-
Тәуекелдерді басқару жүйесі
-
Тәуекелдерді басқару үдерісіі Қоғам және оның еншілес, тәуелді ұйымдары қызметенің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған үдеріс барлық қауіпті тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және қадағалауға бағытталған, Қоғам қызметіне кері әсерін тигізетін тәуекелдер деңгейін төмендетуге бағытталған.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесі барлық қаржылық, операциондық, стратегиялық және құқықтық тәуекелдерді қамтиды.
-
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімді, ашық және тиімд қызмет етуін, сондай-ақ тұтас Қоғам бойынша тәйекелдерді бағалауды қамтамасыз етеді.
-
Директорлар кеңесі Қоғамның тәуекелдер картасын, регистрін бекітеді және Қоғам тәуекелдері бойынша есептілікті қарастырады.
-
Басқарма бизнес-процестер бойынша ішкі нормативтік құжаттарға енгізілген тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын бекітеді Қоғам тәуекелдері бойынша есептілікті қарастырады.
-
Бизнес-процестер иелері және ішкі бақылау жүйесінің қатысушылары Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметімен бірлесе отырып, үдерістік тәуекелдерді анықтап бағалайды және бизнес-процестер бойынша ішкі нормативтік құжаттарға енгізілген тәуекелдер мен бақылаулар матрицасындағы үдерістік тәуекелдерді рәсімдеуге жауапты.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметі үдерістік тәуекелдерді анықтап рәсімдеуде әдістемелік көмек көрсетеді және бизнес-процестер ұсынған ақпараттың сапасын тексереді.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметі байыпты тәуекелдерді анықтау рәсімдерін жүргізуге, Қоғамның тәуекелдер картасын, регистрін жасауға, Қоғам тәуекелдері бойынша есептілікті Директорлар кеңесіне, Басқармаға ұсынуға, тәуекелдерді басқару шеңберінде барлық рәсімдерді құжаттауға жауапты.
-
Тәуекелдерді басқару саясаты
-
Тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді басқаруды реттеуге бағытталған және Қоғамда негізгі шаралар мен қағидаларды, басқару шешімдерін қабылдау шарттарын қамтиды.
-
Директорлар кеңесі Тәуекелдерді басқару саясатын бекітуге жауапты.
-
Басқарма тәукелдердің түрлерін, оларды басқару әдістері мен тәсілдерін және келесілерді қамтитын Тәуекелдерді басқару саясатын жасауға жауапты:
-
Қоғам мақсаттарына жетуге теріс ыкпал ететін барлық байыпты тәукелдерді анықтау және бағалауға;
-
Мүмкін тәуекелдердің ықпал ету шамасын өлшейтін, анықтайтын әдістемені жасауға және енгізуге.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметі Қоғам қызметіне әсер ететін тәуекелерді жіктейді, оларды қалыпты деңгейде бақылау үшін коэффициенттер мен шектеулерді анықтайды, тәуекелердің пайда болу мүмкіндігін болжау үшін сыртқы және ішкі факторларды талдайды, тәуекелдерді басқару шеңберінде жоспарлар мен шараларды ұсынады.
БАҚЫЛАУ РӘСІМДЕРІ -
Қоғамның органдары мен жұмысшылары сақтауы тиіс ішкі бақылау рәсімдері, құжатпен белгіленген іс-шаралар жүйесі және Қоғамның мақсаттарын, міндеттерін және жоспарларын орындаудың тиімді ішкі жүйесін қамтамасыз ету, стандартты емес операцияларды анықтау және жасау, сондай-ақ Қоғамның Лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары тарапынан мүмкін болған заңсыз әрекеттер мен қауіптерді жою жөніндегі әрекеттер болып табылады.
-
Бақылаулар Қоғамның барлық деңгейінде жүзеге асырылады.
-
Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы келесілерге қол жеткізуге бағытталған негізгі үш облыс бойынша (операциондық қызмет, қаржылық есептілікті қалыптастыру және заңнама талаптарын сақтау) бақылау рәсімдерін жасауды, бекітуді, енгізуді және рәсімдеуді қамтамасыз етеді:
-
мүмкін деген тәуекелдердің болу ықтималдығын төмендетуге;
-
қателердің болуын алдын алуға және/немесе қателерді, олар болғанынан кейін, айқындауға;
-
бірін-бірі қайталаушы және артық операцияларды анықтауға;
-
кемшілліктерді және жақсартуды қажет ететін саладрды анықтауға;
-
ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметі Ішкі аудит қызметіне анықталға үдерістік тәуекелдер туралы ақпаратты дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
-
Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметі бизнес-процестер иелеріне олардың тәуекелдер және бақылаулар матрицасындағы (блок-сызба) негізгі және қосалқы үдерістік тәуекелдерді рәсімдеу бойынша дер кезінде әдістемелік көмек көрсетеді.
-
Қоғамның Тексеріс және бақылау департаменті бизнес-процестер иелеріне олардың тәуекелдер және бақылаулар матрицасындағы (блок-сызба) негізгі және қосалқы үдерістік тәуекелдерді рәсімдеу бойынша дер кезінде әдістемелік көмек көрсетеді.
-
Бизнес-процестер иелері ішкі бақылау мен тәуекеледрді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімдермен (тексеріс және бақылау департаменті, тәуекелдерді басқару қызметі) үдерістік тәуекелдерді және бақылау рәсімдерін анықтау кезінде өзара байланыста болады. Аталаған өзара байланыс кезінде бизнес-процестер өз бизнес-процестері иелері шеңберінде карталарды (блок-сызбаларды) үдерістік тәуекелдерді және бақылау рәсімдерін көрсете отырып жасайды/жаңартады, өз бизнес-процестері иелері шеңберінде тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын жасайды/жаңартады, ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар жоспарын жасайды.
-
Ішкі аудит қызметі бақылау рәсімдерінің операционық тиімділігін бағалап, тексеру нәтижелерін рәсімдеуге жауапты. Бағалау бизнес-процестер бойынша ішкі нормативтік құжаттарға енгізілген тәуекелдер және бақылауларматрицасы негізінде жасалады. Ішкі аудит қызметі бағалау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді және жақсартуды қажет ететін салаларды рәсімдеп, Ішкі аудит комитетіне және Қоғамдағы басқа да мүдделі жақтарға сәйкес есептілікті ұсынады.
-
Ішкі бақылау рәсімдері келесілерді қамтиды:
-
Қоғам бөлімшелерінің, жұмысшыларының және Лауазымды тұлғаларының мақсаттары мен міндеттерін, өкілдіктері мен жауапкершілігін Қоғамды басқарудың барлық деңгейінде орнатуды, олардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді;
-
установление полномочий по санкционированию операций: утверждение и осуществление операций только теми лицами, которые наделены соответствующими полномочиями;
-
міндеттерді бөлуді және Қоғамның Лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары өз міндеттерін орындауы кезінде мүдделер қайшылығының жоқ болуын;
-
Қоғамның органдары, бөлімшелері және жұмысшылары арасында ақпараттық қамтамасыз етудің сенімді жүйесін және ақпаратпен алмасудың тиімді арналарын құруды және жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
-
Қоғамның барлың жұмысшылары мен лауазымды тұлғаларына ішкі бақылауды сақтау жөніндегі олардың міндеттерін хабарлау және олардың ішкі бақылау жүйесіндегі рөлін ұғынуды;
-
Қоғамның құжаттарына сәйкес Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштерін және Қоғамның басқарма қызметкерлерінің әрбір жұмысшысы үшін негізгі қызмет көрсеткіштерін орнатуды;
-
Қоғам органдарының, бөлімшелерінің және жұмысшыларының қызмет өлшемдерін орнату және тиімділігін бағалауды;
-
Қоғамның тәуекелдерін басқаруды;
-
Қоғамның активтерін сатып алу/айыру, қайта құрылымдау мониторингі және оларға мүліктік құқықтарды сақтауды (активтердің бүтіндігін);
-
Қоғамның ресурстарын тиімді пайдалану мониторингін;
-
Қоғамның даму жоспарының және бюджетінің орындалу мониторингін;
-
Инвестициялық жобалардың іске асуын бақылауды;
-
Қоғамның есептілігін құру және уақытылы беру, бухгалтерлік және салық есебінің белгіленген тәртібін сақтауды бақылауды (бухгалтерлік, басқару, қаржылық, салық және басқа да);
-
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, Қоғамның ішкі құжаттарындағы, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың нұсқауларындағы талаптардың сақталуын бақылауды;
-
Қоғам органдары қабылдайтын шешімдердің орындалуын бақылауды;
-
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның ұсыныстарының, сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің ұсыныстарының орындалуын бақылауды;
-
Қоғамның ақпаратты ашуының белгіленген рәсімдерінің орындалуын бақылауды;
-
Қоғамдағы құжат айналымның белгіленген рәсімдерінің орындалуын бақылауды;
-
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін жыл сайын бағалауды;
-
Ішкі бақылау рәсімдерін тиісті құжаттауды;
-
Қоғамның ішкі құжаттарында ескерілген басқа да рәсімдерді.
-
Бақылау рәсімдерінің орындалу тәртібі міндетті түрде келесілерді қамтуы керек:
-
Бақылау рәсімінің орындалу мақсаты (бақылау объектісі мен міндеті);
-
Бақылау рәсіміне жауапты орындаушы (иесі);
-
Бақылау рәсімі шеңберінде орындалатын іс-әрекеттер тәртібі;
-
Бақылау рәсімінің орындалу жиілігі мен мерзімі;
-
Бақылау рәсімі құралдары (техникалық құралдар, ИТ-жүйелер, құжаттар мен есептіліктер);
-
Бақылау рәсімі орындалуының нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |