Microsoft Teams - орталықтандырылған платформа, ол бірлесіп жұмыс істеу үшін виртуалды аудиторияларды құруға және білім алушылармен және оқу орнының қызметкерлерімен өзара электронды оқу ордасын құруға мүмкіндік беретін чаттар, мазмұнды қосымшалар бір ортада біріктірілген. Мысалы, командалар құру немесе командаға қосылу, орындалған жұмыстарды тексеру, кері байланыс беру, онлайн конференцияны бірден бастау немесе құру, чатта өзара хат алмасу, видеоматериалдар жіберу, көрсету сияқты бөліктері бар.
Microsoft Teams командалары:
Сынып командалары - мұғалім мен білім алушыларға тапсырмаларды құру, орындау және бірлесіп жоба құруға мүмкіндік береді.
Қызметкерлер командасы - Бұл жерде әкімшіліктегілер қарамағында жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді тіркеп, кез келген уақытта педсоветтер, курстар, мерекелік іс-шаралар өткізе алады.
Кез келген командалар - бұл команда да тек қана әкімшілік қызметкерлері немесе бір сыныпқа сабақ беретін ұстаздардың өзара тәжірибе алмасу орталығы бола алады.
Студенттер немесе оқушылар командасы - бұл команда жоғарыда корсетілген командалардан өзгеше, себебі бұл командаға әкімшілік қызметкерлері мен ұстаздар кіре алмайды. Бұл команданы студенттер мен оқушылар құрады және олардың өзара ақпарат алмасу алаңы болып саналады.
Zoom бағдарламасы - онлайн бетпе-бет сабақ өткізу үшін таптырмас шешім. «Zoom» платформасы сабақта оқушылармен жұптық, ұжымдық жұмыстар жасауға өте қолайлы екен. Себебі, мұнда оқушылар арасындағы диалогтық оқыту іске асады және білмегендерін өзара талқылап, бір жағынан сабаққа деген ынтасы жоғарылай түседі, екінші жағынан оқушылар тақырыпты жетік меңгеретінін байқадым. Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыстың дұрыс жүруі үшін тақырыпқа сай дұрыс бағыт-бағдар беріп, тапсырмаларды ұйымдастыру қажет. Бұл қосымшалар компьютер және ұялы телефонмен де кіруге өте қолайлы. Сонымен қатар «Zoom» бағдарламасы арқылы сабақ өткізу, вебинар, семинар өткізу өте тиімді. Себебі, оқытушының сабағына бір мезетте тыңдаушылар қатысып, слайд арқылы берілген тақырыпты көріп, тыңдап, кері байланыс жасауына да мүмкіндік беріледі. «Zoom» бағдарламасын пайдалану үшін оқытушы мен тыңдаушыға кең жолақты интернет, компьютерге немесе смартфонға жүктелген бағдарлама болуы шарт.
Тапсырма. Microsoft Teams, Zoom, т.б. онлайн бейнеконференциялар мен вебинарларға арналған қызметтерді қолдану, мүмкіндіктерін талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |