Негізгі бөлім Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдары терең толғантқан. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан-жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алған (XV-XVIғ.ғ). Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуы, жетуі-тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы.
Аристотельдің көзқарасында — дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан-жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның «эстетикалық дамуы» қажеттілігіне назар аударды. Кейіннен жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан «еңбек пен оқытудың бірлігін» жан-жақты даму деп қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман «утопистік» сипатта қала берді.
XVIIғ француз философ-ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне «ақыл-ой мен адамгершілік тәрбиесін» қарастырады. Ж.Ж Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.
Жан-жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г Чернышевский мен Н.А Добролюбовтар да қолдады. Н.Г Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы-қоғамдық идея жағынан ұстамды, күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдірді.
Маркстік философияның негізін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан-жақты дамуы жайлы пікірлерінде «ақыл-ой» тәрбиесімен «дене» тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін «техникалық оқумен» ұштастырды. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірінде ғылыми түрде дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келе, ол үшін жас өспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне аса назар аударды.
Жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру-тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып ету керек, яғни тұлғаның екі педагогакалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытталған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақынырақ жетелейтін жарқын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.
Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде батанын жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл—ойын дене бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңынын талаптары жатыр. Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материялдық та жағдайлар жасау қажет.Ол үшін:
Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
Оқу-тәрбие беретін мекемелердің материялдықтехникалық базасын үнемі жақсартып отыру;
Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т.б. ұғымды ұйымдастыру;
Жастардың денсалығына қамқорлық жасау, оларды жаппай дене тәрбиесімен күнсайын айналысуын .насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт секцияларын ұймдастырып, спорт залдарын қажетті жабдықтар мен қамтамасыз ету;
Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-жағдайын, материялдық ахуалын жақсарту;