129
Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін
түрінде. Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық істерді қарау мен
шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі. Сот
төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды
анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады.
Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу арқылы жасалады.
Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап
алып және қолдануда жататын
материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы
қортындыға жетеді.
Сот қызметі барысында нақты фактілердің бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуі.
Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама түрде
растайтын фактімен мәліметтер.
Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән-жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс
зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында,
мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп
көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар
қарау және оны тәжірибеде
азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.
Қазіргі азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған
мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей
тәуелді деп атауға болады.
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-
жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде
алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Мақсаты болып дәлелдемелер мен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын
орнын көрсету болып табылады.
Мақаланың нәтижесін мынадай негізгі тұжырымдар мен ұсыныстармен қорытамыз:
-
дәлелдеудің түсінігі мен міндетін көрсету;
-
дәлелдемелерді ұсыну, оған жол беру және растығын қарастыру;
-
дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
-
куәнің айғақтары, міндеттері мен құқықтары;
-
жазбаша дәлелдемелер;
-
заттай дәлелдемелер;
-
сараптама тағайындау және оны жүргізудің тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: