Факультеті: Филология Тобы: ФҚӘ-211



бет6/10
Дата12.10.2023
өлшемі409.86 Kb.
#480500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
айнура философия

Структурализм – ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. Лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви-Строс (1908). Структурализм бағытының
өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгілер жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назарды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды, некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсетті. Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айтқандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.
Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл – болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.
Неміс философы Х.Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жариялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герменевтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ойларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім «Хакім Абай» атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет