Фармацевтика академиясы



бет4/24
Дата09.07.2016
өлшемі1.67 Mb.
#186718
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Ағымдық бақылау:

уызша сұрау

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Ауызша сұрау


Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған

критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.



Жақсы

Бағалауға сай:

В+( 85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.

Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ (70-74);

С (65-69);

С-( 60-64);

D+(50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:



Р (0-49)


Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

-тестілеу

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Тест тапсырмаларын орындау


Өте жақсы


86-100% дұрыс жауап



Жақсы


75-85% дұрыс жауап



Қанағаттанарлық


50-74% дұрыс жауап



Қанағаттанарлықсыз


50%-дан кем дұрыс жауап

-студентің өзіндік жұмысын бағалау:

Пән 2 кредитті құрайды, онда студент 2 СӨЖ орындайды. СӨЖ-на максималды балл – 100, тапсырманы толығымен, қойылатын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсыруы тиіс.

СӨЖ-ді орындау түрлеріне қойылатын талаптар:

1. Реферат - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.

2. Презентация - оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,

негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;

Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

Мультимедиалық презентацияны бағалау критерилері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.

3.Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,

мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болу қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.



Рефераты дайындау және қорғау

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Рефераты дайындау және қорғау безендірілуі

Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Қорғау кезінде ешқандай қателер, түсінбеушіліктер жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйеніп, оларды бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса.

Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, мазмұны мен

безендірілуі рефератты жазу талаптарына сай, қолданылған әдебиеттер көлемі жеткілікті және соңғы жылғы шығарылымдағы болса қойылады.


Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Студент қорғау кезінде дөрекі қате жібермей, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде болмашы қателіктер жіберілген болса қойылады.

Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе, текстті қолмен жазса, реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе және пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.

Тақырып бойынша презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Тақырып бойынша презентация

безендіру



Өте жақсы:

А (4,0; 95-100%);

А- (3,67; 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.

Жақсы:

В+(3,33; 85-89%);

В (3,0; 80-84%);

В- (2,67; 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер де студент

Презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.



Қанағаттанарлық:

С+ (2,33; 70-74%);

С (2,0; 65-69%);

С-(1,67; 60-64%);

D+(1,0; 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде, материалды жйелей алмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презентацияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.



Қанағаттанарлықсыз

F (0; 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.

Тест тапсырмасын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Тест тапсырмасын дайындау


Өте жақсы:

А (4,0; 95-100%);

А- (3,67; 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. 1Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Жақсы:

В+(3,33; 85-89%);

В (3,0; 80-84%);

В- (2,67; 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Қанағаттанарлық:

С+ (2,33; 70-74%);

С (2,0; 65-69%);

С-(1,67; 60-64%);

D+(1,0; 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.

Қанағаттанар-

лықсыз


F (0; 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20 аз болғанда, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.

-Аралық бақылау:

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Сұқбаттасу және тестілеу


Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.

Тест бойынша 86-100% дұрыс белгіленген.



Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.

Тест бойынша 75-85% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Тест бойынша 50-74% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

Тест бойынша дұрыс жауабы 50%-дан кем.




-Қорытынды бақылау:

Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

20 сәүір 2011жылы бекітілген №152 «Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне» сай білім алушылардың қорытынды оқу жетістіктері 100 балдық шкаламен бағаланады, балдың цифралық эквиваленті 4 балға теңеледі.

Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың цифралық эквиваленті

%-дық құрылымы

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

233

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Жіберу рейтингін есептеу мысалы:

ЖРБ (жіберу рейтингін бағалау) = 80 +90 + 95 = 88,3

мұндағы 80 – тәжірибелік сабақтың орта бағасы;



90 – аралық бақылаудың орта бағасы;

95 - СӨЖ орта бағасы.



Жіберу рейтингінің пайызын мына жолмен анықтайды:

88,3х60% = 52,8 % (максимум 60%, минимум 30%)



ҚБ (қорытынды баға)

ЖРБ+ҚББ

50( 40%) – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша компьютерлік тестілеу).



Қорытынды баға құрамының пайызын мына жолмен анықтайды:

52,8%+ 40% = 92,8%

Барлығы:

1. қорытынды бақылау пайыздық құрамы 92 %

2. балдың сандық баламасы 92

3. балдың әріптік баламасы А-

4. дәстүрлік жүйе бойынша бағалау өте жақсы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:

• Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік дағдылары және т.б.).

Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.

• Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабуста және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетілген. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.

• Қорытынды бақылау - компьютерлік тестілеу. Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»кафедрасы


ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Пән: «Радиациялық гигиена»

Мамандық: - 5В110400 «Медициналық профилактикалық іс»

Оқу курсы мен семестр: 5-курс, V-семестр

Шымкент 2014-15ж

Дәрістер кешені «Гигиена-1,дене шынықтыру және валеология» кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітілді.


Хаттама № _______ «____» ____________2014ж.
Бекітемін

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Долтаева Б.З.



Дәріс №1

  1. Тақырыбы: Радиациялық гигиена пәні және мазмұны. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Заңды құжаттар.




  1. Мақсаты: Радиациялық гигиенаның өз бетінше ғылым ретінде шығу және даму кезеңдерімен, осы сала бойынша ҚР-ның заңды құжаттарымен студенттерді таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Радиациялық гигиена- бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шароаларды зерттеп, дайындайтын ғылым.
Негізгі төрт бағыты бар:

  1. Дозиметрлік, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты.

  2. Радиобиологиялық, бұл эксперименталды және эпидемиологиялық зерттеулер кезінде, ИС-дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттеу.

  3. Қызметкерлер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін гигиеналық регламенттеудің теориясы және методологиясы.

  4. Санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС қорғаудың тәжірибелік шараларын дайындаумен байланысты.


Радиациялық гигиенаның негізгі екі бөлімі:

  1. Иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын еңбек гигиенасы.

  2. Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған коммуналды радиациялық гигиена.


Радиациялық гигиенаның міндеттері:

  1. ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.

  2. ИС қолайсыз әсерінен қорғанудың жеке адамдық және жалпы шарапларының кешенін жасау.

  3. Қоршаған ортаның негізгі нысандарының ( ауаның, судың, топырақтың, тағамның) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.

  4. Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын-алу жөнінде шаралар дайындау.

1895ж- Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар рентген сәулесін ашты.


1896ж- Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын тапты. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды.
1899ж- Эрнест Резерфорд белсенді заттардың ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета- сәулеленулерді ашты.
1930ж- Фредерик Жолио-Кюри нейтрондық сәулеленуді ашты.
Радиациялық гигиена XX ғасырдың 40-шы жылдарының басында, салыстырмалы түрде беретін ғана, өз бетінше гигиеналық ғылым ретінде дами бастады. Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына иондаушы радиацияның әсерін зерттейтін және еңбек пен тұрмыс жағдайының радиациялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғьлыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.

Рентген сәулелері мен радиоактивті ыдыраудың ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды, сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.

Ары қарай осы ғылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану, сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің аныкталуы өз себебін тигізді.

Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялык әсері жөніндегі жеткілікті көп мәліметтер, иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын, көптеген елдердің күшін біріктіретін фуңдамент болып табылады.

Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы, жасаңды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық гигиенаның дамуына үлесін қосты.

XX ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министрлігі құрамында республикалық, қалалык СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.

Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бакылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те, сондай-ак, 14 облыстағы облыстық және Астана, Алматы, Степногорск қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық гигиена бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.

Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік, радиобиологиялық бағыттар, рұқсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін гигиеналық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы корғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.

Радиациялық гигиена бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөнінде», заңдарында көрсетілген, осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2.6.1.758- 99» және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.

Медициналық-профилактикалық факультетте радиациялық гигиенаны оқыту жекеленген кәсіптік топтар мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша объективті ақпарат алу үшін пәннің теориялық негізін меңгеруге, санитарлық-дозиметрлік зерттеулерді игеруге, сондай-ақ радиологиялық объекгілердегі алдьн-ала және ағымдық санитарлық бақылау жүргізу дағдыларын үйренуге бағытталған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет