Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет111/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Пайдаланған әдебиеттер 
1. 
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. 
2. 
Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
3. 
Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008. 
4. 
Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014. 
5. 
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015. 
6. 
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018. 


126 
ӘОЖ 347 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ БӨЛІГІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЖҮЙЕСІ, МӘНІ 
Аскар Айида - Юм 20-1к6 студенті 
Бихондиева А.Б. - аға оқытушы 
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының ерекше бөлігінің жүйесі деп, тәртіп бойынша қол сұғу 
объектілерінің маңызы ескеріле отырылып, нормалары арнаулы тарауларға топтастырылған қылмыстық кодекстің 
ерекше бөлімінің нормаларын орналастырудың белгілі бір тәртібі танылады. 
Құқық нормаларын жүйелендірудің негізіне алынуы мүмкін объективті өлшемдік негізі құқықтық норма 
объектілерінің ерекшеліктері, яғни құқық арқылы бекітілетін және қорғалатын қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің ерекше бөлімін жіктеудің негізгі қағидасы қол сұғушылықтың 
тектік объектісі бойынша жіктеу болып табылады. Мәселен, «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» 
тарауында жеке адамдарға қол суғушылықтарды, ал «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне 
қарсы қылмыстар» деген тарауында мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мен 
әлсіретуге бағытталған қол сұғушылықтар қарастырылады. 
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіндегі баптардың саны – 497, оның 98-і Жалпы бөлімінде орын алған. 
Жаңа Қылмыстық кодексдің техникалық безендірілуі де өзгерді, олар сандармен көрсетілетін болды, мұның өзі 
кодекстің пайдаланылуын да біраз жеңілдетті. 
Жаңа Қылмыстық кодекстің ерекше бір қасиет алғаны – оның идеологиядан арылуы. Бұрынға қылмыстық 
заңнама қылмыстық қудалау бағытына анықтауға ерекше бір саяси мән берген болатын. Мәселен, атап айтқанда, Қаз 
КСР ҚК 1-бабы Республика қылмыстық заңнамасының міндеттерін анықтағанда ең бірінші орынға конституциялық 
құрылыс пен оның саяси және экономикалық жүйесін қойды. Қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы 
бұрынғымен салыстырғанда бірінші орынға өзгеше құндылықтарды қойды. Сөйтіп бірінші орынға жеке адам, отбасы, 
адам құқықтары мен бостандықтары шықты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай, 
«Ќазаќстан Республикасы өзін демократиялыќ, зайырлы, ќұќыќтыќ және әлеуметтік мемлекет ретінде орныќтырады, 
оның ең ќымбат ќазынасы - адам және адамның өмірі, ќұќыќтары мен бостандыќтары» деп айрықша мән берілді. Дәл 
осыған орай, ҚР Қылмыстық кодексінің баптардың 1-бөліміндегі 2-бабында көрсетілгендей; Қылмыстық кодекстің 
міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары 
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін 
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың 
алдын алу болып табылады. 
Ерекше атап өтетін жай, Қазақстан Республикасы ҚК ерекше бөлігі «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтар» деген тараумен басталады. Мұнымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен ең қымбат 
қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандыќтары деп жария етілгендей адам мен азаматтың
қылмыстық-құқықтық қорғаудың басымдылығы айғақталады. 
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар деп адамның өмірі мен денсулығына, жыныстық дербес 
құқығына, бостандығына, абыройы мен ар-намысына қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекет танылады. Мұндай тектегі 
қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау нәтижесінде адамның өмірі мен денсулығына, құқықтары мен заңды 
мүдделеріне зиян келтіру қатері төнеді. Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың текті объектісі жеке адам, тікелей 
объектісі адамның өмірі мен денсулығы, бостандығы, абыройы мен ар-намысы танылады.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі заңдылық пен құқықтық тәртіпті ұдайы нығайтуды, 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің конституциялық құрылысын берік қорғауды талап етеді. 
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қылмыстылық сияқты әлеуметтік індетпен ымырасыз күрес жүргізуді 
ұйғарады. Мемлекет қылмыстылықпен күресте әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да 
шаралардың бүкіл кешенін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет