Фармакология


Interferon аlpha (Wellferon) – интерферон альфа (велферон)



бет77/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200
фармакология кітап

Interferon аlpha (Wellferon) – интерферон альфа (велферон): 10 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда – арнайы ерітіндіде ерітіп, 10 000 000 ӘБ күн ара б/е (т/а) енгізіледі.
Reaveronum – реаферон (Б): құрғақ зат 1мл амп. – инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 2 рет (реальдиронға ұқсас) енгізіледі.
Интерфероногендер – интерферонның түзілуін тудыратын заттар. Бұндай қасиет вирустар, бактериялр, саңырауқұлақтардан басқа медицина тәжірибесінде вирусты инфекциялардың кешенді емдеуінде қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарда бар:
- Тұмау мен ЖРВИ ауыр түрінде: неовир (б/е), арбидол (таб.);
- Ұшықты зақымдануында: мегасин, ларифан (жергілікті), циклоферон (б/е, к/т);
- Көздің вирусты инфекциясында: полудан (көз тамшысы);
- Вирусты гепатиттің А, Б, С, Д түрінде, АИТВ-инфекциясында, екіншілік иммуннотапшылықта, хламидиозда: циклоферон (б/е және қ/т). Әсер ету механизмі: адам ағзасында эндогенді интерферонның синтезін қуаттандырады.
Интерфероногендер улы емес, науқастарда жеңіл етіп, басқа препараттармен сыйымды.


7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
а) Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер. Трихомонадоз – трихомонада қоздырғышы тудыратын несеп-жыныс жүйесінің ауруы, әйелдерде кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде уретрит ауруын тудырады. Трихомонадозды емдеудің негізгі препараттары нитроимидазол туындылары болып табылады. Оларға: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), орнидазол (тиберал). Облигатты анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар мен қарапайымдыларға қатысты белсенді болып табылады. 5-нитротоптың түрленуі ДНҚ синтезінің басылуын, шиыршықты құрылымның жоғалуы мен ДНҚ жіптерінің үзілуіне әкелетін белсенді аралық қосылыс түзілуін қамтамасыз етіп, ал бұл жасушаның жойылуына соқтырады. Әсер ету механизмі: нуклеин қышқылдарын жойып, бактерицидті әсер етеді. Әсер ету спектрі: қарапайымдылар (трихомонада, амеба, лямблий) спора түзбейтін анаэробты бактериялар, Неlicobacter руlori. Нитроимидазол туындылары АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына, қабыну және некроз, абсцесс ошақтарына өте жақсы енеді. Қарапайымды инфекцияларда (трихомонадоз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы, балантидиаз); әртүрлі анаэробты инфекцияларда, асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: диспепсиялық бұзылыстар (тәбет төмендеуі, ауыздың ащы металл татуы, жүрек айнуы, құсу, диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну, діріл, кандидоз, полиурия, зәрдің қызыл қоңыр түске боялуы, тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіші: жүктіліктің алғашқы үш айында (тератогенді әсер етеді, сүтке ащы дәм береді), лактацияда, ОЖЖ-ң үдемелі ауруларында. Емделу кезінде спиртті ішімдіктер (дисульфирамға ұқсас реакциялар, іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар, лоқсу, құсу, бас ауыру, терінің қызаруы) қабылдауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет