Сырттан іліп лақтыру.
Палуандар оң жақтарымен тұрғанда шабуылдаушы белбеудің артқы жағынан алып , өзіне қарай тартып оң аяғымен оның сол аяғын сыртынан іліп , кеудесімен денесінен басып , жауырынымен түсіреді.
Тактикалық даярлық: қарсыласын жағасынан алып төмен қарай қатты тарту. Сонда ол белін жаза бастайды, осы кезде ұстап лақтыру керек. Қарсыласы арқасынан асырып лақтырмақ болғанда , одан гөрі шапшаңырақ қимылдап , сырттан іліп лақтырады.
Қателер: қысып ұстамайды; қарсыласының бұрылып кетуіне мүмкіндік береді; іліп алған аяғына қарсыласы жеткілікті салмақ салмайды.
Қорғану: аяғын артқа қою , қарсыласының шабуылдайтын аяғы жағынан оның белбеуіне қолын тіреу.
Қарсы амалдар: іштен ілу , іштен қағу , іштен көтеру , аттап
өту.
Достарыңызбен бөлісу: |