Фармацевт —дәрігер, врач емші



бет5/5
Дата11.11.2022
өлшемі30.88 Kb.
#464623
1   2   3   4   5
уәждеме

Назгүл ҚОЖАБЕК
Термин жасауда қосымшасы өнімді жұрнақтардың біріне
саналады. Етістіктің  тұлғасы есім сөздерге жақын екені белгілі. Сондықтан
да бұл тұлғаны қимыл есімдерін жасайтын жұрнақ деп атаймыз. Қимыл 
есімдері істің я әрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның атауы 
ретінде қызмет етеді.

-у тұлғалы терминдер таза зат есімдік сипат алып, дерексіздікті 


білдіреді.

-у жұрнағы бұйрық райдан кейін келіп жалғанғанда белгілі бір іс-


әрекеттің аттарын білдіреді. Мысалы: үндесі, үйлеспеу, ұяңдану, толғау, 
терістеу, сөз жасау, жоқтау, сөйлеу, стильдеу, кейіптеу, сыңсу, 
терминдендіру, теңеу, байқау, болжау, даму, ойлау, қабылдау, пайымдау, 
тану, білу, қызығу, тәрбиелеу, қызғану, оқыту, үйрену, т.б. 

Орыс тілінен енген кірме терминдерге етістік тудыратын -ла, -ле


жұрнағынан
кейін
келіп
те
жалғана
береді:
абстракция+ла+у,  
биологизация+ла+у т.б.

Сондай-ақ  етістіктерде басқа да қосымшалардан соң тұрып жалғана 


береді. Мысалы: нерв байланысын актуалдандыру/Сөздік, 1976/.

жұрнағымен келген тіркесті терминдер сөздің басында келіп 
анықтауыш қызметін атқарады. Мұндай тіркесті терминдер екі немесе одан 
да көп сыңардан туады. Мыс.: еліктеу ойыны, даму стратегиясы, ағарту 
дәуірі, есептеу уақыты, жинақтау жүйесі, байланысу типтері, баяндау


әдісі, бейнелеу әдісі, қабылдау талғамдылығы, көру төмпешегі, тергеу 
практикасының психологиясы т.б.  
  
4. Терминдер жасауда өнімді болып табылатын жұрнақтардың бірі –
етістіктерге жалғанатын -ыс, -іс, -с қосымшалары.

-ыс қосымшалы терминдер дерексіздік ұғымды білдіретін терминдер 
болып келеді. Бұл қосымшалардың тіркесімділік қабілетінің артуы 
терминдер жүйесінде олардың белсенді терминдер екенін аңғартса керек. 
Мысалы: қозғалыс, байланыс, сөгіс, т.б.

5. Тағы бір өнімді жұрнақтардың қатарына -ым/-ім/-м қосымшаларын


жатқызуға болады. Мысалы: таным, ұғым, білім, сенім, сезім, т.б.


Орыс тілінен тілімізге көптеген жаңа жұрнақтар ауысты деген пікір 
бар. Осы пікірдің негізсіздігін І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтар былай деп 
дәлелдейді.  
«Сөз  
жасайтын  
жұрнақтар  
лексика-грамматикалық  
категорияларға жатады. Сондықтан олар басқа тілге тез ауысатын 
категорирялар емес. -изм, -ист жұрнақтары қазақ тілінде қазақтың байырғы  
түбір сөзінен бір де сөз жасамайды... Орыс тілінен қазақ тіліне жұрнақ 
ауықан жоқ» [77, 304].  
  
Шындығында, қазақ терминологиясы жүйесінде -изм, -ация  
жұрнақтарымен келген бір де бір қазақтың сөздері жоқ. Олардың бәрі орыс 
тілі арқылы енген кірме терминдерде кездеседі. Сондықтан да, біз мұндай 
жұрнақтар мен сөз алды қосымшаларын /префикс/ кірме сөздермен бірге  
алып қарастырамыз. Мысалы: конформизм, детерминизм, волюнтаризм, 
деперсонализация, абстракция, конвергенция, идентификация, антиципация, 
апперсепция, аккомодация, ассоциация, галлюцинация т.б. 
  
Сондай-ақ, қарама-қарсылық мәнде жұмсалатын еуропалық анти- 
/антипатия/ мен жаңа деген ұғымды білдіретін нео-/неофрейдизм/ сөз алды  
қосымшалары және парсылық бей/би (бейқамдық, бейтараптық) сөз алды  
қосымшаларының термин жасаудағы қызметі туралы көзқарасымыз да 
жоғарғыдай.  
  
Термин жасайтын өнімсіз жұрнақтар:  
-ма/ме қосымшасын терминшілер терминжасамдық қабілеті жағынан 
орташа қосымшалар қатарына жатқызады [78, 171]. Осы қосымшалар арқылы 
жасалған терминдер үлесі басқа салалық терминдерге қарағанда аз болып 
табылады. ма/ме арқылы жасалған толқыма зейін, тума қозғалыс түрінде 
тіркесті терминдердің құрамында жиірек кездеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Нұрмұхамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік. - Алматы: «Эвро», 2007. - 903 б.
2.Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. -А.,
1998.-208 б.
3.Балли Ш. Французская стилистика. – М., 1961
4. Назгүл ҚОЖАБЕК -Лықтың былығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет