«Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг»



бет3/9
Дата16.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#202855
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Илюстрациялы материалдар: 10 дана слайдтар
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Нарықтың негізгі түрлерін атаңыз?

  2. Нарықтық көлем деген не?

  3. Нарықтық потенциал деген не?

  4. Сатушы мен сатып алушы нарығы деген не?

  5. Басқа да классикалық нарықты атаңыз?



    1. Тақырыбы № 6 Сауда маркетингі




    1. Мақсаты: Студенттерді маркетингтің міндеттері құрылымындағы сатудың орны мен ролімен таныстыру


3. Дәріс тезистері:

Маркетинг – тауарды даярлауға дейін басталатын, өндірушіден тұтынушыға қарай тауар не қызметтердің жылжуы процесі. Өндіруші реальды және потенциалды тұтынушылардың нарығын зерртеп, тұтынушыға қандай тауар қажет екендігін анықтайды. Содан соң маркетингтік зерттеулер қөрсеткен, адамдар сатып алатын тауарды өндіреді.Өндіріске түскен тауардың өтімділігін, жылжуын, көтерме сауда орындарына,(делдалдарға) түсуін ұйымдастырады. Алайда, мұнымен маркетинг аяқталмайды, тіпті сатушыдан сатып алушының қолына тауар түскенде де аяқталмайды. Яғни ,маркетинг тауардың жылжуына қатысты барлық адамдар қызметінің жиынтығы. Маркетинг пен фирманың басшылары да, осы ұйымдардың арнайы бөлімдері де, осы ұйымдардың арнайы бөлімдері де, сатушылар да айналысады. Олардың әрқайсысы лауазымдары мен мамандығына сай маркетингтік мәселелерді шешу керек.

Бөлшек сауда сатушысы шешетін маңызды мәселелердің бірі – сатып алушымен контакт құру. Потенциалды сатып алушы дәл осы мезетте тауарды сатып алмаса да келесі жолы дәл осы дүкенге келіп өзіне қажетті затты осы жерде тұтынғысы келетіндей етіп қызмет жасау керек. Сатып алушының іс- қимылына дұрыс жауап қайыру арқылы сауданы жүзеге асыруға болады. Сатып алуға итермелеуді келесідей сызба бойынша көрсетуге болады:

Біріншіден, сатушы тұтынушымен контактіге түсер кезінде оның сатып алудың қандай кезеңінде тұрғандығын анықтау керек. Бұл мәселені шешіп болған соң,сатушы тұтынушыны бір кезеңнен басқасына өткізіп, соңында,сатып алу туралы шешім қабылдауға итермелеу керек. Егер тұтынушы ұзақ уақыт бойы сатушыны тыңдай тұра, еш нәрсе сатып алмаса, онда жақсы көрсетілген қызметтердің нәтижесінде келесі жолы қайта оралып, осы дүкеннен басқа тауар сатып алады. Ал егер сатушы тұтынушыны соңғы кезеңге жеткізіп, тауар сатып аламын деп шешім қабылдаса, онда бұл тіптен жақсы.

Сатып алудың құрылымдық сызбасы.
Қажеттілікті сезіну

Ақпарат жинау

Варианттарды (нұсқаларды) салыстыру

Сатып алу туралы шешімдер қабылдау

Сатып алудан кейінгі жағдай

Сатушы мен сатып алушылардың қарым қатынасы. Сатып алушылар белгілі бір тауарларды тұтынар алдын осы тауар туралы қөбірек ақпарат жинайды. Адайда ,сатып алу үшін бұл аз ақпарат. Чарльз Фатрелл : «Сауда саттық негіздері» кітабында: сатып алу жөнінде қандай шешімдер қабылдайтындығы коммерсанттарға белгісіз деген Ч. Фаттрелдің пікірі бойынша, тауарды өткізу үшін қара жәшіктің кибернетикалық принципін қолдану керек, бұл жерде жүйеге

Кіруге – тауардың презентациясы, жарнамалау және одан шығу – тұтынушыны тауарды сатып алу шешімін қабылдауға итермелеу, ал түтынушының ой – пікірі белгісіз болып қала береді.. Бұл кезде сатушының тұтынушгыға тікелей және жанама әсер етуі арқылы тауарды өткізу жүзеге асады.

Сатушымен қарым – қатынасқа түскеннен кейінгі тұтынушының мінездемесін келесі сызба бойынша аңғаруға болады.

Сатушымен қарым – қатынасқа түскеннен кейінгі тұтынушының мінездемесін келесі сызба бойынша аңғаруға болады.


Сатушы

Тауарды ұсыну




Сатып алушы




Стимулдар қара жәшік Реакция

(жасырын ойлау процессі) (сатып алу не)


Сатушы мен сатып алушының ірілендірілген моделі.

Фаттрел сатып алушының ой- пікірін анықтаудың 3 жолын кқөрсетеді, оның ой – пікірін білу арқылы сатып алуына әсер етуді ұсынады.


  1. Сатып алулардың барлығы рационалды немесе эмоционалды әсерлерден пайда болады.

  2. Коммерциялық қызметкерлердің тауарды ұсыну кезінде потенциалды тұтынушының пікіріне әсер етудің әдістемесі қарастырылған.

  3. Сатып алу кезінде тұтынушылардың назарындағы көптеген факторларды коммерциялық қызметкерлер қолдана алады.




  1. Иллюстрациялы материалдар: дәріс тақырыбы бойынша слайдтар


5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Сатушының маркетингтік міндеттемелері қандай?

  2. Маркетингтік мәселелер құрылымындағы сауданың алатын орны мен ролі қандай?

  3. Сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыс қалай жүзеге асады?

  4. Тауарды сатып алу туралы шешімді қабылдауға әсер ететін негізгі факторларды атаңыз?



    1. Тақырыбы №7 Маркетингтік зерттеулер




    1. Мақсаты: Студенттерді маркетингтік зертеулермен, оныңқұрылымы мен жалпы сипаттамасымен, маркетингтің ішкі және сыртқы факторларының сипаттамаларымен таныстыру.


3. Дәріс тезистері:

Маркетингтің факторларын екі үлкен маркетингтік топқа ішкі және сыртқы деп жіктеуге болады.

Ф. Котлер маркетингтің сыртқы факторларының құрылымында микроорта және макроорта факторларын бөліп қарастырған. Бұл топ факторларының табиғаты алуан түрлі, яғни мәліметтерді жинау мен өңдеу де әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Бұл қандай айырмашылықтар? Макроорта факторлары табиғат және жалпы қоғамның туындысы болып келеді, және кәсіпкерлікке қаншалықты қатыстылығы болса да, саяси факторлардың құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық саяси факторлар секілді заңдармен, салықтармен байланысты, кәсіпкерліктің тікелей туындысы емес. Микроорта факторлары бақыланбайтын және сыртқы болып келеді, кәсіпкерліктің (олар – қәсіпкерлік қызметінің өнімі) тікелей туындысы болып табылады.

Кәсіпкерлік тәжірбиесі көрсеткендей, егер, ұйым микроорта факторларына белгілі бір әсер ете алса да, онда макроорта факторларына әсер ете алмайды. Осылайша, микро және макроорта факторлары – бұл факторлардың әр түрлі топтары, ол туралы мәліметтерді жинау, талдау, өңдеу түрлі жолдармен жүзеге асу керек.

Маркетингтің факторлары – тауар, баға, смауда орны, табысты стимулдау – маркетинке тікелей қатынасы бар және ұйымның бақылауында болады.

Әдебиеттерде оларды әр түрлі атайды. Мысалы, Гарвард университетінің профессоры Нейл Борден маркетингтік әсер етудің объектісі ретінде осы төрт факторды маркетингтік қоспа

(marketing-mix) деп атады және бәлішке арналған қамырды дайындау рецептісімен салыстырды. Борденнің айтуы бойынша, бәліштің қамырын дайындау кезінде оған белгілі бір дәмдеуіштерді қосады, сыртқы түрін безендіреді және т. б. әрекеттер жасайды. Бәсекелестік жағдайында (яғни микроортада) орын алатын әр түрлі ситуацияларға тәуелді ұйым да дәл бәліш дайындағандай маркетингтік қоспаның белгілі бір пропорциясын сақтау үшін қаржылық , еңбек, т. б әрекеттерін бағыттап басқару керек.

Кейінірек, маркетингтіқ қоспаны « 4 р» деп атай бастады, яғни, ағылшын тілінен аударсақ:

Product – тауар

Price – баға

Place – сауда орны

Promotion- табысты стимулдау. Кейде осы қоспаны маркетингтік кешен деп те атайды.

Макроортаның факторларының құрамына келесілер кіреді.


  • табиғат

  • демография

  • саясат

  • экономика

  • әлеуметтік факторлар

  • ғылыми техникалық прогресс

  • мәдениет

Кәсіпорын мен ұйымның маркетингтік қызметіне және кәсіпкерлікке табиғи факторлардың қалай әсер ететіндігін зерттесек. Мұндай әсер етулердің бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, кәсіпорының өнімді шығару үшін ыңғайлыклиматтың аймақта орналасуы. Бұл мәселеге аса көп назар аударылмайды, алайда кейбір өнімдер шығару кезінде ең бірінші назарда тұрарлық фактор болып табылады. Мысалы, елдің солтүстік аймағында орналасқан тігін фабрикасына, салқын болатын жерде, шомылуға арналған киімдерді тігуінің пайдасы болмайды.

Себебі, алдымен, бұл күндерге деген сұраныс солтүстік аймақтарда өте аз, сонымен қатар оңтүстікте алып барып сатар болса, онда транспорттың шығындарға көп қаражат жұмсалады. Жергілікті халық шомылуға арналған киімдерді тіге де алмайды. Тігін фабрикасы өз назарын қысқы киімдерді тігуге жұмсау керек.

Демографиялық процестерге ел тұрғындарының саны, осы тұрғындардың жынысы, жасы, табысы, білім деңгейі, т. б. көрсеткіштер бойынша жіктелуі жатады. Демографиялық көрсеткіштер өте көп , оларды санау мүмкін емес. Маркетингке оның қандай қатысы бар? Кез – келген дүкендерді, шаштараздарды, т.б. кәсіпкерлік орындарын салу кезінде демографиялық көрсеткіштерді ескерудің жүйелі тәсілі жоқ, ешқандай есепсіз, кездейсоқтықпен, болжауларсыз кәсіпкерлік орындарын тұрғызады.

Кәсіпкерлікке әсер ететін саяси факторларға барлық саяси актілер, президенттің жарлықтары, үкіметтің шешімдері, жергілікті басқару органдарының жарғылары , т. б кіреді.

Кәсіпкерлер қателіктерге жол бермеу үшін заңдарға сәйкес қызмет ету керек.

Мемлекеттің эқономикасы кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметіне ғана емес, маркетингтік қызметке де әсер етеді. Экономиканың түсуі, жұмыссыздар санының өсуі, несие алудың пайызының жоғарлауы тұрғындардың тұтыну қабілетіне әсер етеді, ал ол өз кезінде маркетингтік зерттеулердің жаңа бағыттарын қарастыруға алып келеді. Ірі және кіші бизнестің дамуын анықтайтын экономикалық факторлар құрылымында келесілерді бөліп қарастыруға болады:



  • экономикалық жалпы кұйі - өсуі, стагнация ,түсуі

  • энергия және энергия тасымалдауыштар бағасы

  • пайыздық үстемелер

  • валюта айырбастау курсы

  • инфляция дәрежесі

  • салық

  • экономиканың глобалдылығы

Әлеуметтік факторлар. Олар тұтынушылардың тұтынушылық қабілетіне әсер етеді. Қоғамның әлеуметтік ,паралитрлерін талдау арқылы сатып аплушылардың тұтынушылық таңдаулары мен талғамдарын анықтап, әр ұйымның өзінің жеке маркетингтік стратегиясын қалыптастыруға болады. Ресейге тән әлеуметтік факторларға :

  • тұрғындардың қартаюы (тұрғындардың жыныстық және жас бойынша құрылымы)

  • табыс деңгейі бойынша қоғамды дифференциациялауды күшейту

  • жеке кәсіпкерлік, еңбекті жолдау мен жұмыссыздықтың пайда болуы

  • отбасындағы құрылымдық өзгерістер.

Ғылыми – техникалық прогресс факторларына технологиялардың дамуы, тауарлардың жаңа модельдерінің пайда болуы жатады.Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданған ұйым, міндетті түрде, кәсіпкерлік саласында дамиды.

Мәдениет (лат. cultura - тәлім – тәрбие, білім беру) түсінігі әр түрлі болып келеді. Оған қоғамның тарихи анықталған даму дәрежесі, жеке адамның тәлім – тәрбиесі, халық шаруашылығындағы еңбек өнімдері, халықтың рухани құндылықтары және т.б. кіреді. Мәдени факторлар қоғамның әлеуметтік қалыптасуына әсер етеді, яғни кәсіпкерлік тің дамуының түрі мен бағытын анықтайды. Маркетингтік шешімдер қабылдау кезінде назарда болатын мәдениет факторларына – дін, салт- дәстүр, моралды- этикалық нормалар, құндылықтар, білім деңгейі қоғамның саяси орнығуы, оның эстетикалық аурасы (фольклор, музыка әдебиет, көркемөнер шығармашылығы) тіл , мақал- мәтелдер жатады.


4. Илюстрациялы материалдар: 10 дана слайдтар


  1. Әдебиет:


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Маркетингтік зерттеулер түсінігі.

  2. Маркетингтің ішкі және сыртқы факторларының құрылымы қандай?

  3. Маркетингтің ішкі және сыртқы факторларына жалпы сипаттама беріңіз?

  4. Макро және микроорта факторлары дегеніміз не?


    1. Тақырыбы №8 Маркетингті жоспарла




    1. Мақсаты: Студенттерді маркетинг жоспарын құрастыру реттілігімен таныстыру


3. Дәріс тезистері:

Кез – келген бір- бірімен байланыстырылған іс- әрекеттер уақыт бойынша реттестірілуі керек, мұны жоспарлау дейді. Кез – келген жоспарлауды жүргізуден алдын іс- әрекеттерді анықтап, қалыптастыру куерек. Ал қалыптастырудан алдын әрекеттер орындалатын ортаны анықтау керек.

Яғни кез – келген жоспарлауды сыртқы ортаның анализінен және нақты әрекеттерді атқарушы ұйымның потенциаоды мүмкіндіктерінің анализінен бастау керек. Яғни маркетингті жоспарлаудан алдын сыртқы факторлары мен ұйымның қызметінің SWOT – талдауының анализін жүргізу керек.













Жоспарлау процесі логикалық байланысқан процедурадардың қатаң тәртібінен тұрады. Оны кәсіпорының глобальды мақсатын, яғни көптеген шетел әдебиеттерінде қөрсетілгендей, миссиясын анықтаған сең бастайды. Қәсіпорының, ұйым, фирманың мисиясы дегеніміз не? Миссия – ұйымның глобальды мақсаты, оның тағайындалуы. Ол бір сөйлем кәсіпорындардың кәсіпкерлікті жүг\ргізудегі құндылықтары мен жоғары ұмтылыстарын анықтайтын ар – ождан кодексі ретінде қөрініс табады.

Бір мақсатқа жету үшін бірнеше стратегиялар қолданылуы мүмкін және олардың әрқайсысы үшін ұйымның таңдаған жолы бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін үрдістердәің толық сипаттамасы болатын нақты іс - әрекеттердің жоспарын жасау қажет.

Мысалы, нарықты кеңейту көзделеді (Ансофф матрицасы бойынша ескі тауарды жаңа нарыққа ұсыну) делік, осы кезде жарнама белсенділігін кеңейтуге байланысты сұрақтарды шешіп алу керек, яғни тауарды (қызметті) қалай және кай жерде жарнамалау керек, қашан жарнамалау керек және жарнамалық ақпараттарды қандай жиілікпен орнықтыру керек және т. б. Жоспардың іс – шараларын нақты, анық, өлшенетін, қолдағы қорлардан (материалдық, еңбек, қаржылық) асып түспеуі керек. Жоспарлаудың орындалуын қадағалау үшін бір тұлға жауапты болу керек, ал жоспардың орындалуын бағалау мен бақылау үшін арнайы уақыт аралықтары болу керек.

Маркетингтің жалпы жоспары , мазмұны мен құрылымы жүзеге аксу үшін кәсіпорында маркетингтік зерттеулердің жоспары, тауар немесе тауарлық ассортименттің даму жоспары, жарнамалық компаниялардың жоспарлары, табысты өсіру жоспары (мысалы, жаңа табыс табу құрылымын, сауданы стимулдау бойынша іс- шаралар жасау) және т. б. құрастырылуы тиіс. Демек , маркетингтің әрбір функциясын жеке жоспары болу керек. Сондықтан функционалды маркетингтік қызметтің жеке жоспарларының мазмұнына тоқтай кеткен жөн. Маркетингтік қызметтердің әрбірінің жеке мақсаты (маркетингтің жалпы жоспарының мақсатымен байланысты) негізгі стратегиялық мақсаты, жеке бағдарламасы, мақсатқа жету жолдары болады.

Кәсіпорының дамуының стратегиялық жоспарларды жасауда нарықтың күйі туралы ақпараттың үнемі жаңарып отыруын ескеру укерек, осылайша сыртқы орта тенденцияларын анықтауға болады. Кәсіпорының глобальды мақсаттары мен стратегиялары осы тенденцияға бағытталады.

Маркетингтік зерттеулердің жоспарын бір жылға жасау керек. Осындай жоспарда біріншілік және екіншілік ақпаратты жинау мен талдау бойынша іс – шаралар, оларды жүргізідіің мақсаты, нарықты зерттеуге бөлінген уақыт аралығы, сыртқы орта факторларының (бәсекелестер, тауарды жеткізушілердің, делдалдардың және т. б.) әсері анық және нақты қөрініс табады.

Мысалы, жоспарды ауызша сұрақ – жауап жүргізудің басталуы мен аяқталуы уақыттары көрсетіледі. Көрсетілген жеке жоспарда ағымдағы жылда қолданылатын барлық маркетингтік , зерттеулер жүргізілетін аймақ пен нарық және т. б. да толық және дәл маркетингтік ақпараттың үздіксіз түсуін қамтамасыз ететін маңызды факторлар тіркелуі тиіс. Маркетингтің зертеулердің жылдық жоспарында зерртеу үрдістері уақыт бойынша үлестірілелді, олардың әрқайсысын орындау үшін жауапты тұлға тіркеледі, аралық бақылау нүктелері бекітіледі және соңында алынатын нәтиже нақтыланады, т.б.

Маркетингтік зертеулердің жылдық жоспарындағы әрбір іс – шаралардың (сұрақ – жауап, интервью, бақылау және т.б) жүзеге асуының жеке жоспары болады. Онда маркетингтік зерттеу үрдістері деталды сипатталады, уақыт бойынша үлестіріледі және параллельді жұмыстар істеу кезіндегі логикалық тәртібін сақтау жолдары көрсетіледі. Кәсіпорын басшылығы осы көріністерді орындау арқылы дәл маркетингтік шешімдер – стратегиялық қабылдай алады.

Маркетингтік жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ететін үрдістерге:



  1. Уақыт бойынша жоспарлы іс - әрекеттердің тәртібі

  2. Маркетингтің бюджетін құру

  3. Маркетингтің жоспарының орындалуын бақылау

Маркетингтің жалпыландырылған жоспары дегеніміз ұйымдастырушылық – басқарушылық құжат түріндегі, қолда бар қорларды (материалды, кадрлық, қаржылық) ескергендігі кәсіпорының мақсаттары мен стратегияларына сәйкес барлық маркетингтік әрекеттердің жұйесі. Маркетингтік жоспардың жүзеге асуы үшін қаржылық қорлардың орны ерекше, оның негізінде кәсіпорын маркетингісінің бюджеті жасалады, белгіленген жоспарға сәйкес нарықта жүзеге асуын қадағалайды. Берілген қатарда маркетингтің бюджетін құрастыру жөнінде сөз болады.

Бюджет – белгілі бір уақыт аралығындағы қандай да бір субъектісінің – мемлекеттен жанұяға дейінгі – ақшалай табыстары мен шығыстары туралы мәліметтер. Демек, маркетингтің бюджеті дегеніміз саудадан түскен табыс түріндегі маркетингтік қызметтің тауар мен нарықтың ерекшеліктеріне тәуелді анықталатын шығыстардың біріктірілуі.

Маркетингтің бюджеті тек ұйым (кәсіпорын, фирма) үшін ғана және оның ірі құрылымдық бөлімдері үшін ғана құрастырылуы мүмкін. Кез – келген жоспардың орындалуын міндетті түрде қадағалап, бақылау керек.

Бақылау объектісі кәсіпорынның мақсаты табылады. Оның орындалуының сандық көрсеткішін бақылай отырып, белгіленген нәтижелерге жету деңгейін бағалауға болады.

Жасалған жұмыстардың нәтижесінде орын алатын құбылыстарға қарап та боқылауға болады. Ұйымның дамуын бақылауға арналған арнайы стандарттарды да қолдануға болады.

Бақылауды мақсатқа жету деңгейін бағалау үшін ғана емес, қажет болса, түзетулерді де енгізу үшін жүргізуге болады. Бұл түзетулерде нақты әрекеттерді орындау мерзімдері, сыртқы ортаға тәуелді өзгертулер жатады. Яғни, ұйымдағы жоспардың орындалуын бақылаудың ең бірінші кезеңі қойылған мақсаттарға жету деңгейін бағалау стандарттарын жасау т.т.


4. Илюстрациялы материалдар: дәріс тақырыбы бойынша слайдтар.
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Маркетингтің жоспарының құрасыру реттілігі.

  2. Жоспарға дейінгі маркетингтік талдау түсінігі дегеніміз не?

  3. Маркетингті жоспарлау үрдісіне не кіреді?

  4. Маркетингтің жоспарының орындалуын қалай қамтамасыз етіледі?




    1. Тақырыбы №9 Менеджменттің әдістемелік негіздері




    1. Мақсаты: Студенттерді менеджменттің негізгі түсініктерімен, менеджменттің теориясы мен практикасының эволюциясымен таныстыру.


3. Дәріс тезистері:

Менеджмент (басқару) – адамдардың еңбегін қолдану арқылы қойылған мақсаттарға жету процесі.

Менеджмент термині ағылшының «management»

сөзінен түрады, аудармасы « басқару» ,» меңгерушілік», «ұйымдастыру»

Басқару – қойылған нәтижелерге жету үшін басқару субъектісінің басқару объектісіне бағыттағы түрде әсер ету процесі.

Басқару субъектісі – үкіметтік әсер етуші физикалық немесе заңды тұлға.

Практикалық тұрғыда алғанда, басқару – объектісінің жұмыс істеу үшін оптимальды жағдайларды жасауға бағытталған қызмет.

«Менеджмент» термині «басқару» терминінің аналогы болып келеді. Алайда «басқару» термині қызметтің әр түрлі түрлерінде қолданылса, «менеджмент» термині тек қана нарық жағдайында қызмет ететін ұйымдық әлеуметтік экономикалық процестерін басқаруға қолданылады.

«Менеджмент» түсінігін басқарудың ғылыми мен практикасы, фирманы басқаруды ұйымдастыруды және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау процесі ретінде қарастыруға болады.

Басқарудың ғылыми негіздері дегеніміз басқару практиккасының теориялық базаксын құрастыратын, ғылыми кеңестердің көмегімен менеджжмент практикасын қамтамасыз ететін ғылыми білімдер жүйесі.

Менеджменттің маңызды міндеті тұтынушылардың сұранысын ескеріп, қолда бар қорларды пайдаланып тауапрлар мен қызметтердің өндірісіне ұйымдастыру т.т.

100 жылдың ішінде басқару ғылыми өзінің дамуфның 4 кезеңінен өтті. Мұны белгілі бір ғылыми мектептер мен басқару теориясымен байланыстырады.

Кезең І (1885- 1920) – ғылыми басқару мектебі өкілдері :Ф, Тейлор, Г, Эмерсон, Г, Форд, Г,Гилберт, Г,ГАНТ теорияның ең басты жетістіктерінің бірі В. Тейлор жүйесі ғылымның мүмкіндіктерін көрсетті, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізген кезде пайда алып келетіндігін дәлендеді.

Замануи ұйымдардың тәжірбиесінде басқаруға ғылыми тұрғыда қарауі, жұмыстың орындалу тәсілдерінің анализі ( хронометраж), еңбекті стимулдау мен нормалау қолданылады.

Кезең ІІ (1920-1950) – административтік (классикалық) мектеп. Бұл теорияның негізін француз А.Файоль қалады. Ол басқару принциптерін жасады: еңбекті басқаруды үлестіру, жауапкершілік,дисциплина, басқару- алдын – ала болжау, ұйымдастыру, жарлық беру, координациялау және бақылау. А. Файроль ең алғаш рет басқарушыларға арнайы білім беру қажеттілігі туралы мәселені көтарді.

Замануи менеджментті : ұйымға – басқару объектісі ретінде қарайды.

Кезең ІІІ (1930 – 1950) – адамдық қарым – қатынастар мен тәртіптің ғылыми мектебі): (нгеоклассикалық әлеуметтану және психология). Бұл мектептің негізін салушы А. Маслеу. Ол адамдардың мінез құлқын зерттеп, мінез – құлықтық мотивтерге қасиеттіліктер кіреді деген шешімге келді. Қажеттіліктер иеархиясын жасады. Қажеттіліктер иерархиясы (Масалау)
өзін көрсете білуге ( басқа адамдар тұрғысынан

/ қошемет, құрметке бөлену)

құрметке деген бір адамға не бір затқа

/ (тағам, су , пәтер, т. б.)

Керек- жараққа деген

/

Қауіпсіздікке деген



/

Физиологиялық


Замануи ұйымдарда коммуникацияның факторлары мен заңдарын, топтық динамика мен көшбасшылықты, ұйымдардағы адамдардың

Мінез – құлқын зерттеу тәсілдерін, т. б. белсенді адамдық қорларды кең қолданады.

Кезең І 5 (1950 жылдан бастап) – сандық тәсілдер мектебі. Жүй елердің жалпы теориясының негізін салушы физик және биолог Л. Берталанфи. Бұл кезең қолданбалы математика мен электронды – есепетеуішін техникасының дамумымен байланысты. Осы кезеңнен бастап ғылымның техникалары мен кибернетикалық тәсілдері енгізіле бакстады.

Ұйымның қызметіне әсер ететін ішқі және сыртқы факторлар туралы білімнің дамуына байланысты басқарудың дәстүрлі мектептерінің модификациялары пайда болды, басқаруға үрдістердің және операцмялардың бір- бірімен байланысқан үздіксіз жүйесі. (ғылыми басқару мектептерінен басқа барлық мектептерде)

Жүйелі ұйымдастыру – басқарудың ірі ,күрделі, ашық әлеуметтік – экономикалық жүйесі) адамдардың қарым –қатынпсы мен тәртіптік ғылымдар мектебі, сандық тәсілдер мектебі)

Ситуациялық. Ұйым – сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе. Ол басқарудың принциптерінің, әдіс – тәсілдерінің берілген жағдайға адаптациялану қажеттілігін анақтайды.

Менеджментке тән сипаттамалар оның экогомсикалық, әлеуметтік- психологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық – техникалық аспектілерін анықтайды.

Эқономикалық теориямен менеджмент теориясы арасындағы басты айырмашылық экономикалық теория бойынша субъект нарықтың күштеріне бейімделеді, яғни басқару осы бейімделуге тәуелді. Ал менелжменттегі басқару түсінігінге тоқталсақ, менеджмент нарықтық кұштерді анықтап қана қоймай, оларды құрастыру да керек.

Әлеуметтік – психологиялық аспектер алдына қойған мақсаттарына жету үшін фирманың барлық қызметкерлерін басқару және ұйымдастыру бойынша еркеше топтың қызметімен сипатталады.

Құқықтық аспектілер мемлекаттік және экономикалық институттардың құрылымын, олардың жүргізетін саясаты мен анықтайтын зкңнамаларын бейнедейді.

Менджменттің ұйымдастырушылйқ – техникалық аспектісіне жағдайды рационалды бақвлыу, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес стратегияларды жасау, рацтоналды жобалау, ұйымдастыру, әрекеттерді бақылау, сыйақылар беру, т.б. кіреді.

Фармацевтикалық ұйымдардың менеджменті, фармацевтикалық тауарлар мен қызметтердің айналымы саласындағы басқару қызметінің жалпы теориясы мен практикасы негізінде қалыптасты.

Фармацевтикалық менеджмент – фармацевтикалық сала қорларын тиімді қолдану мен координациялау немесе қызметтің әлеуметтік және экономикалық мақсаттарына жетуге арналған фармацевтикалық ұйымдар.

Басқарудың негізгі заңдарына сәйкес тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету жүйесі дамиды.



  1. Басқару жүйесінің тұтастығы мен бірлігі заңы кез –келген басқару жүйесінің еркуіндік дәрежелерінің керек санын. Қамтамасыз ету заңы - әрбір ұйымның қызметіне субъективті және объективті шектеулер қою жолымен барлық жүйелердің тиімділігші мен қаттылығының оптимальды тіркесуін талап етеді.

  2. Фармацевтикада объективті шектеулерге нормативтік – заңдық базаның әмбебаптағы, ал субъенктивтіге – басшылардың біліктілік деңгейі мен сапсы жатады.

  3. Басқарылатын ішкі жүйелер мен басқарушыларының ара – қатынасы заңы (пропорционаодық заңы) –тұрғындары дәрілерімен қамтамасыз етудің әрбір кезеңі үшін оптимальды орталықтандыру деңгейі, басқарудың адекватты түрлері анықталу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет