Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет104/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Conclusion. The theoretical provisions outlined in the article in relation to the concept, subject, method of criminal law 
allow us to conclude that in connection with the ongoing social processes in society, criminal law, as a tool for maintaining social 
order in modern conditions, needs to be modernized. The modernization of criminal law should include: the formulation of a 
new criminal policy aimed at protecting the most important social values in society; reduction of the range of criminal-legal 
prohibitions and punishment for them; concretization of tasks, substantive legal prescriptions and sanctions; adapting the 
provisions of criminal law to ongoing social changes; reducing the cost, social costs of criminal law and increasing its usefulness 
and efficiency; ensuring the unity of criminal law and its implementation in an integral system of moral and legal norms;
changing the nature and extent of enforcement of criminal law in order to humanize it. 
Литература 
1. Criminal Code of the Republic of Kazakhstan 
2. Zhalinsky A.E. Modernization of the mechanism of action of criminal law: theoretical and methodical problems // Criminal 
law and present. Collection of articles. Release 3 / from an edition the prof. A.E. Zhalinsky. Moscow, 2011. 
3. Etymological dictionary. T. IV. Moscow, 1987. 
4. Book "Criminal Law of the Republic of Kazakhstan" 
 
ӘОЖ-042.65(574) 
ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ 
 
Абжан Т. – ЮМ-20-1к7тобының студенті 
Альшуразова А.А. – аға оқытушы, құқық магистрі 
Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Әлемде сан мыңдаған ұлт болса 
да, отарлықтың бұғауынан бұлқынып шығып, аңсаған азаттығына жете алғандар санаулы ғана. Тәуелсіздік – әркімге 
бұйыра бермейтін Тәңірдің сыйы. 
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры. Иә, ұлтымыз құлдықтан, жеріміз соғыстың дүбірінен құтылғалы егемендік 
еліміздің басты құндылығы. Мәңгілік ел идеясы тәуелсіздігіміз баянды болғанда ғана іске аспақ. Ал, азаттықтан
ақырына дейін ажырамау үшін біз не істеп жүрміз?! Мемлекетімізді «мәңгілік ел» ету үшін қолымыздан не келеді?! 
Еліміздің елдігін сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» етуші, көзі ашық, көкірегі ояу, саналы, ойы озық жаңа 
буын–жастар болмақ.Бұл жайында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар 
жинағында да айтылды. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген 
ұлы күн. Сондықтан біз үшін әрқашанда қастерлі, қасиетті болмақ.Тұғырымызды тұғырлы етіп тұрған, сындарлы саясат 
жүргізіп, саяси аренада «көгершін» саясатын ұстануы, еліміздің қабылдаған АТА ЗАҢЫ мұның бәрі, Тәуелсіз Мәңгі 
елдің тұғыры. Тәуелсіздік ұғымы десе, есімізге бірден бірлік пен келісім келеді. Дүние жүзіне біртұтас ұлт ретінде 
қалыптасып танылуымыз, этникалық әралуанды ел болуымыз. Ол өзге ұлт өкілдерінің бір мемлекетте тұруы деген ғана 
әңгіме емес, бірлікті ту етіп бекітіп, тату-тәтті өмір сүруі. 
Тәуелсіз елдің, бекітілген аумағы болуы керек. Жер әрқашанда қасиетті, тұтас ұғым.Тарихымызға үңіліп қарасақ, 
жер тәуелсіз елдің бірінші байлығы болған, сол үшін соғыс, қантөгістер болған.Бүгінде шекарамыздың шегенделіп, 
қолайлы аймақта өмір сүруіміз ата-бабамыздың төгілген қаны. Сондықтан, жер тәуелсіздік ұғымындағы ең қымбат 
басты байлық, біз үшін аманат болып қала бермек. 
Кез-келгеніміздің Отанымыз– отбасымыздан басталады. Мәңгілік еліміздің тұғыры Тәуелсіздікті сақтау әрбір 
өскелең Қазақстан азаматының міндеті. Тәрбие тал бесіктен басталады, нағыз ұлтжанды жастардың қалыптасуы үшін 
отбасы институтының алар орны ерекше.
Бүкіләлемдік глобализация салт-дәстүрлерімізбен бірқатар ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалуымыз 
ықтимал.Ондай қателіктерге боялдырмауымыз үшін, саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Бәсекеге қабілетті заманда, 
Мәңгілік Тәуелсіз ел болуымыз үшін, ұлттық мінез және асқақ рух қажет.Ал біз осы құндылықтарымызды бойымызға 
сіңіру үшін, тарихымызды, мәдени құндылықтарымызды тануымыз керек болып табылады. 
«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»-деп Абылай хан 
айтқандай, Тәуелсіздігіміз еліміздің, тұғыры болуының бірден-бір себебі осы – білімді жастардың көп болуы. Бізге 
берілген уақытты тиімді пайдалану, берілген мүмкіндіктерге асқан ұқыптылықпен пайдалануға талпыну, ел ірітікісін 
іркілтпеуде. 
Тарихқа көз салсақ, әр заманда бабаларымыз бостандық үшін күрес жүргізіп отырған. Иә, кешегі өткен Әлихан 
мен Ахметтер, Кенесары, Тәуке хандар, Бөгенбай мен Қабанбай да, Керей мен Жәнібектер елінің азаттығы үшін басын 
бәйгеге тікті. Аңсағандары бүгінгі азаттық. Азаттық – аманатымыз. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді 
елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау! 
Тәуелсіздік күн сайын біздің қорғауымызға мұқтаж. Өткен замандарда қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен жаулап 
алынған тәуелсіздікті, бүгінде шындық пен тәртіп, ұлтжандылық құтқарып қалады.
Көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаев «Егеменді Қазақстан» газетінде «Үлкен тілек үстіндеміз» атты мақаласында 
тарихқа терең үңіліп, қазақ елінің өзге елдермен терезесі теңесіп жатқанын мақтап, мадақтап, Елбасына табыс тілеген 
екен. «Сондықтан да біз бүгін ортақ тағдырымыздың осындай жауапты кезеңінде көсем басшымызды сәтті тауып 
алғанымыз үшін бір-бірімізді құттықтап, Президентімізге табыс, өзімізге бақыт тілеуге әбден құқылымыз. Ақ жол, 
ағайын! Іске сәт, азамат!», - деген екен Әбіш Кекілбаев [1]. 


118 
Қазақстан – биыл тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл!Бірақ, бұл жылдар қазақ халқының жүздеген жылдар 
бойы аңсаған арманын алып берген «алтын кезең», ғасырға татитын жылдар болды. Осы қысқа уақытта еліміз өзінің 
Елтаңбасын, Әнұранын, Туын асқақтатып, теңгесін шығарды, Конституциясын қабылдап, көптеген елдермен 
дипломатиялық байланыстар орнатты. Тіпті, Кеңестер империясының сойылын соққан саясатшылардың «Одақсыз, өз 
алдарыңа күн кеше алмайсыңдар» деген ауыздарына құм құйып, Одақтан бөлініп шыққан республикалар арасында көп
жағдайда бірінші орынға шықты [2]. 
Түрлі салаларда ауқымды бағдарламалар, соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму 
бағдарламасы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» іске асырылды. Жаңа аурухана мен емхана, мектеп және балабақша 
салу арқылы әлеуметтік инфрақұрылым жаңартылды. Нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға 
бағытталган түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Сондай-ақ, экономикалық өсімді 
қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен, еліміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасып үлгерді. Бүгінде 
қарыстап емес қарыштап дамып жатқан еліміз, әлемдік аренада биік мәртебеге ие. Бұл жетістіктер «мәңгілік ел» болу 
үшін алғашқы қадам. Атадан аманат болған тәуелсіздіктің себебі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет