Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет106/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. //«Юрист» құқықтық анықтама жүйесі // 
01.02.2010.
2. 
Отчет Национального Банка Республики Казахстан о поступлениях и использовании Национального Фонда 
Республики Казахстан за 2008 год. - Интернет-сайт Национального Банка РК: 
www.nationalbank.kz
. // 01.02.2010. 
3. 
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауы 
15.12.2013ж. 
4. 
Мухитдинов Н.Б. С.П. Мороз Горное право Республики Казахстан. Алматы, 2000 г. 
ӘОЖ 339.543 
КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Актаев А. - ЮМ 20-4к 
Бердекова Р.М - аға оқытушы,құқық магистрі  
Қазақстан Республикасының заңдар мен халықаралық шарттар бекіткен, орындалуы бақылау кеден органдарына 
жүктелген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден 
режимдерін, кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткізудің, кеден төлемдері мен салықтарын 
салудың және төлеудің, кеден жеңілдіктерін берудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғушы тұлғаның құқыққа қарсы 
әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзу болып табылады, ол үшін Кеден Кодексінде жауапкершілік 
қарастырылады. «Тұлға» ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды (отандық және шетелдік заңды тұлғалар, 
жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар), сондай-ақ лауазымды тұлғалардыжатқызады.Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік 
міндетіне, онда орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар 
жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы (тікелей 
бұзушылықтары үшін) лауазымды тұлғалар менбасқа жұмысшыларды жауапкершіліктен босатпайды. Лауазымды тұлға 
құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әректсіздігі үшін жеке тұлғалармен теңдей 
жауапкершілікке тартылады. Тек бой бермейтін, тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерді жауапкершіліктен 
босатуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану жауапкершілікке тартылған тұлғаны 
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу міндетінен толықтай босатпайды. Егер құқық бұзушылық өз сипаты, белгісі 
бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымен, анықтама жүргізу кеден органдарының қүзіретіне жүктелсе, 
заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатыл- майды. Менің пікірімше, 
«жеке тұлға» ұғымынан «жеке кәсіпкерді» бөліпалу соншалықты негізделмеген.Жауапкершіліктің маңызды бөлігі
әскери қызметшілер мен тәртіп жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін 
қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Бұл тұлғалар қатарына Қарулы күштердің, шекара және ішкі 
әскерлердің, басқа да әскери құрамалардың әскери қызметшілері мен жиынға шақырылған әскери міндеттілер кірмейді. 
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы 
құрамының тұлғалары жатады. Қазақстанның әскери бөлімдер мен басқа да әскери бөлімшелері және мемлекеттік 
құрылымдар (Қазақстан Республикасы оның құрамына кіреді), ішік істер және ұлттық қауіпсіздік органдары заңды түлға 
ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шетелдік заңды және жеке түлғалар жалпы негізде жауапкершілікке 


120 
тартылады. Кодексте кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктің маңызы аз болса, кеден органы 
жауапкершіліктен босатып, тек ауызша ескерту жасау мен шектелу мүмкіндігі қарастырылған, бұл жаза түрлерінің 
тізбесіне енбейді. Кеден Кодексіне сәйкес мерзім (1 жыл) бекітіліп, бұл мерзім біткен соң тұлға бұзықтығы үшін жазаға 
тартылмаған деп саналады.Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы 
қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы 
қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (1-бап) көрсетілгендей, қылмыстық 
жауапкершілікті қарастырады, тек қана осы Қылмыстық Кодекс пен басқа заңдардан тұратын қылмыстық заң, олардың 
Кодекске енгізілгенінен кейін ғана қолданылуға жатады. Бұл ереженің Кеден Кодексіне тікелей катысы бар, өйткені 
онда кеден ісі саласындағы қылмыстарға арналған бөлім бар. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан 
Республикасының қылмыстық заңында кедендік қылмыстың тек екі ғана түрі бар болды: контрабанда (64-бап) және 
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердітөлеуден жалтару (81-бап), сол кезде 1994 жылғы Ресейдің қылмыстық 
заңында осы қылмыстардың бес түрі қарастырылған. Кеден ісіне зиян келтіретін қылмыстарға: контрабанда (78-бап); 
Ресей Федерациясының және шет ел халыктарының көркемөнер, тарихи және археологиялық құндылықтарын Ресей 
Федерациясының аумағына қайтармау (78-2 бап), кеден төлемдерін төлеуден жалтару; валюталық құндылықтармен 
заңсыз мәміле жасау (162-7 бап); Ресей Федерациясының кеден заңдарын бұзу (161-1бап).Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық Кодексінің 209-бабына сәйкес экономикалық контрабанда дегеніміз-кеден шекарасы арқылы кеден 
бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде көп мөлшерде тауарлар мен басқа заттарды, не кеден сәйкестендіру 
құралдары мен құжаттарды алдап қолданумен, не кеден шекарасы арқылы алып өтілуіне арнайы ережелер бекітілген, 
кеден шекарасынан өткізуге тыйым салынған немесе декларациялануы күмөнді тауарларды, заттар мен құндылықтарды 
алып өту. Айналымнан алынып тасталған немесе айналымға түсуі шектелген (Қылмыс- тық Кодекстің 250-бабы) 
заттардың контрабандасы дегенміз кеден сәйкестен-діру құралдарын немесе құжаттарды алдап қолданумен 
декларациядан өтпеген немесе декларациялануы күмәнді есірткі құралдарын; жүйке уландырғыш; күшті әсер ететін, улы 
уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш Қазақстан Республикасының мемлекетгік немесе кеден заттарды; қару-
жарақ, өскери техника, жарылғыш қондырғылар, оқатар қару, оқ-дәрілерді; ядролық, химия- лық, биологиялық, жатпай 
жою қаруларын жасауда пайдалануы мүмкін материалдар мен құрал жабдықтардың басқа түрлерін мемлекеттік кеден 
шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде жасалған өткізу болып табылады.
Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі өндірісті кеден органдарының лауазымды тұлғалары 
жүргізеді. Істерді қарау кеден орган- дарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен сот арқылы жүзеге асырылады. Кеден 
Кодексі кеден ережелерін бұзушылықтарға және осы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке арналған, ол сондай-ақ кеден 
ережелерін бұзу туралы істер бойынша іс-әрекеттерді өндіру және оларды қарау қамтылған. Қазақстан 
Республикасының Кеден Кодексінде реттелмеген жеке іс жүргізу әрекеттері әкімшілік заңда жалпы бекітілген 
нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Кеден ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылықка жатады, бірақ оларды жеке 
топтарға бөлген және кеден құқық бұзушылықтары деп атау қажет. Кеден Кодексін қабылдағанға дейін кеден 
ережелерін бұзу белгіленген басқару тәртібіне қол сұғушылық деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық тобына 
жататын (Қазақ КСР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі,15-тарау).Кеден Кодексінде белгіленген кеден ережелерін 
бұзғаны үшін жауапкершілікке тартатын көптеген ереже қарастырылған. Айыппұл мөлшері бұрынғымен салыстырғанда 
көбейген. Сонымен қатар, кеден органдарының қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, барлық істер 
бойынша іс-жүргізу және оларды қарау 30 бапты қамтиды.ҚР Кеден Кодексі кеден ережелерін бұзғаны үшін 
қолданылатын жазаның алты түрін шығаруды қарастырады, бұл Ресейдің Кеден Кодексінде (242 бап) қарастырылған 
жазалар 
түріне 
толық 
сәйкес 
келеді. 
Жауапкершілік 
шарасы 
ретінде 
ескерту 
ауыр 
кеден ережелерін бұзушылық ашылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал заңды тұлғаларға алты айдан 
кешіктірмей салынуы мүмкін; тәркілеу және өндіріп алу кеден құқық бұзушылығы жасалған немесе ашылған уакытқа 
және олардың негізгі немесе қосымша өндіріп алу түріне тәуелсіз салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет