Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет7/11
Дата23.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#7880
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні.

Скандинавия елдерінде- Дания, Швеция,Норвегияда рулыќ ќатынастар X-XI ғ.ғ. және XII-XIII ғ.ғ. дейін аралыќты алғашќы феодалдыќ кезең ќалыптасты.

Алғашќы скандинавиялыќ елдерде саяси бірігулер ќатынасында Данияда X ғ.ғ. екінші жартысында Харальд Синезубый (950-986 ж.ж. шамасында) король болып, өзі билеген тұста славяндар мен прустармен соғыста табысќа жетті. Конунг Харальд тұсында Норвегияның рулыќ ќауымдарын өзіне бағындыруға христиандыќ дінін ќолға алумен байланыстырды. Норвегия XI ғ.ғ. мұнда король Олаф Харальдсон (1016-1028 ж.ж.) елден ќуып, 1030 жылы шаруалар мен аќсүйектер көтерілісінде ќаза табады. Арада уаќыт өте келе Олаф Харальдсонды шіркеу “әулие” деп жариялады. Норвегия, Дания мен Англияны біріктіре отырып, дат королі Кнут (1018-1035 ж.ж.) берік емес державаға айналдырды. Кнут өлген соң, Норвегия мен Англия тәуелсіздігін ќалпына келтірді. Швецияда екі корольдік ќалыптасты; солтүстікте Упсаладағы свейлер аймағы және оңтүстігінде генттардың аймағы болды. XI ғ.ғ. мен XIIғ.ғ. швед королдігін Упсала корольдігінің ќол астында болды. Швецарияда жекелеген жер бөліп алған аќсүйектер өздері ел басќарып, ќол астындағылар бытыраңќы болды.

XIIғ.ғ ќалыптасќан феодалдар тобына жоғары дін иелері мен ру-аќсүйектерінің бір бөлігі жатты. Норвегия мен Данияда шаруалар кішігірім жер иеліктеріне ие бола алды. Шаруалардың жер меншігі ұзаќ саќталған Швецарияда болды. Феодалдыќ ќатысастардың дамуында корольдік биліктер маңызды роль атќарды. Корольдер аса ірі жер иеліктерін және аќсүйектерді ќуғын-сүргінге ұшыратып өз жерлерін меншіктендірушілерге өз правасын ќойды.Скандинавия елдерінде лендер- үлестік жерлер мұралыќ жолмен иемдену мүмкіндігі болды. XIII ғ.ғ. Швеция мен Данияда өз жерлерінен бекіністер салған ірі феодалдар меншігі болмады, олар корольдің бекінісі және салыќты тек корольге бағынышты, бекіністе күзетті және тәртіпті ќадағалау әскерлері де корольдікі болды.

2.XIIғ.ғ.аяғы мен XIIIғ.ғ. бас кезінде Норвегияда корольге және оның ќолындағы мансапќор аќсүйектерге ќарсы шығу маќсатында бұл елде азамат соғысы басталды. 1174 жылы биркебейнелер (кедейлер) көтерілісін Сверрир басќарды, олар Серрирдің жеңісі арќылы өз жағдайларын жаќсартуды көздеді. Билік басында отырған король Магнус Эрлингссон осы азамат соғыста ќаза тапты. 1184-1202 ж.ж. Норвегия билігі Сверрир ќолына түсті. Ол шіркеудегі папаны елден ќуды, Сверрир ќарсыласы- баллерлар (ежелгі норвег bagall сөзінен шыќќан) арасында өзара келісіммен, шаруалар көтерілісін басып, мемлекет пен шіркеу арасында татулыќќа ќол жеткізді.

3.XII ғ.ғ. Данияда ішкі баќталастыќ өршіді, Норвегияға ќарағанда корольдік бірлікке тез арада ќол жетті. Король I Вальдемар (1157-1182 ж.ж.) өзіне ќарсы шыќќан шаруаларға тоќтатып отырды және шіркеумен одаќтасу арќылы өз билігін күшейтті. Ол өз билігін нығайтуда герман императоры I Фридрих Барбароссаға ант суын ішіп, бар күшін Батыс Еуропаның басќа мемлекеттерінен артта ќалмауға тырысты.

XII ғ.ғ. екінші жартысында Данияда әскери жасаќтардағы ќызмет шаруаларға жүктелді, олар әрбір әскери ќызмет жасаған үшін аќы алып отырды. Осы кезде таќта король IV Эрикке ќарсы 1250жылы “Плуг көк тиыны” деп аталатын жер салыќтың ауыр болуы салдарынан шаруалар көтерілісі болады.

Данияның крест жорыќтары тұсында күшейді және король II Вальдемар (1202-1241 ж.ж.) тұсында Солтүстік Германияны басып алады.II Вальдемарды 1227 жылы солтүстік германдар арасындағы Дитмаршен бастаған шаруалар көтерілісі талќандап жеңді. Дания басып алған жерлерін ќайтарып алды.

4.XIV ғ.ғ.саяси күрес корольге ќарсы күшейген ірі феодалдардың арасындағы өзара ќырќыс болатын. 1282 жылы Данияда бұл күрес король Эрик Клиппинге “еркіндік хартиясына” ќол ќоюға мәжбүр болды және ол бойынша жыл сайын мемлекеттің кеңесін шаќырып тұруға, феодалдардың правосы мен еркіндігін саќтауға міндетті болды. Эриктің осы хартияны бұзбаќ әрекеті оның өліміне әкеп соќты. 1320 жылы Данияда корольдік өкімет пен мемлекетті басќарып отырған феодал аќсүйектері бірігіп, өзара шіркеуде тізе бүге отырып, оның келісімінсіз ешќандай соғыс жариялауға және салыќ салуға корольдің правосы болмады.

1284 жылы Швецияда,Даниядағы сияќты бүлікші феодалдар өзінің корольдерін ќуып, оның орнына норвег королін Магнус Эрикссонды (1319-1363ж.ж.) отырғызды.Магнус билеп тұрған кезде шіркеу мен ірі феодал аќсүйектерінің арасында финанс артыќшылығын шектеу маќсатында күшті оппозиция тудырды. Магнусты таќтан алып тастап, оның орнына неміс герцогы Альберхт Макленбургскийді король деп сайлайды. Бұл король таќќа отырған күннен бастап өз кеңестерімен келісе отырып елді басќарды және ол өзінің неміс ыќпалын күшейтті. Скандинавиялыќ үш мемлекеттегі өкімет XIV ғасырда ірі феодалдар ќолында болды.Ірі феодалдардың ќазыналыќ байлыќтары көбейіп, оларға тәуелді шаруалар саны тез арада өсті.

XIV ғасырдың екінші жартысында жер иеліктерінің салығы күшейді және шаруалар арасында “ќара өлім” тарады, обаның таралуы бүкіл скандинавиялыќ елдерде экономикалыќ ќұлдырауға әкеп соќты. Норвегияда жұмысшы ќолдар жетіспеу салдарынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы үлкен зиян шекті.

5.1367-1370 жыдары Данияда Ганзамен соғыс басталып кетті. Шіркеу мен рыцарлар ќолдауымен Данияның королі IV Вальдемар Аттердаг (1340-1375 ж.ж.) өзінің бұрынғы айрылып ќалған жерлерін ќайтарып алуға және ең бай провинция Сконені ќайтарып аламын деген оймен соғысады. Біраќ дат королі бұл соғыста 1370 жылы Ганзадан жеңіледі және королдік таќќа отыруы үшін шарт бойынша Ганзаның келісімінсіз таќќа отыра алмайды.

Скандинавиялыќ елдер неміс княздығы мен Ганза тарапынан төнген ќауіп, дат королі Вальдемар IV Аттердагтың ќызы, әрі норвег королінің әйелі Маргарита дат тағына өзінің ұлы Олафты отырғызып, оның Дания мен Норвегияны биледі. Олар өлгеннен кейін Маргарита екі мемлекеттің билеушісі болды. 1389 жылы Меклембурскийге феодалдардыңќолдауымен Швецияның билігін ќолына алды. 1399 жылы шілде айында швед ќаласында Кальмардағы үш корольдік жиналысында Маргаританы немере жиені Эрик Померанский Данияның, Швецияның және Норвегияның королі деп жарияланды. Үш мемлекеттің өзара бірігуі, соғыс бола ќалған жағдайда біріге отырып соғысумен ќатар біріккен елдер өз заңдарын саќтады. Халќының саны жағынан Швециямен Норвегияның халќына тең Дания экономикасы бір саты жоғары еді. 4412 жылы Маргарита ќаза болған соң, үш елдер арасында саяси бытыраңќылыќтар әрекетінен ел тозып кетті.

Бақылау сұрақтары:


  1. Скандинавияда феодалдық қатынастардың дамуы ерекшеліктері.

  2. Норвегия корольдігінің құрылуы.

  3. Данияның Ганза сауда одағымен күресі.

  4. Скандинавия еліне қай жерлер кірді.

  5. Скандинавия елдерінде әскер және өзге де қызметкерлер үшін жер берді оны не деп атады.

  6. Скандинавия нешінші ғасырда қалыптасты.

13-лекция

Тақырыбы: Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары.

Жоспары:

1. Христиан догматикасы және бүкіләлемдік соборлар.

2. Папа доктринасының орнауы.

3. Инквизация.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.

2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.

3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.

4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.

5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.

6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.

7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.



Лекция мақсаты: Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары орта ғасырлар кезеңінде белді өзгерістерге толы. Осы уақытқа дейін ол мемлекеттер арасындағы католик тік және христиан демократиясының соборлық жолдармен белең алу нәтижесінде елдегі көптеген аудандарда әртүрлі Діни саяси өзгерістер болып отырды.

Лекция мәтіні.

1.Орта ғасырлыќ феодалдыќ-шіркеулік көзќарасты негізін IV ғ.ғ. және V ғ.ғ. арасында христиан дінінің ірі идиологы- Гиппон епископы Августин салып берді. Никея мен Константинополь шіркеу соборларын 325-381 жылдары негізінен орныќќан христиан дінінің догматтыќ ќағидаларына өз ілімін ќосты. Аврелий Августин (354-430 ж.ж.) басында пұтќа табынған, кейін христиан дінін ќабылдап, өмірінің 35 жыл бойы Гиппонда (Солтүстік Африкада) әпископ болды.Ол әртүрлі еретиктер ағымына ќарсы мейрімсіз күрес жүргізді, жекменшік правоны догматты түрде негіздеді, бай және кедей болу “ќұдайдың ќолында” деп. жариялады. Август дүние жүзінің тарихына христиандыќ діннің ұғымын жасап, шіркеуді ашты. Өз міндетіне христиан діннің сенім-нанымдарын тарату, ересьтерді тамырымен жою, “Жан-шайтандардың патшалығын” ќұртамын деп., христиан еместерді жын-шайтанның ќұрбаны болып және Август христиан дінін шіркеуге тәубе етуді мәжбүрледі. Шіркеу дін басыларымен дінге сиынғандарды насихатты догматтыќ түрде негіздеді.

529 жылы шамамен Бенедикт Нурсийский негіздеген Италиядағы Монтекассинодағы монастырь тұңғыш рет монах ордені- бенедиктішілер ордені ќұрылды. Монахтардың байлығы және шіркеуге ќызметкерлердің жер иеліктері болды. Олар төменгі тап сверлерді ќанап отырды, әр мемлекетте олар жердің үштен- бір бөлігін иелік етіп отырды. Монахтар мен шіркеу ќызметкерлерінің өздерінің реформаларын жаңғыртып, IX-XVII ғ.ғ. аралығында бертін келе билік басындағы корольде осы шіркеудегі папаға тәуелді болды.

Шіркеу жылдан-жылға күшейді, оларды алғашќы орта ғасырда батыста да шығыста да “приход” священнигі басќарды. Кейін келе олар одаќтасуы арќасында Батыста-архиепископ, Шығыста-митрополит деп аталды. Шығыста V ғ.ғ. шіркеу бірлестіктері “патриарлыќ” пайда болды, батыста патриарлыќ тең дәрежеде Рим епископы- папаны танылды.

2.Шіркеуді басќаруда епископтар сьездерінде белгілі бірнеше рповинциялыќ епископтар жиналып , “собор” немесе “әлемдік” деп аталатын барлыќ елдегі епископтар жиналатын соборлар болды. Византия император шаќыруымен IX ғасырға дейін шіркеулік соборларда догматика, шіркеу ұйымдарының мәселелері шешілді.

Ivғ.ғ. аяғы мен V ғ.ғ. басында ең алғашќы Рим епископтары өздерін “папа” деп атап, өздері шіркеу басшысымын деп өз рпавалары болды.V ғ.ғ. және VI ғ.ғ. Римде тұңғыш папа Петр болған деседі, Христос аңыз бойынша “Сен Петр( грекше-тас), мен сол тас үстінде өз шіркеуімді ќұрамын деген екен. Папа ќол астындағы жерлер “Әулие Петрдің вотчинасы” ретінде, өз жерлерін сеньоры ретінде пайдаланды.VI ғ.ғ.Папа I Григорий (590-604 ж.ж.) тұңғыш рет біз ќұлдардың-ќұлымыз, ешќандай әлемдік патриарх титулының правосы жоќ деп жариялады. Еуропада шіркеу мен мемелекет алғашќы Галлияда Меровингтер кезінде туды , Каролингтер тұсында дамыды. Алғашќы феодал мемлекетте Италияда Пипин Короткий билік еткен тұста Папа мемлекетін ќұрды. Ұлы Карл тұсында халыќтың төлейтін салығын шіркеулік арќылы жүзеге асырды. VIII ғ.ғ. мен IX ғ.ғ. аралыќта паплардың мемлекеттік ќұрылуымен оның беделі Каролингтердің ќолдауымен күшейе түсті.

IX ғ.ғ. пап I Николай (858-867 ж.ж.) тұсында батыс және шығыс шіркеу арасында ќаќтығыстар болды. Осы соборларда да Болгарияда папа орнына таласып, папаның біреу емес бірнеше болуы және Константинополь патриархаты Фотидің айтуынша батыста бес саусағымен шоќыну болса, шығыста үш саусағымен шоќыну араќатынасы, батыста шоќыну латын тілінде болса, шығыста славян тілінде болды. Батыс Еуропада Византияда некені бұзуға болмайды дегенді мойындаса, шығысында оны тіпті мойындамайды. Бұлар шіркеудегі үздіксіз ќаќтығыстар догманы, діни ғұрыптарды жою емес, шіркеудегі папа әр елде болсын деген байлыќты көре алмаушылыќтан болатын. Папа

өз ќарамағындағылардың жанжалын тоќтату маќсатында өзіне ќарсы шыќќан шіркеу ќызметкерлеріне жалған докуметтер мен жалған хаттар арќылы істеріңді жүзеге асыруда деп канондыќ правалармен (шіркеу соты) жазалады. 966 жылы Польша,Чехия мен Моравия да христиан дінін ќабылдады. 960 жылы Киевкеде папа миссиясы келді.988 жылы Киев княздығы Владимир Святославич христиан дінін ќабылдады. 1054 жылы жазда шіркеу бөлінуі Константинополь папаның рұќсатынсыз Византия патриархаты Михаил Керулларий өз саясатын асыруда шіркеу ќызметкерлерін шаќырып шіркеу соборларында папаның легаттарын өз ќарамағына шығуды насихаттады, сол себепті папа IX Лев оны ќарғыс атсын деп елден азғырды.

X-XI ғ.ғ. әртүрлі ірі феодалдар көптеген жер байлыќтарына таласуы, папаның Италиядағы феодалдарды бағындыруға күші жетпеуінен, I Оттон тұсында Рим империясының ыдырауы, франк империясының ыдырауы салдарынан шіркеу іс жүзінде саяси дербестігін жойды.

XI ғ.ғ. аяғы мен XII ғ.ғ. басында папаның ќұлдырауынан соң, шіркеуді нығайту маќсатында Клюни монастыры Француз Бургундія бастаған шіркеудің жаңа реформасын шығарды, оған Италия, Франция, Англия, Испания, Германия екі мыңға жуыќ монастырьлар ќатысып, олар некесіздік жөнінде және жергілікті халыќ шіркеу алдында ант беруін, шіркеу ќызметкерлері бір-бірі туралы сатур, шіркеу рухына толы кітапхана мен мектептерді ашылуы туралы ќатаң талапќа сай орындалуы керек деген бір бағытты ұстады. Бұл Клюни ќозғалысын ұйымдастырған папаVII Григорий (1073-1085 ж.ж.) бастап,оны 1059 жылы Латеран соборында (Рим де) германдыќ шіркеу лауазымдағылар папаның сайлауларында өздерінің тәртіптерін ќойып, өзгертулер енгізе отырды, сол себепті герман императорларын папаның сайлауларына мүлде ќатыстырмады.

XII ғ.ғ. аяғы мен XIII ғ.ғ. басында католик шіркеуі мен папаның ыќпалы нығайды. Клюни реформасының арќасында папа беделі артты, осы тұста папаның және шіркеу монастырьлары мен епископтарының өз жерлерін игеруі, папаға мемлекет басшысы корольде бағынышты болды. Папасыз ел ешќандай саяси жағдайды өзгерте алмайды, Испания мен Германия және басќа да елдер арабтарға ќарсы жорыќтар осы шіркеудегі папаның ќолдауымен басќарылып отырды. Папа III Иннокентий тұсындағы Еуропа елдері. Папа VIII Бонифаций (1294-1303 ж.ж.) тұсындағы шіркеу беделі. Италия, Германия, Франциядағы шіркеудегі ерьестер ќозғаласы мен күресі.

3.Шіркеу өзінің ересьтер күрестерінде, елді кезіп бүлікшілер өз монахтары емес деп, ересьтерді іздеп тауып, оларды тергеу үшін система- инквизиция ќұрды. (инквизиция-латынша тіркеу ұғымынан шыќќан) 1231-1231 жылдары инквизиция тікелей папаға басќарды. Бұл істі баќылай отырып, олардың өсек тасығандар мен олардың жалған уағыздауларын ќұпия жүзінде ұстады. Инквизиторлармен тыңшылар жалдап, оларға сотталғандардың жері мен мүлкін кәмпескелеу кезінде сол мүліктің бір бөлігін беріп отырды. Инквизиция ќұрбандарын халыќ арасында отќа өртеп отырды. Инквизиторлар мен тыңшыларды Испания, Германия, Францияда халыќ арасында таяќќа жығып өлгендерде бар, біраќ шіркеудегілер оның орнына жаңадан адамдар ќойып отырды.Инквизиция ќұрбандары көбінесе- ғалымдар, философтар мен шіркеуге ќарсы шыќќандар болатын.

XIV ғ.ғ. аяғы XV ғ.ғ. басында шіркеу ќұлдырауда болды, феодалдыќ Еуропаның тарихының дамуында орта ғасырлыќ папаның әлсіреу үстінде болды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Христиан догмасы және бүкіл әлемдік соборлар.

  2. Бенедик жарғысы .Монахтар.

  3. Папа доктринасының орнауы.

  4. Шіркеудің бөлінуі

14-лекция

Тақырыбы: Орта ғасырлыќ мәдениет (V-X ғ.ғ.)

Жоспары:

1. Орта ғасырлыќ мәдениеттің ќалыптасуы.

2. Білім беру. Университеттер.

3. Табиғат туралы ғылым.

4. Рыцарлыќ мәдениет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.

2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.

3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.

4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.

5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.

6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.

7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.



Лекция мақсаты: Орта ғасырлық мәдениет Батыс Еуропа елдерінде белең Алу ең алдымен Испания, Португалія және Германия мен Италияда сон дай- ақ т.б елдерде ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен үлесін тигізді. Орта ғасырда мәдениеттің өркендеуіне ќалалардың мәдениетінің пайда болуы, ќала ќолөнері мен сауда ќатынастары әсер етті.

Лекция мәтіні.

1.Ќұл иелену дәуірінен феодалдыќ дәуірге өту кезеңдерінде мәдениеттің ќұлдырауына әкеп соќты. Варварлыќ басќыншылар мемлекетті басып алу кезінде ќалаларды басып алып, архитектуралыќ ескерткіштерді және кітапханаларды талќандап, антик дәуірінде ќалған мәдени мұраны жойып жіберді.

Феодалдыќ дәуірінде шіркеу іліміне ќарсы тұрған еретиктер ілімі, феодалдыќ- шіркеу мәдениеті мен халыќтыќ мәдениет бір-біріне ќарсы тұрды. Халыќтыќ мәдениет көне заманнан келе жатќан мәдениет, орта ғасырларда саќталып өзіне лайыќты дамыды, біраќ феодалдыќ басќыншылыќ әрекеттерінен жойылып отырды. Халыќ өнері музыкамен поэзия саласында ғана көрініп ќоймай, әртүрлі дастандар, батырлар, әдеби жанрда дамыды, шіркеулік саласында, өнерлік салаларда дамыды. Батыс Еуропалыќ орта ғасырлыќ алғашќы кезеңі дейін жеткен, шіркеу үйлерін әшекейлеуге, не шоќыну кезінде пайдаланатын көркем жасалған әртүрлі дүниелер, адам және хайуанаттар бейнесі реалистікпен жасалып, халыќтыќ өрнек әшекейлікті т.б. пайдалана отырып халыќтардың сол кездегі дамығанын аныќтай аламыз.

Ұлы Карл кезінде Каролинг мемлекетінде феодалдыќ-шіркеу мәдениеті өрледі, оны тарихнамада “каролингтің ќайта өркендеуі” деп атап кетті. Буржуазиялыќ тарихшылары бұл өркендеу Ұлы Карл жаңа мектептер ашу, жазу мен сабаќ беру саласындағы реформалаы, мектеп оќулыќтарын жаңадан ќұрастыру және т.б. феодалдыќ мемлекетпен оның басќаруын күшейтті. 813 жылы шіркеулік мектептер Ұлы Карл өзі таќќа отырған күннен бастап басќа елдерден ғалым адамдарды алғыза бастады, олар Италиядан шыќќан Петр Пизанскийді және Павел Диаконді, Апеннин түбегінде баварлыќ Лейдарды,Испаниядан шыќќан гот Теодульфті, Англияның иорк мектебінде тәрбие алған Алкуинді (735-804 ж.ж. шамасында) алғызды. Өз білімін және ќол астындағы аќсүйектерді де білімін арттыру үшін, Карл өз сарайларында үйірме ашты, “сарай академиясы” деп те аталды, бұл үйірмеде көбінесе көне дәуір мен шіркеу авторларының шығармаларын оќып, талдап отырды. Алкуин ќұраған граматика, риторика, астрономия саласында көптеген оќулыќтар шыќты. 796ж.ж. және 804 ж.ж. аралығында Ұлы Карл көптеген жерлерден сарайлар мен шіркеулер салуға бұйрыќ берген болатын. Ұлы Карл өлген соң, 817 жылы көптеген гүлденген мектептер жабылды, мектепті оќығандар тек ќана шіркеу ќызметінде ғана іс жүзінде ќызмет атќара алады деп., көптеген мектептер жабылды және шіркеулік мектептен басќа мектептер болмаған тұста еді.

Орта ғасырда мәдениеттің өркендеуіне ќалалардың мәдениетінің пайда болуы, ќала ќолөнері мен сауда ќатынастары әсер етті. етті.XIғ.ғ. өзінде ќала өркендеп XII ғ.ғ. селолыќ крепостной шаруалармен ќала сеньорларға ќарсы күресі көптеген ќала мәдениетіне өзіндік зиянын келтірді. Ќала әдебиеті өзара әзіл, мысалдармен мыс-мыс әңгімелер болатын. Мысалы; “Есектің өсиеті”, “Поп Амис”, “Түлкі жөнінде роман” сияќты әңгіме халыќ ауыздағы шындыќтар болатын.Ќалада музыка саласы және алғашќы театр өнері пайда болды. Алғашќы шіркеулік емес мектептер ашылды.

2.XII-XIII ғ.ғ.Батыста жоғарғы дәрежелі мектептер – университеттер (латынша universitas-жиынтыќ сөзінен шыќќан ) ќұрыла бастады. Университеттер алғашќы ќаланың өркендеуінен, ќала халќының ќолөнерімен сауда ќатынастағы товар айналымдар, сонымен ќатар римдік праваның ќайта өркендеуінен туды. XII ғ.ғ. Болон мектебінің негізін кейін келе Болон университеті ашылған болатын. Болон мектебіне Еуропаның түпкірінен көптеген тыңдаушылар келіп білім алатын, оларға римдік правоны үйрететін Ирнерий алғашќы сабаќтарын беретін. XIII ғ.ғ. Еуропаның басќа елдерінде көптеген университеттер ашылды.

Орта ғасырлыќ университеттердің бірі, 1200 жылы заңдар жинағын жинаќтай Париж университеті болды. Париж университеті өзіне лайыќты оќушылар, мұғалімдер және сол сияќты басќа ќызмет өкілдері кітап сатушы, тілмаштар, шабармандар, аптекарьлар, тіпті трактирщиктерді біріктірді. Университетте мұалім тарапынан мамандығына байланысты “факультеттер” (латынша fakultas-ќаылеттілік, былайша айтќанда әртүрлі сабаќ беру ќабілеті) болды. Париж университетінде төрт факультеттен ќұралды; “артистік”, және үш мамандыќ “аға”, “медицина”,”заң”, “дін” болды. Мұнда бакалавр, магистр және доктор ғылыми атаќтар сайлап алды. Париж университетінде төрт “ұлт” болды; нормандия, ағылшын, пикардия және галл. Галл ұлтына- испандыќтар, француз дар, итальяндар ғана емес шығыс елдерінің ұлты да кірді.Әрбір ұлт үстінде- прокуратор болды, ал төрт “ұлт” бірігіп университет басшысы ректорды (rektor- билеуші) сайлады. Бакалавр мен магистр дәрежесін алу үшін студент көпшілік арасындағы айтысќа ќатысып өзін көрсету керек. XV ғ.ғ. өзінде Баыс Еуропада 60-жуыќ университеттер ќұрылды, олар Италия, Германия, Польша, Чехия, Германия, Франция және т.б. елдерде ќұрылды.

3.XIIғ.ғ. аяғында Шартра ќаласындағы шіркеулік емес мектептерде ќызмет атќарған, прогресшіл идеалист- Петр Абеляр (1079-1142 ж.ж.) замандасы Гильом Коншский болды. Ол айнала дүние көрністерін аќыл-оймен түсіндіруді жаќтады, соќыр сезімдерге ќарсы шыќты. Тартылыс пен сыртќа тебудің, жылулыќ пен ылғалдылыќ т.б. табиғат ғылымының заңдылыќтарын табуға тырысты. Әлемде болып жатќан процестерді төрт негізгі элеметке бөліп ќарастырды; от пен ауаны, су мен жердің ќозғалыстарын және бір-біріне әрекеттерінен іздеген. Гильом Коншский “дүние атомнан тұрады” дейтін Эпикурдың шәкірттерінің идеясын дұрыс деп тапты. Гильом Коншский күннің тұтылуын, теңіздің тасуын, тағы сол сияќты табиғат ќұбылыстарын түсіндіреді, Гильом Коншский материалдыќ әлем және оның заңдылыќтарын дәлелдейді. Гильом Коншский ќуғыншылыќќа ұшыраған кезде, оны герцог Анжуйский Жоффура Плантагенет аман алып ќалады.

4.XI-XIV ғ.ғ. феодалдыќ мәдениет үстемдігі кезде рыцарлыќ мәдениет пайда болады.Рыцарлыќ мәдениетте король бағыну мен шіркеуде табынушылыќпен адалдығы, жауынгерлік ерлік пен ар-намыс, кедейлермен әлсіздерге ќамќорлыќ жасаумен ќатар өзге адамдардан “бекзат” жауынгер киімінде лайыќты деп көптеген аќын жазушылар маќтан тұтып өлеңдер шығарған.Рыцарлыќ әдебиет көбінесе эпостарда өз ерліктерін халыќ алдында маќтан тұтарлыќтай етіп шығарған. Францияда XI-XII ғ.ғ. пайда болған жыр, Ұлы Карлдің арабтармен күресін жырға айналдырған “Роланд туралы жыр” еді. Бұл жырда Ұлы Карлдің жиені граф Роландтың отрядтарындағы жасаған рыцарлыќ ерліктерін жырлаған.

Испанияда XII ғ.ғ. мұсылмандармен діни күресте дүниеге келген “Менің Сидім туралы жырдың” тарихы жыр-дастан болатын.XII ғ.ғ. аяғымен XIII ғ.ғ.басында Германияда “Нибелунглар туралы жыр” нағыз рыцарлыќ эпос еді.

Рыцарлыќ поэзияның халыќќа ќарсы ашыќ бағдарланған кездері болған. Шіркеу әдебиеті сияќты рыцарьлыќ поэзияда феодал табының күш-ќуатын нығайту үшін де таптыќ сана сезімді күшейту үшінде ќызмет атќарды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Білім беру .Университеттер.

  2. Рыцарлық мәдениет.

  3. Қалалық мәдениет. Өнер.

15 Лекция



Тақырыбы: Ұлы географиялыќ ашылымдар.

Жоспары:

1. Ұлы географиялыќ ашылымдар себептері.

2. Американың ашылуы.

3. Үндістанға баратын теңіз жолының ашылуы.

4. Португалиядыќтардың отарлыќ басќыншылығы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.

2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.

3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.

4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.

5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.

6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.

7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.



Лекция мақсаты: Ұлы географиялық ашылымдар Еуропаның көптеген елдерінде пайда болуы мен жаңалықтардың жеткендігі туралы мәлімдейді. Осы ғасырларда Португалияда теңіз көлігі сауда ќатынастарында жаќсы дамыды. Португалдыќтар Үндістанда көпдеген территория басып алмағанымен жағалаудағы жерлеріне тірек пунктерін салады.

Лекция мәтіні.

1.Ұлы географиялыќ ашылымдар- феодалдыќ ќоғаының өндіргіш күштерінің дамуымен еуропалыќ елдердегі сауда-саттыќ жолдарының нығаюы. Шығыс елдер арасында товар айналымдар аќша айналымдар күшейді Еуропалыќтардың ең бай елі Африка елі болатын,оған Жерорта теңізі арќылы саудагерлер Сенегал мен Нигераның аймағындағы алтынды еуропалыќтарға әкеп сататын. VIIғ.ғ.-XV ғ.ғ. аралығында Нигерияның территориясында бай мемлекеттер; Гана, Мали және Сонгали ќұрылды. Нигеридің көптеген ќалаларында ислам мәдениетінің орталыќтары дамыған болатын, ірі орталыќ ќаласы Тимбукту - Сахара арќылы Жерорта теңізінің барлыќ елді мекендері келіп, алтын мен ќұмның саудасы алдыңғы орында болатын. Сол заманның купецдерінің айтуы бойынша Африкада алтын ќорлары өте көп және Ќытай, Үндістан, Индонезиядан көптеген осы сияќты бай елдер ќатарына Африканың алтынын іздеп табуға XV ғ.ғ. португалдыќ теңізшілер аттанды. Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп ќұяр сағасында Бохадор мүйісінің маңында табылып, өндірілді. Осы ғасырларда Португалияда теңіз көлігі сауда ќатынастарында жаќсы дамыды. Оған XII ғ.ғ. португалдыќтар мен арабтардың бай саудагерлерінің көптеген ыќпалы тиді. Португалдыќтар италяндыќтарға ќарағанда кемелердің бірнеше түрлерін жасап шығарды және оның желге ќарсы бағытталатын кеме түрлерінің бірі - каравеллалар түрін ойлап тапты. Португалияның жасап шығарылған кемелері арќылы теңіз саудасында Португалиядан Италияға келетін жолдар болатын. XV ғ.ғ.бұл жолдарын түріктер жаулап алуына байланысты, Генуя саудагерлері Александрия арќылы Жерорта теңізімен жүре отырып, бұл жерде венециандыќтардың ќысымынан басќа жолдарды табуға мәжбүр болды. Осы тұста Колумб пен Каботтон да Генуядан шыќќандар болатын. Испания мен Португалія, тіпті Пиреней түбіндегі теңізге жаќын ќалаларды, көптеген елді мекендерде ќараќшылыќ тонаушылыќ шабуылдарын тоќтатпады. Генуялыќтар 1415 жылы Солтүстік Африканың жағалауына басып кіреді, бұл жерде португалдыќтар үстемдік еткен болатын. Олар Үндістанға баратын жолды ќарастырады. 1460жылы Гвинея шығанағына барын африкандыќтардың шығыс бөлігіне келеді. 1486 жылы теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас Козерог тропигіне жетті, ашыќ теңіз арќылы жүріп оңтүстік Африкадан шығады, 1487 жылы 16 ай бойы теңізде жүріп, Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға дейін барып, Лиссабонға ќайтып келеді.

2.XV ғ.ғ. 30-40 жылдарында португалдыќтар ашыќ мұхитта Мадейра аралынан Азорға дейін 1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитынан жүзіп өтіп,Батыстыќ жарты шарды ашты. Христофор Колумбтың өмір баяны белгісіз, ќазірде оны тарихшылар италяндыќ және 1451 жылы Генуя маңында тоќымашылар жанұясында өмірге келген деп., оның білімі болмаған деседі. 1417ж.ж-1475 ж.ж. Шығыс Жерортада кемемен сапар шегеді, 1476 жылы Португалияға, Англияға барады. 1479-1481 ж.ж. Мадейрада және Порту-Санту аралында тұрады. Осы аралда теңізшінің ќызына үйленіп, ќыздың әкесінен көптеген карталар мен күнделікті жазбалар ќалған екен.

1492 жылы 3-тамызда үш кемеден ќұралған эскадра Испания портынан 10-ќыркүйекте шығып кетеді. 1492 жылы 12 ќазанда Христофор Колумб Багам аралдарына келіп, осы жерді Сан-Сальвадор деп атап кетеді. 1496 жылы Батыс жарты шарға ќарай барып, онда Эспаньоланың оңтүстік жағалауында Сан-Доминго ќаласынның негізін салады. 1498 жылы Христофор Колумбтың үшінші саяхатында ол тұңғыш рет Оңтүстік Американ континенті Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті, өзі Америкаға емес бұл жердің суы тұщы екен бұл Азияның бір шетіне келдім деп., өзінің испандыќ король мен королеваға жазған хатында бұл ойын айтпады. 1502 жылы төртінші саяхатында ол Үндістанның бұғазын іздеді. Бұл сапары да сәтсіздікпен аяќталды.1506 жылы Христофор Колумб Испанияда ќаза болды.

3.Колумб жаңа елдерді ашќанды ашќаннан кейін испандыќтармен португалдыќтардың арасында ќаќтығыстар болады. 1494 жылы Тордесильясе ќаласында бір келілім жасалды.Бұл келісім бойынша полюстен полюске дейін шекара бекітті. Келісім бойынша осы шекарадан батысќа ќарай жаңадан ашылатын аймаќтар испандыќтардың, ал шығысќа ќарай ашылатындары португальдыќтардың иелігіне жататын болды. Испандыќтардың батысќа ќарай бет алуы, португалдыќтардың Индияға баратын теңіз жолын іздестіру ќамына ќайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497 жылы осы маќсатпен жабдыќталған экспедицияның басына король Васко да Гаманы ќойды (ол1460жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 шілдеде Лиссабоннан шағын-шағын төрт кеме теңіз сапарына шыќты (екеуінің су сыйымдылығы -50 тоннадан). Экспедицияның ќолына сол кездергесәйкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялыќ аспаптар берілді. Васко да Гама Жасыл Мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу жердің ќарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаќќа ќарай ойыса отырып оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жаќын жерден өтіп кетті

Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыќќаннан кейін бес ай өткен соң ғана Диастың Африка жағалауына орнатќан ең соңғы Белгісіне келіп жетті (1497 жылғы 16 желтоұсан). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жол тап болды. 1498 жылы 1 наурызда португалдыќтар мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өзара жауласушы шейхтардың ќол астындағы араб ќоныстары басталды. малинді ќаласында Васко да Гама өз ќоластына лоцмандыќќа сол кездегі ең тәжірібелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн-Маджидті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірќатар толыќ және дәл суреттерін (Лоции деп аталатындарды) өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялыќ білімі, әрі ұзаќ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірибесі жағынан Ибн-Маджидті португалдыќтар тәрізді еуропалыќ тамаша теңізшілерден де асып түсетін еді. Бір жарым айдан Ибн-Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут ќаласына жеткізді. Теңізбен Үндістанға сапар 10 айдан астам уаќыт болды. Бір жылдан соң, 1499 жылдың шілдесінде екі кемесінен және эскадра командасының жартысынан астамынан айрылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамдарды артып Лиссабонға ќайтып келді.

4.Португалдыќтар Үндістанда көпдеген территория басып алмағанымен жағалаудағы жерлеріне тірек пунктерін салады. Альбукерке, Малабар жағалауындағы Гао ќаласын португалдыќтар басып алып халќын түгел ќырып тастайды. 1509 жылы арабтар португальдіктердің бірнеше тірек пунктерін , ќиратып Диу түбіндегі шайќаста жеңіліп, артќа шегінуге мәжбүр болады. Португалия Үндістанды түгелдей отарлап алады. Басып алған жерлерін португалдыќтар жергілікті княздармен шаруаларды ќанап мейірімсіз адам төзгісіз ауыр жұмыстар істетеді. 1511 жылы португальдыќтар Малакка ќаласын басып алып, 10 жылдың көлемінде Молукка аралдарында өздерінің порттарын салады. Португальдыќтардың осы тұста Индонезияға ќарай жылжып, европалдыќтардың отарлыќ басќыншылыќтарын жоюмен сауда-саттыќ жұмыстарын жоюға атсалысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет