Ақ үміттің алауы жағылғанда ,
Пәк сәбидің иісін сағынғанда .
Көп тойлардың бастауы «Құрсақ шашу»
Бақ батамен ағайын ағылғанда .
Қайырмасы:
Алға сенім , арман мол тіршілікте
Бақыт алға жетелер түсінікте.
Перзентіңмен жалғасар бар ғұмырың ,
Өмір атты сөйлемде болмас нүкте .
Ертеңіңе аяулы мақсат құру ,
Жақсылыққа жадырап мойын бұру .
«Құрсақ шашу» -береке ,өмір мәні ,
Көптің көркем пейілін аңсап тұру .
30.03.2006жыл.
ҚЫРАН БҮРКІТ.
Мен сенің жаныңдамын , сезесің бе ?
Бір күрсініп қоясың , төзесің де .
Қаңтардың қайталанбас қарлы түні ,
Шуаққа орағаны мәңгі есіңде .
Пейіліңнің құрмет тұтып тазалығын ,
Соңғы сәт тағдырыңа мазалымын .
Дидарыңды аңсаумен көре алмадым ,
Жүрегіме соққы көп жазалымын .
Әз басымды ешкімге имес екем ,
74.
Көрік бердің керемет күйге бекем .
Ар алдында алаңдап, аласұрдым ,
Ешкімге де зияным тимесе екен .
Жан сұлулық үйлесіп тәніңменен ,
Қасиетің құйылған қаныңменен .
Жұлдызымдай жарқырап , жайнадың да ,
Сезімді селк еткіздің сәніңменен .
Қиял-қашық ,ой-орман , үміт үркіп
Арман-алыс, жігер-жұп , күдік кілкіп.
Шың басында биіксің , бақыттысың ,
Балапанын қорғаған қыран бүркіт .
04.04.2006жыл.
ЖАНЫМА ЖАҚЫН ЖАҚСЫ АДАМ .
Жаныма жақын жақсы адам ,
Көкірегі ояу , көзі ашық .
Адамгершілігі асқақ ән ,
Көмек беруге тым асық .
Жылы сөзі де жағымды ,
Ойлары ортақ ұтымды .
Бағалай білер бағыңды ,
Молайтар ырыс құтыңды .
Мейірімін төгіп ерекше ,
Жылытар жүдеу жүректі .
Бітім болмысы бөлекше ,
Көсемдігімен күні өтті .
Сағыныш сайрап санада ,
Жанымды жалын от демеп .
Берілер елмен баға да ,
Жылы сөз жанға көп көмек .
Ерекше бейне , нұр жаны ,
Өзгеден биік шоқтығы .
Өмірдің жайнап тұрғаны ,
Жақсы адамдардың көптігі .
19.04.2006жыл.
ҰЛЫМА.
Данабай кейін ұғарсың ,
Әкеңнің жұмбақ сәттерін .
Мән беріп оқып шығарсың ,
Сырласым өлең дәптерім . 75.
Алаңдап өттім сағынып ,
Жұмыс деп үйден бездім де .
Уайымнан моншақ тағынып ,
Көп күнім өтті сездің бе ?
Жете алмай ойдың шегіне ,
Арманмен кеткем алыстап .
Әр адам тартар тегіне ,
Жүйрік пен жүйрік жарыспақ .
Өзіңе артар сенім мол ,
Үмітім сенсің шын үндес .
Киелі , қасиет -тегің сол ,
Барыссың белі бүгілмес .
Ғұмырымды жалғар өзіңсің ,
Адам болуды тек көзде .
Жырымнан жылу сезілсін ,
Өмірде әкең жоқ кезде .
20.04.2006жыл
ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕ .
Өмірде бәрі болуы мүмкін ,
Құпия дүние , пәк , тылсым .
Сүрінгендерге артықтау күлкің ,
Құлауға өзің шақ тұрсың .
Маңғаздау болып , көріндің сыпа ,
Күлгенмен ішің жылап тұр .
Сырт бейнең сылқым , жан дүниең жұқа ,
Алдарсың , алда сынақ тұр .
Күйінетіндер күйгендей болып ,
Түпкі ойы рахат бас қамы .
Сүйінетіндер сүйгендей болып ,
Арбаумен айға асқаны .
Ызалысыңдар көзге қан толып ,
Ұрысқа дайын шеберсің .
Адамды сыйла , Құдайдан қорық ,
Түсінігі жоққа не дерсің ?
Жақсылық тіле , үмітті үзбе ,
Еңбекпен жас боп тұрарсың .
76.
Ілімді үйрен , білімді ізде ,
Білмесең ұялмай сұрарсың .
Қанағат керек , нысаппен қара ,
Тоба қыл ,тоңбай тойғанға .
Есепсіз байлық іштегі жара
Көмек ет қолын жайғанға .
Жақсылық тіле , жақсылық келер ,
Шығарма естен Алланы !
Имандылық пен сұлулық жеңер ,
Баянсыз өзге қалғаны .
02.05.2006жыл.
СҰЛУҒА.
Түсін менің жанымды , кінә артпашы ,
Ауыртқым да келмейді жүрегіңді .
Жан-арымның шың биік мұзарт тасы ,
Көңіліме өзіңнен гүл егілді .
Сағыныш көп жүректе тілгілейтін ,
Мазалаушы өзіңсің қорғаушым да .
Шұғылалы шаттықта нұр тілейтін ,
Жанашыр да өзіңсің барлаушым да .
Өмір өтті өзіңмен жанып шырақ ,
Сақтай алар ма екенбіз тең сезімді?
Көкейімде тұрады бір-ақ сұрақ ,
Бақытты ете алдым ба мен өзіңді ?
Өмір-өзен , келеміз бірге жүзіп ,
Жетіспеген , жетпеген не тәйірі .
Нұрғисамыз аман болсын өмір қызық ,
Дені сау болса адам ең бай , ірі .
Құдай деген адамсың құлқың дұрыс ,
Сұлулық пен сақтадың пәктігіңді .
Бақыттымыз жайнатты бізді ұлы іс ,
Жасырмаймын , бөліскін шаттығымды !!!
12.05.2006жыл.
ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ .(Сұлуға»
Жылы шуақ саған керек сезінем ,
Жылы сөзім саған дауа жаққаны .
Өміріңді көркейтсем деп көз ілем
Артқа тастап аласұрған аптаны . 77.
Амалым не әттең сенен жырақпын ,
Сағынышпен өтіп жатыр күндерім .
Сұлулығын тілеп тау мен қыраттың ,
Сыйлар едім бүкіл әлем гүлдерін .
Имандылық тұнып тұрған жүзіңде ,
Әсем қылық әрлендірер жаныңды .
Шырша тектес жайнап тұрар күзінде ,
Мейірімділік жанарыңнан танылды .
Ерекшесің елден ерек еліксің ,
Қуанатын , мұңаятын ,өкпелер .
Мені сендей , сені мендей кім ұқсын ?
Жақсы көріп тұрып сырттай жек көрер .
Өмір қымбат дүниенің өзінен ,
Сағынысып айтатұғын сыр қандай ?!
Қайда жүрсем жүрегіммен сезінем ,
Айдай ару күтіп мені тұрғандай .
18.05.2006жыл.
Ән: «Аққойлы».
Ақойлы , мешіт елдің жанары да ,
Тым жақын жүрегінде бағалы да .
Тамыры тарихымен терең жатыр ,
Арыспен жұмбақ жасы ағады да .
Имандылық Отаны сыр көздеген ,
Көз тартады мешіті күмбезбенен .
Туған жердің қадірін мұнда білер ,
Туған елдің қадірін бір сезбеген .
Тоғайында ну қамыс , жиделері ,
Шалғын , гүлдер көк тілеп кимеледі .
Өзенінде тулайды балықтары ,
Көріктеніп көңілің күйге енеді .
Аққойлы аңсағаны далалықтың ,
Ізі қалған бұл жерде сан алыптың .
Ғылым ,білім дамыған ,дін жарқырап ,
Бола білген ордасы жаңалықтың .
Ішіне бәрін бүгіп , нәрін жинап ,
78.
Мешіт тұр сұлулығын елге сыйлап .
Алыстан ата-анамдай елжірейді ,
Жанына шақырғандай қолын бұлғап .
31.05.2006жыл.
СӨНБЕСІНШІ ЕЛГЕ ДЕГЕН САҒЫНЫШ .
Өз еліңде өгейлікті сезіну ,
Өз жеріңде кедергіге кезігу .
Өзім деген өзегіңнен тебеді ,
Қайдан шыққан безбүйректік , безіну ?
Өз үйіңде уайымменен көз ілу ,
Қалып барады адам сыйлау,сөз ұғу .
Қасқырлар жүр қой терісін жамылған ,
Бар арманы жалмап қалу , қол сұғу .
Өз тілінде сөйлей білмей жалтақтар ,
Сайқымазақ өзге тілді ардақтар .
Алтыныңды қолда барда қадірле ,
Неге керек түлкі бұлаң қорқақтар?
Не түсінер дүниені кезбеген?
Қиындықты ,сағынышты сезбеген .
Халқым деген қалаулы боп құбылып ,
Өзін биік санап жүрер өзгеден .
Шет елдерден иісі қазақ ағылды ,
Елді ойлады , топырағын сағынды .
Жапырақтай жүректерін жайғанда ,
Отанында «Оралман» ат тағылды .
Бауырлардың жанарында жас та бар ,
Шетте жүріп жайы жоқ еді аш қалар .
Ең керегі жылы қабақ, мейірім ,
Жылы сөз ғой жеткілікті , ас табар .
Бауырлардың жүрегінде жарылыс ,
Ата жұртқа , ұлы жерге табыныс .
Азғанамыз бірікпесек болмайды ,
Сөнбесінші елге деген сағыныш .
10.06.2006..жыл.
БАҚЫТ ДЕГЕН...
Бақыт деген көңілдің тоқтығында ,
Жүрегіңде уайымның жоқтығында .
Сезе білсең жаныңда алыста емес ,
Тілеулесте ,үмітте,текті ұғымда.
Бақыт деген денсаулық амандығың ,
Бір қуаныш келіп тұр саған бүгін .
Сенімділер серпіліп сергелдеңнен ,
Ынтымақты өткізер адал күнін .
Бақыт деген жанарда мөлдіреген ,
Мейіріммен шуақпен елжіреген .
Бақытты басқа жақтан іздегендер ,
Өкініште өртеніп ,еңіреген .
Бақыт деген жылы сөз, жылы қабақ
Әрбір күні өмірдің бізге сабақ .
Сағынасың сарғайып сағынғанды ,
Тілектестен тылсым нұр тұрар тарап .
Бақыт деген жаныңның үйлесімі ,
Өте нәзік көрінбес бейне шыны .
Бақыт деген көңілдің үндестігі ,
Сатылмайтын ,сатпайтын болмас құны .
Бақытты болыңыздар !!!
23.06.2006жыл.
ТАҒДЫРЫМ ТҰЛПАР ...
Тағдырым тұлпар ,әкетті алыс қиырға ,
Асқар тау әке айыпқа мені бұйырма .
Алақаныңды аңсаумен ана келемін ,
Сәби боп күттім биыл да .
Алыста қалды, аңсарым ауып сыйласқан ,
Көз жасын көріп , жүрегім жылап , қимастан .
Алтыным болған ауылым едің ажарлы ,
Әр күні жырлы , әр түні сырлы мың дастан .
Ауылым сенен тамырым мәңгі нәр алам ,
Бесіктей ыстық , құшағың оттай ораған .
Ынтықпын саған , өзіңе тартар тылсым күш ,
Биік беделмен, абыроймен асыл оралам .
03.10.2006жыл.
ҰМЫТҚАН ЖОҚПЫН .
Ұмытқан жоқпын ,кешегі күндер ,
Жалынға орап жандырған .
Жақсы жағдайға жеткізді кімдер ?
Іздеймін жауап тағдырдан .
80.
Жанарың жаздай ,мейірім төгіп ,
Нұр құйдың жүдеу жаныма .
Жақсылықтардың мың дәнін егіп ,
Бақыт құс болдың бағыма .
Күз келді міне ,алаңдай берем ,
Сарғайды жүрек жапырақ .
Жауабын істің ала алмай келем ,
Сағынып жүрмін бақылап .
Кешегі достар сөйлеспей тіпті ,
Қас жауым деген дос болды .
Қоңырқай күз кеп көңіл де күпті ,
Ауамен жаным бос толды .
Әр істе көсем , ақылың асқан ,
Өзіңсің едің , қырағы .
Жан дүнием аңсап , сені қимастан ,
Жүрегім іздеп тұрады .
17.10.2006жыл.
СЕНІ КӨРІП...
Сені көріп алаңдадым ,шарқ ұрдым ,
Қанатыңмен қиялымды қақтың да .
Жүрегімде алай -дүлей сан қырғын ,
Кімді іздедің ,бақытыңды таптың ба ?
Жанарың жаз,пәк дидарың ай қабақ ,
Бойың әсем , жаның нәзік , тал шыбық .
Көркемдігің , көрінісің бай сабақ ,
Дегендей-ақ:»Сұлулықты қалшы ұғып »
Нұрлы бейнең шыққандай-ақ ыршып күн ,
Клбетіңмен от боп лаулап жанасың .
Көзіңдегі көлге батып , тұншықтым ,
Күннен күнге жақын тартып барасың .
2006жыл.
Ән: Сен жаным .
Мөлдірер қарасың да ,
Пәк сәби баласың ба ?
Жаныма жақындашы ,
Енейік жарасымға .
От болып жанасың да,
Қасымда қаласың ба ?
Сұлу да сымбаттысың ,
81.
Бойыңда бар асыл да .
Қайырмасы :
Жанымдасың ,
Өн бойым қанымдасың .
Арманымсың ,
Тектісің ,талғамымсың .
Сен жаным .
Жағымды үнің неткен ,
Сені ойлап күнім өткен .
Ұйқысыз таңды атырдым ,
Өзіңді сүйіп көптен .
Көңілімді биік еткен ,
Дидарың үйір еткен .
Жүрегім сені аңсап ,
Соғысын жиілеткен .
24.10.2006жыл.
Ән: КҮЗ-ҚУАНЫШ .
Жапырақтар желмен ұшып ,сарғайған ,
Көңілімнің көріктенді көктемі .
Гүл келгендей ай бейнелі шалғайдан ,
Жүрегімнің қатты соғып кеткені .
Сені ойладым ,мазасыздау болдым да ,
Жан дүниеңнің сыр пернесін басқым кеп .
Бұлақ едің айналдың да толқынға ,
От лаулаған өн бойымда тасқын көп .
Сені іздедім , дидарыңды көрем деп ,
Жүрегімнің гүл бағына еніпсің .
Назың бөлеп , сазың бөлек елеңдеп ,
Елітетін елден ерек еліксің .
04.11.2006жыл.
Ән: Сағынамын .
Сағынамын ,жабығамын ,
Өзің едің жалын әнім .
Күн елесің , гүлденесің ,
Отқаоранып жағыламын .
Қайырмасы:
Сәби бейне , алау шырақ
Маза бермей мың бір сұрақ .
Көз алдымда жүре берші ,
Бақытымның мәнін құрап .
82.
Гүлдей нәзік ,елік тұлғаң ,
Бағым ба едің сеніп туған ?
Жүрегі бір адамдарды ,
Тас қабырға бөліп тұрған .
04.10.2006жыл
Ән:Ай мүсін -елік .
Саған асықтым ,
Саған ғашықпын .
Алыстасың, сенен қашықпын .
Қайырмасы :
От болып кеуде ,
Ұнатам деуге .
Қысыламын ,өзіңді көріп ,
Жақындап келші ,
Тек маған сенші ,
Аяулымсың ай мүсін -елік .
Сені іздедім ,
Үміт үзбедім .
Жақын келсең , ұялып «Сіз» дедім .
Қайырмасы:
08.11.2006жыл.
АҚ ҚАР -ӘППАҚ СЕЗІМ ,ЖҮРЕГІМДЕСІҢ .
Жеткізем қалай сезімді сөзбен басқалап ?
Баурадың мені , ерекше мейірім , қас қабақ.
Тәнтімін сенің жаныңның сұлулығына ,
Тоймадым тіпті , көңілім саған ашқарақ .
Сағынып кетем ,өзіңе жетем асығып ,
Өзіңді күткем , қайтейін оны жасырып .
Жүрегімдесің , жанарыңа еніп кеткенмін ,
Кірпіктеріңе жүрмесін моншақ асылып.
Жазылып келем жандағы уайым жарадан ,
Жаныма жақын дидарың назбен қараған .
Күн күлсе көктен күлімдеп тұрған «Сен» дедім ,
Әппақ сезімдерімді ұғарсың қардан бораған .
03.12.2006жыл.
ЖҮРЕК ҮНІ .
Қапа етпейін ешкімді ,
Жараламайын жүрегін .
Жүрек үні есітілді ,
Жылатып қалай күлемін ?
83.
Өнердің жолы ауыр жол ,
Сезімтал жаның сезгіш-ақ .
Көре алмас та көп ,бауыр мол ,
Жаралы жүрек төзгіш -ақ .
Сұлаттым сезім сұлуын ,
Кереметтерді көп көрдім .
Махаббаттың іштім мың уын ,
Жас келді міне шектелдім .
Өкінішім жоқ өмірге ,
Табиғатым тылсым тұнық тым .
Қызықпа оңай жеңілге ,
Қиындықтарда шыныққын .
Сәби боп келдік қуантып ,
Адам боп өту қиын сын .
Өзімізді жүрміз жұбантып ,
Алладан абырой бұйырсын .
03.01.2007жыл.
ІЗДЕРСІҢДЕР МЕНІ САҒЫНЫП...
«Аға»-деп биік көтердің ,
Сезіммен шыңға жетермін .
Бағалаймын бағыңды ,
Сағынумен өтермін .
Лүпілдеп соққан жүрегің ,
Ай-ару, нәзік гүл едің .
Зияным тимесе екен деп ,
Жанымды жеумен жүдедім .
Қасымда ұлым ,қосағым ,
Кімге мен обал жасадым ?
Жүректің жойқын жалынын ,
Сағынышын қалай басамын ?
Өмірден мен де кетермін ,
Құдайдың құлы екенмін .
Аңсары болып қалармын ,
Жыр сүйер мөлдір мекеннің .
Сезімнен сырға тағынып ,
Жатталар жырым табынып.
Ғасырдан ғасыр өткенде ,
84.
Іздерсіңдер мені сағынып ,
Күндердің күні әйтеуір ,
Іздерсің , жылап , сағынып ...
21.02.2007жыл.
ӘН: ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ .
Келбетің көрік берді ,
Жанымды жалындатып ,
Еріксіз еріткен-ді ,
Тоқташы ағын уақыт.
Көздерің күлімдеген ,
Дидарың , пәктігін-ай .
Мүсінің бүлінбеген ,
Шырайлы шаттығым-ай .
Қайырмасы:
Ай болып көріндің де ,
Күн болып сәуле шаштың .
Өлең боп өрілдің де ,
Мәңгілік жырға ұластың .
Сұлусың сымбаттысың ,
Алаулар ақ таңым-ай .
Құпия қымбаттысың ,
Аруым әппағым-ай .
Аялда ,кетпе алысқа ,
Шуақ боп жанымды еріт .
Айналдың сен ғарышқа ,
Көңіліме беріп көрік .
Қиялым құрақ ұштың ,
Арманым алаңдаттың .
Сезіндім ұлы күштің ,
Ғашықтық ғаламатын .
18.04.2007жыл.
Жақсылықтың жадыратты жаңа әні ,
Шуақты сәт мәңгі есте қалады .
Өмір неткен таңғажайып тәттісің ,
Сұлулықтан бас айналып барады .
19.04.2007жыл.
КӨКТЕМ-КӨРКЕМ.
Күн нұрымен шуақ шашып төккені ,
Жапырақтар желмен сырын шеркені .
Көктем-көркем күй төгілтіп кеудемнен ,
Сағыныштан жүрек дір-дір еткені .
85.
Сезесің бе жүректегі ән жырды ?
Сұлулығың естен мүлдем талдырды .
Табиғаттай тамсандырдың талпынтып ,
Көктембісің жаңбырлы ?!
Көркем мүсін сан қырлы !
23.04.2007жыл.
СҰЛУЛЫҚ СИҚЫРЫ.
Күй төгесің келбетіңмен күлімдеп ,
Жақсылықты жақындатар үнің тек .
Соншалықты туылармысың сұлу боп ,
Жүрегімді жараладың тілімдеп .
Көрдім сені ,тоқтай қарап қалдым да ,
Сәбимісің періштедей алдымда .
Сұлулықтың сиқырынан сүріндім ,
Жанарыңның жалынынан талдым да .
Жаның алтын ,дариясың ,данасың ,
Жүзің жарық , жымиясың ,жанасың .
Жанымда жүр ,менен алыс кетпеші ,
Жүрегімді бірге әкетіп барасың .
27.04.2007жыл.
ҚЫЗДЫҢ ЖАСЫН СҰРАМАҢЫЗ ОН СЕГІЗ .
Қыздың жасын сұрасаңыз он сегіз ,
Ару күлсе көтерілер еңсеңіз .
Сұлулықпен ұсталып тұр бар әлем ,
Әсемдікпен әрленеді сенсеңіз .
Қыздың жасын сұрамаңыз он сегіз ,
Шөлдесеңіз шөлдетпейтін ол теңіз .
Әдеміге қызығады барша жан ,
Өмірді де өрнегімен өлшеңіз .
Қыздың жасы сұрағанмен он сегіз ,
Өн бойынан жақсылықты терсеңіз .
Жан шуағы жадыратар жаныңды ,
Шырайына шомылуға келсеңіз ,
Қыздың жасын сұрамаңыз , он сегіз !
БИІКСІҢ СЕН...
Бұлақтайсың ,неткен таза , тұнықсың ,
Пәк сәбидей қарап тұрып қалдың да .
Сені мендей ,мені сендей кім ұқсын?
Жер жұмағы қал мұнда .
86.
Табиғаттай тамашасың талдайсың ,
Гүлден нәзік ,күннен ыстық жаның бар .
Таңқалдырар сөзің тәтті ,балдайсың ,
Жүрек жүдеп,сені талай сағынар .
Биіксің сен ,биіктікті қаладың ,
Таңғажайып тұмар болып тағылдың .
Аман болшы , жақын жанға баладым ,
Сұлу наз бен сымбатыңды сағындым .
15.05.2007жыл.
САҒЫНЫШ САЗЫ .
Жаңбырсың төккен себелеп ,
Көктемсің ,иісің баурады .
Өзіңе қойдың шегелеп ,
Жүрегім сенсіз жаурады .
Қиыла қарап қалдың да ,
Жанымды отқа тастадың .
Әуезді әнге салдың да ,
Құрбаның болдым қас қағым ,
Жанымды жуып ақ жауын ,
Езіліп кеткем күйреліп .
Қыран боп биік самғауым ,
Өзіңді көрген күй деп ұқ .
Жадырап менің жүргенім ,
Сен барда,шуақ силадың .
Өзіңмен бірге гүлдедім ,
Өзгеге тағы қимадым .
Күн болып қалдың кеудемде ,
Жүректе солымас гүл едің .
Сағыныш дерттен мені емде ,
Бақытыңды мәңгі тіледім !!!
16.05.2007жыл.
КӨРКЕМ МҮСІН .
Достарыңызбен бөлісу: |