ҚҒ тбд 2014 пу 5 Редакция №2



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі299.5 Kb.
#125054
1   2   3   4   5   6

БАҚЫЛАУ ОРТАСЫ


  1. Бұл ішкі бақылау жүйесінің барлық компоненттары үшін негіз болып табылады және ішкі бақылау жүйесінің лауазымды тұлғалары мен қатысушылары арасында нақты құрылымның болуын және тәртіпті қамтамасыз етеді.

  2. Бақылау ортасына мыналар кіреді:

  1. Ұйымдық құрылым;

  2. Адалдық пен этикалық нормалар;

  3. Философия мен басшылық ету стилі;

  4. Мамандар саясаты;

  5. Жұмысшылардың құзыреттілігі.




      1. Ұйымдық құрылым

  1. Қоғамның ұйымдық құрылымы ішкі бақылау жүйесі жіне ішкі аудит саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуі керек және келесілерді қарастыруы керек:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті ішкі бақылау процесін қадағалаушы орган болуы керек;

  2. Қоғамның Ішкі аудит қызметі жыл сайын Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалап, Ішкі аудит комитетіне есепті дайындауы керек;

  3. Ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару сұрақтарына жауапты құрылымдық бөлімдер (тексеріс жіне бақылау департаменті, тәуекелдерді басқару қызметі);

  4. Қоғамның Басқармасы шеңберінде тәуекелдерді басқару сұрақтары бойынша Тәуекелдер бойынша Комитеті болуы керек.

  1. Қоғамның Басқармасы Қоғамның ұйымдық құрылымын жасауға, ал Директорлар кеңесі барынша ашық, сенімді және тиімді ұйымдық құрылымды бекітуге, сонымен қатар кейіннен де оңтайлануына және Қоғам стратегиясындағы өзгерістерге сәйкес, Қоғамның қаржы-экономикалық жағдайына байыпты ықпал ететін сыртқы факторларды ескере отыры, өзгертулер енгізуге жауапты.

  2. Қоғамның ұйымдық құрылымы оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келіп, келесілерді қамтуы керек:

  1. Қоғамның әртүлі басқару деңгейіндегі өзара байланысты және бір-біріне қарсы келмейтін мақсаттар мен міндеттерді анықтау;

  2. Қоғамдағы негізгі құзыреттер мен жауапкершілікті тарату, сондай-ақ басқару және бағыну жүйесін нақты ұйымдастыру («біркелкілік»);

  3. Қоғам жұмысшыларынң жуапкершілігі мен олардың қызметін бағалау критерийлерін бірмәні жариялау;

  4. Шығындар мен қол жеткізілген нәтижелердің нақты есебін жүргізу үшін сәйкес ішкі бақылау есептілігінің жүйесі;

  5. Қоғамның құрылымдық бөлімдері мен жұмысшылары арасындағы тиімді өзара байланысты қамтамасыз ету.

  1. Қоғамның ұйымдық құрылымы оның органдары, лауазымды тұлғалары, құрылымдық бөлімдері мен жұмысшыларының мақсат, мақсаттарын, атқаратын қызметтерін, міндеттерін, құқықтарын, құзырлары мен өкілдіктерін көрсететін ішкі нормативтік құжатпен бекітілуі керек.




      1. Адалдық және этикалық нормалары

  1. Құзыреттілік, адалдық, айқындық және әлеуметтік жауапкершілікті ұғыну - Қоғамның негізгі құндылықтары және іскерлік этиканың негізі болып саналады. Қоғамда ішкі бақылау жүйесі қатысушыларының басқару іскерлік этика қағидаларын қабылдау және түсінуін анықтайтын және көрсететін Іскерлің этика кодексі қызмет етуі керек.

  2. Директорлар кеңесі Басқармамен бірлесіп бақылау ортасын құруды қамтамасыз етеді. Ол Қоғам қызметкерлеріне қызметтің барлық деңгейінде ішкі бақылауды және этикалық нормаларды сақтаудың елеулігін, маңыздылығы мен қажеттілігін білдіріп, көрсетеді.

  3. Директорлар кеңесі және Басқарма Қоғам жұмысшыларының заңсыз, алақол және этикадан тыс әрекеттерге баруын тудырушы себептер мен ынтаны жоюға немесе азайтуға шаралар қабылдайды.

  4. Басқарма жұмысшылардың ішкі бақылау жүйесін жекелей түсіну және лауазымды тұлғалар мен жұмысшылар арасында ақпарат алмастыру деңгейін жоғарылату үшін жұмысшыларды оқыту тәртібін анықтайтын механизмдерді жасауға және енгізуге жауапты.




      1. Философия және басшылық ету стилі

  1. Қоғамның корпоративтік құндылықтары оның ең биік құндылықтары болып табылады. Олар Қоғамның миссиясы мен көзқарасын білдіре отырып, Қоғам ішінде де және әріптестерімен, мемлекетпен және жалпы қоғаммен философия мен өзара қатынастар принциптерін орнатады. Қоғамның корпоративтік құндылықтары келесілерге бағытталады1:

    1. әлеуметтік жауапкершілікке – қоғам алдында қазақстандық қоғамға пайда әкелетін бизнесті жүргізу жауапкершілігі;

    2. жұмысшыларға – Қоғам тиімділігін, нәтижелігін және адалдығын ұлғайті үшін жұмысшыларды дамтыу және ынталандыру. Лауазымды тұлғалар жұмысшылардың кәсіби тұрғыдан дамып, мансаптық өсуі үшін алаңдайды және ең жақсы жұмысшылар қатарынан мамандар резервін қалыптастырып, мықты мамандар тәрбиелеуді өзінің негізгі міндеті деп санайды;

    3. корпоративтік мәдениетке – қоғамға, әріптестерге, клиенттерге, жұмысшыларға деген сыйласу, адалдық, әдептілік және ізгілік, әрбір жұмысшының Қоғам дамуының стратегиялық бағыттары мен миссияларын білуі.

  1. Қоғам қызметінің негізгі корпоративтік қағидасы болып әрбір жұмысшының өз ойын жеткізуіне негізделген шешім қабылдаудағы демократиялық табылады.




      1. Маман саясаты

  1. Қоғамның мамандар саясаты жоғары білікті және дәлелді мамандармен қамтамасыз етуге және оларды сақтап қалуға бағытталған.

  2. Директорлар кеңесі Қоғамның мамандар саясатын бекітуге, оның міндеттерін тиімді орындауға, үздіксіз дамып өсуге қажетті оңтайлы жұмысшылар санын бекітуге жауапты.

  3. Басқарма Қоғамның мамандар саясатын жасап жүзеге асыруға, оңтайлы штаттық кестені бекітуге жауапты және жұмысщыларды жұмысқа қабылдау, қызметін бағалау, олардың жалақысы, жұмысшыларды оқыту, негізгі жұмысшыларды ротациялау және мамандарды басқарумен байланысты басқа да рәсімдерді, оларды қадағалауға арналған бекітілген стандарттар мен рәсімдердің болуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

  4. Мамандар саясатына жауапты бизнес-процестер иелері с жұмысщыларды жұмысқа қабылдау (конкурстық негізде), қызметін бағалау, олардың жалақысы, жұмысшыларды оқыту, негізгі жұмысшыларды ротациялау және мамандарды басқарумен байланысты басқа да рәсімдер үшін, сондай-ақ Басқарманың қарастыруына сәйкес есептілікті беруге жауапты.


2.1.5 Жұмысшылардың құзыреттілігі

  1. Қызметкерлердің құзыреттілігі Қоғамның алға қойған мақсаттарын орындауға қажетті білімі мен дағдыларын білдіреді және стратегиялық мақсаттарды ойдағыдай іске асырылудың негізі болып табылады.

  2. Басқарма Қоғамның ұйымдық құрылымына сәйкес құрылымдық бөлімдер туралы ереженің бекітілуіне, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес оларға енгізілетін жаңартулар мен оңтайландырулар үшін жауапты.

  3. Басқарма алдыға қойылған мақсаттардың орындалуын қадағалайтын және жұмысшыларға кері байланыс мүмкіндігін беру тәртібін анықтайтын ұйымдық құрылым шеңберінде құзыреттер мен өкілеттіліктерді бөлі рәсімін жасауға, Директорлар кеңесі немесе жалғыз акционер бекітуге жауапты.

  4. Бизнес-процестер иелері Қоғам жұмысшыларының лауазымды нұсқаулықтарында анықталған лауазымды (функционалды) міндеттеерін орындалуын қадағалауға, жұмысшыларға кері байланыс мүмкіндігін беруге және жұмысшылардың қызмет ету тиімділігін бағалауға жауапты.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет