Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Қайнатылған тұзды анықтау



бет53/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Квалиметрия

1.4 Қайнатылған тұзды анықтау
Сынауға – тұздалағн балық, кептірілген, ысталған балық жатады. Балық құрамындағы тұздың мөлшері бойынша: әлсіз тұзды – 6-10 %; орта тұзды – 10-14 %; жоғары тұзды – 14 %; тұздалған сельдь (әлсіз тұзды – 7-10 %; орта тұзды – 10-14 %; қатты тұздалған – 14 % жоғары), суықтай ысталған сельдь – бірінші және екінші сортты – 5-14 %, балычок – сельдь бірінші және екінші сортты – 5-12 %.
Талдауға дайындау барысында сынаманы диаметрі 3-4,5 мм болатын ет тартқышта ұсақтап алады. Ұсақталған сынаманы бөліктерге бөліп бірінші сынаманы зерттейді, ал екіншісін қақпағы бар шыны банкіге салып, сынау біткенге дейін суықта сақтайды.
Талдау барысы: Дәлдігі +0,01 г 5 г ұнтақталған сынаманы өлшеп алып, оны менискалық стақанға салып, 100 мл дистилленген су қосады. 10 минут тұрғаннан кейін, 5-10 мл сүзгішпен 0,05 н азотқышқылды күміспен ақшыл-қызғылт түске боялғанша фильтрлейді.
Сынаманы су моншада 40 °С температураға дейін стақанда қыздырады, осы температурада 45 минут ұстайды және қағаз сүзгішімен сүзіп алады. Белгілі температураға дейін суытылғаннан кейін 5-10 мл сүзіндіні 0,05 н азотқышқылды күміспен ақшыл-қызғылт түске боялғанша титрлейді.
Хлорлы натрий құрамын (Х1, %) келесі формула бойынша есептейді:
0,00292*K*Y*100*100
Х=--------------------------------
Y1*M
мұндағы, 0,00292 – эквивалент 1 мм 0,05 н азотқышқылды күкірт ерітіндісіндегі хлорлы натрийдің салмағы;
K – 0,05 н азотқышқылды күкірт ерітіндісі;
Y – 0,05 н азотқышқылды күкірт ерітіндісініңсынамасын ерітіндіні титрлеуге кеткен мөлшері;
Y1 – титрлеуге алынған судың мөлшері;
M – сынаманың салмағы, г.
Қатарынан жүргізілген анықтамалардың нәтижелері арасындағы айырмашылық 0,1 % жоғары болмауы керек.
Санитарлық бағалау. Зертханалық талдаудың балықтың органолептикалық көрсеткіштері мен қанағаттандырмайтын нәтижелері кезінде балықты кулинарлық өңдеуге жібереді. Егер зертханалық сынау нәтижелері балықтың балауса екеніне күмән тудырса, онда оның шығарылуы туралы сұрақ комиссионды санэпидстанцияның санитарлық дәрігерлерімен бірге келісіліп шешіледі, ал сапасыз балықты техникалық жолмен жоюға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет