Ғылым тарихы және философиясы пәні


Ғылым институциализациясы үрдісі



бет2/3
Дата27.09.2024
өлшемі2.44 Mb.
#504055
1   2   3
Алтынай ғылым

Ғылым институциализациясы үрдісі бұл оның дербестігін, ғылым ролін қоғамдық еңбек бөлісуіндегі орнын, материалды және адами қорларды орналастырудағы ғылым талабын куәландырады. Ғылым әлеуметтік институт ретінде өзіндік бағытталған құрылымға ие және когнитивты, сонымен қатар, ұйымдастырушылық, моральдық қорлары бар.
Әлеуметтік институт ретінде ғылымның өз ішіне бірнеше компоненттер енеді:
- білім және оны таратушы жиынтығы;
- ерекше танымдық мақсаттар мен міндеттердің бар болуы;
- нақты қызметке қатысты ерекшеліктерінің бар болуы;
- өзіндік таным және ұйымдар құралдарының бар болуы;
- ғылыми жетістіктерді бағалау, сараптама жасау, бақылау формаларын өндіру;
- нақты шаралардың болуы
Қазіргі ғылыми практика тек әлеуметтік институт ретінде түсінетін ғылым аумағында іске асады. Қазіргі ғылым институционалдығы рационалдылық идеалын күштеп таңады, ол толықтай әлеуметтік және институционалды талаптарға және ұйғарымдарға тәуелді болып келеді.
Институционализация үрдісі өз ішіне төмендегідей бірнеше құрамдас бөліктерді кіргізеді:
Банк жүйесін және
қаржыландыру
- жаңа білімді өндіруге жауапты академиялық және университеттік ғылым;
- ғылыми жаңалықтар мен оларды ендіруге қажет қорлар шоғырларын;
- ұйымдастырушы-басқарушылық институт;
- жаңалықтарды заңдастыратын өкілдік және заң органдары, мысалы, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру барысындағы ғылыми кеңестер, жоғарғы аттестациялаушы комиссиялар;
- баспа институты;
- ішінара ғылыми қақтығыстарды шешетін немесе тоқтататын сот институты.
Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
Ғылым және ғылыми-техникалық прогресс адам өмірінің жақсартып және нақты игіліктерге ғана әкелген жоқ, сонымен қатар, адамзат өміріне қауіп төндіріп келе жатқан қауіпті қиратушы күштерді тудырды. Сондықтан, қазіргі мәдениет және философияда ғылымның бағалануы біркелкі емес. Бұл екі қарама қарсы дүниеге көзқарастық тұғырнамада бейнеленеді - сцеинтизим және антисцеинтизм.
Сциентизм көзқарасы бойынша (латынша scientia - ғылым) ғылыми таным ең жоғарғы мәдени құндылық және адамның өмірдегі бағдар алуының жеткілікті шарты. Сциентизмның идеалы болып жаратылыс ғылымдар танымының тәсілдері және нәтижелері табылады. Осының ішінде, әлеуметтік ғылымдар танымдық мағынасы жоққа шығарылып немесе төмендетіледі де, ғылымның гуманисттік мәні теріске шығарылады.
Антисциентизм ғылым мүмкіндігінің шектеулігін көрсетеді, ал өзінің шеткі көзқарасында, тіпті, адамның шынайы табиғатына тән емес, жаугерлік, соның ішінде, мәдениетті қиратушы күш ретінде танылады. Антисциентисттік көзқарастың әдістемелік негізі - ғылым мен техника даму нәтижесінің теріс нәтижелерін абсолюттендіру (экологиялық жағдайдың ушығуы, әскери қауіп--қатер ж.т.б.).
Сөзсіз, екі көзқарас та ғылымға қатынасында бірнеше рационалды түсіндірмелерді қамтиды, ал олардың синтезі ғылымның қазіргі замандағы орны мен ролін нақтырақ анықтауға жол ашады. Осының ішінде, бір жағынан ғылымды шексіз абсолюттендіруге де оны бағаламауға да, тіптен, жалғандығын әшкерелеу де қате болар. Ғылымға, ғылыми танымға объективті қарап, оның қарама қайшы үрдісін көруіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет