Фармакология



бет76/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200
фармакология кітап

Zidovudin – зидовудин -0,1 капс. -1.2 капс күніне 4-6 рет. Ретровирус реплекциясын (өзіне сәйкес құрылым өндіру) тежеп, ауру дамуы баяулап, 6-8 айдан кейін оған вирустың тұрақтылығы пайда болады. Жанама әсері: қан жүйесінің бұзылуы (анемия, лейкопения және т.б.), бас ауыру, ұйқысыздық, миалгия, қызба, бүйрек қызметінің тежелуі және т.б. Жүктілікте, емізулі әйелдерде қолдануға болмайды.
Ставудин (зерит) – зидовудин аналогі, зидовудинмен ұзақ уақыт емделгеннен кейін ішке қолданылады. Диданозин (видекс) және зальцитабин (хивид) ЖИТС кешенді емдеуде және зидовудиннің тиімсіздігінде қолданылады.
АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдеу үшін терапия құрамына вирусты протеиназа ингибиторы болып табылатын препараттар қолданылады, олар вирус ақуыздарының түзілу процесін бұзады, вирустың белсенділігі төмендеп, ауру дамуын баяулайды. Протеиназа ингибиторлары: саквинавир (инвираза), нельфинавир (вирасепт), индинавир.

5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон (марборан). Метисазон вирус ақуызының синтезін тежеп, вирустардың репродукциясын (қайта жаңғыру) жояды. Шешекті алдын алу үшін және шешекке қарсы егуден кейінгі асқынуды емдеу үшін қолданылады. Жанама әсері жағынан диспепсия, бас айналуы байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, АІЖ-ң ауруларында қолдануға болмайды.


6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон альфа (альфаферон, велферон) – гепатит В және С. Интерферон альфа – 2А (реаферон, роферон-А) – гепатит В. Интерферон альфа-2А (интрон-А, реальдирон) – созылмалы гепатитте А, В және С. Интерферон – вирустардың енгізілуіне жауап ретінде жасушада өндірілетін вирусқа қарсы иммунитеттің бейспецификалық факторы. Вирус талғамалы ақуыз синтезін тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы белсенділігінің спектрі кең (тұмау, ұшық, гепатит, ЖИТС (СПИД) және т.б.), сонымен қатар иммуностимуляторлық және ісікке қарсы әсері бар. Интерферон вируспен зақымдалатын жасушаның тұрақтылығын күшейтіп, вирустардың репродукциясын жояды. Интерферондар жергілікті (көз тәжірибесінде, ұшықтық зақымдалуда, тұмауда-мұрынға арналған тамшы және ингаляция түрінде) және парентеральды (гепатит, ЖИТС; ісіктер) қолданылады. Парентеральды енгізгенде тұмау сияқты жағдай, ал ұзақ қолданғанда қан жасалуының, бауыр қызметінің бұзылуы және аллергиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет