Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


,6 семестр Пәннің атауы



бет7/9
Дата13.06.2016
өлшемі1.57 Mb.
#133263
1   2   3   4   5   6   7   8   9


5,6 семестр

Пәннің атауы

Агрохимия

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5,6

Оқытушының Т.А.Ә

Раисов Б.О.

Доцент /оқытушы:

а.ш.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, зертханалық сабақ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: өсімдіктің химиялық құрамын және қоректену ерекшеліктерін,әртүрлі топырақ типтерінің агрохимиялық қасиеттерін және құрамын, топырақтарды химиялық мелиорациялау әдістері, тыңайтқыштардың химиялық құрамымен қасиеттерін, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарына қолданудың тиімді жағдайларын білу керек

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Cтуденттерге тынайтқыш көмегімен өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау, тәсілдерін, олардың топырақпен әрекеттеу ерекшеліктерін үйрету.

Курстың міндеті студентке егіншілікті химияландырудың негіздерін игеру.өсімдіктің қоректенуін теориялық мәселеріі мен оларды реттеу тәсілдерін зерттеу, органикалық және минералдық тынайткыштардың негізгі қасиеттерін зерттеу, Қазақстанның негізгі топырақ типтерінің агрохимиялық қасиеттерін зерттеу, топырақ климат жағдайлары мен дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тынайтқыштарды дұрыс қолдану жолдарын үйрету. Агрохимиялық талдаулар жургізудің практикалық үрдісін қалыптастыру



Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Агрохимия. Агрохимия пәні, оның міндеті мен әдісі. Агрохимия ғылымының даму тарихы.Ауыл шаруашылық дақылдарын түсімін жоғарылату және өнім сапасын жақсарту мен топырақ құнарлығын арттыру. Тыңайтқыш әсерінің топырақ климат жағдайларын, қолданатын агротехникалық шараларды өнім сапасын арттыру жағдайын білу. Тыңайтқыштардың химиялық құрамымен қасиеттерін білу.Өсімдіктің химиялық құрамы. Өсімдіктің химиялық құрамын,әртүрлі топқа жататын дақылдар құрамындағы су мен құрғақ зат мөлшері мен құрамын, өсімдіктің қоректенуі, олардың түрлері өсімдіктің қоректену кезеңдері туралы түсінік алады.Өсімдіктің қоректік заттардың пайдалануына сыртқы орта жағдайларының әсері. Өсімдіктің химиялық құрамы, әртүрлі топқа жататын дақылдар құрамындағы су мен құрғақ зат мөлшері мен құрамын, өсімдіктің қоректенуі, олардың түрлері өсімдіктің қоректену кезеңдері туралы түсінік алады.Өсімдіктің қоректенуінің диагностикасы. Өсімдіктің қоректенуінің диагностикасы.Өсімдік қоректенудің негізгі тәсілдері өсімдік қоректенуде жеке элементтердің жетіспеушілігінің белгілері туралы түсінік алулары керек.Топырақ диагностикасының маңызы.Комплексті диагностика.Топырақты диагностикасының маңызы, ауылшаруашылығы дақылдарының вегетациялық дәуірінде қоректі заттармен қамтамасыз етілуіне бақылау үшін өсімдік диагностикасын пайдалану туралы түсінік алады.Комплексті диагностика. Комплексті диагностикасының маңызы, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық дәуірінде қоректі заттармен қамтамасыз етілуіне бақылау үшін өсімдік диагностикасын пайдалану туралы түсінік алады.Топырақ құрамы. Топырақ құрамы, топырақ ауасы мен ерітіндісінің және қатты фазасының құрамы, олардың өсімдік қоректенуі үшін маңызы

туралы түсінік алады.Топырақтың қатты фазасының минералды құрамы. Топырақтың қатты фазасының құрамы, олардың өсімдік қоректенуі үшін маңызы туралы түсінік алады.Әртүрлі топырақ құрамындағы органикалық заттардың мөлшері және оны молайту жолдары. Әртүрлі топырақ құрамындағы органикалық заттардың мөлшері және оны молайту жолдары, шірінді, оның құрамы және топырақ құнарлығын арттырудағы ролі туралы түсінік алады.Шірінді, оның құрамы және топырақ құнарлығын арттырудағы рөлі. Топырақ құрамындағы шірінді мөлшерін анықтау және олардың нәтижелі құнарлығына қарай топтастыру туралы түсінік алады.Топырақтың минералдық бөлігі. Топырақтың минералдық бөлігі,өсімдік қоректенуі мен тынайтқыш қолдануда топырақтың биологиялық, физикалық-химиялық сіңіру қабілеттерінің маңызы әртүрлі топырақтың сіңіру сиымдылығын оқып үйренеді.Әртүрлі топырақтың сіңіру сиымдылығы. Топырақтың сіңіру сиымдылығының түрлері және қасиеттері туралы түсінік алады.Қазақстан Республикасының негізгі топырақ типтері. Қазақстан Республикасының негізгі топырақ типтерінің агрохимиялық көрсеткіштері туралы түсінік. Республика топырақтарында азот, фосфор және калийдің түрлерімен қамтамасыз етілуі. Республика топырақтарында азот, фосфор және калийдің түрлерімен қамтамасыз етілуі дәрежесін оқып үйренеді.

