды микрокөбеюі және вируссыз көшет алу. . Зарарсыздандырылған картоп өсімдігі сабағынан бастапқы каллусты алу.Картоптың каллус тканьдерін жаңадан дайындалған қоректік ортаға кешіру.. Каллусты тканьдер культурасының морфогенезі. Регенерант - өсімдіктерді алу жолдары Суспензиялы культура. Картоптың каллусты тканьдарынан суспензиялы культураларды алу. Картоптың суспензиялы культурасының тығыздығын анықтау. Оқшауланған тозаңкаптар культурасы. Гаплоидты өсімдіктерді алу.

Өсімдіктердің ұлпаларынан жеке бөлініп алынған жасуша культурасымен жұмыс істегенде қолданылатын зарарсыздандыру әдістері Зарарсыздандырылған өскіндерді алу Картоптың апикальды меристемасын бөліп алу және өсіру Картоптың қалемшелеу арқылы микрокөбеюі Картоптың зарарсыздандырылған микротүйнектерін алу



Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы, өсімдік қорғау, өсімдік шаруашылығы, егіншілікке. үйрету/емтихан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет