Алдынан қағып лақтыру.
Қарсыласы шабуылдап, адымдаған кезде орташа қашықтықтан орындаған ыңғайлы. Қарсыластың бір жағына қарай аттап, тізені аздап бүгіп , өкшені сыртқа қарата қойып , салмақ түсіріп, қарсыласын өзіне қарсы жаққа – жоғары қарай тартып , аяғының табанымен оның аяғын алдынан қағып , ілгері қоюға мүмкіндік бермеу; ол аяғын кілемге қоя бергенде жіліншіктің жіңішке жерінен қағу керек. Бұл тәсілді орындағанда жеңдерінен ,
жеңі мен иығы тұсынан , жеңі мен қолтығынан ұстауға , сондай - ақ тізеден қағып, құлап орындауға болады.
Тактикалық даярлық: қажетті бағытта қарсыласатын болуы үшін қағатын аяқтан қарсы бағытта бір қырына жұлқу; алға қозғалатын кедергі келтіру үшін итеру; қағатын аяғы жағына тайдыра жұлқу.
Қателер: ұлтанмен қақпай , табанның ішкі жағымен қағады. Себебі бір қарай жеткілікті адымдамайды және табаның бұрмайды. Аяғын ерте қағады. Себебі қарсыласының салмағын қағылатын ая,ы кешіктіріп түсіреді; қолдарымен айналдыра жұлқымайды , екі қолы да бір бағытта қимылдайды.
Қорғану: аяғын бүгіп шабуылдаушының аяғынан аттап кету. Аяғын бүгіп, еңкейіп шабуылдаушының аяғынан аттап кету. Аяғын бүгіп , еңкейіп , шабуылдаушыны итеріп жіберу.
Қарсы амал: арттан шалу.
Комбинациялар: қырынан қағу – алдынан қағу.
Іліп лақтыру. Қазақша күресте бұл тәсіл өкшемен, аяқтың басымен жіліншікпен , жең мен жағадан, жең мен белбеудің артқы жағынан, жеңнен қос қолдап, жағадан ұстап орындалады. Қарсыластың еңкейген, аяқтарын алшақ қойған, тізелерін бүккен
сәттері қолайлы болады. Шабуылдауға орташа қашықтық жақсы. Бұл үшін ұстап, өзіне қарай жұлқып, аяғын оның екі аяғының ортасына апарып, әр аттас тізесінің астымен әліп алып, қолмен ілінген аяғына қарай алға – төмен айналдыра итеріп, ілінген аяғын өзіне қарай алға – төмен айналдыра итеріп, ілінген аяғын өзіне қарай тартып қалып, жауырынымен түсіру керек.
Тактикалық даярлық: қос қолдап өзіне қарай жұлқып, айналдырып барып жығу.
Қателер: тірейтін аяғының табанының сыртқа қарай бұрады; тірейтін аяғына қарай итереді; лақтырарда қарсыласының аяғын мықтап ілмейді; санымен сыртқа қарай итеріп жіліншігімен өзіне қарата тартып , санымен артқа итеру керек.
Қорғану: ілетін аяқ жағынан белбеуінен ұстап , аяғын артқа қойып , тізелерін қосу; санымен қарсыласының шабуылдаған аяғын ішке қарай итеріп , бұрылу шалқайып , шабуылдаған аяқтан аттап өтіп , аяғын кейін қою.
Қарсы амалдар: іштен ілу, сырттан аяқпен көтеру, сырттан ілу , аттас аяғымен ілу; іштен көтеріп, жұлқып тепе – теңдігінен тай-дыру.
Комбинациялар: қырынан қағу – табан-мен ілу; іштен ілу – аттас аяғын іштен ілу.
Достарыңызбен бөлісу: |