Шірінді қабатының қалындығы, қарашірінді мөлшері, жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін анықтау. реакция ортасы, сіңіру сиымдылығы мен сіңірілген катиондардың құрамы жайлы түсінік алады. Шірінді қабатының қалындығы, қарашірінді мөлшері, жалпы азот, фосфор және калий мөлшері, реакция ортасы, сіңіру сиымдылығы мен сіңірілген катиондардың құрамы жайлы түсінік алады.Топырақ мелиорациясы. Химиялық жолмен мелиорациялау тәсілдері,қышқыл топыраққа әк қолданудың маңызы,гипсті топыраққа бергенде жүретін процестер жайлы түсінік алады. Қышқыл топыраққа әк қолданудың маңызы.Қышқыл топыраққа қолданудың маңызы,гипсті топыраққа бергенде жүретін процестер жайлы түсінік алады. Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері. Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері. Тыңайтқыш туралы түсінік, оларды жіктеу,туралы түсінік алады. Азот тыңайтқыштары. Азот тыңайтқыштары олардың түрлері, өсімдік үшін азоттың маңызы, топырақ құрамындағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі, топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгерулері туралы түсінік алады. Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі. топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі, топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі туралы түсінік алады. Фосфор тыңайтқыштар. Фосфор тыңайтқыштар,өсімдік үшін фосфордың ролі, топырақ құрамындағы фосфор,ауылшаруашылығы дақылдарына фосфор тыңайтқыштарын қолдану.Топырақ құрамындағы фосфор. Топырақ құрамындағы фосфор. Ауыл шаруашылығы дақылдарына фосфор тыңайтқыштарын қолдану туралы түсінік алады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын фосфор тыңайтқыштарының мөлшері. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын фосфор тыңайтқыштарының мөлшері. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары туралы түсінік алады. Калий тыңайтқыштары. Калий тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары туралы түсінік алады. Микротыңайтқыштар, олардың өсімдік үшін маңызы. Микротыңайтқыштар, олардың өсімдік үшін маңызы,топырақ құрамындағы микроэлементтер қосылыстары және олардың мөлшері жайлы түсінік алады. Органикалық тыңайтқыштар, олардың түрлері. Органикалық тыңайт қыштар, олардың түрлері, негізгі органикалық тыңайтқыштар туралы түсінік алады. Көң мен минералды тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктің пайдалану дәрежесін салыстыр малы түрде бағалау. Көң мен минералды тыңайтқыштар органикалық шикізаттан алынатын тыңайтқыштар туралы түсінік алады. Тыңайтқыштарды сақтау, дайындау және топыраққа енгізу технологиясы. Тыңайтқыштарды сақтау, дайындау және топыраққа енгізу технологиясы,тыңайтқыштармен жұмыс атқаруда қауіпсіздік техникасын сақтаудың негізгі ережелері,тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік алады.

Лабораториялық сабақтар: Өсімдіктің орташа үлгісін алу және оны талдауға дайындау.Өсімдік құрамындағы құрғақ затпен ылғал мөлшерін анықтау.Өсімдік құрамындағы «шикі» күл мөлшерін анықтау.Өсімдік құрамындағы жалпы N, Р,К,Са,Mg мөлшерін ан

Өсімдікті Гинзбург әдісімен күлдендіру.Өсімдік құрамындағы нитраттардың мөлшерін ионселективті әдіспен анықтау.

Дәнді дақылдардың тұқымы мен картоп түйнегінің құрамындағы крахмал мөлшерін анықтау.Майлы дақылдар құрамындағы май мөлшерін анықтау.Қант қызылшасы тамырының құрамындағы қант мөлшерін оптикалық әдіспен анықтау.Топырақ үлгісін талдауға дайындау.Топырақ құрамындағы азот пен фосфордың жалпы мөлшерін талдау.Топырақ құрамындағы жеңіл ыдырайтын азот мөлшерін анықтау. Топырақ құрамындағы нитратты азот мөлшерін анықтау.Топырақ құрамындағы аммонийлі азот мөлшерін анықтау.

Карбонатты топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшерін анықтау.Топырақ құрамындағы алмаспалы калий мөлшерін анықтау.Топырақ құрамындағы қара шірікті анықтау.Топырақтың тыныс алу белсенділігін анықтау.Топырақтан бөлінген көмір қышқыл газының белсенділігін анықтау. (Галстян әдісі).Көмір қышқыл газын Карпачев әдісімен әдісімен анықтау.Минералдық тыңайтқыштарды сапалық реакциялар көмегімен ажырату.Азотты тыңайтқыш құрамындағы аммиакты азотты анықтау.Сілтілік немесе қышқылдық ортада күрделі тыңайтқыштар мен селитралар құрамындағы аммиакты және нитратты түрдегі азоттың жиынтығының мөлшерін анықтау.Мочевина құрамындағы азот мөлшерін анықтау.Фосфор тыңайтқыштарының құрамындағы фосфордың жалпы мөлшерін анықтау.И.Ромашкевич колориметрлік әдіс арқылы көң құрамындағы аммиакты азот мөлшерін анықтау

Органикалық тыңайтқыштарды талдау. Көң құрамындағы азоттың, жалпы мөлшерін анықтау. Көң құрамындағы фосфордың жалпы мөлшерін анықтау.Көң құрамындағы калийдің жалпы мөлшерін анықтау.


Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

талдауға қажетті өсімдік және топырақ үлгілерін алу.

топырақ өсімдік және тынайтқышқа химиялық талдаулар жүргізу.

өсімдікпен топырақтың химиялық құрамын анықтайтын қазіргі замаңғы құралдармен жұмыс істей білу.

топырақ және өсімдік диагностикасын жүргізуді іске асыра білу қажетілігін меңгеру.




5 семестр

Пәннің атауы

Топырақ географиясы

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә

Раисов Б.О.

Доцент /оқытушы:

а.ш.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ–30, ОБСӨЖ-22.5, СӨЖ-22.5


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Топырақ географиясы жоғары оқу орнында оқылатын міндетті пән және оқу жоспарына кірістірілген мамандықтың негізгі пәні.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Курстың мақсаты: студенттерге топырақ түзуші факторлар туралы ілімін оқу нәтижесінде топырақтардың кеңістікте заңдылықпен таралуын, олардың жіктелуін, диагностикалық көрсеткіштерін және құнарлылығын жоғарылату принциптері мен жолдарын үйрету.

Курстың міндеті студентке континеттердің биоклиматтық белдеулері мен облыстарының және Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының топырақтарының жаралуын, жіктелуін және олардың негізгі типтерін, топырақтарды агроөндірістік топтастыру принциптерін, топырақ бонитировкасының принциптері мен тәсілдерін, Қазақстан Республикасының топырақтарының ақпаратты диагностикалық морфологиялық белгілерін, құрамын және қасиеттерін істей білуге міндетті.



Мазмұны

Дәрістер: .Кіріспе.Евразия топырағы.Оңтүстік Америка топырағы.

Австралия топырағы.Жер шарындағы ірі арал топырақтары. Табиғи топырақ құрылу. Жер мен жерді пайдалану. Қазақстан Республикасының топырақ құрылу ерекшеліктері (диагностикалық) көрсеткіштері. Орманды дала мен дала аймағының қара топырағы. Қуаң дала мен шөлді дала аймақтары топырағы. Шөлді аймақтар топырағы. Таулы облыстар топырағы. Өзендер жайылмасы мен сағасының топырағы. Қазақстан Республикасы жер қоры мен топырағының сапасын бағалау. Қазақстан Республикасының топырағын қорғау.



Лабораториялық сабақтар:

Әлемнің негізгі топырақ типтерінің сырт кескіні, тектік жиектерінің қасиеттері мен танысу.Әлемнің негізгі топырақ типтерінің морфологиялық қасиеттері мен танысу.Тундралық, күлгін шыңды күлгін топырақтар.Батпақты сұр және қоңыр орманды топырақтар. Қара, қара қоңыр топырақтар.Қоңыр сұр қоңыр боз топырақтар.Тақыр тұрпатты .Жайылмалық топырақтар.Сортаңдар мен кебір,кермекті топырақтар мен фералиттер.Күрең, қызыл,сары топырақтар мен фералиттер.Тау топырақтары. Қазақстан Республикасы-ның негізгі топырақ типтерінің қасиеттерімен танысу. Қазақстан Республикасы-ның негізгі топырақ типтерінің тектік жиектері, морфологиялық қасиеттерімен танысу. Қара қоңыр, сұр қоңыр гопырақтар және олардың шабындық түрлерін морфотектік казу. Боз гопырақтар және олардың шабындық түрлерін морфотектік казу.Тақыртұрпатты және жайылмалық топырақтар сортаңдар мен кейбір кермекті, күрең, тау топырақтары.Қазақстан Республикасының топырағын қорғау.Топырақтарды жіктеу. Әр климаттық белдеудегі топырақтарға шолу.Қазақстандағы топырақ зерттеушілерге шолу.Таулы облыстар топырағы.Топырақтардың тік белдеулік құрылымы.Жайылмалық топырақтарды жіктеу.Қазақстан Республикасы жер қоры мен топырағының сапасын бағалау. Топырақтарды занды және сапалы бағалау оларды агрономиялық сипаттау, агроөндірістік топтау.Топырақтарды бонитеттеу (бағалау) принциптері (негізі) фитерийлері (белгілері мен әдістері.Топырақ жамылғысын бұзылудан ластанудан болатын теріс езгерістері. Қазақстан Республикасының топырағын қорғау.Топырақ жамылғысын бұзылудан ластанудан болатын теріс езгерістері. Топырақ мониторингі (бақылауы).Табиғатты қорғау



Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

континеттердің биоклиматтық белдеулері мен облыстарының және Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының топырақтарының жаралуын, жіктелуін және олардың негізгі типтерін білу, топырақтарды агроөндірістік топтастыру принциптерін білу, Қазақстан Республикасының топырақтарының ақпаратты диагностикалық морфологиялық белгілерін, құрамын және қасиеттерін білу,топырақ бонитировкасының принциптері мен тәсілдерін білу.


5,6 семестрлер

Пәннің аталуы

Шет тілі 3 бөлім

Қасқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5,6

Оқытушының Т.А.Ә.

Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы, оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практ.- 30сағ., ОСӨЖ-30сағ., СӨЖ –30сағ.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері

1+1=2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін қолдана отырып,студенттердің коммуникативті аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет ел тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақтар бастауыш оқу топтарына қарастырылған: онда төмендегі сұрақтар қарастырылады, шетел тілінің бүкіл әлемде және Қазақстанда қызмет етуі; ағылшын /неміс тілдерінің грамматикалық жүйесін меңгеруі. Мәтін байланыс жасаудың бірлігі.Монологиялық тілдің түрлері. Реферат.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.


5.6 семестр

Пәннің атауы

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және өңдеу технологиясы.


Қысқартылған атауы

OShOSOT

Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5,6

Оқытушының Т.А.Ә

Карабалаева А.Д.

Доцент /оқытушы:

А.ш.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лаборатория–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Физика, химия, ботаника, өсімдік физиологиясы, геология, топырақтану, метеорология, егіншілік, агрохимия, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және экономика ғылымдарына сүйенеді.

Өсімдік шаруашылығы, әсіресе егіншілік, агрохимия, өсімдік қорғау және екпе дақылдары селекциясымен тығыз байланысты.



Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Студенттерге ауылшаруашылық дақылдарын ғылыми негізде өсіру технологиясын қолдану арқылы жоғары өнім алу жолдарын үйрету және дайындалатын мамандарды теориялық біліммен қаруландыру және практикалық іскерлігін арттыру.

«Өсімдік шаруашылығы» курсын оқу студенттерге теориялық білім берумен қатар, егістік дақылдардан жоғары өнім алу тәжірибесіне дағдыланған, ауыл шаруашылығы өндірісінің іссаналық мәселелерін теориялық жолмен шешуге жағдай жасайды.

Өсімдік шаруашылық мамандардың агрономиялық ойларын қалыптастырып олардың тәжірибесіндегі ғылыми негізделген шаралар жиынтығын өндірісте білгірлікпен қолдануға жағдайлар жасап, аймақтық және егін шаруашылығын басқа да жүйелері негіздерін жасауға жол ашады.


Мазмұны

Дәрістер:

Пәннiң мiндеттерi. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және өңдеудiң маңыздылығы. Өнiмдердiң биологиялық, энергетикалық және технологиялық құндылығы. Өнiм сапасына әсер етушi факторлар және оған қойылатын талаптар.Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау саласының мiндеттерi. Сақтау объектiлерiне абиотикалық және биотикалық фактор-лардың әсерi. Астық дақылдарын, майлы дақылдарды және жемiс-көкөнiс өнiмдерiн сақтаудың теориясы мен тәжiрибесi.Өнiмдi сақтау кезiнде оның саны мен сапасына жүргiзiлетiн есеп.Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу негiздерi.



ұн, жарма және өсiмдiк майын өндiру. Картоп, жемiс және көкөнiс өнiмдерiн өңдеу.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Өсімдік шаруашылығы пәнін оқу нәтижесінде студент төмендегі мағлұматтарды білуге тиіс: ауыл шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік шешімдерін, егістік дақылдарының маңызын, морфологиялық құрылысын, биология ерекшеліктерін, дақылдарды өсіруге қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды, егістіктерде жүргізілетін өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы өнімдері сапасын жоғарылатудың жолдары және әдістерін, өнім шығынын және өсіруге жұмсалатын еңбек, құрал-жабдықтар шығындарын азайтады.


6 семестр

Пәннің атауы

Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестері мен аурулары

Қысқартылған атауы

А/ш ДЗА

Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә

Басымбекова.З.Ш

Доцент /оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лаборатория–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Ботаника,», «Химия» « Микробиология», « Өсімдік шаруашылығы» «Өсімдік физиологиясы»пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Ауылшарушылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тур құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту.» Ауылшаруашылық өндірісінде зиянкестер мен аурулар аса зиян келтіріп өнімдердің сапасы мен түсімін төмендетеді.Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестері, және оларға қарсы жүйелі күрес шараларымен таныстыру.

Мазмұны

Дәрістер: Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өсімдікті зиянкестер мен аурулардан жүйелі қорғау шараларын ескермей ауылшаруашылық өндірісін дамытуды іске асыру мүмкін емес.

Соған байланысты «агрономия» мамандығында бойынша дайындалатын суреттерде «Ауылшаруашылық» дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» пәні бойынша білім алу өте қажет.

Пәннің негізгі міндеті мен мақсаты студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестері мен аурулардың түр сипаты мен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімді мен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, аурулармен зиянкестерін анықтау және есептеу әдістерін меңгеру сондай-ақ экологиямен қоршаған ортаға ескере отырып, қорғау шараларын жүйесін дұрыс жүргізуді жоспарлау болып табылады.

Бұл мақсаттарда іске асыру үшін пәнді оқыту барысында ауыл шаруашылық зиянды организмдерден қорғауда биологиялық, химиялық шараларды төзімді сорттарды енгізу сияқты қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерді тиімді пайдалананып егістің фитосанитарлық жағдайын қалыпта ұстау жағына аса көңіл бөлу қажет.



Лабораториялық сабақтар: Бунақденелердің құрлысымен танысу. Зиянды бунақденелілерді бөлшектеу, қосалқылары, ауыз мүшелерінің түрлер: ауылшаруашылық өсімдіктерін кеміргіш және түйреп-сорғыш зиянкестертердің зақымдау белгісі.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларын жүйелі түрде бақылап , олармен күрес шараларын дұрыс жолға қою /емтихан.


6 семестр

Пәннің атауы

Агрохимиялық зерттеулер әдісмесі

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә

Раисов Б.О.

Доцент /оқытушы:

а.ш.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ–15, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Өсімдіктің химиялық құрамын және қоректену ерекшеліктерін, әр түрлі топырақ типтерінің агрохимиялық қасиеттерін және құрамын, топырақтарды химиялық мелиорациалау әдістері , ауыл шаруашылық дақылдарына қолданудың тиімді жағдайларын білу керек.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Мақсаты: студенттерге тыңайтқыш көмегімен өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау, тәсілдерін, олардың топырақпен әрекеттесу ерекшеліктерін үйрету.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе.Агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімі және оның тәсілдері. Агрохимиялық егістік тәжірибе туралы түсінік, оның маңызы және тәжірибенің түрлері. Егістік тәжірибені орналастыру.Тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибелердің сызбаларын құрастыру.вегетациялық тәжірибенің өсімдік қоректенуі мен топырақ және тыңайтқыштардың қасиеттерін зерттеудегі маңызы.Лизиметрлік әдістер. Олардың негізгі конструкциялары туралы түсінік алу. Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу. Тә»жірибе мәліметтерін өңдеуді, көп факторы тәжірибе нәтижелерін дисперсиялық талдау. Агрохимиялық зерттеулерде таңбалы атомдарды қолдану әдістемесі.Агрохимиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану олардың маңызы. Өсімдікті талдау. ҚР Негізгі топырақ типтерінің агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақты агрохимиялық талдау.Тыңайтқыштарды талдау.Топырақты агрохимиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Минералды тыңайтқыштардың дозасын анықтау. Тыңайтқыштардың қолайлы дозасын анықтау үшін математикалық әдістерді қолдану.

Лабораториялық сабақтар: Өсімдіктің орташа үлгісін алу және оны агрохимиялық талдауға дайындау. Өсімдік құрамындағы құрғақ зат пен ылғал мөлшерін анықтау. Өсімдік өнімінің сапасын анықтау. Өсімдік құрамындағы белокты заттарды анықтау. Дән құрамындағы ұлпаны анықтау. Картоп түйнегіндегі крахмал мөлшерін тығыздығы бойынша анықтау. Өсімдік құрамындағы клетчатканы анықтау. Дәнеді дақылдардың тұқымы мен картоп түйнегінің құрамындағы крахмал мөлшерін анықтау. Өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамсыз етуілуін Церлинг әдісі бойынша анықтау. Топырақ үлгісін агрохимиялық талдауға дайындау. Топырақ құрамындағы азот, фосфор және каллийдің жалпы мөлшерін талдау. Тыңайтқышцты талдау. Минералды тыңайтқыштарды сапкалық реакциялар көмегімен ажырату. Органикалық тыңайтқыштарды талдау. Вегетациялық және лизиметрлік тәжірибелерді қою және оларды жүргізу.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Өсімдік диагностикасын жүргізуді іске асыра білу қажеттілігін меңгеру


6 семестр

Пәннің аталуы

Өсімдік шаруашылығында энергия қор үнемдеуші технологиялар

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жумаханова Р.К.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, лабораториялық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: - ауыл шаруашылық өндірісі туралы мемлекеттік маңызды шешімдерді;

- қазіргі кезщде қалыптасқан технологиялар типтерін;

- ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде шығындары мейлінше аз болатын технологиялық шаралар жүйесін;

- экономикалық тиімді, еңбек және құралдар мен жабдықтар шығыны аз, сапалы өнім алу жолдарын;

- дақылдардың биологиялық ботаникалық ерекшеліктерін ескере отырып аймаққа үйлестіілген қор үнемдеуші технологиялар шараларын ұйымдастыру.


Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге ауылшаруашылық дақылдарын қор сақтаушы технология негізінде өсірудің алғы шарттарын студенттерге оқып үйрету және дайындалатын мамандары теориялық біліммен қаруландыру, практикалық іскерлігін арттыру.

Пәнді оқытудың міндеті.



  1. Негізгі ауылшаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы технология бойынша өсіруді оқып үйрету.

  2. Аймақтың топырақ-климатық жағдайларын ескере отырып қор сақтаушы технологияны тиімді пайдалану жолдарынт көрсету.

  3. Қор сақтаушы технологияның агроэкологиялық және экономикалық басымдылықтарын қарастыру.

  4. Қор үнемдеушші технологияда ауылшаруашылық техникаларын тиімді пайдалану.

Мазмұны

Қор үнемдеуші технологиялар типтері. Топырақ өңдеу жұмыстарының барлығында энергетикалық және еңбек шығыны жұмсалады. Топырақ түріне және механикалық құрылымына байланысты жұмсалатын шығындар мөлшері әр түрлі. Қор үнемдеуші технологияда тұқымның пайда болу ерекшеліктері. Алғашқы даму кезеңіндегі өсімдіктің өсіп-дамуы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Бақылау формасы: аралық бақылау, қорытынды (емтихан).




6 семестр

Пәннің атауы

Далалық тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру және картограммаларды жасау

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә

Раисов Б.О.

Доцент /оқытушы:

а.ш.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: агрохимиялық картограммаларды жасау принциптерін;дақылдарға тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтайтын қазіргі заманғы әдістерін; далалық тәжірибелер салу және жүргізу әдістерін; өсімдік пен топырақты талдаудың химиялық инструменталдық әдістерін; эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математика-статистикалық электрондық әдістері.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты: далалық тәжірибелер жүргізу мен ұйымдастыруда және агрохимиялық картограммалар жасауда теориялық білім мен практикалық біліктілікті қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеті.

тыңайтқыштардың түрлері,формалары, мөлшерлері, мерзімдері және оларды қолдану тәсілдерімен жүргізілетін тәжірибе схемаларын, зерттеу жүргізу әдістемесі мен бағдарламаларын жасау;

агрохимияда далалық, өндірістік, вегетациялық, лизиметрлік және лабораториялық зерттеулерді салу және жүргізу әдістемесін; өсімдік, топырақ және тыңайтқышқа химиялық талдау жүргізу; тәжірибе нәтижелеріне вариациялық статистиканы пайдалана отырып талдау жүргізуді оқыту.



Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе.Пәннің зерттеу объектілері мен әдістері.Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Ұсынылатын әдебиеттер.Егістік тәжірибе-тыңайтқыш қолданудың тиімді тәсілін анықтау мақсатында оның әсерін зерттеудің негізгі әдісі. Егістік әдіс түрлері, тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар.

Тәжірибе схемелары және оларды негіздеу.Ауыспалы егіс жағдайында тыңайтқыш әсерін зерттеу үшін егістік тәжірибе схемасын құрудың ерекшелігі.Жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олармен егістік тәжірибе жүргізу әдістері.Вегетациялық әдіс түрлері, тәжірибе схемасы. Әртүрлі дақылдармен вегетациялық тәжірибе орындаудың техникалық ерекшеліктері. Гидропоника.



Лизиметриялық зерттеу әдісінің міндеттері. Лизиметрдің негізгі конструкциялары. Лизиметриялық әдіс көмегімен топырақ пен тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтердің шайылуын зерттеу.Агрохимиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану.Ауылшаруашылығы дақылының қоректенуі мен оның өнім сапасын анықтауда және тыңайтқыш әсерін зерттеу үшін өсімдікті талдаудың маңызы, негізгі тәсілдері.Топырақты агрохимиялық талдаудың міндеттері.Агрохимиялық жұмыста тыңайтқышты талдаудың маңызы.Тыңайтқышты талдауға дайындау.Топырақты агрохимиялық тексерудің маңызы және ұсақ шаруа қожалықтарының агрохимиялық картограммасын жасау.Егістік зерттеулер. Лабораториялық агрохимиялық зерттеулер.Агрохимиялық қызмет көрсету, оның құрылымы мен міндеттері.Ауылшаруашылық дақылдарының өнімін сертификаттау және жеке шаруашылықтар мен Акционерлік қоғам жерлеріне агрохимиялық пасаорт беру.Эксперименттік мәліметтерді дисперсиялық талдау.

Лабораториялық сабақтар: Өсімдік құрамындағы жеке микроэлементтерді анықтау әдістері. Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар құрамындағы белок мөлшерін анықтау әдістері. Малазықтық дақылдар құрамындағы клетчатка мөлшерін анықтау әдістер. Дәнді дақылдар құрамындағы шикі ұлпа мөлшерін анықтау. Топырақ құрамындағы минералдық фосфаттар түрінің мөлшерін анықтау әдістері. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің жылжымалы түрінің мөлшерін анықтау әдістері. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды талдау әдістері. Агрохимиялық зерттеулерде қолданылатын изотоп әдістері. Тыңайтқыштармен қойылатын танаптық тәжірибелерге участке таңдап алу. Учаскесі мөлдектерге бөлу және тыңайтқыш беру. Тәжірибе схемасы бойынша әр мөлдекке тыңайтқыш мөлшерін есептеп шығару. Тәжірибе дақылдарына жүргізілетін фенологиялық және биометриялық байқаулар.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

топырақтарға агрохимиялық тексерулер жүргізу, талдаулар үшін топырақ және өсімдік үлгілерін алу, топырақ, өсімдік және тыңайтқыштарға химиялық талдаулар жүргізу, топырақтың қоректік элементтермен қамтамасыз етілу картограммаларын жасау, өсімдік пен топырақтың химиялық құрамын анықтайтын қазіргі заманғы құралдармен жұмыс істей білу.


6 семестр

Пәннің атауы

Топырақ картографиясы

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-

нің курстары ( егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә

Раисов Б.О.

Доцент /оқытушы:

а.ш.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ–30, ОБСӨЖ–22,5.СӨЖ-22,5


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Мамандарды дайындауда пәнді оқытудың максаты мен міндеттері топырақты тиімді пайдалану, құнарлылығын көтеру және оны қорғау жолдары. Оларды топырақ карталары мен бонитировкасына және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға сүйене отырып шешуге болады. Тек жоғарыда көрсетілген шаралар арқылы шаруашылықтар жердің саны мен сапасы туралы мәліметтер ала алады. Сондықтан ауылшаруашылық аймақтарға топырақ карталарын жасау және оларды оқтын-оқтын жанартып отыру шаруашылықта жүргізілетін химиялық , мелиорациялық жұмыстар мен топырақ қорғауда әрдайым қажет.

Мазмұны

Дәрістер: Топырақты картаға тусіру, топырақ картасы және картографиялық негіз туралы жалпы тусінік.Топыракты зерттеу әдістері, топырақты далалық жағдайда картаға түсіру, топырақ картасын жасау кезендері және олардың мазмұны.Ірі масштабты топырак картасын жасаудағы дайындық кезең.Ірі масштабты топырақ картографиясының далалық кезеңі. Камералдық кезең

Ірі масштабты арнайы топырақ карталарын жасау. Қосымша картографиялық материалдарды (картограммаларды) жасау

Ертеректе жүргізілген ірі масштабты топырақ тексеру материалдарын түзету. Басқа масштабты топырақ карталарын жасау принциптері. Топырақ карталарын және басқа материалдарды ауыл шаруашылық өндірісінде қолдану.

Лабораториялық сабақтар: Ауыл шаруашылығының мұқтажына ірі масштабты топырақ карталарын пайдалану жолдары. Топырақтарды агроөндірістік топтарға бөлу. Егістік ауданын кеңейтуге қолайлы топырақтарды тауып бөлу. Ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді пайдалану үшін сапасына қарай бір топтан екінші топқа ауыстыру.Сортаңданған, кебірленген және эрозияға ұшыраған топырақтарды мелиорациялау жұмыстарының түрлері мен көлемін табу. Шаруашылық топырақтарын тиімді пайдалану және олардың құнарлығын көтеру шараларын аныктап кұрастыру. Жекелеген ауыл шаруашылық дақылдарына сай топырақ түрлерін анықтау. Әртүрлі масштабты топографиялық карталарда (1:10000, 1:25000, 1:50000) жұмыс маршруттарын жобалау, топырақ нұскаларын бөлу. Ірі масштабты топырақ картасын далалық кезең материалдарын қолдана отырып құрастыру және безендіру. Стереоскоппен жұмыс істеу, аэро- және космостық суреттерде, аймақтық дешифрлеу ерекшеліктерін табу.

Топырақ картасын жасаудың автоматтандырылған технологиясы.



Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

топырақ-картогртаграфиялық материалдарды өндірістің мұқтажына дұрыс қолдану.



4 – курс

7, 8 семестрлер

7 семестр

Пәннің аталуы

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Қысқартылған атауы

ТҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Наукенова Айгуль Сагиндыковна

Доцент / оқытушы:

Т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, ОСӨЖ–15, СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Тiршiлiк қауiпсiздiгi негіздері» пәні техникалық және технологиялық ғылымдар қатарына жатады. Тiршiлiк қауiпсiздiгi негізгі мақсаты фундаментальді білімді қолдана отырып, көпшілік қауымның экономикалық жағдайын көтеру, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның қалыпты өркендеуін қамтамасыз ету және табиғи ортаны жақсарту болып табылады.

Оқу процесін жоғары білікті оқытушылар құрамы, сол сияқты жоғары тәжірибелі ғылыми мамандар, докторлар, ғылым кандидаттары, өндірістік тәжірибелі қызметкерлер жүргізеді. кәсіби қызмет ету саласы әскери-өнеркәсіптік кешенді, индустрияны ауыл және тұрмыс шаруашылықтары өндіріс және тұтыну салаларын қосқанда экономиканың барлық салалары, тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау саласындағы мемлекеттік орындар, құқықтық қызметтер, әртүрлі меншік түріндегі бюролар мен фирмалар болып табылады.



Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Тіршілік қауіпсіздігі адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады, сондай-ақ осы ұғымға бір қатар аспектілер кіреді: саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және т.б. Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда Тіршілік қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны шаруашылық объектілерді (нысаналарды) төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салалардың бірі болып саналады.Осы мәселелер туралы студенттерге керекті түсініктер беру, бейбітшілік және соғыс уақытында болуы мүмкін. АҚ-тың әскери емес құрамдарға басшылық, яғни жетекшілік етуге дайындау, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс ақпарат беру.Төтенше жағдайлар туралы білім және хабарлау беру, рухани және психологиялық дайындығын тәрбиелеу, ептілік және практикалық тәжрибе, ТЖ-ларда адамдарды және шаруашылық объектілерді қорғау үшін керекті әрекет - қимыл жасауға қабілетін шынықтыру, студенттерді өздерінің келешек мамандықтарына тиісті бейбітшілік және соғыс кезеңінде АҚ-тың әскери емес құрамдарға басшылық, яғни жетекшілік етуге дайындау, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс бағдар беру.

Мазмұны

Курстың мақсаты және маңызы. Тіршілік қаупсіздігінің негіздері. Ғылыми техникалық прогресс және адам өміріндегі туғызатың кауіптер мүмкіндігі.Осы уақыттағы АҚ рөлі және мақсаты.ҚР АҚ құру негізгі принциптері. Кәсіби қаупсіздіктің профилдері бойынша қамтамасыздандыру. Қаупті аппаратардағы туындайтын қауптер мүмкінділігі

Техногендік авариялар мен қыйрауларЯдролық қару. Ядролық жарылысты қыйрататын факторлар.Өткіш радиация.Радиоактивті залалдану.Химиялық және биологиялық қарулар

Өндіріс объектілеріндегі жұмыстың қалыптылығыТұрғындарды қорғауды инженерлі-техникалық тұрғысынан қорғау шара әдістері.АҚ қорғаныс құрлыстары және жеке қорғану құралдарыТерроризм себептері және салдары.Кәсіби қаупсіздік және денсаулықты жүйесін бағыттау ОНSАS 18001


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттерді өздерінің келешек мамандықтарына тиісті бейбітшілік және соғыс кезеңінде АҚ-тың әскери емес құрамдарға басшылық, яғни жетекшілік етуге дайындау, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс ақпарат беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет