Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фото қолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын қолданады.
YouTube (ютюб, ютуб) — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет.Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар.You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблогтар ұсынылады.
Бұл жобаның негізі 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының бұрынғы үш жұмысшыларымен салынған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды. Чад Херли — негізін салушылардың бірі — Forbes журналының мұқаба бетінде, 2006 жыл қазан айы. 2006 жылдың қараша айында You Tube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. You Tube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. 2015 жылы 15-сәуірде You Tube сайтына 15 жаңа тіл қосылды. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.
Itube - бұл YouTube бейнелерін оларды жүктемей немесе мобильді деректерді тұтынбай ойнаудың керемет құралы.
Тапсырма. Telegram, Webinar, Instagram, Youtube, Itube әлеуметтік байланыс қызметтерінің мүмкіндіктерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |