Рецепт үлгісі
25 мл шүйгіншөп (Vаіегіаnа) тұндырмасын 25 тамшыдан күніне 3 - 4 рет қабылдауға жазып беріңіз.
Rр.: Тіnсturае Vаlеrіаnае 25 ml
D.S. 25 тамшыдан күніне 3-4 рет.
Күрделі тұндырмалар жай тұндырмалар сияқты, тек қана барлық ингредиенттер жазылғаннан кейін Міысе (Араластыр) сөзі көрсетіледі.
Сығындылар – Ехtracta
(Сығынды - Nom. sing. Ехtractum, Сеn. sing. Ехtrасtі)
Сығындылар -өсімдік шикізатынан спирттің көмегімен алынатын қоюланған сығынды. Консистенциясына қарай сұйық, қою және құрғақ деп бөлінеді. Сұйық сығындылар (Ехtractum fluidum) боялған сұйықтық, қою сығындылар (extractum spissum)- құрамында ылғалдылығы 25% дейін болатын тұтқыр масса, құрғақ сығындылар (Ехtractum siccum)- құрамында ылғалдығы 5% дейін болатын сусымалы масса. Сұйық сығындыларды алу үшін экстрагент ретінде этил спиртін (көбінесе 70%), ал қою сығындылар үшін - су (хлороформ, аммиак ерітіндісін қосып), этил спирті, эфир қолданылады. Құрғақ сығындыларды қою сығындыларды кептіру жолымен алады.
Барлық сығындылар официнальды және өндіріс жағдайында дайындалады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы Extracti (Сығындылар) өсімдік атауы мен сығынды түрі - fluidi (сұйық), spissi (қою), sіссі (құрғақ) міндетті түрде көрсетіледі. Сонан соң сығындының мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі. Сұйық сығындылар тамшымен мөлшерленеді.
Рецепт үлгісі
20 мл итшомырт (Frangula) сұйық сығындысының 20 тамшыдан күніне 3 рет ішуге жазып беріңіз.
Rр.: Ехtracti Ғrangulae fluidi 20 ml
D.S. 20 тамшыдан күніне 3 рет.
Қою және құрғақ сығындылар капсула, ұнтақ, таблетка, суппозиторий, пилюла құрамына кіреді.
Жаңа галенді препараттар
Жаңа галенді препараттар өсімдік шикізатынан алынатын балассты
заттардан толық тазартылған сұйық дәрілік түр. Сондықтан бұл заттарды тек қана ішуге ғана емес, егу үшін де қолданады. Жаңа галенді препараттар фабрика мен завод жағдайында дайындалады. Әр жаңа галенді препарат арнайы атауға ие. Жаңа галенді препараттарды егуге ампулада, ішуге арналған препараттар флаконда шығарылады. Бұл препараттар официнальды болғандықтан, рецепте тек атауы мен мөлшері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |