Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру



бет20/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру. Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы
киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап, оғанарқасын қаратып айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысада. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесін өзінің оң қолтығына қарай тартып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.

Қолын иыққа салып лақтыру.

Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Қарсыласының оң қолын білегінен ұстап, оған арқасын қаратып айналып, оның қолын иыққа салып, еңкейіп, жамбасымен қағып, жауырынымен түсіреді.


Тактикалық даярлық: қарсыласы шабуылдаушыны қолтығынан және жағасынан ұстап алды дейік. Оң қолын қарсыласының сол қолының үстімен жүргізе отырып оның қолынан босанып, солға бұрылып, оның қолын қарсыласының аттас иығының астынан жіберіп, лақтыру керек. Шабуылдаушы қарсыласын алдыңғы жағынан белбеуінен ұстағысы келеді, ал ол қорғанамын деп лақтыруға жағдай туғызады.
Қорғану: отыра беріп денесін шалқайтып және бос қолын шабуылдаушының кеудесіне немесе беліне тіреу керек.
Қарсы амалдар:денесі менқолынан ұстап шалқайып лақтыру
Комбинациялар: арттан шалу – қолдарын білекке салып арқадан асырып лақтыру.
28



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет