Фармакология


Фенотиазин туындылары: аминазин (хлопромазин), трифтазин (трифлуперазин, стелазин), левомеппромазин (тизерцин), этаперазин



бет130/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Фенотиазин туындылары: аминазин (хлопромазин), трифтазин (трифлуперазин, стелазин), левомеппромазин (тизерцин), этаперазин.


  • Тиоксантен туындысы: хлорпротиксен (труксал).


  • Бутирефенон туындысы: галоперидол, дроперидол.


  • Химиялық құрылысы басқа да препараттары: клозапин (азелиптин, лепонекс), сульпирид (эглозил).


    Әсер ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық,   – адренолитикалық, М – холинолитикалық, Н1 – антигистаминдік ісер етеді.
    Фармокологиялық әсері:
    1. Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады.


    2. Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады.


    3. Құсыққа қарсы әсері галоперидолда, дроперидолда, зтаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады.


    4. Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді.


    5. Бұлшық ет босаңсытады.


    6. Наркотикалық, ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.


    7. Антигистаминдік әсер көрсетеді.


    8. Гипотензивті (   - адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсері – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады.


    9. Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе – галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді.


    Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостатиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркоздан кейін, жүктілікте) ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанаьгезияда және операциядан алдын қолданылады. Жанама әсері: әкстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, м – холинотежегіш әсерлер (ауыз қусының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемалитикалық анемия, клозапин қабылдағанда агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонының секрециясының өзгеруінен (кортико, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстарға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарылауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (тератогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, қан жасалу қызметінің бұзылуында, жүрек пен ОЖЖ – нің зақымдануларында, тромбоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   204




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет