Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


семестр Пәннің аталуы



бет12/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
#131484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


7 семестр

Пәннің аталуы

Тыңайтқыш қолдану жүйесі

Қысқартылған атауы

ТҚЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Кашкаров А..А.

Доцент/оқытушы:




Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәні, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, лабораториялық –30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттерге курстың мақсаты болып тыңайтқыш арқылы өсімдікте жақсы орта жасау туралы оқытады. Оның топырақпен бірігіп әрекет етуі,жеке өсімдік тыңайтқышы қолдануда систематиканың дұрыс құрылуына, айналымына әсер етуі. Сонымен қатар студенттер химизация жер шаруашылығының теоретикалық негіздерін меңгереді және тыңайтқышты қолдану мен бірге жердің агрохимиялық құрамын зерттеуді, органикалық және минералды тыңайтқышты қолдану жоспарын құрастыруды үйренеді

Мазмұны

Дәрістер: Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылату қазіргі кезеңде егіншіліктің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек. Бұл міндетті шешуде өсімдіктердің минералдық қорегінің негізгі қоры ретінде минералдық және органикалық тыңайтқыштардың атқаратын рөлі зор.

Студент өсімдіктің қоректенуінің теориялық мәселелерін және оларды реттеу тәсілдерін меңгеріп, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың негізгі қасиеттерін және өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыштарды қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруін білу керек.

Тыңайтқыш қолдану жүйесі ғылым ретінде өнімді қалыптастыруға қатысты ауылшаруашылық дақылдарын интенсивті технологиялармен өсіру, барлық факторлардың оптимальды деңгейлерін жасауда шешуші рөл атқарады.

Лабораториялық сабақтар: Ауылшаруашылық өсімдік өнімділігін көтеруде органикалық және минералды тыңайтқыштарының рөлі үлкендігін, дұрыс қолданғанда тыңайтқыштар өнімділіктің эффективтілігін жақсартатындығын, барлық ауылшаруашылық өсімдік өнімдерін 40-50 пайызға көтеруді, тыңайтқышты есептеуді, орындалған жұмыстың сапасын бағалауды, қазіргі занның есептеу және ұйымдастыру техникасында, коммуникация және байланыс құралдарында жұмыс жасау.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Бақылау формасы: аралық бақылау, қорытынды (емтихан).




7 семестр

Пәннің атауы

Субтропикалық және тропикалық дақылдарды өсіру технологиясы

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә

Қылышбаева Г.Б.

Доцент /оқытушы:

а/ш.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша,орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

таңдау компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, зертханалық–15, ОСӨЖ–45, СӨЖ–15.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы: -90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер -субтропикалық және тропикалық өсімдіктерінің әртүрлі тіршілік формалары бейімделу нәтижесін тануды;

-субтропикалық және тропикалық өсімдіктерінің тіршілік формасы мен эволюциялық даму кезеңдері мен қалыптасу заңдылықтарын тану;

-тропикалық және субтропикалық өсімдіктерінің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясын тану;

- субтропикалық және тропикалық өсімдіктерінің көбею түрлерін, олардың биологиялық мәнін, экологиялық және шаруашылық- экономикалық маңызын білу;

- жеміс түрлерінің маңызын білу;

-өсімдікке және оның жекелеген мүшелеріне морфологиялық талдау жасауды;

-микроскоппен жұмыс істеуді, анатомиялық зерттеу препарат дайындауды;

- субтропикалық және тропикалық өсімдіктердің негізгі жүйелілік топтарын білу;

-морфологиялық және анатомиялық талдау негізінде өсімдіктерді белгілі бір бөлімге, класқа, тұқымдасқа,туысқа, түрге жататынын анықтай алуды үйрену.

-Өсімдікті анықтайтын оқу құралдарын пайдалана алу қажет

- Белгілі климаттық аймақтарда әртүрлі экожұйлерде өсімдіктер жамылғысы өкілдерінің негізгі тұқымдастары мен туыстарының белгілерін айыру

қажет;


-Теориялық біліммен қаруланып және практикалық іскерлігін арттыра білуі.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Субтропикалық және тропикалық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін,өсу,даму және жеміс салу заңдылықтарын, жеміс көшеттігін ұйымдастыру міндеттерін, жеміс бағын орналастыруды, күтіп-баптау, шырпу негіздерін және оларға қоршаған ортаның әсерін меңгеру;

- Субтропикалық және тропикалық өсімдіктерінің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының әр түрлі климаттық жағдайларында ашық және қорғалған топырақтарында субтропикалық және тропикалық өсімдіктерді өсіру мен өндірудің алдыңғы технологияларымен танысу.



Мазмұны

Дәріс. 1. Жемісті өсімдіктерінің биологиялық, агротехникалық негіздері

1.1. Цитрусты тұқымдас өсімдіктері. Апельсин, лимон, лайым, мандарин, грейфрут, помпельмус, қышқыл апельсин. Цитрон, кинкан, понцирус жемісті өсімдіктерінің ботаникалық және өндірістік-биологиялық топтарға бөлінуі. Пайда болу орталықтары. Жемісті өсімдіктерге қысқаша сипаттама. Жемісті дақылдарының өсетін аймақтары. Жеміс өсімдіктерінің өсу дәуіріндегі өзгерістер және қолданылатын агротехникалық шаралар. Жеміс салу заңдылығы. Жеміс ағаштарының жеміс сала бастау мерзімдері. Жеміс өсімдіктерінің сыртқы орта факторларына әрекеті ( жарық, температура, су, топырақ, жер бедері т.б.)



    1. Жемісті өсімдіктерінің көшеттерін өсіріп-өндіру, көбейту тәсілдері.

Дақылдарды, түрлерді, сорттарды таңдау және орналастыру. Отырғызу мерзімдері және техникасы. Отырғызғаннан кейінгі күтіп-баптау. Өсімдіктерді қоректендіру және суару. Жемісті жинау мерзімін анықтау. Жинау және тасмалдау технологиясы. Шырпудың мақсаты мен маңызы. Шырпудың түрлері мен тәсілдері. Жас және жеміс салған жеміс ағашытарының шырпуға әрекеті. Шырпу мезгілі мен әдісі(технологиясы).Өмір кезеңдеріне қарай шырпу ерекшеліктері.Сорттарға байланысты шырпу ерекшеліктері.

1.3.Тропикалық әртүрлі жемістілер. Манго, Ананас, банан, Опунция, Авакода, нан ағашы, пассифлора, личи, тамаринд, т.б. өндірістік – биологиялық топ негіздері. Өсімдіктерінің морфологиялық және биологиялық сипаттамалары. Шығу тегі, ботаникалық және шаруашылық жіктелуі. Морфологиялық ерекшеліктері. Сыртқы қоршаған ортаға қатынасы (жылу, жарық, су, ауа-газ және қоректік түзімдер).

1.4.Тұқымды дақылдары. ( алмалы, алмұрт, айва, шетен (рябина), арония, ирга, хеномелес т.б.) Өсімдіктерінің морфологиялық және биологиялық сипаттамалары. Шығу тегі, ботаникалық және шаруашылық жіктелуі. Морфологиялық ерекшеліктері, өсірудің агротехнологиялық әдістері. Тұқымды өсімдіктерінің топырақ өңдеу сапсына қоятын талабы. Оларды түрлі аймақтарда қолдану ерекшеліктері. Тұқымды өсімдіктерінің көбею жолдары. Тұқым және оны себу. Тұқымның айырмашылығы. Себілетін тұқымның сорттық және тұқымның сапасы. Олардың биологиялық, агротехникалық және экономикалық артықшылықтары мен кемшіліктері. Тұқымды себер алдындағы тұқым дайындау жұмыстары.

1.5. Әртүрлі жемісті субтропикалық аймақтар өсімдіктері. Жүзім, анар, хурма, палма хурмасы, инжир, унаби, фейхоа, цератония, кизилдің биологиялық жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, олардың табиғаттағы қорғаудағы ролі, тіршілік формасы, маңызы. өсімдіктердің шығу тегі және эволюциясы. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

1.6. Жанғақ жемістілер. Каштан, фисташка, миндаль, югланс жанғағы, кария, бразиль жанғағы, макадамия, фундук, кажу. Өсімдіктерінің морфологиялық және биологиялық сипаттамалары. Шығу тегі, ботаникалық және шаруашылық жіктелуі, таралуы, тіршілік формасы, маңызы. Морфологиялық ерекшеліктері, өсірудің агротехнологиялық әдістері. Тұқымды өсімдіктерінің топырақ өңдеу сапасына қоятын талабы. Оларды түрлі аймақтарда қолдану ерекшеліктері. Тұқымды өсімдіктерінің көбею жолдары. Тұқым және оны себу. Тұқымның айырмашылығы. Себілетін тұқымның сорттық және тұқымның сапасы. Тұқымды себер алдындағы тұқым дайындау жұмыстары.

1.7. Сергектендіруші өсімдіктер. Кофе, какао, кола, шай, аректі пальма, гуарана, ката т.б. биологиялық жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, олардың табиғаттағы қорғаудағы ролі, тіршілік формасы, өсімдіктердің шығу тегі және эволюциясы. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

1.8. Майлы дақылдар. Май пальмасы, кокос пальмасы, маслина биологиялық

жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, олардың табиғаттағы қорғаудағы ролі, тіршілік формасы, өсімдіктердің шығу тегі және эволюциясы. Өсіру, күту, баптау технологиясы, маңызы.

1.9. Сүйекті (Розидты ) өсімдіктер. (Шабдалы, абрикос, шие, черешня, қара өрік, алша т.б.). морфологиялық – биологиялық ерекшеліктері.

1.10. Жидектер. Құлпынай, қарақат, танқурай, облепиха, қарлыған

(крыжовник) т.б. морфологиялық – биологиялық маңызы, ерекшеліктері, өсіру, күтіп- баптау, қойылатын агротехникалық талаптар.

2. Көк өніс өсімдіктерінің биологиялық, агротехникалық

негіздері

2.1. Алқа тұқымдастары. Қызанақ, көк өніс бұрышы, баклажан, физалис түрлері, биологиялық ерекшеліктеріне сипаттама, өсіру, өнім алу, Ерте мерзімде өнім алу ерекшеліктері. Аурулар мен зиянкестерден қорғаудың жолдары. Таралуы.

2.2. Орамжапырақтылар. Кочанды орамжапырақ, түсті орамжапырақ, Кольраби, кресс- салат, шалғам, тұрын немесе шомыр ( редька), шалқан ( репа) түрлеріне сипаттама, биологиялық ерекшеліктері, таралуы, тіршілік формасы, өсіру, өнім алу, Ерте мерзімде, жыл мерзімінде өнім алу ерекшеліктері. Аурулар мен зиянкестерден қорғаудың жолдары.

2.3. Асқабақ өсімдіктері. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр, мексикан қияры, момордика, лагенария, бенинказа түрлеріне жалпы сипаттама, биологиялық ерешеліктері, таралуы, тіршілік формасы, өсіру, өнім алу. Жалпы агротехникалық шаралар.

2.4. Пияз өсімдіктері.. Пияз түрлері, сарымсақ түрлеріне жалпы сипаттама, биологиялық ерешеліктері, таралуы, тіршілік формасы, өсіру, өнім алу. Жалпы агротехникалық шаралар.

2.5. Тамыржемістілер және жасыл дақылдар. Сабыз, ас қызылшасы, петрушка, сельдерей, спаржа, бамия, салат, амарант түрлеріне жалпы сипаттама, биологиялық ерешеліктері, таралуы, тіршілік формасы, өсіру, өнім алу. Жалпы агротехникалық шаралар.



3.Қорғалған топырақта тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің шаруашылығы.

3.1. Жылдың барлық мезгілінде тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің жемісті өнімімен халықты қамтамасыз ету. Қорғалған топырақтардың маңызы. Фермерлерге, кішігірім ұжымдарға, шаруа бірлестіктеріне арналған өндірістік негізі бар құрлыстар жасау. Қорғалған топырақтердың түрлері және олардың құрлыстары (жай жылытылған топырақтар, бужайлар, жылыжайлар, ботаникалық бақтар, оранжереяларда). Олардың жылу үнемдегіш қасиеті. Жылту тәсілдері. Тұқымды өсімдіктерді қорғалған топырақтарда өсіру технологиясы.

3.2. Субтропикалық және тропикалық өсімдіктер дақылдарын тұқымдарын шынықтыру. Себу мөлшері. Тұқымды топыраққа енгізу тереңділігі. Оның топырақ ылғалдылығына, жылулығына және құрамына байланыстылығы. Ашық және қорғалған топрақтағы тұқым себу әдістері. Тұқымды дақылдарын отырғызу мезгілдері (көктемгі, жазғы, күзгі, және қыс алдында).Олардың маңызы және әртүрлі климаттық аймақтарда қолданылуы. Тұқымды өсімдіктердің қоректену алаңы, орналастыру әдістері мен үлгілері. Қоректену алаңының және орналастыру үлгілерінің өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, сорттарына, өсіру әдістеріне вегатациялық өсу мерзімінің ұзақтығына, суару әдісіне, механикалық күтіп-баптау жұмыстарының жүргізілуіне және өнімді жинау тәсілдеріне тікелей байланыстылығы,

3.3. Субтропикалық және тропикалық өсімдіктер шаруашылығындағы көшеттік әдіс. Көшет өсірудің индустралды технологиясының ерекшеліктері. Көшет өсіруге арналған құрлыстарды қолдану. Құмыралы әдіспен көшет өсіру(топырақ қоспасы, механикаландыруы). Қоректену алаңы және көшет жасы. Көшет өсіру кезіндегі қоректендіру мерзімі. Көшетті отырғызуға дайындау. Шынықтыру. Таңдау. Көшет сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Әр шаршы метр жерден алынатын көшет шығымы, оны арттырудың жолдары. Шаруашылыққа қажетті көшет санын анықтау. Аурулар мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы күрес ұйымдастыру. Суару мерзімі, әдісі және мөлшері, оған қойылатын агортехникалық талаптар. Өнімді жинау. Өнім жинау мерзімдерін, сапасын және мөлшерін анықтау. Өнімді жинау жұмыстарын ұйымдастыру.



Зертханалық сабақтардың тақырыптары

1. Цитрусты тұқымдас өсімдіктерін өндірістік-биологиялық және морфологиялық топтарға жіктеу. Арнайы ыдыстарға отырғызу.

Жерүсті бөлігінің құрылымы. Вегетативтік және генеративтік мүшелеріне биологиялық талдау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

2. Тропикалық әртүрлі жемістілер. Манго, Ананас, банан, Опунция, көшеттігінің жалпы құрылымын анықтау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

3. Тұқымды дақылдары. ( алмалы, алмұрт, айва, шетен (рябина), арония, ирга, хеномелес т.б.) Өсімдіктерінің морфологиялық және биологиялық талдау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

4. Әртүрлі жемісті субтропикалық аймақтар өсімдіктері жүзім, анар, хурма, пальма хурмасы, инжир, унаби, фейхоа, цератония, кизилдің биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

5. Жанғақ жемістілер. Каштан, фисташка, миндаль, югланс жанғағы, кария, бразиль жанғағы, макадамия, фундук, кажу. Өсімдіктерінің морфологиялық және биологиялық талдау жасау, жемістерінен коллекция дайындау.ботаникалық жіктеу. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

6. Сергектендіруші өсімдіктер. Кофе, какао, кола, шай, аректі пальма, гуарана, ката т.б. биологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, Өсіру, күту, баптау технологиясы.

7. Майлы дақылдар. Май пальмасы, кокос пальмасы, маслина биологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, Өсіру, күту, баптау технологиясы.

8. Сүйекті (Розидты ) өсімдіктер. (Шабдалы, абрикос, шие, черешня, қара өрік, алша т.б.). морфологиялық – биологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, Өсіру, күту, баптау технологиясы.

9. Жидектер. Құлпынай, қарақат, танқурай, облепиха, қарлыған

(крыжовник) т.б. морфологиялық – биологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, Өсіру, күту, баптау технологиясы.

10. Алқа тұқымдастары. Қызанақ, көк өніс бұрышы, баклажан, физалис- биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

11. Орамжапырақтылар. Кочанды орамжапырақ, түсті орамжапырақ, Кольраби, кресс- салат, шалғам, тұрын немесе шомыр ( редька), шалқан ( репа) биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

12. Асқабақ өсімдіктері.. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр, мексикан қияры, момордика, лагенария, бенинказа - биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

13. Пияз өсімдіктері.. Пияз түрлері, сарымсақ түрлеріне- биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

14. Тамыржемістілер және жасыл дақылдар. Сабыз, ас қызылшасы, петрушка, сельдерей, спаржа, бамия, салат, амарант - биологиялық талдау, тұқымын егу, агротехникалық бақылау жасау. Өсіру, күту, баптау технологиясы.

15. Субтропикалық өсімдіктерінің вегетативті, генеративті мүшелерінің морфологиялық құрылысы.

16. Субтропикалық өсімдіктерінің вегетативті, генеративті мүшелерінің анатомиялық құрылысы.



Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Емтихан





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет