» оқу-әдістемелік кешенінде пәнді оқып үйрену үшін бағдарлама берілген, пәннің мақсаты мен міндеттері ұсынған, сонымен қатар әр сабақтан тапсырма және әдістемелік нұсқау берілген. Студенттердің білім және қажеттік дағдылар алу үрдісін жеңілдетуге арналған.
Математика, картография, тұрғындар географиясы, география мәдениеті, әрі дәрістендіру пәні ретінде оқып үйрену үшін биология, антропология, физика, эқология, экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе және тарихи даму үрдісіндегі атқаратын қызмет білімдерге байланысты.
|
ТМД – ың экономикалық және әлеуметтік географиясы, ҚР экономикалық және әлеуметтік географиясы, дүниежүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы, экология және т.б..
|
29
|
Географиялық зерттеулер әдістері
|
Пәнді оқудың негізгі мақсаты – болашақ гоеграф маман ретінде қоршаған ортаны тану үшін бірнеше зерттеу әдістерін білу керек. Далалық зерттеулер кезінде табиғаттың жекелеген компоненттерімен және геожүйенің бөліктерін ажырата білу. Географиялық зерттеулер барысында табиғаттағы құбылыстарды оқып білу және осыған байланысты түрлі тәсілдерді, дағдыларды, сызбаларды, инструменттермен жұмыс жасай білу. Жинақталған материалдармен анализ жасай білу, өңдеу және картографиялық материалдарды құрастыра білу.
Қазіргі заманғы аэрокосмостық зерттеулер әдістерін оқып үйрену.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география. Осы пәнді игеру үшін түрлі оқулықтармен, ғылыми әдебиет-журналдармен, әрбір аймақтарға салыстырмалы түрде сипаттау, номенклатураны жатқа білу, өз бетімен талдама жасай білуді үйрену қажет. Пәнді толық білу, оқу нәтижесі географиялық деректермен жұмыс жасап, дағдылану болашақ географтардың практикалық оқу далалық тәжірибесін өту кезінде пайдалы болады.
|
Пәнді оқу барысында мынандай пәндерді жақсы түсініп, меңгеруге мүмкіншілік туады; Қазақстанның физикалық географиясы, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, геоэкология және табиғат қорғау, географияны оқыту әдістемесі, дүние жүзінің саяси географиясы, ТМД-нің экономикалық географиясы, қазіргі әлемдік географиясы.
|
30
|
Әлеуметтік-экономикалық-географиялық зерттеулердің заманауи әдістері
|
Курс мақсаты: географиялық білім жүйесіндегі курстың мәнін көрсету ,экономикалық және әлеуметтік географияда қолданылатын экономикалық географиялық зерттеулер әдістерін меңгеру; халықшаруашылық кәсіпорындарының бағалауы мен даму ерекшеліктеріне экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру, сандық және географиялық зерттеулермен жұмыс жасай білуге дағдыларды меңгерту. Табиғат ресурстары мен шаруашылық үрдістеріне сандық және сапалық сараптама жасай білуге көмектеседі.
|
Студенттер курсты тереңдетіп оқу үшін экономикалық гоеграфиялық білім жүйесінің шектеулі факторларды түсінуге байланысты экономикалық географиялық бірліктерден таксономиялық жүйесін экономикалық географиялық зерттеу әдістерімен экономикалық географиялық практика кезінде сол әдістерді қолдануға үйренеді.
|
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік география курсы; Дүние жүзі шаруашылық географиясы; Халық географиясы және этногеография, демогеография негіздерімен; Экономикалық география; Табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық негіздері.
|
31
|
Қызмет көрсету географиясы
|
Курс зерттеудің теориялық білімін және тәжірибелік дағдылар береді,аймақтық жүйелердегі қызмет көрсету саласын моделдейді және болжайды.
Осы курсты талқылау экономико-геогрофтардың жалпы географиялық деңгейін көтеруге және оларды ғылыми зерттеу және жоспарлаушы ұйымдарда тәжірибелік жұмыс істеуге дайындау. Сонымен қатар курс ғылыми зерттеулердің ауқымын кеңейтіп, эконоитко-географиялық ғылымның жаңа тармағы – қызмет көрсету саласы географиясын дамытады. Қызмет көрсету саласын терең зерттемей тұрып, аймақтық жүйелердің дамуын және қызмет етуінің заңдылықтарын зерттеу мүмкін емес екендігі айдан анық.
|
Қызмет көрсету географияның жалпы әдістемелік негізі. Қызмет көрсету географияның құрылымдық мәселелері. Қызмет көрсету географияның заңдары мен заңдылық мәселелері.
Экономикалық және әлеуметтік-экономикалық аудандастыру мәселесі. Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі. Инфрақұрылымның аймақтық ұймдасуының теориялық мәселесі. Қоғамдық-географияның байланыс және қарым-қатынас мәселелері.
Ғылыми әдіcтердің негізі. Әдістерді қолдану мәселесі. Территориалық ұйымдастыру мен жоспарлауды жетілдіру мәселесі. Территориалық ұйымдастырудың түрлері. Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің жіктелінуі. Әлекметтік-экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. География ғылымындағы дифференсация және интеграция мәселесі. Экономикалық және әлеуметтік географияның заңдары мен заңдылық мәселелері. Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі. Әлемдік экономикалық географя ғылымдарына үлес қосқан ғалымдардың теориялық және іс-тәжірибелік еңбектеріне сараптама жасау.
|
«Қызмет көрсету географиясы» курсының мақсаты – студенттерді халыққа қызмет көрсетудің экономо-географиялық зерттеулердің әдістері және міндеттерімен, негізгі ғылыми-тәжірибелік жағдайымен, таныстыру.
Курстың мақсаты: халықтың негізгі әртүрлі типтегі қажеттіліктерін географиялық зерттеу принцптерін айқындау және қызмет көрсетудің территориальды ұйымдастырылуының негіздері. Осы салаға жергілікті табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайлардың әсері.
|
32
|
Геоэкономика және интеграциялық үрдістер
|
Ұлттық экономикаларының элементтерінің бірлесу процесі, бүгінгі күнгі шаруашылық өмірдің интернациялануының ең жоғарғы дәрежесі. Осы процестер мүшелерінің арасында халықаралық еңбек бөлінісі тереңдей түсіп, тауарлармен, қызметтермен, капиталдармен, жұмысшы күшімен айырбастасу интенсивті жүріп отырады. Интеграцияланған бірлестіктер масштабында экономикалық процестердің мақсатқа сәйкес бағытталуына, жоспарлы реттелуіне негізделген өндірістің қоғамдасуының дәрежісі өсіп келеді.
Барлық елдерді қамтитын дүние жүзілік шаруашылықтың халықаралық еңбек бөлінісі соңғы жылдары тереңдей бастады. Олар күрделене түсіп, жаңа формаға ауысуды халықаралық мамандану мен айырбастаудың тереңдей түсуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылықтарының ерекше тұтасуына әкеліп соқтырады. Міне, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің жоғарғы жаңа сатысы – халықаралық экономикалық интеграция болып табылады. Бұл дүние жүзі жекелеген елдерінің тұрақты өзара байланыстарын келісілген халықаралық саясат бойынша терең және тұрақты біріктірілген өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақтық экономикалық интеграция дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы басым тенденцияға айналды. Ол барған интеграцияланған экономикалық топтардан құралатын болды.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география.
|
Курс келесі пәндермен тығыз байланыста: Қазіргі заман географиясы, ғаламдық география, дүние жүзінің саяси,экономикалық және әлеуметтік географиясы, шаруашылық географиясы және т.б.
|
33
|
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының физикалық географиясы
|
Пәнді оқудың негізгі мақсаты бұл – ТМД-нің табиғи жағдайын және ресурсын, құрылымы, табиғат компоненттерінің даму заңдылығы, ландшафттың зоналары, ТМД территориясының кеңістік дифференциясының таралу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Пәнді жақсы меңгеру нәтижесінде болашақ кәсіптік мұғалімдер және әртүрлі маман иелері дайындалып жаксы білім алып шығады.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география. Осы пәнді игеру үшін түрлі оқулықтармен, ғылыми әдебиет-журналдармен, ТМД территориясына табиғи сипаттама беруді үйрену, әрбір аймақтарға салыстырмалы түрде сипаттау, номенклатураны жатқа білу, өз бетімен талдама жасай білуді үйрену қажет.
|
Пәнді оқу барысында мынандай пәндерді жақсы түсініп, меңгеруге мүмкіншілік туады; Қазақстанның физикалық географиясы, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, геоэкология және табиғат қорғау, географияны оқыту әдістемесі, дүние жүзінің саяси географиясы, ТМД-нің экономикалық географиясы, қазіргі әлемдік географиясы.
|
89
|
Шетелдік Орталық Азияның экономикалық географиясы
|
«Шетелдік Азияның экономикалық географиясы» пәні арқылы Азия дүние бөлігінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері, мемлекет, мемлекеттік құрылым, басқару формалары, экономикалық әлеуметтік даму жағдайларына байланысты аймақ мемлекеттерінің топтасуы, жіктелуі, шаруашылық географиясы, халықаралық ұйымдар. Олардың құрылу және қалыптасу тарихы, Халықаралық саяси, әскери қорғаныс ұйымдары мен аймақтық экономикалық интеграциялану және Шетелдік Азияның дүние жүзілік геосаясаттағы орны мен салыстыру мәселелері қарастырылады. Аймақ елдерінің Оңтүстік Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия аймақ елдеріне экономикалық - әлеуметтік, саяси географиялық сипаттама бере отырып, осы аймақтың жекелеген елдеріне Араб елдеріне, Қытай, Жапония, ЖИЕ – жаңа индустриальды елдермен дамушы елдеріне салыстырмалы экономикалық географиялық сипаттама.
|
Халқы және еңбек ресурстары, Өнеркәсіп географиясы, АӨК географиясы, Транспорт географиясы, Сыртқы сауда.
Сыртқы сауданың ерекшеліктері, Сыртқы саудадағы тауар айналымы, Капиталды сыртқа шығару.
|
Дүние жүзі саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы
Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы, Дүние жүзі шаруашылық географиясы
Қазіргі дүние жүзі географиясы
|
35
|
Биогеография
|
Биогеография ғаламдық экожүйе ретінде. Ареалдар жөніндегі түсінік. Жер шарындағы құрлықтың флоралық аймақтары. Жер шарындағы құрлықтың фауналық аймақтары. Мұхитты биогеографиялық аудандастыру. Түрлердің жойылуы, адамның әрекетінен флора, фаунаның өзгеруі.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Жалпы жертану, Топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, Ландшафттану, Картография, Геология.
|
ТМД-ның физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.
|
36
|
Биоәртүрлілік негіздері
|
Тірі организмдердің геогрпафиялық таралуы. Құрлықтың негізгі биомдары.
|
Осы курстың басталуына дейін студенттерде орта және жалпы білім беру мектептеріндегі алған географиялық білімдері міндетті түрде қажет. Сонымен қатар, 1 курста міндетті компонент ретінде өткізілген келесі курстардан алған білімдері мен қалыптасқан дағдылары қажет: жалпы жертану, метеорология, геология.
|
Биогеографияның негізгі ұғымдарын ажырата білу; Биосфераның құрамын және негізгі шекараларын ажырата білу; Абиотикалық және биотикалық факторларды ажырату және тірі организмдердің негізгі таралуына осы факторлардың әсерін айыра білу; Қазіргі кездегі флора мен фаунаның тарихи қалыптасуын айту; Флоралық және фауналық бөлінуді анықтау және негізгі құрлықтағы биом типтерін сипаттай білу; Биіктік белдеулерде тірі организмдердің таралу ерекшелігін айқындау.
|
37
|
Гендік инженерия
|
Гендік инженерия пәнінің міндеті студенттер генетика пәнінен алған білімдерін толықтыра түсіп, рекомбинанттық ДНҚ молекуласын бөліп алу әдістері, плазмидалар, векторлар, кезектелген тізбекті реакция жөнінде түсінік алу.
|
Цитология, генетика, цитогенетика, молекулалаық биология.
|
Биотехнология, жаңа биологиялық технологиялар.
|
38
|
Популяциялар генетикасы
|
Популяциялар генетикасы пәнінің міндеті: студенттер эволюция теориясы пәнінде алған білімдерін толықтыра түсіп, популяцияның экологиялық сипаттамаларымен /Болдуинг эффектісі/ танысып: популяция ареалы, популяция жиілігі, жастық және жыныстық құрамы, популяция динамикасын меңгерулері қажет. Харди-Вайнберг формуласын пайдалана отырып, популяцияның генетикалық гомогенділігі мен гетерогенділігін; доминантты және рецессивті белгілердің панмиксиялық жағдайда қалай берілетінін; гендер дрейфі қалай жүретіндігін меңгерулері қажет.
|
Пәнді оқыр алдында студенттер Эволюциялық ілім, Генетика, Экологияның негізгі салаларында алынған білімдер осы пәнді меңгеруге қажет.
|
Қазіргі эволюциялық теориялар, Эволюциялық биология,
Клеткалық биология.
|
40
|
Биометрия
|
Пәннің мақсаты биологияның әртүрлі салаларында тәжірибе барысында алынған сандық деректерді математикалық стстистика әдістерімен зерттеудің қажеттілігіне студенттердің көзін жеткізу. Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерді өзгергіштікті зерттеудің әртүрлі әдістерімен таныстыру; орта сандардың әртүрлі түрлері туралы мағұлмат беру; корреляция тероясы туралы, оны нақтылы зерттеулерде қалай пайдалану жолдарын үйрету; дисперсиялық талдау туралы мағұлмат беру;тәжірибе барысында алынған сандық деректерді вариациялық статистиканың әдістерімен өңдеуге арналған жаттығу есептерін шығарып үйрену. Студенттердің міндеттері: Алынған сандық деректерді арифметикалық орта арқылы өңдеуді меңгеру; шартты орта әдісін, арифметикалық ортаның қателігін, сигманы, вариация коэффициентін, тәжірибе дәлдігін табуды үйрену; сандық және сапалық корреляцияны, корреляция коэффициентін табуды меңгеру; дисперсиялық талдау әдісін, ХИ-квадратты Стьюдент критерийіне, Фишер критерийіне қолдануды үйрену. Биометрияның негізгі тарауларының есептерін шығаруды меңгеру.
|
Пәнді оқыр алдында студенттер жоғарғы математиканың курсын білулері керек.
|
Пәні оқып біткеннен кейін студенттер өзгергіштікті зерттеудің әртүрлі әдістерімен біліп, корреляция тероясы туралы, оны нақтылы зерттеулерде пайдаланып, кәсіптік іскерліктерде алған теориялық және өндірістік білімдерін қолдана білулері керек
|
41
|
Биологиялық жүйелерді модельдеу
|
Биологиялық жүйелерді модельдеу пәнінің мақсаты биологияның әртүрлі салаларында тәжірибе барысында алынған сандық деректерді математикалық статистика әдістерімен зерттеу. Биологиялық жүйелерде алынған деректерге соңғы компьютерлік жетістіктерді пайдалану. Математикалық ортаны, арифметикалық ораның қатесін, сонымен қатар математикалық айырманың дәлелдігін анықтауды компьтер арқылы тәжірибе жүзінде көрсету.
|
Пәнді оқыр алдында студенттер жоғарғы математиканың курсын білулері, информатика курсы толық меңгерілген болуы керек.
|
Пәні оқып біткеннен кейін студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарында қарапайым статистикалық өңдеулер жасай алады.
|
42
|
Биофизика
|
Биофизика пәні биология, физика, химия және биохимия ғылымдарының қиылысында дамыған ғылым саласы. Салалық білімнің негізгілерінің бірі болып табылады. Ол кәзіргі заман талабына сай биологтарды, экологтарды дайындауда маңызды роль атқарады. Биофизика және оның әдістері жайында түснік беру, биологиялық құбылыстарға қолданылатын биофизикалық тәсілдердің ерекшеліктері, биофизиканың негізгі заңдарымен және әр түрлі деңгейде ұйымдасқан жүйелерге, яғни молекулалық деңгейден популияға дейінгі жүйелерге жүргізілетін биофизикалық зерттеулердің негізі болып табылатын әдістермен таныстыру, биофизиканың теориялық негіздерімен таныстыру пәннің міндетті.
|
Осы курс басталғанға дейін студенттер физика, биохимия, химия физиология пән-дерінің негізі жөнінде білімдері қажет. Физикалық заңдылықтарды биологиялық құбылыстарға қолдану мүм-кіндіктері жайында, макромолекуладан биоценозға дейінгі құрылымының бар-лық деңгейлерінде процестердің даму ерекшеліктері жай-ында түсінгі болуға тиіс.
|
Биофизика пәнін оқып білгеннен соң клетканың және тұтас организмнің қағидаларын, негізгі биологиялық заңдары мен құбылыстарға икемделген негізгі физикалық зандар-ды игереді. Алған білімдері мен практикалық дағды-ларын өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
|
43
|
Организмнің ішкі орталарының жаңғыруының биоритмикасы
|
Қазіргі таңдағы экологиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерінің күрделенуі мен дистрессорлық жағдайлардың туындауына әкеліп соқты. Бұл жалпы регуляция принциптерін және биоценотикалық, ландщафт- географикалық аспектілерін анализдеуге мүмкіндік береді; қоршаған орта мен организмнің арасындағы саналы байланыстың реттелуі, экзоэкологиялық және эндоэкологиялық жағдайларды терең зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни, адамдардың категориольды деңгейден категориальды-философиялық деңгейге көтерілуін, табиғат пен адамзат арасындағы өзара қарым-қатынасты түсінушілігі;
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Анатомия, Физиология.
|
Өзін-өзі тану, Адам биологиясы, Биология философиясы, Антропология
|
44
|
Жеке даму биологиясы
|
Жануарлардың жеке даму процесінде болатын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістер туралы түсініктер беріледі. Организм дамуының молекулалы-генетикалық және жеке дамудағы сыртқы орта мен ішкі факторлар әсерлерінің нәтижелері туралы мәліметтер алады. Әр түрлі таксон өкілдеріне жеке даму жолдарының алуан түрлілігі туралы түсіәніктеме береді. сонымен бірге медицинада, ауыл шаруашылығы, жануарларды клондау, ұлпалар мен мүшелерді өсіру үшін дің жасушаларын қолдану және даму биологиясының жетістігін қолдану мүмкіншілігімен танысыды.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Цитология, Гистология,
|
Осы пән бойынша алынған білімді
Клеткалық биология пәнінде қолдануға болады.
|
45
|
Организмдердің дамуының қазіргі проблемалары
|
Курстың мақсаты – жануарлар организмінің онтогенезін қазіргі кездегі көзқарастар бойынша оқып үйрену. Курс, қазіргі кездегі биологиялық ғылымның халақуалын қарастыра отырып, жаңа эксперименталды деректерге сүйеніп, онтогенездің әр түрлі кезеңдерін түсіндіреді. Курс, әр түрлі факторлардың әсерлерін және эксперименталды биологияның қазіргі кездегі жетістіктерін қолдану мүмкіндіктерін оқуға, сонымен қатар организмнің даму кезеңдерін зерттеуге бағытталған.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Цитология, Гистология, Биохимия, Физиология, Молекулярлық биология
|
Осы пән бойынша алынған білім студентке эмбриология саласында алынған ғылыми деректерді біліктілікпен интерпретациялауға үйретеді. Осы пәнді ары қарай терең оқу барысында алған білімдері көп көмек көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқанда қолдануға болады.
|
46
|
Ботаникадан үлкен практикум
|
Өсімдіктердің вегетативтік, генеративтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктерін, жеке өсімдіктердің мүшелерінің құрылысының олардың атқаратын қызметімен байланысты екендігін студенттерге таныстырып үйрету және кейбір ерекшеліктердің тарихи даму барысындағы жетілуіне мән беріп оқыту.
|
Қарастырып отырған пәнді игеру үшін библиографиялық материалмен жұмыс істеу дағдылары, ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиетпен өз бетімен жұмыс істей алу, алған білімді талдап, жүйелей алу, әрі тұжырым шығара алу қабілеттілігі қажет. Алған білімді және әдеби көздерді өзінің теориялық дайындық деңгейін ары қарай көтеру үшін қолдана алу, морфологиялық зерттеулер жүргізу, өсімдіктердің толық морфологиялық сипаттамасын беру қабілетін жетілдіру. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді түр атауына дейін анықтау. Өсімдіктердің жүйесін және олардың морфологиялық белгілерін білу. Қарастырылып отырған топтың жүйедегі орнын, өзіндік ерекшеліктерін, басқа топтардан айырмашылықтарын, негізгі өкілдерін; құрылысын, оның организмдердің биологиялық ерекшеліктермен және тіршілік жағдайларымен байланысын, эволюция барысын, топ арасындағы туыстық байланыстарды білу.
|
Осы пән бойынша алынған білімді өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер географиясы, фитоценология, ризология, өсімдіктер физиологиясы т.б. пәндерді меңгеруге қажетті ортақ терминологияны біріктіретін ғылым. Өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша олардың жіктелуі, анықталуы негізделген.
|
47
|
Өсімдіктер экологиясы
|
Пәнді оқыту мақсаты: студенттерді өсімдіктер мен олардың мекен ортасы аралығындағы негізгі қарым-қатыныс заңдылықтарымен, яғни өсімдіктерге нақтылы қандай факторлар, олардың қандай түрлері қалай, қандай жолдармен әсер-ықпалдарын тигізгенде сырт пішіндері мен, құрлысының өсіп-өнуі мен дамуының көбеюінің және табиғаттағы басқа организмдер арасындағы алар орнының өзгерістерге ұшырауымен жан-жақты таныстыру.
|
Қарастырып отырған пәнді игеру үшін, экологиялық морфология және өсімдіктер анатомиясы жағына жанасымды сандық және сапалық әдістерді іс жүзінде дұрыс және біліктілікпен қолдануды; зерттеуден алынған материалдарға біліктілікпен жан-жақты талдау жүргізуді; зерттеу материалдары бойынша нақтылы, бағалы қортындылар мен түйндер алып оларды іс жүзінде пайдалануды; курсты оқу процесінде өсмдіктер жамылғысына қатысты алған білімдерін олардың жақсы дамуына мүмкіндік туғызатын экологиялық-практикалық міндеттерді шешуге пайдалана алу.
|
Осы пән бойынша алынған білімді өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер географиясы, фитоценология, ризология, өсімдіктер физиологиясы т.б. пәндерді меңгеруге қажетті ортақ терминологияны біріктіретін ғылым. Өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша олардың жіктелуі, анықталуы негізделген.
|