3. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие саясатының қағидалары
Қазiргi кезде, мектепке дейiнгі бiлiмдi қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарының жүйесiнде адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің элементтерi енгiзiлiп отыр. Бiлiмнiң едәуiр көлемi жасөспiрiмдерге жоғары сыныптарда валеология сабақтарында, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерiне арнайы курстарда берiледi. Сонымен бiрге адамгершілiк-жыныстық тәрбие саласында бiрыңғай нысаналы саясат, осы пәннiң мәнi не және әлеуметтiк әрi медициналық тұрғыдан қалай оқытылуы тиiс екенiн бiлдiретiн нақты айқындама жоқ.
Халықаралық тәжiрибе адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мәселелерiмен тәрбиешiлер және педагогтар айналысатындығын көрсетедi. Дәрiгер тәрбие процесiне адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мақсатына өзiнiң көмегi арқылы жететiн болғанда ғана араласуы керек. Медиктердiң мiндетi барлық сатыдағы педагогтарды балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың психикалық-физиологиялық даму ерекшелiктерiмен және "акселерация" сияқты ұғымдармен таныстыру болып табылады. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие негiзiне салауатты өмiр салты жатады, сондықтан адамгершілік-жыныстық тәрбие қалыпты адамгершiлiк қарым-қатынастардан нәр алады. Ұрпақ тарату жөнiндегi ағартушылық iсi сексуалдық саулық мәселелерiнде қосалқы рөл атқаруға тиiс. Бiрақ ата-аналар мен педагогтардың бәрi бiрдей балалардың сұрақтарына дұрыс әрi ашық жауап бере алмайтындықтан, балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың ұрпақ жалғастырудың биологиялық астарларын бiлуi қажет.
Осы айтылғандарды негiзге алғанда, адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң мақсаты жас ұрпақтың бойына жынысаралық қарым-қатынастарда адамгершілiк құндылықтарды, өзiнiң тәндiк және психикалық саулығы мен жыныстық мiнез-құлқы үшiн жауаптылықты нысаналы түрде сiңiру жолымен жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Адамгершілік-жыныстық тәрбие мiндеттерiне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы азаматы жалпы тәрбиесiнiң бiр бөлiгi екенiне негiзделген адамгершілiк-жыныстық тәрбие саясатын қалыптастыру және оның денсаулығын сақтауына, неке мен отбасын мемлекеттiң қорғауына конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
2. Ата-аналарды, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды қоса алғанда, адам-гершiлiк-жыныстық тәрбиенiң қатысушыларын және олардың мiндеттерiн анықтау;
3. Бiлiм беру ұйымдарында адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң кезеңдерiн әзiрлеу;
осы жастағы топтың және бүкiл қоғамның арнайы бiлiмдi неғұрлым қолайлы, демек тиiмдi қабылдауына жағдай жасау;
4. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің сапасына бақылау ұйымдастыру.
Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие қағидаттарына мыналар кiредi:
өзiн және басқаларды құрметтеуге, өз өмiрiнiң балалық шағынан балғын жастық арқылы ересек кезеңiне ауысу сенiмдiлiгiне, болашақта салауатты отбасын құруға бағытталған мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде оқыту өткiзу;
жасөспiрiмдер мен жастардың бойына оң бағдарларды дарыту үшiн барлық оңтайлы жағдайды немесе олардың үлгiлерiн пайдалану арқылы бағдарламаны тез меңгеру мүмкiндiгi;
өскелең ұрпақты даярлау кезеңдiлiгімен үйлесiмдегi нысаналылық және төте әрi керi байланыстар тетiгi;
берiлетiн ақпараттың соқыр сенiмнен және "қажетсiз сексуалдықтан" ада дұрыстығы;
ерте басталатын сексуалдық тәжiрибелердi көтермелемеу, өзiн және өзгелердi құрметтеу, адам сексуалдылығын, сексуалдық белсендiлiктi қоя тұрудың себептерiн түсiну;
рухани, моральдық және сезiмдiк даму мәселелерiн қоса алғанда, жыныстық мiнез-құлықты, жөнсiз тәуекел мен тиiстi бастапқы алдын алу шараларын нақты бiлу арқылы тәрбиеге бiрыңғай тұрғыдан келу;
оқытушы кадрлар даярлау тәрбиешiнiң баланың мiнез-құлқын еппен бағыттауға, оның туындаған мәселелерi мен проблемаларын абаймен және сыпайы шешуге көмектесуге деген ықыласын оятатын бiлiм берудi басқару үлгiсiн әзiрлеу;
бала даралығы мен оның дүниетанымының қалыптасу кезеңiне жатқызылатын пәннiң ақпараттылығы, қол жетiмділігі және айқындығы;
өсiмталдық проблемаларын шынайылықпен баяндау кезiнде сексуалдық құштарлықты қоздырмау, керiсiнше, осы процестiң артында тұрған моральдық астарларды, отбасын құру мен бала туудың маңыздылығын көре бiлуге икемдеу;
жөнсiз тәуекелдiң (жүктiлiк, ЖЖБА және т.б.) алдын алу.
Аталған қағидаттарды iске асырудың маңызды нәтижесi жасөспiрiмдер бойында жынысаралық өзара қарым-қатынастарда адамгершiлiк дағдыға айналатындай моральдық қасиеттердi тәрбиелеу болуы тиiс.
4. Негiзгi бағыттар
Бiлiм берудің әр кезеңi - бастауыш, негiзгi және орта мектептерде немесе кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары бiлiм алған кезде - адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөнiндегi бiлiмдi меңгеруге және жетiлдiруге өз үлесiн қосуы тиiс.
Бiлiм беру ұйымдарында оқитындар:
1. сезiмге және өзара қарым-қатынасқа байланысты естiгендерiн талқылау кезiнде өзiне сенiмдi болуға;
2. жыныстық жетiлу кезеңiне дайын болуға;
3. зорлық қатерi төнген кезде үлкендердiң көмегi мен қолдауын сұрауға дайын болуға;
4. жасөспiрiмдердiң шешiмдерiн, пайымдауларын және мiнез-құлқын
айқындайтын оң құндылықтар мен моральдық шеңберлер қалыптастыруға тиiстi. Бiлiм беру ұйымдары: жасөспiрiмдердi жыныстық мiнез-құлықты ұғынуға, кездейсоқ жыныстық байланыстан тартынудың пайдасын және қауiпсiз секстiң артықшылығын түсiнуге үйретуге; отбасын құрудағы өз рөлiн тануды үйретуге; тәуекелге барудың (жөнсiз жүктiлiк, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны қоса) алдын алу жөнiнде ақпарат беруге және дағдыларды дарытуға; жөнсiз немесе қауiптi секске қарсы тұра білудi үйретуге; сексуалдық саулық мәселелерiнде қолдау мен көмек беретiн қызметтер мен ұйымдар туралы бiлiм беруге; қауiпсiз жыныстық мінез-құлықтың құқықтық мәселелері бойынша білiм беруге; адам өсiмталдығының негiздерi жөнiнде бiлiм беруге; адам ағзасына жыныстық жолмен берiлетiн микробтар мен вирустардың қандай зиян тигiзетiнi туралы бiлiм беруге; өсiмталдық үрдiсiне гормональдық қатысу туралы бiлiм беруге; ағзаның қорғану қуаты туралы бiлiм беруге тиiстi.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтар:
-
Ер бала мен қыздар ағзасында қандай ұқсас өзгерістер болады?
-
Тек қыздарда қандай өзгерістер болады?
-
Тек ер балаларда қандай өзгерістер болады?
-
Студенттер жеке гигиеналық дене тазалығы туралы нені білуі тиіс?
-
Лагерге қабылдап алуды қай маман жүргізеді?
-
Балаларды жазғы сауықтыру орталығының қандай түрі бар?
-
Жер теліміне қандай талаптар қойылады?
-
Балалардың денесін шынықтырудың негізгі іс- шаралары қандай?
№21
-
Тақырып: Балалар санаторияларына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар.
-
Мақсаты: балалар санаторияларына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар мен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстарды таныстыру
-
Дәріс тезисі.
Балалар санаториясы, науқас балаларды кезеңді емдеу тәрбиелеу оқыту процессімен тығыз байланысты, медико- педагогикалық мекеме.
Санаторияға 1-14 жасқа дейінгі балалар: демалу аймағында орналасқан санаторияға 5-14 жасқа дейінгі балалар; тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған және церебральды –спастикалық параличі бар балалар санаторияға 3 жастан бастап бағытталады.
Остеомиелит, полиартритпен сырқаттанған балалар үшін санаторияда жатып емделетіндерге орнының жартысы; тірек-қимыл аппаратының сырқаттары 20% жатып емделетін және нашар қимылдайтын балалар үшін қарастырылуы керек.
2. Жер бөліміне қойылатын талаптар.
Санатории территориясының ауданы медициналық профиліне байланыссыз шаруашылық аймағын есептемегенде бір орынға 200 м.кв кем болмауы керек. Аса бағалы демалыс факторлары бар демалыс орындарын орналастырғанда, санитарлық эпидемиолгиялық қызмет орталығының келісіммен бір орынға арналған ауданды 20% дейін азайту рұқсат етіледі.
Санатории территориясында қызметкерлерге арналған тұрғын құрылыстарды орналастыруға рұқсат етілмеді.
Санатории территориясында келесі қызметтік аймақтар болады:
-
Қабылдау аймағы (қабылдау бөлімі);
-
Тұрғын аймағы ;
-
Саябақ аймағы;
-
Дене тәрбиесі сауықтыру жабдықтарынының аймағы;
-
Оңашалау аймағы;
-
Шаруашылық аймағы.
Тұру аймағында жатын корпусы, оқыту, тамақтану, емдеу, мәдениет пен әкімшілікті - тұрмыстық мақсатқа арналған бөлмелер, ғимарат пен жабдықтар орнатылады. Тұру аймағы көшеден және жер бөлімінен ыңғайлы кіретін болуы керек.
Жатын, оқу корпустары мен тұру зонасы шекарасы арасындағы санитарлық қашықтық 50 м кем емес; санаторияның негізгі ғимараты мен көлік магистралі арасындағы қашықтық 150 м кем емес; Шаруашылық аймаққа дейін- 100м кем емес, жергілікті жолдан 30м кем емес.
Саяжай аймағына кіреді: ойн алаңы, көгалдану, оқу тәжирибелік бөлім.
Ойын алаңы бір балаға 5 м кв. келеді және жабдықталады: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жастағы балалар үшін-құм салғыштармен, әйткеншектермен, сырғанақ, сатылармен т.б.; үлкен мектеп жастағы балалар үшін- орындықтармен, айынға және кітап оқығанға арналған үстелдермен т.б.
Ауланың беті шөпті-құмды болуы қажет, плиткалы рұқсат етіледі, (гравиной) рұқсат етілмейді.
Санаторидің территориясы барлық ауданнаң 60% көгалдандырылған ойын ауласын қоса алған болуы қажет.
Жазғы уақыттағы күндізгі үйқыны ұйымдастыру үшін жатын корпустарына жабық дәліз, паркті зонаға жеке кіру жолымен орнатылу керек. (әр секцияға бөлек) немесе паркті зонада жабық аулада ағашты еденнен және үш қорғаныш қабырғаларымен орнату керек (әр секцияға бөлек.). Балалардың ыстықтап немесе тонып кетпеуі үшін қабырғаларды аз жылықұбырларымен жабдықталуы керек.
Жылдың суық мезгілінде үйқыны ұйымдастыру үшін жылыту верандаларын сонымен қатар жатын қапшықтарын сақтайтын бөлмелерді орнату қажет.
Шынықтыру-сауықтыру зонасында:
Спорт алаңдары (20 м2 1 орынға) және емдік шынықтыру сабақтары; балалардың жастық топтары бойынша және санаторияның медециналық профилі бойынша жабдықтау; ем пляждары.
Жатын және оқы бөлмелерінің арақашықтығы аулаға дейін 50м кем болмауы керек.
Спорт алаңдарын және сауықтандыру лагерлері сияқты жинау. Оларды қатаң режим бойынша пайдалануы керек, және медециналық персаналдың бақылауы бойынша.
Балалар пляждарының құрлысы және құрамы санитарлық талаптарға сай келу керек.
Оңашалау зонасы қалған территорияда алыс орналасу қажет, сауығап шыққан балалар үшін ыңғайлы подъезді жолдары болу керек.
Шаруашылық зонасының ауданы санаториидің орналасуы орнына тіуелді. Санаторияның курортты жерде орналасуына жалпы курортты котельня, кір жуғыш, гараж, комплексті мекеме, құрамына қосылатын жалпы комплексті шаруашылық зонасын жобалайды.
3. Ғимарат құрылымының архитектуралық- жоспарлық шешімге қойылатын талаптар.
Барлық санаториялардың функциясы бір жылдыққа арналған; негізгі құрылымның капитальды болуы қажет. Биіктігі 2 қабаттан кем емес; курортты зонада 3 қабатты ғимараттар рұқсат етіледі;
Санаториге оптимальді орын 250 орын, максимальді 500 орынға жабдықталуы тиіс.
Жатын бөлмелердің биіктігі 3,3 м кем емес болуы керек. Қабылдау бөлмелері балаларды қабылдауын кезінде олардың қамтамасыздандырылуы 2 патоктан кем болмауы қажет.
Санаториялардың жеке уақытымен емделушілердің қабылдау бөлмелері карантинді бөлмелермен блоктанады. Санаториге соңғы қабылданатын адам жалпы сыйымдылықтан есеппен 8% кем болмауы тиіс, және олар блокты палатадан тұрады, әр бөлменің ауданы 9кв.м. Жатын, емдік диагностикалық оқу бөлмелері, асхана және мәдени бөлмелері бір корпуста немесе бөлек блокта орналасады. Бұл бөлмелер тек төменгі қабатта: балаларға және персоналға арналған гардероб, кептіру сөрелері, біріншілік өңдеуден өтетін астық, пайдаланған тележкаларды жуу бөлмелері, шаруашылық шеберханалар орналасады. Цокальді этажды пайдалану мына жағдайда рұқсат етіледі: тратуар еденінен 0.7 м кем болмауы қажет.
Жер асты қоймаларына мұздатқыш камераларды, сақтау және қосымша бөлмелер, желдеткіш камераларын, көтергіш лифттерін орналастыруға болады.
Санаторияның негізгі дәліздердің ені остеомиелит, полиартрит салдарын емдеу және тірек – қимыл аппаратымен сырқаттанғандар үшін 2.4м кем болмау тиіс, санаториялардың қалған профильдері 2.2м; қосымша бөлмелердің ұзындығы 10м кезінде 1,25м, ал 10м артық болғанда 1.5м.болуы қажет. Палаталардың терезелері, класстық бөлмелері, ойын бөлмелері ориентация болуы қажет оптимальді ретінде Оң, Оң-Ш және рұқсат етілетін Ш. Ал солтүстік рубта палаталық секцияға ориентация орынның 10% рұқсат етілетін.
Санаторияларда пандустар орнатылуы қажет және ( остиоиелит, полиартрит салдары және тірек-қимыл аппаратымен сарқаттанғандар) үшін төсектерді және шаруашылық лифттерді орналастыру қажет.
Санаторияда жатын бөлмелерді оңаша палаталық секцияға орналастыру қажет, әр қабатта 2 секциядан кем болмауы қажет. Секция сыймдылығы 30 төсек. Секция құрамына кіретін ойын бөлмесінің ауданы 1.5кв.м кем болмау қажет, гардероб, кептіру шкафтары есеппен 0.6 кв.м. бір орынға арналған.
Екі секцияға: үтіктеуге арналған және киім тазалау бөлмелері есеппен 0.1 кв.м кем болмау қажет бір орынға , балалардың заттарын сақтауға арналған бөлме есеппен 0.2кв.м. бір адамға арналған.
Мектепке дейінгі балалар үшін палаталық секцияларға: жатын бөлмелер, асхана, ойын бөлмелері, әжетханалық құрайды.
Үйяшық 15 ке есептелуі қажет, секциялық 30 орынға жеке шығу жолдарымен болуы қажет; жатын бөлмелердің ауданы бір орынға 4,0 кв.м сай келу керек. Шешінетін бөлмелерде киім және аяқ киімге арналған кептіргіш шкафтар орнатылған.
Асхана мен ас үй бөлмесі балалармен қызметкерлерге қызмет көрсетуге есептелген, қызметкерлердің тамақтануы үшін жеке кіретін есігі бар арнайы зал бөлінуі қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тамақтану үшін асхана ойын ( бір адамға 2кв.м ); 3 жуу ваннасымен кептіру сөрелері мен ыдыс сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған асхана қарастырылады.
Тірек- қимыл аппаратының бұзылысы бар балаларға арналған санаторияда таратушысы бар асхананы, ыдыс жуатын бөлмені ; 3үйялы жуу ваннасымен, ыдысты кептіру арналған сөрелермен, ыдыс сақтау шкафы мен қажет болған жағдайда тағам беруге арналған көтергіштермен (подьемник) жабдықталуын қарастыру керек. Мектеп жастағы өз еркімен жүретін науқастар үшін тағам блогында 1 орынға 1.5кв.м келетін түстік залдары қарастырылады. Түстік залдың сыйымдылығы 60 орынан аспау керек.
Барлық санаторияда барлық мектеп жастағы балаларды оқыту қарастырылуы керек.
Тірек қимыл аппаратының бұзылысы бар жатып емделетін балаларды оқыту палаталарда жұргізіледі.
Қалған балаларды оқыту үшін жатын корпустарды және жеке ғимараттарды оқу бөлмелерін қарастырады. Сыныптағы адам саны 25артық болмау керек. Сынып ауданы 1 оқу орны 2.5м кв. Рекрияция ауданы 0.6мкв. 1 орынға. Оқу бөлмесінің құрамына ауданы 60 м.кв. химия, физика, биология сабағына арналған лабаратория кіреді.
Барлық санаторияларда тереңдігі 0.7-1 м дейін (4х9м)ваннасы бар емдік бассейін болуы керек.
4.Санитарлық техникалық жайлыландыру
Санатория ҚНмЕ сәйкес жылыту, желдету, электр қуатымен қамтамасыз ету, шаруашылық ауыз су жүйесімен, өртке қарсы және ыстық су, канализациясымен жабдықталуы тиіс.
Барлық негізгі бөлмелер радиофицирленген болуын су желісі және канализациясы болуы керек. Ауыз су МЕСТ «Вода питьевая. Гигиенические требования и контроль за качеством воды» талаптарына сай болуы керек.
Кір жуатын бөлмеден, ас үйден брезенттерді жуу, кірді сақтаумен регенерация бөлмелерінен іркінді суды жету үшін гидравикалық бітеу мен ауыстырмалы төрмен жабдықталған кір ұстағышы бар қойыншалар немесе трубалар қарастырылады. СНиП «Канализация, наружные сети и сооружения»).
Орналастырылған ауылдық немесе қалалалық сумен канализация жүейесі болмаса, су мен канализацияның жергілікті жүйесін таңдау туралы шешімді СЭҚ мекемесінің келісімімен шешіледі.
-
Балалар мен жер бөлімінің құрылымы мен санитарлық жағдайлары.
Негізгі бөлмелердің жиһазы мен жабдықтары емдік, емдік сауықтыру шаралардың оқу педагогикалық процесстің ерекшелігіне сәйкес болуы керек.
Жатын бөлмелер мен изолятор қатты төсекпен жабдықталуы тиіс.
Жатын бөлмелерді екі қабатты төсекпен жабдықтауға тыйым салынады.
Негізгі бөлменің қабырғасы, едені, төбесі, жазық, жуу мен дезинфекциялауға тиымды болуы керек. Қоқысты қоқыс жинағыштан жою керек. Территорияда шаруашылық қоқыспен жапырақ жағуға тиым салынады.
Жылдың жылы, ыстық, қапырық мезгілінде бөлмені су шашыратққаннан кейін және жабық терезелерде жинақталуы тиіс. Ыстық күні күніне 2 рет су шашырату керек.
Алаң жабдықтары ( үстел, орындық, денешынықтырушы жабдықтары т.б.) жөнделген болуы және күнделікті сүртілуі қажет.
Құм салатын жәшіктердегі құм айына бір рет ауыстырылуы; түнгі уақытта үсті қақпақпен жабылады.
Ойын алдында құм әлсіз ылғалдандырылып, кезеңді түрде қопсытылады; ластанған құм ауыстырылады. Жылдың жылы мезгіліне ай сайын құрт жұмыртқаларына топырақ анализін жүргізеді.
Күн сайын санатории бөлмелерін ашық терезе мен амбулаторды ылғалды жинастыру жасалынады. Жатын бөлмелерді жинастыру күніне 2рет (түнгі және күндізгі үйқыдан кейін) адам жоқ кезде жинастырады. Жатын бөлмелерді кварцтау балалар жоқ кезде жүргізіледі. Кварцтау режимі шам қуатымен дайындаушы завод тағайындалуына байланысты. Киімдер мен кілем жолдарын сулы щеткамен күнсайын сүртілуі, ал жылына 1 рет құрғақ химиялық тазалаудан өту керек. Мекеме жұмыс істеп тұрған кезде капитальді жөндеу жүргізу тыйым салынады. Ағымды ремонт тек балалар жоқ кезде жүргізіледі.
Төсек жабдықтары: матрастар, жастықтар, көрпелерді мауысым айында міндетті түрде таза ауаға шығарып желдету және кептіру қажет. Төсек жабдықтары жылына бір рет химиялық тазалауға тапсырылуы керек. Тамшы немесе ішек инфекциясын анықтаған жағдайда төсек жабдықтары 2рет щеткамен тазаланып 0,5% хлорамин ертіндісіне тұндырып немесе 0,5% хлордезинфекциясына салады. Вирусты гепатит сырқатылығы болған жағдайда олардың камералық өңдеу жүргізіледі, төсек жабдықтары залалсыздандырылғаннан 1сағаттан кейін бөлме жақсылап желдетілуі қажет. Емдік тамақтану әдістемелік ұсыныстарға сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Санаторилердің тамақтануы 5 реттік болуы қажет, ( қосымша 2 ші таңертеңгілік немесе 2 ші кешкі ас науқастың профилі және жергілікті жағдайға байланысты).
Күн бойына тамақтың құнарлығы бойынша жайғастыруы біркелкі болуы тиіс, түскі астың құнарлығынан басым болуы тиіс.
I нұсқа
|
|
II нұсқа
|
|
Таң ертеңгі ас
|
- 20%
|
Таң ертеңгі ас
|
- 20%
|
2-ші таңертеңгі ас
|
- 5-10%
|
Түскі ас
|
- 35%
|
Түскі ас
|
- 35%
|
Бесіндік ас
|
- 10-15%
|
сәскерлік
|
- 10-15%
|
Кешкі ас
|
- 20%
|
Кешкі ас
|
- 20%
|
2-ші кешкі ас
|
- 5-10%
|
6.Балалардың санаториядағы күн тәртібін ұйымдастыру.
Санаторияның емдік сауықтыру жұмысының маңызды элементі күндік тәртіб. Балалардың жас топтарына сай ажыратпалы болуы қажет, сырқаттылық формасын ескере отырып және жыл мезгілі мен корректировкасына тәуелді болуы қажет.
Санаторияда тәртібтің 3 түрі ұйымдастырылуы қажет; зақым келтірмейтін, тонизирлеуші және жаттықтырушы (жалпы).
Зақым келтірмейтін тәртіб уақытша барлық балаларға бірінші 5-7-10 күнге санатория жағдайына бейімделуге тағайындалады (барлық денсаулық жағдайына және бала жасына тәуелді ).
Бұл қозғалу активтілігін шектеуге, зақым келтірмейтін әдіс бойынша климаттық емдеу, жай ойындар, ақыл ой ауыртпалығын шектеуші, инфекция ошағын санациялау, диагнозды анықтау үшін керекті зерттеулер жүргізу. Бейімделуі жағымды өту үшін келесі кезеңге тонизирлеуші тәртібке ауыстырады. Климаттық процедураларды біртіндеп интенсивтілігінің үлғаюын қарастырылады, физикалық ауыртпалықтар, батпақпен емдеу, физиотерапия және оптимальді жасқа сәйкес дозаларын емдік әдістерін қолдану. Организмнің реактивтілігі қалыпқа келгенен кейін жаттықтырушы тәртібіне ауыстырады.
Оқу сабақтарының уақыты және санаторияда емдік процидураларын негізгі комплексін өткізу биологиялық ритм мен организмнің өсіп келе жатқан физиологиялық функцияларына сәйкес келуі керек. Санатории мектептерінде сабақты таңертеңгілік уақытта өткізген жөн, өйткені мектепке дейінгі балалардың ақыл ойдың жұмыс істеу қабілетінің дәрежесі 10-12 сағатқа жетеді. Санаторииде негізгі емдік комплекстерді сабақтан кейінгі уақытта өткізген жөн, өйткені организмнің вегетативті функцияларының активтілігі арта түседі. Күннің бірінші жартысында толық емдік процедураларды алалмай қалған балаларды, күндізгі үйқыдан кейін қосымша уақыт бөлінуі керек. Мұндай балалардың саны санаторияда ем кезеңінің ұзақтығына тұрақты болмау қажет. Күндік тәртібін құрастырған кезде санаторияның жазғы уақыттағы оқушылардың күн тәртібіне үлгі ретінде қарап құрастырған жөн, оқу жылына құрастырылған типті оқу планының санаторяның жалпы білім беру орта мектептеріне арналған.Балаларды оқыту барасында емік кезең кезінде сабақ ауыртпалығы сабақтан, әр сабақтың ұзақтығы 35 минуттан болуы қажет. Санатория мектебінің негізгі формасының жұмысы бұл- Сабақ. Сабақтың арасында үзіліс ұзақтығы 10мин, 2 сабақтан кейін үлкен үзіліс жүргізген жөн, ұзақтығы 35 мин. Балалрдың таза ауада болуына байланысты. Мәдени, пионерлі және үйірмелі жұмыстары сабақтың ұзақтығына біркелкі орналастыру қажет. Күн бойы 1.5 сағаттан аспау керек. Жазғы уақытта барлық тәрбиелеу шаралрын мәдени және спорт шынықтыру жұмыстарын ашық ауады өткізген жөн.
-
Санаторидің персоналдардың негізгі міндеттері мен жұмыс істеу ұағидаларын ұйымдастыру.
Санаторияда медициналық персоналдардың штаттары ҚР ДСМ аталған нормативтермен сай бекітіледі.
Санаторияда медициналық персоналдың міндеті:
-
Санаториге түскен барлық балалардың денсаулық жағдайын, ауыр сырқаттылықпен науқастанғандарды анықтау, продромальді кезеңдегі инфекциялық аурулар, тері көз және бастың шашты бөлігі жұқпалы және паразитарлы ауруларын анықтау мақсатымен тексеріс жүргізіледі.
Күнделікті науқас балаларға квалификацияланған кең физикалық емдік факторларды қолданып көмек көрсетіледі. Инфекциялық диагноз дәлелденген жағдайда ҚР ДСМ инструкциясы мен бұйрықтарына сәйкес шаралар өткізулуі тиіс.
- Тағам бологында жұмыс істейтін іріңді сырқаттардың бар жоқтығын қарау керек, ішек бұзылыстары туралы сұрастырып, нәтижесін арнайы журналға тіркеу керек.
- Санатории жұмыс уақытында науқас балаларды емдеу мен диагноздың, алдын алудың жаңа әдістері мен заттарын тәжирибеге енгізу. Санатории жұмысына басқа емдеу профилактикалық мекемелер жұмысымен байланысты іске асыру (аурухана, поликленика, диспансер т.б.).
- педагогикалық және техникалық қызметкерлер, ас блогі қызметкерлері арасында сан-ағарту жұмыстарын жүргізу; санаторийдің барлық құжаттарын күнде туралау .
Санаторийдің барлық қызметкерлері міндетті медициналық тексеріс өткізу бойынша инструкцияға сәйкес медициналық тексеріс пен қараудан өтуге міндетті;
Санаторий қызметкерлерінің жеке медециналық кітапшасы мекеменің бас дәрігерінде, ал ас блогі қызметкерлері медбике дәрігер –диетологта болады.
Балалардың тамақтануына қатысатын барлық санаторий қызметкерлері гигиеналық дайындық курсын өтіп, емтихан тапсыруы және жұмыс кезінде жеке бас гигиенасын сақтауы керек (2 жылда1 рет).
Ас блогы қызметі санитарлы киімнің кірлеуіне байланысты 2 күнде 1 рет ауыстыру қажет.
Ас блогында бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсететін аптечка болуы тиіс.
Санитарлық нормалармен ережелер орындалуын күнделікті қадағалануын санитардың бас дәрігеріне жүктеледі.
Санитарлық нормалармен ережелер орындалуын күндізгі қарағанды медециналық қызметкерлері атқарады: Кезеңді түрде СЭС қызметкерлері ДС мен кәсіподақ организациясы қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |