Бақылау сұрақтары:
-
Ерте ортағасырлық қалалардың пайда болуының алғышарттары.
-
Қолөнер мен сауданың орталығы ретінде қалалардың нығаюы.
-
Қалалардың феодал мырзаларымен күресі және өзін -өзі басқаруға қол жеткізген қалалар.
-
Қалалардағы шеберлер мен шәкірттердің арасындағы күресі.
7-лекция
Тақырыбы: Крест жорыќтары.
Жоспары:
1. Крест жорыќтарының алғышарттары мен сипаты.
2. I –крест жорығы.
3. Шығыстағы христиан мемлекеттері.
4. II-III-крест жорыќтары.
5. Крест жорыќтарының нәтижелері.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.
2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.
3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство
в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: Крест жорыќтары батыс еуропалыќ рыцарлыќ пен Шығыс Жерорта теңізі елдерінің арасында феодалдыќ басќыншылыќ соғыстары болып табылатын. Крест жорықтарының елге тигізген әсері бұқара халық тарапынан қолдау таппағанның нәтижесі еді.
Лекция мәтіні.
1. 1096-1270 жылдар арасында, екі ғасырға жуыќ уаќыт бойы соғысты. «Крест» жорыќтары деп аталу себептері бұл католик шіркеуінің ұйымдастырылуы еді. Бұл шіркеу жорыќтарының діни соғыстың сипаты болатын, яғни христиандыќтың мұсылмандыќќа ќарсы күресінің сипаты болатын. Шығыс Еуропаға ќарсы күресті Батыс Еуропалыќтар жер иеліктерін молайту маќсатта феодалдар тарапынан шығыстағы бай иеліктерді иемдену маќсатта болатын.
XIғ.ғ.түрік-салжұќтары Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы жерлерді басып алуына байланысты халыќаралыќ жадай шиеленісе түсті. 1055 ж.ж. түріктер Бағдадты басып алды, 1071 ж.ж. Манцикерт(Армения) маңындағы соғыста Византия әскерлерін ойсырата жеңді, сол сияќты Орта Азияны, Сирия мен Палестинаны жаулап алды. Басќа да Египетке тиесілі жерлерді, христиандардың киелі ќаласы Иерусалимді де басып алды. Осының өзі Батыстыќтардың Шығысќа ќарсы жорыќќа біріге отырып шығуына сылтау болды. Балканның солтүстігіне басып кір ген түріктерді Византия императоры Алексей I Батыс Еуропаның бірнеше князьдерінен көмек сұрауға мәжбүр болды.Ол тіпті папа Урбану II-ге (1088-1099 ж.ж.) елші жіберіп, папа өз беделі арќылы нормандардан, англосакстардан, даниялыќтардан мұсылмандарға ќарсы күресу және жалдамалы отрядтар жасаќтауға көмектеседі деп есептеді. Б9л крест жорыќтарының маќсаттары әртүрлі болды. Жер мен еріксіз жұмысшы күші аќшалай тапшылыќтар ұсаќ рыцарлардың жаңа жерлерді басып алуы, шығыс елдерінің тонауына әкеп соќты. XII ғ.ғ. аяғында крест жорығының маќсаты Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы жерлерді басып алу үшін Азиядағы мұсылман мемлекеттерге және Византияны азат ету жолындағы күресі болды.
1095 ж.ж. папа Урбану II француз ќаласы Клеромонда шіркеу соборларын ашты. Собор аяќталған соң, ол ќалың халыќ арасында салтанатты түрде сөз сөйледі де, онда шығыстың бай жерлерін басып алып, әрбір ерікті жауынгерлерге ерліктері үшін тарќатып беремін деген уәделерде айтылды.Кедей шаруалардың бір күнде байып кетуіне және көптеген сауда ќатынастарда көпестік шаруаларды да өте ќызығушылыќпен болашаќ өмірді жаќсарту туралы, сұрыќсыз езгіден босануға деген үмітін ќоздырды.
1096 ж.ж. бұл уағыздау салдарында Франция мен Германиядан мыңдаған кедей шаруалар жиналды.Крест жорыќшылары ќарапайым ќұралдар балта, балға,ораќ сойыл ќаруланып, азыќ ќорынсыз Константинопольге ќарай ағылып жатты. Кедейленген рыцарлар аш-жалаңаш болғандыќтан олар көптеген венгерлер, болгарлар, гректертердің жерлеріне басып кіріп тонаушылыќ пен өлтіргенін өлтіріп, өлмегендерін зорлап ќорлады да, Рейн жағалауындағы ќалаларды тонаушы рыцарлар еврейлерді ќырып-жойды.1096 ж.ж. жазында бұл шаруалардан ќұралған рыцарларды түріктер бір күнде ќырып тастады.
2.1096 ж.ж. жаз айларында рыцарлыќ жаќсы ќаруланған, азыќ -түлік жететіндей жорыќшылар жолға шыќты. Лотарингия феодалдары жорыќќа басќалардан бұрын шыќты. Оларды басќарған герцог Готфрид Бульонский басќарды.Оңтүстік нормандыќ әскерлерді жорыќќа алып жығып, он басќарған князь Боэмунд Тарентский болды. Франциядағы жасаќты граф Раймонд Тулузький басшылыќ етті. Солтүстік және орта Францияны рыцарьларын герцог Роберт Нормандський мен граф Стефан және граф Робрет II Фландорский басќарды.
1096 ж.ж. аяғы мен 1097 ж.ж.басында крест жорыќшылары Константинопольге жетті.Онда император Алексей I крест сеньорлар мен рыцорлардың алдында ант ішіп,түріктердің басып алған византиялыќ жерлерді өзім ќайтарып аламын деген уәдесін берді. Крест жорыќшыларының жасаќтарын Алексей I Кіші Азияға жөнелтті.
XI ғ.ғ.Кіші Азияда салжұќ мемлекеті орнығып, олардың басшысы Рум (Иконий) сұлтанаты болатын. Мұсылмандардың арасында ешќандай бірігушілік болмағандыќтан, кресшілер Кіші Азияны басып өтті. 1098 ж.ж. басында рыцарь отрядтар басшыларының бірі Балдуин Фландорский бай ќала Эдессаны (Солтүстік Месопотамияда) басып алды.Осы жерде өз кресшілерімен Эдесса графтығының негіді ќаланды. 1098ж.ж. кресшілердің әскери күші Сирияға келіп келді де, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауындағы жаќсы бекінген ќалаларының бірі-Антиохияны жарты жыл бойы ќоршауға алып, 1098 ж.ж. шілде айларында Антиохия князьдігінің негіді ќаланды.1099 ж.ж.Сириядан Палестинаға өтіп, Иерусалим ќаласын алды.
3.Иерусалимді алғаннан кейін крест жорыќшылары Жерорта теңізінің Шығыс жағалауындағы бөлігіне жорыќќа атанды. Теңіз жағалауындағы елдердің сауда ќатынастары арќылы көптеген олжаға кенелетінін есепке ала отырып, порттыќ ќалаларды басып алды. Бұлардың ішінде Акра, Триполь, Тир ќалаларын басып алды.Оңтүстік Сирия мен Палестина территориясында Иерусалим корольдігін ќұрды, мемлекет басшысы Готфрид Бульонский болды, ал солтүстігінде Триполи графтығы, Антиохия князьдігі мен Эдесса графтығы ќұрылды. Басып алған жерлерін түгел өздерінің саясатымен тұрғылыќты халыќтарын, яғни шаруалардың бәрін ќұлдар деп езгісінің астына алды.Әр түрлі сауда ќатынасында порттарда көптеген жеңілдіктер берілді.
Бірінші крестшілердің иеліктерін нығайту маќсатында әскери-монахтыќ ордендер марапаттау арќасында түрлі рыцарлыќ ұйымдар ќұрылды. Соның бірі неміс рыцарларын біріктіретін Тевтон ордені пайда болды.Ордендік туысќандарды киген киімдеріне арап ажырататын болды да, олар тамплиерде- ќызыл кресті бар аќ түсті, госпитальлерде- аќ кресті бар ќызыл түсті, тевтон рыцарларында- ќара кресті бар аќ түсті киімді плащтар киген.
4.Екінші крест жорыќтары (1147-1149 ж.ж.).XII ғ.ғ. мұсылман князьдіктердің топтасу салдарынан, кресшілер өзінің иеліктерін жоғалта бастады. 1144 ж.ж.Мосульдің әміршісі олардан Эдессты тартып алды. Соның салдарынан кресшілер жиналып екінші рет ќайта жорыќќа шыќты, оны басќарған француз королі Конрад III болатын. Екінші крест жорыќтары сәтсіздікке ұшырап, көмекке келген неміс рыцарлары Кіші Азия түрік-салжұќтарын ќырып, олар француздар мен немістер біріге отырып Дамаскіні алуға тырысты, одан ешќандай нәтиже шыќпады.Олар Еуропаға абыройсыздыќпен артќа ќайтты.
Үшінші крест жорығы 1189-1192 ж.ж. аралығындағы уаќытты ќамтыды. Шығыста Египеттің, Сирия мен Месопотамия бөліктері бірігіп, жаңа мемлекеттің басында Саладин атағын алған сұлтан Салах-ад-Дин (1171-1193ж.ж.) кеді. 1187 ж.ж. ол Хаттин маңында (Тивериад көлінің жаќын жерінде) кресшілерге ќатты соќќы берді, Иерусалим королінің өзін тұтќынға түсіріп, мұсылмандар теңіз жағалауындағы ќаладарды: Айда, Сайда, Бейрут сияќты көптеген ќалаларды басып алды.
1189 ж.ж. Үшінші крест жорығы деп. аталатын әскери жасаќтары біріктіре отырып, Герман императоры Фридрих I Барбаросс және Франция королі Филипп II Август пен Англия королі Ричард I Львиное Сердце басќарды. Бұл жорыќта сәтсіздікке ұшырады, неміс кресшілері Палестинаға жетпеді, 1190ж.ж Фридрих I Кликийдегі тау өзендерінен өткенткезде суға кетіп өлді, кресшілердің артќа ќайтуына мәжбүр болды. Франция мен Англия крестшілері палестинаға барар Жолдак Сицилияны басып алуға тырысты, Византияның бір бөлігін Кипр аралын жаулап алды.1991 ж.ж. олар Палестинадағы орталыќ Иерусалимді аламыз деген әрекеттер жасап еді, біраќ Англия королімен Саладдин арасындағы келісім бойынша Тиран Яффаға дейін аралыќтар ғана берілді. Үшінші крест жорығы да Шығыс Жерорта теңіздерін алу арман болған батыс еуропалыќтар үшін де көптеген ќайшылыќтармен шиеленістіре түсті.
Төртінші крест жорығы (1202 – 1204 ж.ж.) және Латин империясының ќұрылуы (1204-1261 ж.ж.). XIII ғ.ғ. Батыс Еуропа елдері мен Византия арасында көптеген келіспеушіліктер туғызды, мұны Иннокентий III папның (1198-1216 ж.ж.) шаќыруы бойынша француз феодалдары бастаған еді. Бұпдағы маќсат дүние жүзілік монархия ќұруда, египетті түгел өзіне ќарату болды. Бұл жорыќта крестшілер Константинопольді талќандап, Египетке өту кезінде Венециядан көптеген көмек сұрау арќылы порттарын пайдаланды, сауда ќатынасында Венеция көпестерімен біріге отырып,1202 ж.ж. Далмациядағы Задар ќаласын басып алды.1204 ж.ж. көкек айында жорыќшылар Константинопольді басып алғаннан соң, імператор Иссак II –ні таќќа отырғызып, осы жерде Латын империясының негізін ќалады. Латин империясы онша ұзаќ өмір сүрмеді,1261 жылы Никей императоры Михаил Палеолог Константинопольді басып алып, Византия империясын ќалпына келтірді. Төртінші крест жорығының нәтижесінде Византия байлығымен күш ќуатты мәңгі баќи бүлінген болатын.
Бесінші крест жорығы (1217-1221 ж.ж.) неміс, ағылшын, голланд, венгер крестшілерінің бірігуі арќасында 1219 жылы Египеттегі мыќты бекіністің бірі- Дамиеттаны басып алды. Өзара ішкі тартыс салдарынан және басќаратын басшы болмағандыќтан рыцарлар елді тастап кетуге мәжбүр болды.
1228-1229 жылдары Алтыншы крест жорығы болды. Он Герман императоры Фридрих II басшылығмен ќол астын ағылшын, неміс, француз және итальяндыќ рыцарларын бастап, Сирияға ќарай бет алды. Осы тұста Египетпен Дамаскі арсында соғыстар жүріп жатќанын пайдаланып, Египет сұлтанымен келісімге отырып,Иерусалим және Палестинаның бірнеше ќалаларын імператор ќол астына ќайтарып алды. Алайда 1244 жылы мұсылмандар Иерусалимді тағы да басып алды.
1248-1254 ж.ж. Жетінші крест жорығын Иннокентий IV мен француз королі Людовик IX басшылымен Египетке ќарсы бағытталған болатын. Бұл жорыќта сәтсіздікке ұшырап, байта шегінді.
Людовик IX басшылығмен ќайта 1270 жылы –Сегізінші крест жорығының нәтижесінде, бұл жолы крестшілердің флоты Туниске бет алды, жағаға түскен бетте оларға эпидемия тарады, бұдан Людовик IX өзі ќайтыс болды. Тірі ќалғандары Еуропаға ќайтты.Осының нәтижесінде папаха жаңа крест жорығын шаќыруға табысты болмады. Мұсылмандар Шығыстағы крест иеліктерін бірінен кейін бірін ќайтарып, 1268 жылы Әгипет әскерлері- Антиохияны,1289 жылы Трипольді, 1291 жылы Шығыстың аќырғы тірегі- Акраны ќұлатты.Иерусалим корольдігі өмір сүруін тоќтатты. XIV-XV ғ.ғ. Шығыстағы иеліктерді түгелдерлік мұсылмандар ќол астында болды.
5.Шығыс елдері үшін де крест жорыќтарының зардаптары өте ќиын жағдайды бастан кешіруіне әкеп соќты, ќаза болған адамдар саны есепсіз, ќалалардың бәрін өртеп орны жоќ болып кеткендерде бар, елді ойрандатып ќатты күйзеліске алып келді. Крест жорығы Батыс Еуропалыќтар үшін өздерінің ќоғамдыќ дамуына белгілі ыќпал жасады, себебі оларда крест жорығы басталмай тұрған кезде сауда ќатынасы, ќолөнер және әртүрлі товарлыќ айналым ќатынасының дамуына жадай жасап, феодалдыќ ќоғам бұл елдерде ерте дамыған тұста болатын. Шіркеу басќарған папаның беделі XII ғ.ғ. Еуропа елдер арасындағы крест жорыќтарының жеңістерімен көзге түсті, XIII ғ.ғ. аяғында крест жорыќтарының сәтсіздікпен аяќталуына байланысты католик шіркеуцдегі папаның беделі ќұлдырауына жол ашты.Шығыстағы жорыќтардың әрекетінен батыс Еуропалыќтар шығыстың бай мәдениетін және көрікті тұрмысымен танысу, батыс Еуропалыќ феодалдардың артта ќалған өмір салтын көп жағынан өзгертті. Еуропаның көптеген елдерінде ренталыќ формадан аќша рентасына ауысуына әкеп соќты.
Бақылау сұрақтары:
-
Крест жорықтарының саяси себептері.
-
Крест жорығының салдары.
-
Алғашқы крест жорығы.
-
Бірінші крест жорығында кресшілердің құрған діни ордендері.
8-лекция
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ. Франция.
Жоспары:
1. XI-XII ғ.ғ.саяси бытыраңќылыќ.
2. XIII ғ.ғ. мемлекеттік басќару.
3. Жүзжылдыќ соғыс.
4. XV ғ.ғ.соңындағы Франция.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Барг М.А . ‘’Эпоха и идей’’ Москва 1987г.
2. Шервут Е.А. ‘’Законы лангобардов’’ Москва 1992г.
3. Юбер Метивье “Франция в XVI-XVIII в.в. от Франциска I до Людовика XV” М.2005г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Францияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сонымен бірге елдегі болып жатқан түрлі іштей қозғалыстардың нәтижесінде біртұтас мемлекеттер бірігіп кеткендігі көрсетіліп өткен. Бірақ осы тақырыпқа қорытындылай өте біз көптеген мақсаттарымызға жетеміз.
Лекция мәтіні.
1.XI ғ.ғ. феодализмнің орнауына байланысты Францияда саяси бытырау үстінде болатын. Король өзінің вассалдарына, яғни герцогтар, графтар,жеке меншік иеліктері барондар, рыцарлар мен сеньорлардан тұрды.Францияның саяси бытырауын өз мемлекеттегі солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің әлеуметтік- экономикалыќ және саяси дамушында біріне-бірі бағынбау салдарынан, кәсіпкерлердің шығарған заттары тек мемлекет көлемінде ғана емес, сондай-аќ өзге мемлекеттерге сауда ќатынастарын күшейтуді көздеді. Ќала халыќтарының ешќандай праволары болмады және олардың дүние -мүліктерін феодалдардың иеленіп кетушілік ќаупі үнемі төніп тұрды.Сондыќтан сеньорлармен күресу Солтүстіктің ќалалары үшін ең бірінші дәрежелі мәселе болып табылды. Франция королі VI Людовик ќалардың ішіндегі жанжалды тоќтату маќсатында, Лан ќаласын коммунаны жою маќсатында, рыцарлар мен ќызмет адамдары және епископтарды өлтірді, Ланға коммуналыќ хартияны ќолдаған ќала тұрғындарын тонап жеке басының мүддесі үшін жүрген ќала тұрғындарын азаппен өлтірді.XII ғ.ғ. Францияда орталыќќа бағынған мемлекеттер ќұрылды.Франция королі VI Людовик тұсында (1108-1137 ж.ж.) өзінің ќарамағындағы Сугерий корольдіктермен жеке жер иеленуші феодалдарды жер үшін ќарсылыќќа шыќќандарды түгел ќырып, өзінің ќол астындағы жер иеленуші феодалдар мен жекелеген герцог, княздыќтарды үнін шығармай, ќарсыласќандарды түгел жер иеліктермен ќырып, олардың замоктарын жермен жексен етті. VII Людовик тұсындағы (1137-1180 ж.ж.) саяси жағдайлар жеке меншік жерлердің көлемі өсті.Осы тұста француз корольдерінің Францияда өте күшті баќталастыќтар пайда болды. 1154 жылы француз феодалдарының бірі граф Анжуйский Генрих Плантагенет, II Генрих деген ат пен Англия королі болды.Оның Франциядағы иеліктері; Анжу, Мэн, Турень, Нормандия, Пуато, Аквитания француз корольдеріне тиесілі жерлерді тартып алуды көздеді.Осы тұста II Филипп Аугустың (1180-1223 ж.ж.) Франция король тағында отырған тұста, Капетингтер мен Плантагенеттер арасында өзара күрес жүріп жатты.Француз королі ағылшындарға тек Пуатоның бір бөлігімен Аквитания герцогтарын берді.Франция корольдігі иелік еткен жерлерін ќол астындағы вассалдарына бөліп берді және өзінің әскери жасаќтарын жинай білді.
2.XIIIғ.ғ. билік басында король IX Людовик таќќа отырған кезде, король өкіметі бірќатар күшейді және түрлі реформаларды шығарды, соның ішінде сот реформасы ќарќынмен шешілді.
ХI-XIII ғасырларда елдің солтүстігіндегі француз деревниясындағы үш танапты егіс жүйесі мен дәнді даќылдардың ең жаќсы сорттары (олардың ішнен бидай бірінші орында болды), жаќсартылған соќа өте кең тарады. Ауыл шаруашылығының жұмыстарын атќаратын күш көлігінің өгіздің орннына енді атты пайдаланудың нәтижесінде жер жыртудың және басќада ауыл шаруашылыќ жұмыстарды орындаудың мерзімдері ќысќартылды. ХII ғасырда тың жатќан жерлер мне ормандарды егістікке арнап тазартып, әзірлеу жұмыстары да басталды. Еңбек өнімділігі көбінесе шаруалар шаруашылығында өсті.Барщиналыќ өтеуден гөрі, шаруа өз үлесінде жұмысты бар ынтасын сала жаќсы істеді. Оның еңбегі анағұрлым өнімдірек те болды және астыќ пен овощтардан да молыраќ өнім берді. Сондыќтан сеньорларға феодалдыќ рентаны еріксіз борщиналдыќ еңбек түрінде емес, шаруалардығ өз учаскілерінен жинап алған өнімдерін төлету әлдеќайда пайдалыраќ болды. Олар бірте- бірте өздерінің бұрынғы барщиналдыќ еңбек пен өңделіп,жыртылған жерлерін жойып,енді оларды шаруаларға мұрагерлік жолымен ұстап пайдалану үшін үлестіріп бере бастады. Осының негізінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда барщиналыќ өнім рентасына көшу пайда болды.
ХІ-ХІІ ғ.ғ. саяси бытыраңќылыќ Феодализмнің негізінен орнауына байланысты Францияда орын алған феодалдыќ бытыраңќылыќ елдің әртүрлі бөлімдерінде кейбір ерекшеліктерге ие болды. Феодалдыќ өндірістік ќатынастардың мейлішше толыќ дамып, крепостной шаруалардың саны басым болған солтүстікте бытыраңќылыќ өзінің аяќталуына жетті де,ал феодалдыќ монархия өзінің барынша күрделілік ерекшелігін көрсетті.Кароль тек өзінің тікелей вассалдарына: герцогтар мен графтарға, сондай-аќ өзінің жеке меншігіндегі жерде (төменде) тұратын барондар мен рыцарьларына ғана сеньор болды. Феодалдыќ праваның; “Менің вассалымның вассалы менің вассалым” емес деген нормасы әрекет жасауда болды. Францияның феодалдыќ бытыраңќылығының барған сайын ұлғайып, тереңдей түсуіне елдің солтүстігі мен оңтүстік бөліктеріндегі әлеуметтік экономикалыќ және саяси дамушылыќтың осы елеулі айырмашылыќтары,сондай-аќ оның территориясында екі халыќтың-солтүстік француз халќы мен провинсаль халќынығ барлығы да үлкен себеп болды.
3.XIV ғ.ғ. 30-жылдарында Францияны Англиямен жүргізілген жүзжылдыќ соғыс (1137-1453 ж.ж.) бөліп жіберді. Бұл соғыстың тигізген аќырғы зардабы өндіргіш күштерін жаппай жойып, халыќтың санын азайтып, өндіріспен сауда-саттыќтың көлемін мейлінше ќысќартуға әкеліп соќтырды. Француз халќы аур баќытсыздыќ жағдайға душар болды. Ағылшындар Франция территориясын ќоршауға алып, жазыќсыз халыќты мейрімсіз ќырып - жойып тонап күйзелтті. Франция мен Англияның арасында бұрын XII-XIII ғ.ғ. болван соғыстар (Капетингтер мен Плантагенеттердің күресі) жүзжылдыќ соғыста Францияның ағылшын корольдерінің ќол астындағы оңтүстік-батыстыќ жерл ері үшін жүргізілген күрес болды. Француз корольдері Фландрияның дәулеті мол ќалаларын өзіне бағындырғысы келді, Фландрияның ќалалары Англияның көмегіне сүйенді, өзінің тәуелсіздігін саќтап ќалуға тырысты. 50- жылдарда соғыс әрекеттері Нормандиямен ќатар Аквитания территориясында болды.
Жүзжылдыќ соғыстың басталып кетуіне шешесі жағынан IV Филипптің немересі, ағылшын королі III Эдуардтың династиялыќ талаптары тікелей сылтау болып табылды. IV Филипптің ең кенже баласт 1328 жылы дүние салды; осыған байланысты III Эдуард француз тағына отыруға өзінің правосы бар екенін мәлімдеді. Францияның королі Капетингтердің жаќын тармағының аға өкілі IV Филипп Валуа (1328-1350ж.ж.) сайланып ќойды. III Эдуард өзінің праволарын ќару-жараќтың күшімен шешуге бел байлады. Соғыс 1337 жылы ағылшындар үшін уаќтылы басталды. Англияны басып кіруге арналған армиясының, француздардікіне ќарағанда, бірќатар арттыќшылыќтары болды.
Ағылшындар теңізде (1340 жылы Фландриядағы Слейса түбінде) және ќұрлыќта (1346 жылы Пикардияның солтүстігінде, Калеге жаќын, Кресидің түбінде) жеңіп шыќты.
Бұл оларға 1347 жылы аса маңыздытіректі пункт және Англиядан әкелінетін жүнді ќоятын склад орны Калені алуға мүмкіндік берді. Сонымен, олар өздерінің Фландриядағы позицияларын тек ќана нығайтып алды. Ағылшындар рыцарьларының ќолдауымен, өздерінің керемет атќыштарының шебер әдістерінің арќасында жеңіп шыќты. Француздар аур жеңіліске ұшырады. Рыцарьлардың ең іске татырлары ќырылды, тұтќынға түсті, король Иоанн Добрыйдың (1350-1364) өзі де тұтќындалды. Францияның басына тым ауыр күн туды: ќазынасы мүлдем ќаңырап ќалды; армия шын мәнісінде жойылды. Соғысты бұдан былай созып, тұтќындарды, соның ішінде корольдің өзін аќша төлеп босатып алуға орасан зор ќаражат керек болды.
4.1415 жылы ағылшындардың Францияға жаңадан басып Кіру басталды. Ағылшын королі V Генрих өзінің әскерімен Сена өзенінің сағасына келіп түсіп, Пикардия арќылы Калеге ќарай бет алды. Азенкура (Каленің оңтүстігіне таман) түбінде болван ќырғын соғыста арманьяктардың рыцарьлыќ армиясы (герцог Бургундський ағылшындармен бірлесіп әрекет жасауға ыңғайланды) талќандалынды; көптеген француз феодалдары тұтќынға алынды немесе өлтірілді; герцог Орлеанскийдің өзі де тұтќынға түсті. Содан соң ағылшындар Нормандия мен Мэнді басып алды. Тағы да 1356 жылдағы сияќты, Франция армиясыз, соғысќа керек ќаражатсыз ќалды. XIV ғасырдағыға ќарағанда жадай мүлдем нашарлап кетті, өйткені өз ара баќталастыќ елді ќатты күйзелтіп ќана ќоймай, сонымен ќатар оның территориясының бөлшектенуіне де әкеліп жеткізді. Герцог Бургундський тек өзінің герцогтығында ғана емес, сонымен ќатар Францияның бүкіл шығысындағы және солтүстік (Пикардия) жерлерінің дер лік тәуелсіз ќожасы болды. Өзінің соғыс табыстарының нітижесінде ағылшындар Францияны бітімнің ең аур шарттарын ќабылдауға мәжбүр етті (1420 жылғы Труа договоры). Осы договор бойынша Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз корольдігінің бір бөлігі ғана болып ќалды. VI Карлдің әлі тірі кезінде-аќ V Генрих Францияны би леп тұрды, ал содан кейін таќ ағылшын королінің және француз принцессасының (VI Карлдің ќызының) баластна – VI Генрихќа көшуге тиісті болды. Дофин Карл (VI Карлдің баласы) мирасќорлыќтан тайдырылды. Біраќ та 1422 жылы V Генрих ќыршынынан ќиылды; бірнеше айдан соң VI Карл да дүние салды. Труа договорының шарттарына ќарамастан, дофин Карл өзін VII Карл деген ат пен (1422-1461) Францияның корлімін деп. жариялады. Ағылшындар мен герцог Бургундський Англия мен Францияның королі деп. он айлыќ VI Генрихты таныды және ол үшін елді оның не мере ағасы – герцог Бедфорд биледі. Партизандар соғысы француз халќының территориясында ағылшындардың басып кірген (1415 жылы) кезінен басталды және 1422 жылы V Генрих өлгеннен кейін, Бедфордтың Англиядан көмек алудан үмітін үзіп, оккупацияланған аймаќтарды ешбір аяусыз тонай бастады. Партизандар соғысы салдарынан Францияның тағдыры үшін осындай бір өте ќатерлі ќауіп төнген уаќытта, кәдімгі ќарапайым шаруаның ќызы Жанна д,Арк, шетел басќыншыларына ќарсы халыќтың күресін ұйымдастырып басќарып, соғыста шашуші өзгеріс жасады. Жанна д,Арк 1412 жылы Францияның Домреми деген селосында туылды. 1428 жылы соғыс осы шеткі аймаќќа да келіп жетті.Бұл жағдай барлыќ француз халыќтары сияќты, сүйікті отанының басына түскен баќытсыздыќ Жаннаның да ет-бауырын елжіретті. Франциядан ағылшындарды ќуып шығу үшін, VII Карлға барып айтып, армияны басќаруы туралы сенімінен шығарды. Әскери жасаќ ќару-жараќпен ќамтамассыз етіп, сегіз ай ішінде Орлеанды ағылшындардан азат етті. Парижді басып аламын деген шайќаста сәтсіздікпен аяќталады. 1430 жылы майда Компьен түбіндегі болған ұрыста Жанна тұтќынға алынады және герцог Бургундский тұтќын ќызды ағылшынға 10 мың алтынға сатады. 1430 жылы аяғында ағылшын иеліктерінің орталығы Руанға әкеліп, 1431 жылы 30 майда Жаннаның өлім жазасын кесіп, он отќа жағып өлтіреді. VII Карл он ќұтќарып алу үшін ешбір шара ќолданбады. Француз халќының өз отаны тәуелсіздігі үшін сансыз ќұрбандыќтарға түскен соғыс әрекеттері 1453 жылы аяќталды. XV ғасырдың 40-жылдарында кароль XI Людовик таќќа отырған кезде (1461-1483) 22 жыл ішіндегі өз билігінде елді алым-салыќтарды көбейтуінен, елді күйзеліске ұшыратты.
Бақылау сұрақтары:
-
Францияның XI-XV ғасырлардағы экономикалық даму ерекшеліктері.
-
Францияның саяси бірігуі, оның маңызы.
-
Франция шаруалардың коммуналар құру үшін қозғалысы.
-
Жүзжылдық соғыстың басталуы, барысы нәтежесі.
-
Жанна Дарк француздың патриот қызы.
9-лекция
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ. Англия.
Жоспары:
1. Норман жаулап алуы.
2. “Ќорќынышты сот” кітабы.
3. XI ғ. соңы – XII ғ. Англияның саяси әлеуметтік дамуы.
4. XIII ғ. ғ. Англия.
Достарыңызбен бөлісу: |