Ф 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#21632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




Пәннің аталуы

Тіл мәдениеті

Қысқартылған атауы

ST ( II) 2224

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндердің курстары

Тәжірибелік, жеке сабақ, СӨЖ, ОБСӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Қашағанова Турсынхан Үсенқызы

Доцент/оқытушы:

Оқытушы.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Тәжірибелік – 15, жеке сабақ-15, ОБСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы: 90

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Сценарийлік өнер», «Психология», «Актер шеберлігі», «Режиссура», «Сахналық күрес»

Білім беру мақсаттары/
құзіреттілігі

Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты-болашақ сахна маманы болатын студенттерді жоғары білікті сахна тілі маманы етіп даярлау, актерлық қабілетті қалыптастыра отырып, көпшілік алдында сөз сөйлеуге практикалық бейімдер қалыптастыру, сөз әрекеті-сөздің астарын ашу, қисынды әрекет, психологиялық әрекеттерді, тыныстық әрекеттерді меңгеру.

Мазмұны

Тәжірибелік сабақтар: Жақсы дикция сахналық іс-әрекетке қатысушыларға ең қажетті қасиет ретінде. Ішкі және сыртқы артикуляциялық жұмысының бірлігі. Дауысты дыбыстың әуендік сипаты. Дауыссыз дыбыстардың әуезділігі мен саздылығы. Сөз бен саздың сабақтастығы. К.С.Станиславскиий сөздің мәнерлік құралдары жайлы. Сөздің мәнерлік құралдары. Логикалық және психологиялық кідіріс. Эмоционалдық тембр түсінігі, оның сөз әрекетіндегі ролі. Әуеннің эмоционалдық қызметі. Сөз әрекетін сүйемелдеп отыратын әуендік сөздер мінездемесі. Сахна тілінің қисындылығы мен негізгі заңдылықтары. Сахнадағы сөзбен әрекет етудің негізі. Сөз астары. Сөзді құру және логикалық ақтау. Сөз әрекетіндегі тіл техникасы. Өмірдегі және өнердегі сөздің айырмашылығы. Сөзді құру және логикалық ақтау. Сөз әрекетіндегі тіл техникасы. Өмірдегі және өнердегі сөздің айырмашылығы.

Жұмысының нәтижелері/ ағынды бақылау түрлері

Жақсы дикция сахналық іс-әрекетке қатысушыларға ең қажетті қасиет ретінде. Ішкі және сыртқы артикуляциялық жұмысының бірлігі. Дауысты дыбыстың әуендік сипаты. Дауыссыз дыбыстардың әуезділігі мен саздылығы.



Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

Саясат.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Қонақбаев С.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Философия», «Әлеуметтану», «Экономикалық теория», «Құқық негіздері», «Қазақстан ратихы»

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.

Мазмұны

Лекция: Саясаттану-әлеуметтік гуманитарлық білім беру жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясаттану саясаттың қызмет заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны, биліктің, мемлекеттің, мемлекетаралық қатынастардың мәселелері болып табылады. Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың объектісі және пәні. Саяси философия, саяси әлеуметтану, саяси этика, саяси тарих–саяси ғылымдардың құрамды бөліктері. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим. Ортағасырлық Еуропа, Қайта өрлеу, Ағарту дәуірлерінің саяси ойлары. ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой. Қазақстан саяси ойының тарихы.

Практикалық сабақтар: Салыстырмалы саясаттану. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саяси феномен ретіндегі билік. Оның ұғымы, тұжырымдамасы, құрылымы. Әлеуметтік–этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат. Ұлттық–мемлекеттік құрылымның түрлері. Қазақстан халқы этно саяси қауымдастық ретінде. Қоғамның саяси жүйесі. Д.Истон, Г.Алмонд және К.Дойч теориялары. Мемлекет және азаматтық қоғам, оның пайда болуы мен мәні. Азаматтық қоғам идеясының генезисі. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар, қазақ қоғамын қоғамдық өміріндегі олардың орны, рөлі және түсініктері. Саяси режимдер: түсінігі, түрлері. Қоғамды демократияландыру және саяси тұрғыдан жаңғырту. Демократияның тарихи формалары. Саяси жүйені жаңғырту түсінігі мен мәселелері. Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси сана мен саяси мәдениет. Саяси элита мен саяси көшбасшылық. Саяси технологиялар. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар. ҚР сыртқы саясаты, оның көпжақты сипаты. Қазіргі уақыттағы жаһандық мәселелер. Тәуелсіз Қазақстанның саяси мәселелері.

Жұмыстың нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Студент қәзіргі қоғамдық құрылыспен саяси өмірдің мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың қоғамдағы жетекші қызметін түсініп білу қажет/емтихан.




Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

әлеумет.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Рысбаева С.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ– 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Философия», «Мәдениеттану», «Этика»

Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі

Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді.

Мазмұны

Лекция: Әлеуметтануәлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың ролі. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, өзара әрекет механизмдері, әлеуметтік қауымдастықтың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтанудың әдістемесі. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы. О.Конт - әлеуметтанудың негізін салушы.

Практикалық сабақтар: Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы. XXғ. әлеуметтануы. А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы. В.Паретоның циклдық өзгерістер теориялары. П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон). М.Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы "веберлік ренессанс". Жаңа тарихи өлеуметтану. "Р.Мертон, Н.Смелзер және т.б. еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау. Ресейдегі әлеуметтанулық ойлаудың дамуы. ХІХ-ХХ ғғ. қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары: Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және т.б. қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың институционализациясы

Жұмыстың нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық-саяси сферасында белсенді болуға тырысады /емтихан.




Пәннің аталуы

Экономика теория негіздері

Қысқартылған атауы

ЭТН

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Ауешова К.Ж.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, ағытшын тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық –15,ОСӨЖ – 30, СӨЖ– 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Жоғарғы оқу орындарынын бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін студент әдебиеттерімен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Экономикалық талдаудың қазіргі кездегі әдістерін және экономикалық модельдерді қолдану мен құру дағдыларын меңгеру; практикалық сұрақтарды шешу үшін теориялық әзірлемелерді қолдану бойынша іскерліктерді табу және экономикалық құбылыстарды сипаттаудың функционалдық методологиясын меңгеру.

Мазмұны

Лекция: Қоғам дамуындағы экономикальқ теорияньң орны мен рөлі. Экономикальқ теорияның негізгі мәселелері. Экономикалъқ удерістерді оку әдастері, ерекшешктері. Эконо­микалык даму заңдары мен категориялары және негізгі түсініктемелері. Экономикалық дамуның негізгі моделі экономикалық дамудағы тауарлы - каржылық қатынастар және нарьқ рөлі мен мәні. Постсоциалистік елдердегі нарыктық калыптасу зандары және олардьң кұралу ерекшелисгері, нарыктың негізгі заңдары мен категорияла­ры, жеке ұдайы өндірістік кағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өнддрістік факторлар нарыгыньщ ерекшеліктері, олардың бағасы мен табысы.

Практикалық сабақтар: Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара әрекеті, макроэкономикалық қалыптасу заңдылыктары, экономикалық өсу және оның түрлеріэ экономикалық цикл және әлеуметік-экономикалық цикл мәселелері. Экономикалық; өсуді қамтамасыз етудегі ақша несие және қаржылық саясатыньщң рөлі. Әлеумeтік саясагтың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың белгісіздік жағдайында пайда болған негізгі формалары. Макроэкономиалыө статистика.

Жұмыстың нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Берілген курсы оқу нәтижесінде студенттер экономикалық процесстерді және құбылыстарды сипаттау және болжау үшін, сонымен қатар практикалық ұсыныстарды өңдеу үшін экономикалық модельдер мен әдістерді қолдану бойынша дағдыларды меңгереді. /емтихан.




Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

Лекция, практикалық, СОӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Козыбакова С.А.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Английский, русский

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Философия»

Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі

Студенттер келесідеу түсініктреді меңгереді: қылмыстық заң, қылмыстық заңның қызметі, қылмыс, қылмыс құрамы жазалау, соттау шарттары.

Мазмұны

Лекция: “Құқық негіздері” курсы пәні және оның жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы. Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Құқықтық қатынастар. Заңды мінез-құлық және құқық бұзушылық. Заңдық жауапкершілік. Қазақстан Республикасының негізгі құқық саласы–Конституциялық құқық. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық. Әкімшілік жауапкершілік. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық шарттарының жекелеген түрлері. Мұрагерлік құқық. ҚР отбасы құқығы негіздері.

Практикалық сабақтар: Құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру және оның негіздері. ҚР салық жүйесі. ҚР еңбек құқығы. Еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. ҚР қылмыстық құқық негіздері. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Адам мен азаматтың жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар. ҚР сақтандыру құқығы. Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқық негіздері. ҚР іс жүргізу құқығы. Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері.

Жұмыстың нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Курсты меңгеріп болғаннан кейін студенттер қазіргі қоғамдағы құқықтық орны мен ролі, отандық құқықтың салаларын дамыту тенденцияларын меңгеру/емтихан.



Пәннің аталуы

Педагогика

Қысқартылған атауы

Пед.

Оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Ибрагим Қ.Ә.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Психология», «Философия», «Тарих», «Мәдениеттану»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалiмдердi бүгiнгi педагогика ғылымның теориялық-әдiснамалық бiлiмдерiнiң негiздерiмен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процестi тиiмдi ұйымдастыра бiлу икемдiгiн қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Тұтас педагогикалық процесс педагогика пәні және мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық процестің заңдылықтары. Тәрбиенің мақсаты-әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Сыныптың тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ. Оқыту әдістеріне сипаттама. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің қазіргі тәсілдері. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу. Білім беру технологиялары. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық -әдістемелік басқару. Мектептің оқу-тәрбие процесін диагностикалау-басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау. Мектеп жұмысын жоспарлау. Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс.

Практикалық сабақтар: Қазіргі заманғы педагогика және оның практикамен өзара байланысы. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастырудың арақатынасы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық жағдайы (таным теориясы, іс-әрекет теориясы, жеке тұлға теориясы, қарым-қатынас теориясы т.б.). Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерінің педагогикалық процестің сапасына әсері. Педагогикалық процестегі жүйе түзуші фактор мақсат ретінде. Қазіргі оқушының дүниеге көзқарасының ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі тәрбиенің патриоттық және азаматтық жүйесі. Мектептегі тұтас педагогикалық процесс жағдайында тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Қазіргі оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері: құрал, форма, әдістер. Балалар ұжымы тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінді. Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқып үйренудің әдістері. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

«Педагогика» курсын оқып үйрену нәтижесiнде студенттерде педагогикалық дағды мен тұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру және басқару жүйесi қалыптасуы қажет. Емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет