Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет50/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
оқу процесш компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуда арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің «алшақтығы»
білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материадцарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын-ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
-таратылып берілетін оқу материалдары;
-бақылау жөне тестен өткізу материалдары;
-жаттығулар;
-сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер-әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
-экрандық берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар кұрайды. Ол алдын-ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу кұралын даярлау көпжакты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет