Факультеті: Филология Тобы: ФҚӘ-211


ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ



бет2/10
Дата12.10.2023
өлшемі409.86 Kb.
#480500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
айнура философия

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» – саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Suреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.
Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың басым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ештеңеге айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үміт » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет