Негізгі идеясы Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған. Адам мінезінің әртүрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай, түсіністік танытуға шақыратын шығарма.
Кейіпкерлері Ләйлә — шығарманың басты кейіпкері. Мүгедек, әрі мәңгілік бала бейнесі сақталған жан. Өмірінің тәттісінен көрген қиындығы басым болған. Тағдырдың тәлкегіне ұшырағанынан бөлек, Қатираның үйінің құлына, елдің мазағы мен аяушылығына айналған десек болады.
Қатира — Ләйләнің әпкесі. Ләйләнің қайғысымен бөлісу орнына оны жерден алып, жерге салған аяусыз жан. Өзінің жалғыз ұлының қамын жеген ана.
Құмар — Ләйләнің бала күнгі жақын досы. Ол бала кезінде Ләйләні «ләйлек» деп атаған, оның нәзіктігімен түсіндірген.Тойдағы Ләйләнің елестеткен жаны.
Әжесі — Ләйләнің балалық шағында тек жылы сөздермен жұбатып, қуантқан тұлға. Ләйләнің олмен тек жақсы естеліктері сақталған.
Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар.