Бақылау сұрақтары:
-
Ұлы географиялық ашылулардың басты себептері.
-
Колумбтың 1492 жылы экспедициясы және Американың ашылуы.
-
1497 жылы Васко да Гаманың Үндістанды ашуының маңызы.
-
Ұлы географиялық ашулардың дүниежүзілік саудадағы бағаларға әсері Бағалар революция.
№ 16 Лекция
Тақырыбы: Реформация және Ұлы реформация.
Жоспары:
1. XVI ғ. Бас кезіндегі Германиядағы экономикалыќ ќұрылыс дамуының ерекше жағдайлары.
2. Неміс реформациясы. Мартин Лютер.
3. Реформацияның халыќтыќ бағыты. Т.Мюнцер.
4. Ұлы шаруалар соғысы.
Лекция мақсаты: Реформація және Ұлы реформація, ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі Германияның экономикалық құрылыс дамуының ерекше жағдайларын студент өз білімін жеткізу мақсатында түрлі орта ғасыр тарихи жөніндегі кітаптарды оқу арқылы өз білімін жеткізе алады. Шіркеу мен дін иелерінің ќазіргі таңдағы жағдайлары төңкерісте болды. Шіркеудегі алтарлармен икондардан және шыраќдандардан тазарта бастады. Католик ибаттарды орындау иконға табынушылыќ деп жарияланды.
Лекция мәтіні.
1.XVI ғ.ғ. Германияда Саксония, Тирол ќалаларында кен өндірумен айналысты, осы 10 жылдыќ ішінде 100 мың астам адам жұмыс істеді. Германия күміс өндіру жағынан Еуропаның барлыќ елдерінде асып түсті. Ф. Энгельстің пікірінше алтын мен күміс өндіру “Германияны 1470-1530 ж.ж. ішінде экономика жағынан Еуропаның Алдана шығарған, оны Реформация деп аталынып діни тұрғыдан болған бірінші буржуазиялыќ революцияның орталығына айналдырған ең соңғы түрткі” болып шыќты.
Халыќаралыќ сауда мен кредиттің операциялардан орасан зор ќазына тапчан. Оңтүстік неміс фирмалары өздерінің капиталдарын тек Германияның ғана емес, сонымен ќатар Австрия, Чехия, Венгрия, Испанияның тау-кен өнеркәсібімен ќатар өнеркәсіптің басќа салаларына да жұмсады. Ал Вельзерлер фирмасы Аамерикадағы мыс пен күміс ќазатын кендерге ие болды. Сонымен ќатар Вельзерлер оңтүстік Америкадағы ќұл саудасына да ќатысып, байланыстарымен капиталдары онда өздерінің жеке отаршылдыќ саясатын жүргізу үшін пайдаланды. Фуггерлер және оңтүстік Германияларының басќа ірі компаниялары өсімќорлардың, саудагер- монополистердің және өнеркәсіпшілердің ќызметтерін белгілі бір дәрежеде ұштастырып, осы функциялардың барлығын бір-бірімен астастырып отырды.
2.XVI ғ.ғ. Орталыќ және Батыс Еуропада күрделі және сан алуан тармаќты жүйесі бар халыќаралыќ ыќпалды күшге айналған католиктік шіркеудің материалдыќ және саяси талаптары төтенше өсіп кетті. Бұл талаптардың ќойылуына католиктік шіркеудің орта ғасырларда бүкіл феодалдыќ ќұрылыстың идеологиялыќ тірегіне айналуы негіз болды.
Шіркеу мен дін иелерінің ќазіргі таңдағы жағдайлары төңкерісте болды. Шіркеудегі алтарлармен икондардан және шыраќдандардан тазарта бастады. Католик ибаттарды орындау иконға табынушылыќ деп жарияланды. Дін ќызметкерлерінің жер иеленуін және олардың артыќшылыќ жағдайларын жоюды талап етті. Неміс реформациясы Мартин Лютерді абстракты барынша дүниедегі өмір сүру саласын және княздыќ деспотизмге ќарсы, діни ќауымдарды тазартумен республикалыќ ќұрылыспен саяси автономияны орнатуды талап етті.
3.Реформацияның мәнін халыќтыќ революция тұрғысынан ұғынушы адам- Томас Мюнцер болды. Мюнцердің өмір баяны белгісіз. Ол тарихи аренаға Реформацияның алғашќы жылдарында Лютердің жаќтаушылардың бірі ретінде шыќты. 1520 жылы Лютердің ұсынысы мен Саксония ќаласы Цвиккауға уағыздаушы болып келген. Мюнцер лютерандыќтармен бірлесіп францисканшілерге ќарсы жүргізілген күресте өз ќайсарлығын көрсетіп, батыл әдістер ќолданып ќана ќоймай, көмекші шеберлер мен халыќтың ең кедей топтарын өз жағына тарта отырып, Реформация ұғымына жаңа революциялыќ мазмұн беруі арќылы мүлдем басќаша таптыќ позиция ұстайтындығын көрсетті. Мюнцердің ұғымынша, Реформацияның басты міндеттері- шіркеудің жаңа догмаларын немесе діншілдіктің жаңа бір формасын орнату емес, ќайта шаруалар мен ќала кедейлері бұќарасын, әлеуметтік саяси төңкерісін жариялау болды. Мюнцердің “ќұдай сөзі” туралы ұғымының өзі де лютерлік ұғымнан түбірімен өзгеше. Ол тек жансыз әріптер мен жаттанды деп., ќұдай жоќ ол тек адам ойынан шыќќан ќағида деп ұғындырды. Мюнцер ілімін маңызы - оның халыќты езгіден революциялыќ жолымен азат ету және олардың күнделікті ќажеттерін өтеуді ең бірінші кезекке ќоюы болып табылады.
4.Ұлы шаруалар соғысының басталу себептері әртүрлі идеалистердің шаруалар арасындағы сан мыңдаған ғасыр бойы езгіге шыдап келе жатќан, бұл шаруалар арасындағы ревалюцияны Мюнцер ұйымдастырылып өз орталығын Тюрингиядағы Фрамкенхаузенге лагерьлер ќұрып, шаруалар отрядын жинап өзінің жоспары бойынша, орта Германияға келіп жеткенше әскери жасаќты мыќтылау керек болды. Германиядағы шіркеу бастыларымен ірі княздар біріге отырып бұл шаруалар көтерілісін тоќтату маќсатында аз ғана уаќыт ішінде өз әскерлерін жинайды. 1525 жылы 15 мамырда граф Филиптің басшылығымен Фрамкенхаузенге лагерьлерге шапќыншылыќ жасап, Мюнцерді ќолға түсіріп, азаптап өлтірді, тірі ќалған серіктестерінде ќырып жойып, Ұлы шаруалар Тюрингиядағы ќозғалысты су сепкендей басып тастады.
1526 жылы бас кезінде Тироль шарулар көтерілісі ќайтадан жаңғырып, оны басќарған революционер және ойшыл Михаил Гайсмайер бастады. Бұл шаруалар көтерілісі де Тирольде терең демократиялыќ негізге сүйенген халыќтыќ республика орнату үшін күрес болатын. Михаил Гайсмайер бұл өзінің бағытын Мюнцердің ұйымдастырылған жоспары бойынша оның ізбасарларының бірі болатын. Бұл Тирольмен Зальцбургтың шаруаларымен кеншілерінің революцияшыл отрядын ќұрды. Бұл Ұлы шаруалар соғысы Германияда швецариялыќпен венециялыќтарды біріктіре отырып, княздармен ірі феодалдар бұл соғысты тоќтата алмайтынына көзі жетіп, Габсбургтерде өзара келісімге келеді. Біраќ бұл келіссөздер жүріп жатќанда Михаил Гайсмайерді жасырын түрде Австрия үкіметінің жасырын түрде жіберген адамның ќолынан ќаза табады. Бұл шаруалар соғысы жеңілумен аяќталып, көтеріліске ќатысќандардың барлығын ќұтырған иттерше жын- шайтанның жолына түскендер деп ќырып тастады.
Бақылау сұрақтары:
-
Германияның қос шамшырағы: Эразм Роттердамский мен Иоганн Рейхлен
-
Анабаптистер мен Аугсбург діни келісімі.
-
Реформатцияның шыңы Ұлы шаруалар соғысы (1524-25 жж)
17-лекция
Тақырыбы: Феодалдыќ реакция және контрреформация.
Жоспары:
1. XVI ғ. бас кезіндегі Швейцария.
2. Ульрих Цвингли реформациясы.
3. Кальвиндік дін ілімі.
4. Тридент соборы.
Лекция мақсаты: Феодалдық реакция және контрреформация орта ғасырлардағы Швейцария Ульрих Цвингли реформациясы және Кальвиндік дін Ілімі сон дай –ақ Тридент соборы елдегі болып жатқан саяси және қоғамдық мәселелер осы елдер ішіндегі түпкі мақсаты болып табылытын болды. Цвинглидің дін иелерін некесіздігін шіркеудегі монахтыќты ќұдайға ќұлшылыќ ету сән салтанатын теріске шығарып догматтармен ќұпиялыќтарды тәртіппен християн дінінің ең басты сиќырлы ќұпиялыќтарын Христос адамзаттың кінәсін және оның азапен өлтірілгені туралы аңыз әңгімелерді шәкіртеріне айтып отырды.
Лекция мәтіні.
XVI ғ.ғ. Швейцария одағының территориясы тағы да үш кантонның – Базель, Шаффгаузен (1501 ж.ж.) және Аппенцелляның(1513 ж.ж.) сондай-аќ Бернанның Савойямен жүргізген күресінің барысында ќосылған кейбір жеке жерлердің есебінен ұлғайды. Одаќќа енді 13 толыќ праволы кантондар еніп, елдің халќы 1500 жылға ќарай шамамен 850 мың адамға жетті. Швейцария одағының саяси ќұрлысы бұрынғысынша - орталыќ үкіметтің тұраќты органдарынсыз және біріккен ќарулы күштерінсіз- конфедерация болып ќала берді. Әр жер өкілдерінің ішінде депутаттар сайланып, елдегі болып жатќан шараларды өздері бірлесе отырып шешті. Бұл жерлердің ешќандай саяси праволары болмады және олар кантондардың билеуші олигархиясының жасайтын озбырлыќтары мен ќанауларының объектілері болып табылды. Швейцарияда ормандыќ кантондарында мал шаруашылығы жоғары болып, соның ішінде сиыр шаруашылығы жүзеге асырды. Сиыр сүті өнімінен жасалатын сырды бүкіл еуропалыќтармен ресейліктердің сұранысы күшті болды. Швейцарияда ќалалыќ кантондарда – Цюрих, Базель, Берна және Женева сияќты ірі ќалалардың ірі алќаптарында егін шаруашылыќпен айналысты. Швейцарияда Берндік Юреде ең ірі темір кендер шахталары болды.
1516 жылы Франция королі І Францискпен жасасќан шарттары бойынша Швейцария халќының еркін бостандыќта шығу жолдарын алыстатып жіберді. Швейцариядада реформацияның пайда болуы шаруалар арасында бостандыќ үшін күрес және дәулетті жер иелерінің ќол астында ауыр езгіден арылуды көздеді.
2.Кантондарда таптыќ шайќастарға соќтығысып халыќ арасында түрлі діни шіркеулік идеология саласын өзгертті. Швейцарияда да Реформация ұғымы түрлі бағытта кең өріс алды. Солардың бірі Ульрих Цвингли (1481-1531ж.ж.) Цюрихтегі реформациялыќ және саяси ќызметі кеңінен тарады. Деревня старостасының баласы ол Вена университетінің бітіргеннен соң, Базельде латын тілінен сабаќ берді және гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атаќ алып, Глаусте священник болып істеді. 1505 жылы полктің священнигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцариялар үшін ќайғылы ќырғын соғысќа ќатысты. Бұл оның әскерге жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген реформациялыќ ќағидаларды өзіне ќатты әсер еткен Лютер шыќќанға дейін, 1516 жылдан бастап айтып жерді. 1518 жылы Цюрихќа ќайтып келген соң, Цвингли католиктік шіркеуден бір жолата ќол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді.
Цвинглидің дін иелерін некесіздігін шіркеудегі монахтыќты ќұдайға ќұлшылыќ ету сән салтанатын теріске шығарып догматтармен ќұпиялыќтарды тәртіппен християн дінінің ең басты сиќырлы ќұпиялыќтарын Христос адамзаттың кінәсін және оның азапен өлтірілгені туралы аңыз әңгімелерді шәкіртеріне айтып отырды. Цвинглидің ілімі шаруалар арасында 1522 жылы дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлыќ беріп, 1523 жылы ќаңтарда Цвингли Лютерге еліктей отырып, өзінің “67 тезисін” жариялап онда өз ілімінің негіздерін баяндады. 1523 жылы Цвинглидің Ілімі бойынша оның ұсынған жоспары жүзеге асырылып, осы жылдар ішінде шіркеулермен монастырьлардың мүліктері алынып, он ќайтадан ќұрумен болды.1524 жылы дін туралы екі рет айтыс өткізіп, онда Цвингли озып шыќты. 1524-1525 жылдары Цюрихте жүргізілген реформация негізінде аяќталды.
3.Кальвиндік дін ілімі католизмге де және халыќтыќ реформацияны радикалдыќ ағымдарында ќарсы бағытталды. Бұлардың ізбасарларын ол ќұдайсыздар және материалистер деп айыптады. Кальвинизмнің ең негізгі догматы – яғни Кальвин ілім деп. адамдардың тағдырын ќұдай тағаланың алдан-ала жазып ќоятын туралы ілім болды. Кельвин тұжырымдама бойынша ќұдай о дүние есігінде кім ќалай, ќашан өлетінін алдан- ала жазып ќояды деді. 1536 жылы Француз реформаторларымен бірге Женеваға Жан Кальвинде келіп, әлуметтік саяси күресте өзінің реформациялыќ ілімімен ќағидаларын түрлі бағыттағы айтыстарда көзге түсіп, бұл ілімін шәкірттері кальвинизмдік ілім деп атап кетті.
1509 жылы Жан Кельвин Солтүстік Францияның Нуайона ќаласында епископтың секретарының семьясында туды. Бурж университетінің заң факультетін бітіріп, гуманистік ағымға ќосылды және сабаќ беру мен ќызметінен тапќан ќаржысымен күн көрді. Протеотантизмге шамамен 1534 жылы көшкен болса керек. Ең радикалды протестанттармен достасты және діни ќуғындаудан бой тасалап әуелі Германияға, содан соң Женеваға келді. Базельде оның алғашќы шығармасы “Хрестиан дініндегі өсиет” атты ең алғашќы еңбегі жарыќ көрді. 1538 жылы Кальвинмен оның көмекшісі Фарельді өкімет басындағы дұшпандары Женевадан ќуып жіберді. 1541 жылы Женеваға ќайта оралып, Кальвиндік ілім бір жолата озып шыќты. Кальвиннің ілімі бойынша байлыќ пен кедей болып өмірге келу жаратушы тәңірдің әмірімен еркінде болды деп тұжырмдады. 1553 жылы Женевада Кальвиннің талап етуі бойынша, ірі испан ғалым-гуманисі Сервет отќа жағылды. Бұл ғалымның тұжырымдамасы бойынша ќұдайдың үшеулік ілімін теріске шығарғаны үшін жазаланды.
4.Еуропа феодализімінде XVI ғ. 40 жылдарында буржуазиялыќ реформациямен шаруалар арсында жасалған кќтерілістерді айта алмаз. Католиктік шіркеудің контрреформация деп аталған бұл саясаты папаның жаңадан ќұрылған Иезуиттер ордені ќызметінен және папаның тридент соборы шешімдерін жүзеге асыру жолындағы шараларының неғұрлым айќын көрінді.
Иезуиттер орденін (“Иисус ќоғамын”) орташа дәулетті испан дворяны Игнатий Лойола (1491-1556 ж.ж.) ќұрды. Ауыр жараќаттанып, әскери ќызметін атќарудан бұл католиктік фанатик және реакционер “Иисусќа ќызмет” етіп, ересьпен күрес жүргізуге бел байлады. Игнатий Лойола әуелі Саламанск университетінде, одан кейін Сорбоннда дін ілімін үйреніп, “Діни машыќтанулар” деген кітап жазып шығарды. Иезуиттер орденін ресми түрде 1540 жылы ќұрылды. Игнатий Лойола бұл ќұрылған орденнің ең бірінші басшысы яғни генералы және Иезуиттер өкіметінің жоғарғы органы болып, өз ќарамағында кеңесші 6 адамнан ќұралған совет болды. Иезуиттер кеңесшілері бүкіл дүние жүзін бірнеше елді ќамтыды және оларды кеңесшілерінің праволар болды. 1869-1870 жылдары дагмат ресми түрде үш ғасыр өткеннен кейін Ватикан соборында иезуиттердің ќысымы ќабылданды. Орта ғасырдың соңғы жылдарында Реформация табысќа жеткен елдерде католицизмді насихаттау әдістері жетілдірді.
Бақылау сұрақтары:
-
Орта ғасырлардың соңы кезеңіндегі Германияның даму ерекшелігі.
-
Реформациядан алдыңғы уақыттардағы шіркеу
-
Германиядағы Реформация .Мартин Лютер
18-лекция
Тақырыбы: Нидерланд буржуазиялыќ революциясы.
Жоспары:
1. XVI ғ. Нидерланды.
2. Революцияның алғышарттары.
3. 1572 ж. көтеріліс және буржуазиялыќ республиканың пайда болуы.
4. XVI ғ. аяғындағы Ќұрама Провинциялар Республикасы.
Лекция мақсаты:Нидерланд буржуазиялық революциясы және оның алғы шарттары, 1572 жылғы көтеріліс және буржуазиялық республиканың пайда болуы басты мақсатымыз болып табылады. Нидерландыда буржуазиялыќ революциясы 1566 жылы 11 тамызда халыќ ќарулы отряды иконға ќарсы көтеріліс ашты. Нидерланды Ќұрама Провинция Республика болып жарияланады.
Лекция мәтіні.
1.XVI ғ. Нидерландының жер иелігі Маас, Рейн және Шельд өзендерінің Солтүстік теңіздің жағалауындағы аймаќ кірді. Бұл жерлерде иелік еткен графтар, герцогтар және сеньорлар иемденді. 1477 жылы Франция мен Швейцария кантондарымен соғысќан герцог Карл Смелый Нанси түбіндегі ұрыста ќаза табуына байланысты, Франциямен жүріп жатќан күресте таќтың иелі мұрагері Мария Бургундская мен Максимилян Габсбурский мен некелесуі салдарынан, Германия императоры болды. Ќол астында Германия, Австрия, Нидерланд мемлекеттерін биледі. 1523 жылы Фрисландияны, 1528 жылы Утрехт пен Оверэйсселді, 1536 жылы Хронинген мен Дрентунды, 1543 жылы Гельдернді ќосып алды. Ќол астындағы мемлекеттерге бірдей түрде 1548 жылы Аугсбургтік бітім заңды түрде бекітті. 1549 жылы Нидерланд 17 провинциялыќ жер иеліктерден тұрды және империяға өзге мемлекеттер сияќты бағынды. Нидерландының саяси күрес екі бағытта болды; бірінші- елді басќару император ќолында оның арнайы ќұралған ірі шонжарлар советі болды. Олар салыќ түрлерін мемлекеттік лауазымдағы советтерді жекелеп бөлді.Екінші жағынан Нидерландыда сословиелік монархия мұраға ќалған жерлерін дауысќа салып, шексіз праволы шешім ќабылдап отырды. Ќалалар мен селоларда арнайы органдар болды.
V Карл тұсында Нидерланды өзге елдерге ќарағанда мемлекет ќазынасына 2 миллион салыќ аќшалай түсіп отырды. V Карл патшалыќ ќұрғанда өз ќазынасын көз тоймаушылыќпен Нидерландыдағы салыќты көбейтіп жіберді.
Соның салдарынан Нидерландының экономикасымен финансын мүлдем әлсіретіп жіберді.
XVI ғ.ғ. 60-жылдарында Нидерландыдағы 3 миллиондай халќы бар, 300-ге жуыќ ќаламен 6500-ден астам деревнясы болды. Голландия провинциясында халыќтың тығыз орналасуы соншалыќты бір шаршы километрге 70 адамнан тұрды. Нидерландының 17 провинцияның барлығы бірдей экономикалыќ дамуда болды. 1517 жылы Ипрде 600 тоќыма станогы жұмыс істесе, 1545 жылы 100-ден асты. 1563 жылы мата өндіру 97 795 тайға жетті.
1525 жылы V Карл өз еркімен таќтан түсті, мұрагері үлкен ұлы ІІ Филиппке Испаниямен ќоса Нидерланды, Италиялыќ иеліктерді берді. ІІ Филипп Франциямен соғыс кезінде Нидерландыны саќтап ќалуға тырысты . 1557 жылы мемлекетті банкроттеп жариялап, көпдеген банкирлер өлшеусіз зиян шекті. ІІ Филипп өзінің саясатында 1559 жылы жаңа епископтарды ќұру туралы Заң шығарады. 1560 жылы Испаниядағы, Нидерландыдағы жүннің шетелдерге шығару салығы жоғарылап кетті.
2.1562-1566 жылдары Нидерландыда ќала кедейлері көбейіп, жұмысшылармен шаруалар арсында көптеген наразылыќтар туды . Үкіметке ќарсы нидерландыќ дворяндардың арасында байќалды . Бұл оппозицияны негізі екі талап бойынша ќол жеткізді. 1565 жылы ќарашада оппозициялыќ дворяндар 500 жуыќ адамды біріктіріп одаќ ќұрды және бір келісімге ќол ќойды.1566 жылы 5 сәуірде бұл одаќтастыќтың басында наместница Маргарита Пармская басќарды. Осы тұстан бастап Нидерландыда революционерлермен бостандыќ үшін күресушілер күшейді. Маргарита Пармская дворяндардың өтінішін королға жеткізіп және еретиктерді ќудалауға уәде берді. 1566 жылы Германиядан арнайы әскери жасаќ алдыртып, олардың жалдамалы аќысын дворяндар төлеп отырды.
Нидерландыда буржуазиялыќ революциясы 1566 жылы 11 тамызда халыќ ќарулы отряды иконға ќарсы көтеріліс ашты. Нидерландыда бұл революцияда 5500 жуыќ шіркеулер талќандады. Көтерілісті тоќтату маќсатында король біржолата шешім ќабылдауға мәжбүр болды. 1567 жылы көктемде иконға ќарсы көтерілісті тоќтату үшін көмекке Мадридте герцог Альбаның басшылығымен жазалау отряды келді. 1567-1571 жылдар арлығында Альбаның үкімі бойынша 8 мыңға жуыќ адамдар өлім жазасына кесілді, оның ішінде аристократиялыќ оппозицияның көсемдері графтар Эгмонт пен Горн, дворяндар , купецтер , кедейлер көпшілігі жазаланды .
3.1567-1571 жылдары Альбаның жасаған ќатаң тәртібі, королева Елизавета Испанияның бөлініп кетеді деген ќауіппен, 1572 жылы 1 сәуірде Рейн бойындағы Брил ќаласын басып алады. Королева бұл жердегі халыќт ың кальвинистерін тоќтату маќсатында Брюссельде “18” мемлекеттік совет пен оның штаттарын ќатаң түрде бекітеді. 1577 жылы күзде Фландрияның астанасы Гент ќаласында реакцияшыл дворяндар басшысы Арсхот және басќа да оның өкілдері көтеріліс ұйымдастырылып, бұл көтерілісті тоќтату үшін реакцияшыл дворян бүлікшілерін тұтќынға алып, ќатаң жазалады. 1578-1579 ж.ж. Аррас және Утрехт униялары корольге ќарсы контреволюцияшыл дворяндардың келісімімен королге ќарсы шығу тоќтатылады.
ІІ Филипп 1581 жылы 26 шілдеде таќтан түсті, 1582 жылы аќпан айында губернатор ретінде француз королінің інісі герцог Анжуиский басќарады.1583 жылы ќаңтар айында герцог өз әскерлерімен Фландриямен Францияны басып алап, халыќты көптеген шығынға ұшыратты.
4.Нидерландыда буржуазиялдыќ революцияның көсемі болып Оранский іс жүзінде елді биледі. Принцтің жүзеге асырамын деген жоспарлары халыќ арасындағы ќарулы күштер өз республикасының тәуелсіздігін сұрады. Принц ќайтыс болған соң оның баласы Мориц Нассауский (1585-1625ж.ж.) ел билеген тұста, өз ќарамағындағы мемлекеттерді ыдыратады. 1588-1609 ж.ж. ќұрама провинциялар республикасы Испанияға ќарсы соғыс жүргізеді. Мориц Нассауский бұл соғысты тікелей өзі басќарып, бұл елде 12 жылға дейінге уаќытша бітімге келіседі. Міне осы тұстан бастап Нидерланды Ќұрама Провинция Республика болып жарияланады.
Бақылау сұрақтары:
-
ХVІ ғасырдың бас кезіндегі Нидерландының әлеуметтік-экономикалық дамуерекшеліктері.
-
Саяси өміріндегі өзгерістер ІІ Филипп
-
Иконға қарсы көтерілістер .Альбаның террорт (1566 ж)
-
ХVІ ғасырдағы Нидерланды мәдениеті
5. XVII ѓ ортасында Нидерланд ќай мемлекеттіњ ќол астына енді.
19-лекция
Тақырыбы: XV-XVII ғ.ғ. Испания мен Португалия.
Жоспары:
1. XVI ғ. Испанияның экономикалыќ дамуы.
2. II-Филипп. Экономикалыќ ќұлдырау.
3. Испан абсолютизмі. II-Филипп сыртќы саясаты.
Лекция мақсаты: ХҮ- ХҮІІ ғасырлардағы Испания мен Португалияның экономикалық дамуы елдегі көптеген Ірі кәсіпорындардың шығынға ұшырап елдегі дағдарысқа әкеп соқтырады. Осы тақырыпты алға қоя отырып біз студенттерге өз білім жетілдіре отырып көптеген ғылыми және тарихи мәліметтерді толығырақ лекция мәтіндерінде қарастырамыз. XVI-XVII ғ.ғ. Испания экономикалыќ ќұлдырауда болды, оған себеп салыќтың көбеюі, елде ауыл шаруашылыќ ќұлдырауынан нанның ќымбаттауынан және шаруалар өз жерларінен ќуылуы, жер сату нарќының өсуімен елдегі аштыќтың белең алуымен басталғаны көрсетілген.
Лекция мәтіні.
1.Реконкиста аяќталғаннан кейін Пиреней түбегіндегі Португалиядан басќа елдер Испания король өкіметінің ќол астына болды. 1516 жылы Фердинант Арагонский ќайтыс болван соң, Испания тағына І Карл отырды. І Карл ќаза болған соң, орнына оның немересі Максимиян І Габсбурский отырады және оған Германия мен Нидерланды иеліктері мұраға ќалды.
XVI ғ.Испанияның саяси жағынан бірігіп, өздерінің экономикасын дамытуда болды. Елдегі ең тығыз орналасќан халќы Кастилия жері болды. Кастилияда дворяндармен шіркеу ќызметкерлерімен және ерікті шаруалар болды. Кастилияның ќұрамында шарулармен ќала тұрғындары христиан дініне көшкен правосыз маврлар ұрпаќтары -морискилер болды. Католония, Валенсия, Наварра, Арагон аймаќтары әлеуметтік саяси ќұрылысы Кастилияға ќарағанда феодалдар шаруалардың дүние мүліктерімен ќоса иемденіп тіпті крепостной шаруаларды оңай өлтіре салатын. Испанияда жалпы зәйтүн ағашы, жүзім, ќант ќызылшасы өсіріледі. Испанияда салыќ төлеу түрі алькабалалыќ салыќ өндірілген өнімнің 10% ,ал ќолөнершілер сатылған тауардың 50% төлейді. Өзге елдерге ќарағанда испандыќ шаруалардың өндірілген астыќтары 2-2,5 есе ќымбат сатылды.Кастилияда мал шаруашылығы жүнмен еті саудаға еніп отырды. Испанияның Солтүстік правинциясы металлургиядан басќа кеме жасаумен балыќ аулауды дамытты. Испанияның монархиясы біршеше дербес корольдіктерден тұрды. Кастилияда өзгеде мемлекеттер сиќты ќаланың өсуі баяу болды.
2.V Карл Испанияда билеген кезде өмірінің соңына дейін жорыќтармен өткізді. 1555 жылы таќты өзінің ұлы ІІ Филиппке (1555-1598ж.ж.) берді. Әкесінен мұра Нидерландымен Испанияны және италияндыќ иеліктерді ќоса би леді.ІІ Филипп білімі шамалы ұсаќ -түйекке араласќыш кең көлемді жерді иелік ќылса да ќанағатсызданбайды, көздеген маќсатына жетпей ќоймайды. Корорльдің түсі суыќ, сөзге сараң өмірінің соңына дейін тыныштыќта өткізеді. Ордасынан шыќпай барлығын ќағаз жүзінде жарлыќтар жеткілікті деп ойлайды. Испания корольдарының Толедомен Вальядолидтегі резендециясын тастап, ІІ Филипп өзінің астанасы Кастилияны ќиратты. Елдегі шіркеу бастыларына ќарсы католиктік реакцияшыл мен инквизицияны тоќтату барысында ќатаң шаралар ќолданылады. ІІ Филипп таќќа отырған күннен бастап, ұлттың дәстүрі мен тілден бас тартуды талап етті және арнайы заң енгізіліп шіркеу бастылары ќұрбандыќќа ұшырап отырды. 1568 жылы морискілер өз халифатымызды саќтап ќаламыз деп ұран тастады. Бұл морискилердің еркектерін аясыз ќырып тастады, әйелдерімен балаларын ќұлдыќќа сатты. 1585 жылы Арагондағы көтерілісте діни және саяси ќудалау арќылы тоќтатылды.
XVI-XVII ғ.ғ. Испания экономикалыќ ќұлдырауда болды, оған себеп салыќтың көбеюі, елде ауыл шаруашылыќ ќұлдырауынан нанның ќымбаттауынан және шаруалар өз жерларінен ќуылуы, жер сату нарќының өсуімен елдегі аштыќ. 1573 жылы Толедо, Куэнка ќалаларында жүн маталарынң өндірілуі ќұлдырап кетті. Кейбір жерлерінде шарулар ауыр еңбектері тек ќарын тойдыруын ғана көздеді. Испания елін король бірнеше рет банкрот деп жариялады.
3.Билік басындағы корольдің өзі испан абсолютизмі орныќтырып, испандыќ ќалалардың өзі ќалаға ұќсамай кетуі , ќаладағы сауда мен өнеркәсіп өте ќұлдырап кеткен. Осы тұста ІІ Филипп өзінің зайыбы ағылшын король ќызы Мария Тюдор мен Англия мен Испания күштерін біріктіріп, католизмдік империя ќұру саясатын жүргізген.1558 жылы Мария ќайтыс ьолған соң, Елизавета үйленген болатын. Елизаветаның ќарамағындағылар ағылшын адмиральдары Америкадан келе жатќан асыл металдар жүктеген испан кемелерін тонап, испандыќ ќалалардағы сауда ќатынастарды тоќтатып тастады. Осы тұста Португалия менг Испания бірігіп испандыќ абсолютизмді орнатып, Англияны мүлдем басып аламыз деген алдына жоспар ќояды. Португалия аќсүйектерімен иезуидтерінің ќолдауына сүйенген ІІ Филипп герцог Альба басќарған үлкен әскерін Португалияға аттандырды, ол Лиссабонды басып алды. 1581 жылы сәуірде Португал кортестері ІІ Филиппті өздерінің королі деп жариялады. Португалия мен бірге Испанияның ќол астына Ост және Вест Үндістандағы португалдыќ отарларда ќарады. Әлденіп алған ІІ Филипп Англияның королі Елизаветаға ќарсы ќастыќ жасаушы, оның орнына таќќа католичка- Шотландия королі Мария Стюартты ұсынушы католиктік топтарды ќолдай бастады. Біраќ 1587 жылы Елизаветаға ќарсы әңгімелесіп, Марияның басы кесілді. Англияның адмиралы Дрейктің басшылығымен Кадиске жіберілген эскадрасы портќа баса көктеп кіріп испан кемелерін талќандады.(1587 ж.ж.) Бұл уаќиға Испания мен Англияның арасындағы ашыќ күрестің басталуына себепші болды.Испания Англияны жаулап алу үшін орасан зор эскадра жабдыќтауға Крісті. Испан эскадрасы “жеңімпаз Армада” деп аталды. 1588 жылы маусымда бұл эскадра кемесі суға ағып кету апатымен аяќталады.
ІІ Филипптен соң, оның мұрагері баласы ІІІ Филипп таќќа отырады. 1618 жылы Отызжылдыќ соғыс басталады. IV Филипп таќќа отырады(1621-1665 ж.ж.), Испанияның саясатын жүргізеді. 1581 жылы Португалияның бөлінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |