Арман болып жүрегімде тұрарсың...
29.12.2005жыл.
САҒЫНЫП ЖҮРМІН ТАҒЫ.
Сағынып жүрмін тағы ,
Жұмақтың сен бір бағы .
Үніңді ести алмай ,
Көркіңнен ес жия алмай ,
Дауылмын даладағы .
Қайдасың қарашығым ?
Жүректің жарасы мың .
Бойыңа сыйлағандай ,
Құдірет бар асылын .
Бұлақсың құлап аққан ,
Үмітсің шамын жаққан .
Іштегі шерді айта алмау ,
Қиын ғой қиянаттан .
Күлші өзің мұңаймашы ,
Жүзіңде жыр , ойлашы .
Жарқырап жайнасыншы ,
Жанымның мың айнасы .
Сағынған сәттерімде ,
Жүректің бек төрінде .
60.
Тұрасың елес болып ,
Сыр сақтар дәптерімде .
08.01.2006жыл.
ТАҢҒЫ СЫР .
Қуанып қалдым дауысыңды есітіп ,
Жадырап кетті жаным да .
Балаша мәз боп , алғандай бестік ,
Орандым ыстық жалынға .
Мөлтілдеп тұрсың , мөлдірей аққан ,
Бұлақтан өзен таза емес .
Мейірімдісің , мейілінше сақтан ,
Өмірдің бәрі жаз емес .
Күн көріктісің , көркем мүсінсің ,
Ерекше туған елік ең .
Кім мені сендей іштей түсінсін ?
Кездесер қай күн сенімен ?
Көрдім де таңғы топ-толық айды ,
Нұр шашып тұрған сен дедім .
Шуақты күнін кім сағынбайды ?
Сезімтал , сұлу өрнегім .
Қар басқан дала сезімді ұғып ,
Сырларын бүгер мың түннің .
Қалатындай-ақ алдымнан шығып ,
Сағына алға ұмтылдым .
13.01.2006жыл
СЕН МЕНІ САҒЫН...(Әні бар»
Сағындым сені , сен мені сағын ,
Күтумен көкке телмірдім .
Өмірде мынау қас қағым , ағын ,
Шаттанып күліп сен жүргін .
Арманмен кеттім алысты аңсап ,
Жүректе тұрсың дүрсілдеп .
Қарайлап жүрсең жадырап , жар сап ,
Жаныма шуақ үн сіңбек .
Сағынышымсың айналған сырға ,
Өзіңді күттім мың уақыт .
Сарғайған гүлдей тұрамын қырда ,
Дауысыңды есіту шын бақыт .
61.
Далада ақ қар , дидарың әппақ ,
Тап-таза сендей нұрлы әлем .
Көлеңке көңіл жарығын жақпақ ,
Айналам жырға сірә мен.
Әлемге сыймай, алаулап кеттім ,
Жүрекке жақын үнсің бе?
Күлімдей күліп көгінде көптің ,
Сағынып мені жүрсің бе ?
20.01.2006жыл.
ҒАЖАЙЫП НҰР .
Жұлдызды сәттер өтті ғой бастан
Шуақты күндер көп болды .
Сиқырлы түндер таусылмас дастан ,
Сағымдай болып жоқ болды .
Қар бейнелі қыз , жаныда сұлу ,
Кенеттен келген көркем-ді .
Жалбыздай иісі , жанары жылу ,
Жұлқынып жүрек өртенді .
Қиыла қарап , үзіле сөйлеп ,
Жүз жылғы бейне таныстай .
Әуені назды , жүректі түйреп ,
Тербелдім тұрып алыста -ай .
Шұғыла шашты , шуаққа ендім ,
Ғажайып нұрға шаттандым .
Өмірге бәлкім қайтадан келдім,
Алдында арай ақ таңның .
Жүрегім жылап , жаным да күйреп ,
Сағыныш отта жанғанмын .
Арулар аз да , сұлулар сирек ,
Түбі жоқ терең талғамның .
Бәрі өтіп кетті , қимастық сезім ,
Қарменен жауған гүлсің бе ?
Көркемді көзбен көретін кезім ,
Нысаппен жүрек дүрсілде .
30.01.2006жыл.
ҚАДІРЛЕ ӘР СӘТ ҚИМАСТЫҚ .
Кешегі бар бүгін жоқ ,
Өкінтер орны ойсырап .
62.
Шырғалаң өмір , шығын көп ,
Жауабы жоқ кей сұрақ .
Көкірек кеуде , көкте күн ,
Үмітті әркез үзбедік .
Көңіл-күй күтер көктемін ,
Сағынышымызды іздедік .
Жаралап жүрдік жүректі ,
Уайымның жүгін көп артып .
Айта алмай қалдық тілекті ,
Ең жақын жанды жоғалтып .
Қонақ боп жүрміз жалғанда ,
Қадірле әр сәт қимастық .
Қол жетпес әр жан арманда ,
Қалары мәнді сыйластық .
Ажалға айла табылмас ,
Өмірмен өмір жалғасқан .
Адамсың адал бағыңды аш ,
Жаманшылыққа бармастан .
31.01.2006жыл.
ҚАРАҢҒЫ ТҮН ...
Қарңғы түн ...
Тылсым дүние ,
Қимас шақ .
Санаңды үн ,
Мәпелейді ғарышта .
Денең балқып ,
Маңдайыңа сыймас бақ ,
Көңілің шалқып , жетелейді жарысқа .
Өртенесің , жалын шашып, жан-жаққа ,
Еркелесің елжіретіп ерітті .
Ақ сазандай ілінесің қармаққа ,
Көркем күйге кенелесің көрікті .
Ешнәрсе де жетпейтұғын шырын сәт ,
Мәңгі естен кетпейтұғын тың кезең .
Жастық шақтың жарасымы көңіл шат ,
Әттең қайта келмейтінін шын сезем .
02.02.2006жыл.
ТЫНЫМСЫЗ ӨМІР ...
63.
Сен маған не істеп қойдың?
Елеңдей берем езіліп .
Орандым отына ойдың ,
Сағынышың салқын сезіліп .
Дауысыңды естігім келіп ,
Көркіңді көруді қалап .
Құдірет күш еркімді жеңіп ,
Тартады гүл-жұмақ-жаннат.
Сағындым , сарғайып келем,
Аңсаудың алауындамын.
Сырласым-жыр, қайық-өлең ,
Үміттің жағалауындамын .
Биіксің арман қол жетпес ,
Алыссың ару алтындай .
Менімен қобыз бір тектес ,
Мұң іште қалды тартылмай .
Бәріне төзер ғажап ер ,
Жаныма күнсің күлімдеп .
Тынымсыз өмір маза бер ,
Тыныштық керек бүгін тек .
04.02.2006жыл.
БАҚЫТТЫ СӘТТЕРІҢДІ ҰҒЫН.
Бақытты сәттеріңді ұғын ,
Келісті көктемім көркем ,
Балауса , бал дәурен бүгін ,
Көмескі күңгірттеу ертең .
Арманға жетелер мені ,
Көңілім күннен биікте .
Өкініш өтелер ме еді?
Жайнадым, жаурап , күйіп те .
Сездірмей шерімді ішкі ,
Сағынып тұрсам да аңсап .
Ерік пен жігерім күшті ,
Шаттанам жүрсем де шаршап .
Аман бол аяулы ару ,
Өзіңнен жылу табам мен .
Көңілім өзіңе зәру ,
64.
Адамның күні адаммен .
Көңілден көңіл су ішер ,
Жылы сөз көмек, көл еді .
Қайсарлық-қыран , аққу-шер ,
Сен жаққа бастап келеді .
15.02.2006жыл.
МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ .
Музыкасы мен өлеңін жазған Бертай Есмаханұлы
Президентім елімменен үндескен,
Даналығы келбетімен үйлескен .
Астана-жыр, Бәйтерек тұр дара боп,
Қыран халық биіктікте күй кешкен.
Президентім асыл туған ер еді,
Көріпкелдей алдағыны көреді.
Көсемдікпен , шешендікпен алда тұр,
Халқы қамал қолдаушысы сенеді.
Парасатты , ойы жүйрік , нар тұлға,
Отыз елге жетер үміт артуда.
Күні мәнді , түні сәнді елінің,
Кім алғысын жаудырмайды мәрт ұлға?!
Мейіріммен дидарына нұр тұнып,
Бас идіріп , алға қарай ұмтылып.
Бүкіл әлем түрегеліп қол соқты,
Барыс айға атылғанда жұлқынып.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Қайраттанды , ар намысты, нағыз от,
Ел еңсесі , халық қамы маңыз боп.
Абылайдай қасиетті қадірмен,
Ұрпақтарға мақтан болар аңыз боп,
Болашаққа үлгі болар аңыз боп.
16.02.2006жыл.
АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ .
Ауыл десем ,елестейді кең дала ,
Жаны таза азаматы аңғал ия .
Адамдығын ,қасиетін сақтаған ,
Қазақы ауыл , биіксің -ау сен ғана .
Ауыл десем , риза етер бірлігі ,
Күндіз-түні тыным таппас тірлігі .
Бір ауылды бір ауыз сөз тоқтатып ,
Қарияға бас иетін ірілігі .
65.
Ауыл десем , еске түсер бала кез ,
Бал күндер-ай қалайша өтті және тез .
Самал соғып , қамысы да ән сап тұр ,
Тек жүрекпен түсін оны және сез ,
Тек жүрекпен түсін оны және сез ...
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА.
Тал бойыңнан жылылық- нұр ескені ,
Жүрек тулап , көңілімнің өскені.
Сұлулықтан самал соғып санамда ,
Тұла бойым беймаза күй кешкені .
Мүсініңді жазып шықсам көркемдеп ,
Көздеріңнен талай жүрек өртенбек .
Қазағымның салт-дәстүрін сақтадың ,
Өмір бойы өсе бергін өркендеп .
04.04.2003жыл
Сағынып жүрмін , жүрекке жақын жанды іздеп ,
Қамығып жүрмін , санамда уайым мың тізбек .
Жалындап жүрген , жайраңдап күлген жан едім ,
Сарғайтты мені бір күз кеп ,
Сарғайтты мені бір күз кеп .
16.04.2003жыл.
СҰЛУҒА.
Шуақ боп тарағаның үшін ,
Дос деуге жарағаның үшін ,
Қиыла қарағаның үшін ,
Мен сені сағынамын ...
Тек мені іздегенің үшін ,
Үмітіңді үзбегенің үшін ,
Кінәмді тізбегенің үшін ,
Қасыңнан табыламын ...
Жасандылыққа бармағаның үшін ,
Өміріңді маған арнағаның үшін ,
Қиындықта тіс жармағаның үшін ,
Қайранмын жаныңа мың ...
Жаныңды алтынға балап ,
Ұнаттым жүрекпен қалап ,
Түсіндің көңіліме қарап ,
Ризамын бағыма мың !!!
66.
ЖЫР-МАРЖАН.
Мұңайдың гүлім неден?
Көзіңнен күлімдеген .
Дауысыңды есітіп жүрсем ,
Қиындық білінбеген .
Қармақпын дірілдеген ,
Балықсың ілінбеген .
Иісі мен дәмі ерекше ,
Қауынсың тілінбеген .
Ерекше үнің неден?
Дауыс көп гүрілдеген .
Ақылмен , парасатпен ,
Жүректі тілімдеп ең .
Мұншама үгілмеп ем ,
Ешкімге бүгілмеп ем .
Қарап бір тұрғандайсың ,
Жанымда діріл неден?
Жанымның бүгін де мен ,
Жыр-маржан гүлін терем .
Бар сырын ғашықтықтың ,
Ашамын түбінде мен .
04.12.2003жыл.
АҚ МАХАББАТ.
Алғашқы қар қонақ болып келді де ,
Кеңпейіл жер ақ дастархан жайыпты .
Қарлы ағаштар құс ұйқыға енді де ,
Басын иді болғандай бір айыпты .
Аяз жігіт әйнектерге гүл салып ,
Көктем қызға сағынышын жазғандай .
Ыстық лебін сағына ма мұншалық ?
Сұлу көктем қолға түспес назданбай .
Ағаш біткен қар салмағын сезініп ,
Кейбіреуі төзе алмай жер жастанды .
Табиғаттың мөлдіреген кезін ұқ,
Сұлулықты суреттеуі басталды .
Әппақ қар да ақ шағала, ақ үміт ,
Сонау көктен жерді аңсап келеді .
67.
Заңдылық бар байқап тұрған көз тігіп ,
Бар әлемде «Ақ махаббат» жеңеді .
14.12.2003.
ӘН «ҚЫРАН САМҒАШЫ БИІК»
Өмір өзгертемін ,
Жарқын мәңгі ертеңім .
Қайырмасы:
Қыран самғашы биік ,
Алтын күн сүйіп ,
Шырқашы көкте ,
Қосыл кел көпке ,
Жұлдызың жарық ,
Бағытың анық .
Шырқашы көкте ,
Қосыл кел көпке ,
Жұлдызсың жарық ,
Бақытың анық .
Үміт көп артамын ,
Өмір жаңартамын .
Қайырмасы:
Болмас қаймығуға ,
Бақыт байлығыңда .
Қайырмасы:
10.11.2004жыл ..Қадыр түні .
Қаншама тағдыр тұманды ,
Шешілмей қалған сұрақтар .
Күйзелтер күдік күмәнді ,
Күтеді қанша сынақтар .
Уайыммен кетем теңселіп ,
Жарқырар күнім қайда екен ?
Бақытты болып белсеніп ,
Шаттықта күлер қай мекен ?
МӨЛДІР СЕЗІМ ...
Мөлдір сезім , мөлдір қыз , мөлдір аспан ,
Қызықтырды күн батып , мың қыр асқан .
Жайнаған қыз жалынға орап кетті ,
Қарай бергім келеді , қия алмастан .
03.03.2005жыл.
ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛ ШУАҚТЫ СӘУЛЕ ІЗДЕЙДІ...
68.
Жабырқау көңіл , шуақты сәуле,
Іздейді , үміт артасың .
Жұмақты әркез жыр етер әулие ,
Шын өмір қайсы , қорқасың .
Иман мен сенім бастайды алға ,
Ақыл мен жүрек жөн сілтер .
Жақсылық үшін жаныңды жалда ,
Ажал ғой айқын кім үркер ?
Бәрі де жұмбақ , жараланасың ,
Қай жерде бітер ұлы елес ?
Жерде пайда боп , өрде таланасың ,
Пенденің күні күн емес .
Көңіл толмайды , бір нәрсе жетпес ,
Жалындап жүріп , жүдейміз .
Тамыры терең , түпсіз тілектес ,
Алладан рахым тілейміз.
07.10.2005 жыл. .
СҰЛУЛЫҚ...
Сұлулықты суреттесем сөзбенен ,
Көркемдікті көрсетер ем көзбенен.
Ерекшелік еркіндікті аңсайды ,
Тым бөлекше туылады өзгеден .
Есің кетіп елік мүсін елітер ,
Отқа орантып болат болсаң ерітер .
Тұйық болсаң түрлендіріп , түр беріп ,
Ашық болсаң ақ пейіліңді кеңітер .
Сұлулықтың сиқыры бар , сыры бар ,
Махаббатта қолдайтұғын пірі бар .
Аязда да күйіп , жанып ,өртентіп ,
Шілдеде ыстық жаурататын түрі бар.
Сұлулығы сағындырса назбенен ,
Жарасады ерке аққу қазбенен .
Көңіл-көктем күйіменен күмбірлеп ,
Жалғасады жаймашуақ жазбенен .
Аңдамадық ,аласұрдық , алқындық ,
Сұлулыққа талықсыдық , талпындық .
Бітіспес жау сыйықсыздық сұлулық ,
Мәңгі айқаста құштарлық пен салқындық . 69.
08.10.2005жыл.
Ән»ТАБИҒАТ АРУ»
Күлімдеп тұрды көкте күн ,
Ай-аққу тұрды қалықтап .
Бақытты болып кеткенім ,
Басымда тұрды анық бақ .
Қайырмасы:
Сұлулық баурап жанымды ,
Талдырды тұнық табиғат.
Құбылтып қызу қанымды ,
Көркейтті көркем ақиқат .
Мөлдіреп тұрған шыршалар ,
«Сағыныш менде , сез»-дейді .
Келіншек талды мұң шалар ,
«Келіп тұр тағы тез»-дейді
Қайырмасы:
От ойнап тұрды көзінде ,
Арудың ауып аңсары .
Беріліп тылсым сезімге ,
Табиғат бейне таң сәрі .
Бойымды тербеп сан ағын ,
Жүректе қалдың мекендеп .
Табиғат ару санадым ,
«Мәңгілік сұлу екен»-деп .
24.2006жыл..
ӘН « ӘПКЕЛЕР».
Әпкелер тым ерекше жаратылыс ,
Баянды олар барда жанатын іс .
Ағаға мақтан болып еркелеген ,
Ініге қамқор болып қалатын күш .
Қайырмасы:
Әпкелер , әпкелер ,
Күн шуағын төккендер ,
Жан мейірімін сепкендер ,
Көктемдер , көктеңдер !
Әпкелер ынтымақты ойлағаны ,
Елінің қызығына тоймағаны .
Үлгісі тектіліктің , қасиеттің ,
Жүректің жайлауында жайнағаны .
02.03.2006жыл.
ӨЗІҢЕ ӨЗІҢ ДЕМЕУСІҢ .
Өзіңе өзің демеусің ,
-
Өзіңмен өзің сырлассың .
Алдыңнан шығар дереу сын ,
Сұңқардай сақ боп сынбассың .
Өзге емес, өзің сенерің ,
Жақсылық жаса сауапты .
Басшысы өмір кеменің ,
Сақшысы сенсің жауапты .
Жүрекке әмір жүрмейді ,
Бүйрегің бұрсын бірлікке .
Көңілден көңіл гүлдейді ,
Сыйласу керек тірлікте .
Жақсылық шығар алдыңнан ,
Жылы сөз жанды емдеген.
Айныма адам қалпыңнан,
Әрбір шақ қайта келмеген .
Еңбекқор болғын шыдамды ,
Қадірлей білгін әр сәтті .
Ұмтылсаң іске ұнамды ,
Өмірің қызық мәні тәтті.
04.03.2006жыл.
ТЫНЫШЫҢДЫ АЛАМ ДҮНИЕ ...
Тынышыңды алам дүние ,
Жан айқайын салам мен .
Жеріңе ертең кім ие ?
Ие бол тілге санаңмен .
Қатігез болып барасың ,
Мейірім қайда кешегі ?
Дарабоз , дархан, дара ісің
Өшпенділіктен өшеді .
Иманды болу-шарт , негіз ,
Бір Құдай бары анық-ты.
Бөліну, күндеу-өрт ,теңіз ,
Батырып , өртер халықты .
Жеткенінше ойла санаңның ,
Отаның- байлық ордасы .
Ыстықтай қаны бабаңның,
Анаңның мөлдір көз жасы .
71.
Ескертем қалма еңіреп ,
Аспанға ұшқан будай боп .
Тұманға тартар төңірек ,
Құмдарға сіңбе судай боп .
Тынышыңды алам дүние ,
Жан айқайын салам мен .
Жеріңе ертең кім ие ?
Ие бол тілге санаңмен !
07.03.2006жыл.
АНА ТІЛІМ ...
Ана тілім-айбыным ,
Ана тілім-ай күнім.
Ана тілмен көркейдім,
Ана тілім-байлығым .
Ана тілім-шынарым ,
Ана тілім-құнарым .
Өміріме өрнекпен ,
Сән береді сыңарым .
Ана тілім -ардағым,
Саналы боп самғадым .
Абай атам қалдырған ,
Асыл сөзге қанбадым .
Ана тілім жаңғырып ,
Бар әлемді таң қылып ,
Қазақ елі тілімен ,
Жасай берер мәңгілік !
2005Жыл.
ӘН .»ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ»
Қандай жақсы досыңмен қауышқаның ,
Сырласқаның ,жүрекпен тілдескенің .
Қуанғаның , келгендей ғарыштағың ,
Дос көңілі ғанибет үндес пе едің ?
Қандай жақсы ақ пейіл , жан асылы ,
Шаршап тұрған жүйкені сап басатын .
Ынтымақ пен бірліктің жарасымы ,
Бауырлық пен мейірімге ұласатын .
Қандай жақсы мөлдіреп жауса жаңбыр ,
Найзағайдай сүйіктің көрінгенде .
72.
Күмбірлейді кеудеңде сырлы ән бір ,
Өрнегімен өмірің өрілгенде .
Қандай жақсы тау іші , тау самалы ,
Көз ұшында қарлы шың , шырша,бұлттар .
Осы емес пе жүректің аңсағаны ?
Бүтінделер бойыңда бар сынықтар .
Қандай жақсы әсем бау , керім дарақ ,
Сұлу дала жаныңды ұғатындай .
Жүректегі адамың тұрса қарап ,
Бақыттан бас айналып тұратындай .
11.03.2006жыл.
КҮРСІНБЕШІ ЖҮРЕГІМ ЕЗІЛЕДІ .
Күрсінбеші жүрегім езіледі ,
Күлімдеші күн болып көркемденіп .
Жанарыңнан жылылық сезіледі ,
Өкінбеші өсесің өркенденіп .
Бақытың тұр алдыңда нұрын шашып ,
Ертеңгі күн ертегі таң қалатын .
Бал-бұл жайнап жүресің , бағың тасып ,
Пешенеңде сені ойлар жан болатын .
Қайсар едің , алға ұмтыл,үзбе сенім ,
Жүрек -жалын , көзің-от бір беткейсің .
Әр адам таппай қоймас іздегенін ,
Көңіліңді көтеріп жүр кірлетпейсің .
Бағалай біл бағыңды келіп тұрған ,
Қиналған сәт әрине ұмытылады .
Қадірін біл , шақ кетер аласұрған ,
Бақытпенен байлықтың бір тұрағы .
Аялай біл бағыңды үш келетін ,
Өн бойыңнан шұғыла тұрса тарап ,
Ең аяулы жан едің түске енетін ,
Сен білмессің , тұрармын сырттан қарап .
18.03.2006жыл.
ЖАСТАР ӘНҰРАНЫ.
Ел болу ұраны,
Өрлеген өнермен .
Елімнің ұланы ,
Бақытқа кенелген .
73.
Қайырмасы:
Жастармыз жалынды ,
Қайратты қыранбыз.
Дарабоз дарынды ,
Ұғымтал ұланбыз .
Сымбатты саналы ,
Еңбекпен еренбіз .
Жаңғыртып жаңаны ,
Өрнектер өренбіз .
Бірлігім баянды ,
Ұрпаққа жалғаймыз .
Ынтымақ аяулы ,
Біліммен самғаймыз !
22.03.2006жыл.
ӘН: «ҚҰРСАҚ ШАШУ»
Достарыңызбен бөлісу: |