119
басуынан өндіріс нысандарын қорғайтын дамбалар салу үшін, зауыт ішіндегі жолдарға төсеу үшін - компания құм,
гравий және басқа кең тараған пайдалы қазбалар өндірді. Жер телімдері пайдалану мақсаты көрсетіле отырып,
Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес ресімделді. Алайда мемлекеттік уәкілетті органдар
компаниядан кең тараған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, геологиялық және
кен иелігін алуға бөлек
келісімшарт жасауды талап етті. Бұл орынсыз әрекет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының көптеген
қағидасына қайшы келетін еді.
Айғақтар келтірейік.
ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 27 мамырындағы № 645 «Кең тараған пайдалы қазбалар тізімін бекіту
туралы»
Қаулысында
кең тараған пайдалы қазбалардың барынша түгенделген тізімі белгіленген, оған басқалармен қатар
құрылысқа пайдаланылатын құм мен гравий де енгізілген [53].
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының
1-
бабында
берілген глоссарийде «кең
тараған пайдалы қазбалар» мен «пайдалы қазбалар» терминдері бөлекше топтастырылады, басқаша айтқанда,
бұл екі
ұғым тең емес. Мұны қолданыстағы заңдардың төменде келтірілмек қағидалары да растайды.
ҚР Жер кодексі
42-
бабының 1-тармағы
бойынша, өз қажеттері үшін кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты
суларын алу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында осындай табиғи ресурстары бар жер телімі жеке
меншікке я пайдалануға берумен қатар (бір мезгілде) орындалады. Іс жүзінде осындай қағида бұрын қолданыста болған
«Жер туралы» ҚР Заңында да болатын (47-бап, 3-тармақ). Онда жер пайдаланушылардың жалпы құқықтары ескертіледі,
соның ішінде кейін мәмілелер жасау ниетінсіз және өз шаруашылығының қажеттері үшін жер теліміндегі құм және
басқа кең тараған пайдалы қазбаларды пайдалану, сондай-ақ жердің басқа да пайдалы қасиеттерін пайдалану құқығы да
бар [54]. Сол сияқты 1996 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының
13-
бабының 4-
тармағы
бойынша да, 2010 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының
35-
бабының 9-
тармағы
бойынша да, өз қажеттері үшін кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын алу үшін жер қойнауын
пайдалану құқығын беру қойнауында осындай табиғи ресурстары бар жер телімін жеке меншікке я пайдалануға берумен
қатар (бір мезгілде) орындалады.
Мұнан соң, ҚР Үкіметінің 2000 жылы 21 қаңтардағы № 108
Қаулысымен
бекітілген «Қазақстан Республикасында
жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерінде» жергілікті атқару органдары кең тараған пайдалы қазбаларды өз
қажеттері үшін емес, коммерциялық мақсатта барлау мен (немесе) өндіруге ғана келісімшартқа отыруға құзыретті
органдар ретінде көрсетілген. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге коммерциялық мақсатта келісімшартқа отыру
қажеттігі жөнінде осыған ұқсас қағида ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 27 мамырындағы № 645 «Кең
тараған пайдалы
қазбалар тізімін бекіту туралы» Қаулысының 3-тармағында да бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: