Ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#171480
түріРабочая программа
1   2   3   4

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарына өздік жұмыстарға арналған


Әдістемелік нұсқау

Павлодар 2008



Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05


БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2008 ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева

Қазақ филологиясы кафедрасы



Әдістемелік нұсқау

Өздік жұмыстарға арналған

«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___




ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова



Әдістемелік нұсқау
Оқудың сессия ағымында орындалатын студенттердің өздік жұмысы – оқытылатын пәнді тереңірек тануда, өз бетімен білімін толықтыра түсуде студент үшін айрықша маңызды, жауапты іс болып табылады.

Орындалатын студенттердің өздік жұмысы проблеманы зерттеуге арналады да, өз бетімен ғылыми еңбекпен шұғылдануға, алғашқы тәжірибе, дағды алуға, көркем құбылысты талдаудағы әдіс- тәсілдерді үйренуге баулып, методологиялық, шығармашылық тұрғыдан қолдануға жағдай жасайды.


Студенттердің өздік жұмыстарының формалары.

1. Ауызша

2. Жазбаша
Студенттердің өздік жұмыстарының түрлері және әрбір өздік жұмыстың түрлеріне байланысты уақыт бюджеті


  1. Дәріс материалдарын өңдеу – 1 дәріске 1 сағат;

  2. Дәріс курсының қосымша тақырыптарын оқу – 1 академиялық сағатқа сәйкес келетін материалға 2 сағат;

  3. Үй тапсырмасын орындау – 1 тапсырмаға 0,5 сағат;

  4. Тәжірибешілік сабақтарға дайындық – 1 сабаққа 1 сағат;

  5. Коллоквиумдарға дайындық – 2 сағат;

  6. Семинар сабақтарға дайындық – 2 сағат;

  7. Бақылау жұмыстарына дайындық – 1 бақылау жұмысына 1 сағат;

  8. Ғылыми баяндамаларға, реферат жазуға дайындық – 4 сағат;


С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚФ-11


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1x 15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1x 15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

18

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

2




Барлығы







60

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар


  1. Фонетика, оның нысаны , зерттелу тарихы, орны.

Мақсаты: Фонетиканы зерттеген ғалымдарды анықтау. Фонетика жөнінде ғалымдардың ой-пікрелерін тұжырымдау.

¦сынылатын єдебиет: [1], 5-15 бет, [5], 3-20 беттер, [12], 3-15 беттер.



  1. Әріп, дыбыс, фонема. Бұлардың арақатысы межелеудің маңызы. Транскрипцияның орны. Қазақ сөздерін транскрпипциялау мәселесі.

Мақсаты: Дыбыстарды қарастырудағы артикуляция-акустикалық аспектінің ерекшелігін айқындау. Дыбыстарды қарастырудағы анатоия-физиологиялық, лингвистикалық аспектінің ерекшелігін көрсету. Фонетикалық транскрипция бойынша дыбыстарды таңбалаудағы ерекшеліктерді көрсету.

¦сынылатын єдебиет: [5], 5-29 бет, [8], 33-39 беттер, [19], 3-27 беттер.



  1. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі, айтылу, жазылуындағы ерекшеліктері.

Мақсаты: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін көрсету. Дауысты дыбыстардың құрамын айқындау. Дауыстылардың зерттелуі жөнінде ғалымдардың ой-пікірлерін тұжырымдау.

¦сынылатын єдебиет: [2], 5-38 бет, [3], 3-18 беттер, [20], 3-20 беттер.



  1. Дауыссыз фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі, айтылу, жазылуындағы ерекшеліктері.

Мақсаты: Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбысстардың зерттелуіне шолу жасау, дауыссыздардың айтылымдық ерекшеліктерін көрсету.

  1. Дыбыс тіркесі. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау мәселесі. Дыбыс тіркесіне көзқарас. Дыбыстың түр-түрінің өзара тіркесу ерекшелік, заңдылықтары.

Мақсаты: Дыбыс тіркесі туралы ғалымдардың ой-пікірлерін жинақтап, түйін жасау.

¦сынылатын єдебиет: [12], 3-30 бет, [13], 5-20 беттер, [22], 5-35 беттер.



  1. Буын, оған тән белгі-ерекшеліктер. Буынның маңызы, түрлері. Буынды танып-білудің фонологиялық маңызы, орны.

Мақсаты: Буынның сипаттарын, буын мен дауыстылардың арақатынасын, қазақ тіліндегі буын құрамының ерекшеліктерін, буын туралы көзқарастарын көрсету.

¦сынылатын єдебиет: [4], 15-30 бет, [9], 18-40 беттер, [12], 5-40 беттер.



  1. Буын үндесімі. Тіл үндесімінің тілдегі орны, қызметі. Ерін үндесіміне көзқарас. Буын үндесімнің тілді ұйымдастыру ерекшелеудегі маңызы.

Мақсаты: Тіл, ерін үндестігінің пайда болу себептерін көрсету, ерін үндестігі туралы көзқарастарды салыстыру.

¦сынылатын єдебиет: [6], 3-40бет, [12], 3-30 беттер, [21], 3-20 беттер. [33], 5-80 беттер.



  1. Дыбыс үндесімі. Дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылқтары. Жасалым, айтылымға қатысты игерулер.

Мақсаты: Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері туралы ғалымдардың көзқарастарын айқындау, ықпалдың іске асатын позицияларын көрсету.

Ұсынылатын єдебиет: [6], 40-50 бет, [10], 5-50 беттер, [20], 86-88 беттер. [36], 5-31 беттер.



  1. Орфоэпия, графика, орфография. Бұларға қатысты түсінік-таным. Әрқайсысының мазмұн-мәні, тілдегі орны.

Мақсаты: Орфоэпия жөніндегі зерттеулерді анықтау. Қазақ орфографиясының даму жолдарын көрсету.

Ұсынылатын єдебиет: [7], 5-20 бет, [11], 3-10 беттер [34], 3-20 беттер, [35], 5-31 беттер.


Өздік жұмыстардың орындалуы барысындағы әдіс-тәсілдер:

  • берілген тақырыпты терең талдауға қажет көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектерді іздеу, дайындау;

  • жинап алған шығармалар мен еңбектерді оқу, зерттеу, жүйелеу, міндет-мақсаттарды айқындау;

  • жоспар жасау;

  • өздік жұмысты тиянақты орындау үшін пән оқытушысынан кеңес алуы қажет;

  • өздік жұмысты жазу, орындау.

  • Рефераттың көлемі А-4 форматында 8-10 бетті қамтуы тиіс және компьютерде теріліп жазылуы керек.

  • Конспект жұмыс дәптеріне жазылады. Оның көлемі шектелмеген.


Әдебиетті іздеу, іріктеу
Әрбір өздік жұмыстың тақырыбына байланысты оқылатын, зерттелетін негізгі көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектер көрсетіледі. Ал тақырыпты терең зерттеп, жаңа бір қырын көрсету үшін қажет әдебиет көп болады. Таңдап алған тақырыпқа байланысты көркем шығармалар мен зерттеу кітаптарды, сын мақалаларды студенттің өзі іздеп тауып, тізімін жасап шығуға міндетті. Бұл істі орындау барысында студент кітапханалардың каталогтарын, газет-журнал мақалаларының көрсеткішін пайдалануды үйренеді. Ғылыми мекемелер, кітап шығаратын арнаулы библиографиялық көрсеткіштерді де пайдаланудың жәрдемі зор.
Реферат тақырыптары:
1. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы.

2. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының ғылыми мұралары.

3. Х. Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. Х. Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні.

4. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы.

5. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.Аханов еңбектерінің маңызы, мәні.

6. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы.


Жиналған материалды мұқият зерттегеннен кейін өздік жұмыстың бағыт – бағдары, негізгі мазмұны айқындалады. Бақылау жұмысында қарастырылатын негізгі мәселелер, өзекті ойлар тармақтала түскені дұрыс болады.


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы, 1988.

  2. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.

  3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992.

  4. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. –Алматы, 1965.

  5. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. –Алматы, 1973.

  6. Досмұхаметұлы Х. Аламан. –Алматы, 1991.

  7. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. –Алматы, 1973.

  8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999.

  9. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002.

  10. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –Алматы.1962, 1975.

  11. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, I-басылуы, 1963; II-басылуы , 1978., III-басылуы, 1988., IV-басылуы, 2001.

  12. Қазақ тілінің анықтағышы. –Алматы: Арыс, 2004.-20 б.

  13. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. –Алматы, 1984.

  14. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982

  15. Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. Алматы, 2001

  16. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –Алматы, 1999.

  17. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі. –Алматы, 2002.

  18. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 2004

  19. Неталиева Қ. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. –Алматы, 1977.

  20. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы, 1985

  21. Омарбеков С. Халықтық тіліміздегі тектес тілдер мен ортақ құбылыстар. Дыбыстардың қолдаанылу ерекшелігі. Алматы, 1978

  22. Серғалиев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. –Алматы, 1995.

  23. Сыздықова Р. Қазақ тілінің анықтағышы. –Астана, 2000.

  24. Сыздықова Р. Сөз сазы. - Алматы, 1983.

  25. Тайлақбаев Б. Қазақ тіліндегі салдыр шұғыл дауыссыздар.– Алматы, 1981.

  26. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. Алматы, 2002

  27. Джунисбеков А. Гласные казахского языка. Алма-Ата, 1979

  28. Джунисбеков А Сингармонизм в казахском языке. Алма-Ата, 1980

  29. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. Алма-Ата, 1987

  30. Аралбаев Ж.А. Вокализм казаского языка. Алма-Ата, 1970

  31. Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология трюкских языков


Ќосымша:

32 Абуов Ж., Жунисбеков А. Фонетическая запись казахского текста. – Алматы, 1991.

33 Вопросы казахской фонетики и фонологии. –Алматы, 1979.

34 Фонетика казахского языка. –Алматы, 1969.



  1. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. –Алматы, 1997.

36 Фонетика казахского языка. –Алматы, 1969.

Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет