4 семестр
Пәннің аталуы
|
Агрометеорология
|
Қысқартылған атауы
|
А
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4,5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Кашкаров А..А.
|
Доцент/оқытушы:
|
А.ш.ғ.к.,аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, лабораториялық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы –135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Пәннің мақсаты студенттерге табиғат-климат жағдайларының ауылшаруашылық дақылдары өнімдерін қалыптастырудағы маңыздылығын, өсімдікке сыртқы орта ықпалдарының тиімділігін арттыру жолдарын және тәсілдерін, ылғалдылықтың, жылудың, ауа қысымының және топырақтың бір бірінімен өзара байланысын дұрыс үйлестіруді үйрету. Әртүрлі уақытта және географиялық жағдайларда ауылшаруашылық өндірісіне метеорологиялық және климаттық ықпалдардың әсер ету заңдылықтарын зерттеу; ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің таралуына, дамуына және өсімдіктердің өсіп дамуына, жағдайларына , өнімділігіне ықпал жасау.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: «Агрометеорология» курсын оқу студенттерге тоериялық білім берумен қатар табиғат климат жағдайларының ауылшаруашылық дақылдары өнімдерін қалыптастырудағы маңыздылығын , өсімдікке сыртқы орта ықпалдарының тиімділігін арттыру жолдарын және тәсілдерін, ылғалдылықтың, жылудың, ауа қысымының және топырақтың бір бірімен өзара байланысын дұрыс үйлестіруді теориялық жолмен шешуге жағдай жасайды.
Лабораториялық сабақтар: Агрометеорология пәнін оқып алған білімдерді негізгі мамандықтарды оқығанда , курстық жұмыстарды, ғылыми эксперименттерді жүргізгенде және дипломдық жұмысты жазғанда пайдаланады.
-
дала жұмыстарын ұйымдастыруды ;
-
орындалған жұмыстың сапасын бағалауды;
-
қазіргі заманның есептеу және ұйымдастыру техникасында, коммуникация және байланыс құралдарында жұмыс жасауды.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет
Бақылау формасы: аралық бақылау, қорытынды (емтихан).
|
3 – курс
5,6 – семестрлер
5 семестр
Пәннің аталуы
|
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
Қасқартылған атауы
|
ТҚН
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Шапалов Шермахан Құттыбаевич
|
Доцент / оқытушы:
|
Магистр, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Міндетті компоненті (обьязательный компонент)
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–15 ,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
1 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Еңбек қорғау, өмір тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, адамды жеке қорғану құралдары, биологиялық және химиялық қауіпсіздік, құтқару ісінің негіздері, өрт қауіпсіздігі
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
|
Тіршілік қауіпсіздігі адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады, сондай-ақ осы ұғымғы бір қатар аспектілер кіреді: саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және т.б. Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда Тіршілік қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны шаруашылық объектілерді (нысаналарды) төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салалардың бірі болып саналады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Курстың мақсаты және маңызы. Тіршілік әрекеттерінің қаупсіздігінің негіздері. Ғылыми техникалық прогресс және адам өміріндегі туғызатың кауіптер мүмкіндігі. Осы уақыттағы азаматтық қорғаныстың рөлі және мақсаты. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын құру негізгі принциптері. Кәсіби қаупсіздіктің профилдері бойынша қамтамасыздандыру. Қаупті аппаратардағы туындайтын қауптер мүмкінділігі. Табиғи және техногендік авариялар мен қыйраулар. Ядролық қару. Ядролық жарылысты қыйрататын факторлар. Өткіш радиация. Радиоактивті залалдану. Химиялық қару. Әсері күшті улы заттар. Биологиялық қарулар және инфекциялық аурулар. Өндіріс объектілеріндегі жұмыстың қалыптылығы. Тұрғындарды қорғауды инженерлі-техникалық тұрғысынан қорғау шара әдістері. Азаматтық қорғаныс құрлыстары және жеке қорғану құралдары. Терроризмнің себептері және салдары. Кәсіби қаупсіздік және денсаулықты жүйесін бағыттау ОНSАS 18001жүйесін бағыттау ОНSАS 18001.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Емтихан-тест
|
5 семестр
Пәннің атауы
|
Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестері мен аурулары
|
Қысқартылған атауы
|
А/ш ДЗА
|
Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-
нің курстары ( егер бар болса)
|
Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 5
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Басымбекова.З.Ш
|
Доцент /оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
казақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / ак
|
Дәріс-15, лаборатория–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Ботаника,», «Химия» « Микробиология», « Өсімдік шаруашылығы»пәндері
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Ауылшарушылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тур құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту.» Ауылшаруашылық өндірісінде зиянкестер мен аурулар аса зиян келтіріп өнімдердің сапасы мен түсімін төмендетеді.Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестері, және оларға қарсы жүйелі күрес шараларымен таныстыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өсімдікті зиянкестер мен аурулардыан жүйелі қорғау шараларын ескермей ауылшарушылық өндірісін дамытуды іске асыру мүнкін емес. Соған байланысты «агрономия» мамандығында бойынша дайындалатын суреттерде «Ауылшаруашылық» дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» пәні бойынша білім алу өте қажет. Пәнінің негізгі міндетті мен мақсаты студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен аурулардың тұр құрамдарымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімдермен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, аурулармен зиянкестерін ақықтау және есептеу әдістерін меңгеру сондай-ақ экологиямен қоршаған ортаға ескере отырып, қорғау шараларын жүйесін дұрыс жүргізуді жоспарлау болып табылады. Бұл мақсаттарда іске асыру үшін пәнді оқыту барысында ауыл шаруашылық зиянды организмдерден қорғауда биологялық, химиялық шараларды төзімді сорттарды енгізу сияқты қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерді тиімді пайдалананып егістің фитосанитарлық жағдайын қалыпта ұстау жағына аса көңіл бөлу қажет.
Лабораториялық сабақтар: Бунақденелердің құрлысымен танысу. Зиянды бунақденелерді бөлшектеу қосалқылары, ауыз мүшелерінің түрлері; ауыл шаруашылық дақылдарын кеміргіш және түйреп-сорғыш зиянкестердің зақымдау белгісі. Басты жұйелік топтарды анықтау тәсілі.Бунақденелердің дернәсілдері мен қуыршақтарының түрлерін анықтау. Басты зиянкестерді тұқымдаспен түрге дейін анықтау арқылы олармен таныстыру. Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерімен танысу олардың фенологиясымен зияндылығы. Сонымен қатар лабораториялық сабақтарда тұқымға отырғызылатын материалдарға фитопотологиялық экспертиза жүргізеді. Практикалық сабақтар өсімдіктіхимиялық қорғау шараларының тиімділігі анықталады.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері
|
Теориялық білімен қаруланып және практикалық іскерілген арттыра білуі. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті анықтайтын оқу құралдарын пайдалана алу қажет/емтихан.
|
5 семестр
Пәннің атауы
|
Өсімдіктерді химиялық қорғау
|
Қысқартылған атауы
|
ӨХҚ
|
Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-
нің курстары ( егер бар болса)
|
Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 5
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Есентуреева Г.Д
|
Доцент /оқытушы:
|
А.ш.ғ.к., аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
казақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15, лаборатория–30, ОСӨЖ– 45, СӨЖ– 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: ауру қоздырғыштары мен пайдалы және зиянды насекомдардың жүйелік орнын, морфологиялық, биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін оқып білу нәтижесінде ауру мен зиянкестерді дұрыс анықтап, олармен күрес шараларын жоғары деңгейде жүргізуді үйренеді.
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Топырақтану және агрохимия мамандары өсімдікті зиянды организмдерден қорғау шараларын дер кезінде, тиімді және қоршаған ортаны ластанудан сақтай отырып сауатты қолданулары керек.
Пәнді оқу барысында студенттер нақтылы ауылшаруашылық дақылдарын агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістермен кешенді қорғау шарларының жүйесімен танысады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Кіріспе.. Өсімдіктердің химиялық қорғаудың жіктелуі. . Агротехникалық шаралар.,Физикалық әдіс Механикалық әдіс. Биологиялық әдіс.Химиялық әдіс Пестицидтерді химиялық құрамы және қолдану объектісі бойынша жіктеу. Агротехниканың негіздері. Улану мен у туралы түсінік.Пестицидтерді нәтижелі пайдалану Пестицидтердің улылығы. Пестицидтердің қолданудың санитарлы гигиеналық негіздері.Уланудың себептері мен шарттары.,Гигиеналық классификациясы. Қолдану уақыт регламенті. ,Өзіндік және қоғамдық қорғаныс шаралары. Пестицидтердің қоршаған ортаға әсері Топырақта пестицидтердің ыдырауы. Пестицидтердің айналымы. Пестицидтердің топырақта жылжуы. Абиотикалық және биотикалық факторлардың әсері.. Судың әрекеті.Ауадағы әрекеті. Биоценозға әсері. Тоспырақтағы пестицидтердің физикалық факторларының имактивациялық рөлі. . Құмысқаларға және араларға пестицидтердің ықпалы. Пестицидтерді қолданудың физико-химиялық негіздері..Препаратты формалары.
.Пестицидтердің судағы және органикалық қосылыстағы ерітіндісі. Ф унгицидтерге көмекші зат Өсімдіктерді химиялық тәсілмен қорғауға жалпы сипаттама. Фумигация.Фунгицид.Фунгицидтерге жалпы мәлімет.. Фунгицидтер өсімдік өсуі және дамуын қалыптастырушы. Өсіідіктердің зиянкестері мен күресу.Гербицидтер. Гербицидтердің жіктелуі Системалы ішнара әсер ететін гербицидтер Тамыр арқылы әсер ететін Авадекс. Алана. Триаллат. Реглон. Контактілі ішнара әсер ететін гербицидтер.Днок. ДНФ. ПХФ.. Жаппай әсер ететін гербицидтер.
Гербицидтердің арам шөптердің жеке түрлеріне әсері. Пестицидтерді аумақты қолдану.
Лабораториялық сабақтар: . Пестицидтерді сақтауда тасмалдау және қолдануда техника қауіпсіздігі Тұқымды залалсыздандыру және зиянкестермен күресу негізінде қауіпсіздік шаралары
Бидайды еккенде арамшөптермен күресуде 2,4 Д аминді тұздың техникалық әсерін анықтау Ауылшарушылығындағы ұрықтарды химиялық жолмен тазалау Күрең қызыл сұйықтық дайындау
Ауыл шарушылық өсмідіктердің зиянкестерімен күресу шараларының техникалық амалдары Хлоропост пен мыс купоросының сапалық анализі Пестицид суспензиясын дайындау Қантқызылшасының егіндігінің зиякестерге қарсы өңдеу. Өсімдіктерге қолданылатын дәрілердің ассортименті Пестицидтердің улы химиялық заттарды пайдалану нормалары, концентрациялары туралы түсінік Инсектицидтер, акарицидтер және зооцидтер. Оларды қолдану жолдары. Кемірушілермен күресу жұмыстарында сақтану шаралары. Шаруашылыққа қажетті гербицидтердің жоспарын құру. Гербицидтерді ауыл шаруашылығында дақылды егістіктерде қолдану. Гербицидтерді пайдалану техникасы
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері
|
Өсімдіктерді химиялық жолмен корғау пәнін оқыту барысында көптеген кешенді материалдар қолданып, далалық жағдайда өткізілетін оқу практикасында студенттердің алған теориялық білімдері толықтырылады / емтихан.
|
6 семестр
Пәннің атауы
|
Топырақ картографиясы
|
Қысқартылған атауы
|
|
Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-
нің курстары ( егер бар болса)
|
Дәрістер,зертханалық сабақ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Раисов Б.О.
|
Доцент /оқытушы:
|
а.ш.ғ.д., профессор
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіптендіру пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15, зертханалық сабақ–30, ОБСӨЖ–22,5.СӨЖ-22,5
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер:
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Мамандарды дайындауда пәнді оқытудың максаты мен міндеттері топырақты тиімді пайдалану, құнарлылығын көтеру және оны қорғау жолдары. Оларды топырақ карталары мен бонитировкасына және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға сүйене отырып шешуге болады. Тек жоғарыда көрсетілген шаралар арқылы шаруашылықтар жердің саны мен сапасы туралы мәліметтер ала алады. Сондықтан ауылшаруашылық аймақтарға топырақ карталарын жасау және оларды оқтын-оқтын жанартып отыру шаруашылықта жүргізілетін химиялық , мелиорациялық жұмыстар мен топырақ қорғауда әрдайым қажет.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Топырақты картаға тусіру, топырақ картасы және картографиялық негіз туралы жалпы тусінік.Топыракты зерттеу әдістері, топырақты далалық жағдайда картаға түсіру, топырақ картасын жасау кезендері және олардың мазмұны.Ірі масштабты топырак картасын жасаудағы дайындық кезең.Ірі масштабты топырақ картографиясының далалық кезеңі. Камералдық кезең Ірі масштабты арнайы топырақ карталарын жасау. Қосымша картографиялық материалдарды (картограммаларды) жасау Ертеректе жүргізілген ірі масштабты топырақ тексеру материалдарын түзету. Басқа масштабты топырақ карталарын жасау принциптері. Топырақ карталарын және басқа материалдарды ауыл шаруашылық өндірісінде қолдану.
Лабораториялық сабақтар: Ауыл шаруашылығының мұқтажына ірі масштабты топырақ карталарын пайдалану жолдары. Топырақтарды агроөндірістік топтарға бөлу. Егістік ауданын кеңейтуге қолайлы топырақтарды тауып бөлу. Ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді пайдалану үшін сапасына қарай бір топтан екінші топқа ауыстыру.Сортаңданған, кебірленген және эрозияға ұшыраған топырақтарды мелиорациялау жұмыстарының түрлері мен көлемін табу. Шаруашылық топырақтарын тиімді пайдалану және олардың құнарлығын көтеру шараларын аныктап кұрастыру. Жекелеген ауыл шаруашылық дақылдарына сай топырақ түрлерін анықтау. Әртүрлі масштабты топографиялық карталарда (1:10000, 1:25000, 1:50000) жұмыс маршруттарын жобалау, топырақ нұскаларын бөлу. Ірі масштабты топырақ картасын далалық кезең материалдарын қолдана отырып құрастыру және безендіру. Стереоскоппен жұмыс істеу, аэро- және космостық суреттерде, аймақтық дешифрлеу ерекшеліктерін табу.
Топырақ картасын жасаудың автоматтандырылған технологиясы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері
|
топырақ-картогртаграфиялық материалдарды өндірістің мұқтажына дұрыс қолдану.
|
Достарыңызбен бөлісу: |