Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет125/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
 
 
 
 
 


142 
Использованная литература 
1. 
М.М. Шарафулин «Межнациональные конфликты: причины, типология, пути решения// Проблемыобразования, 
науки и культуры». М., 2016. – С. 130 – 131. 
2. 
Кайсаров 
Ш.Т. 
«Этнополитические 
противоречия 
как 
объект 
государственной 
.... 
Политики 
Российской Федерации (на примере северокавказского региона) - автореферат на соискание уч.ст. к.полит.н. -М., 
2014. - 
С. 10-11. 
3. 
Маркс К., Энгельс Ф., Соч., - Т. 2. - С. 123. 
ӘОЖ 111.12(574) 
АБАЙДЫҢ “АДАМ БОЛ” ИДЕЯСЫҢ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ. 
 
Бекіш М. - ЮМ 19-6К тобыныңстуденті 
Спанов М.Ж. - филос.ғ.к., доцент 
Абай Құнанбаев — қазақ халқының данышпан ойшылы, ақын, философы. Ол қазақ мәдениетінің өсіп дамуына, 
қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген ұлы ғұлама. Абай өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген 
қамқорлығымен әлемге танымал болған ойшыл. Өз заманының озық ойлы, орақ тілді, қоғамның рухани өмірінде өзгеріс 
жасауға ынта қойған ағартушы, қазақ қоғамында мәртбесі өте жоғары тұлға.Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық 
шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік 
ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. 
Абай бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігіңде “адам және 
адамгершілік” мәселесіне баса көңіл бөледі. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылыққа сиеттерін 
өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді 
де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әртүрлі: философиялық
биологиялық,психологиялық, эстетика және әсіресе, этикалық көзқарастан жан-жақты қарастырған.Абай өзінің 
азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп 
жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің
онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізуді қалады. Абай 
қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік 
тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. 
Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен 
философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың 
мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам 
өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, “мені” мен “менікінің” айрылғанын,”өлді” деп ат 
қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл 
жерде “мен” деген не, “менікі” деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. 
Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы 
қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен 
иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақжүректігі мен 
адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың 
басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға 
құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, 
қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді.Бұл пікірді мақұлдауымыз 
қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып өте 
алмайтыны ежелден мәлім. Абайдың да дүниетанымындаы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы.
Абайдың моральдық, этикалық, адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана “Адам бол!”деген 
формула, тұжырым. Адам болу – кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қарабастың қамы емес, елінің қамын, 
халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, “өзін-өзі зор тұтып”, “надандарды менсінбейтін”,дүниеге 
әлем тұрғысынан қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілімен:Адал бол - бай тап”,Адам бол - мал тап, 
Қуансаң қуан сол кезде” деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады: “Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз... Бес 
нәрседен қашық бол” (“Бес дұшпан”- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ), “Бес нәрсегеасық бол” 
(“Бес асыліс”- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахым) деп ақын айтып кеткен.Абайдың адамға қойған талаптары бүгін 
де өзекті болып табылады. Адам бүгін де адам болу үшін Абай ұсынған бес асыл істі игеруі керек. Абайдың пікірі 
бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам 
деп есептеуге болады. Адам болу – екі жақты процесс: бір жағынан, бұл қоғамға, отбасына, ата-анаға, солар арқылы қа-
лыптасқан жағдайға байланысты; екінші жағынан, адамның өзіне – оның талабына, ынтасына, жігеріне байланысты. 
Адамды күштеп, зорлап адам қыла алмайсың. Адамды сырттан күштеп, инабатты, мәдениетті қыла алмайсың. Адамды 
зорлап оқытып, маман қыла алмайсың. Оқу да, ғылым да, өнер де – бәрі де талаппен, ынтамен, жігермен келеді. “Кісіде 
бар болсаталап, отырма сол бойын балап. Жүрер, әр қайдан ізденер, ал арөз сүйгенін қалап”, дейді хакім Абай. 
Ойшыл ақынның талдауынша, толғануынша тек адамгершілікке тән адал қасиеттерді өміріне, ісіне, күнделікті 
күн көруіс-әрекетіне табиғи сіңдірген кісі ғана – нағыз адам. “Адам бол!” формуласының, қисынының, 
қағидасыныңмазмұны - “періште”, “адам”, “пенде”, “шайтан” дегентөртұғымменұштасып, ұшырасып, қабысып жатыр. 
Адам періштеге орай, пенде шайтанға орай өмір сүрген жандар. Абайдың арманы – әр қазақты, пендені адам ету, 
періштеге ұқсату, пенделік, шайтандық жолдан құтқару. 
Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікіралысып, ой жарыстыратын моралист-
философ Сократтың “Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны” деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы 
ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да “адамды 
(пендені) адамға айналдыру”, адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде “дүние” және “жалған”, “адам” 


143 
және “пенде” деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дүние - мәңгіқұбылыс, жалған – өткінші құбылыс, Адам - 
дүниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі ақиқат, адалдық, 
әділеттілік, әдемілік деген ұғымдар мен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, 
күнкөрістің қамымен байланысып жатады дейді Абай. 
Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді әкелді, оны даму принципімен байланыстырды. 
Халқының надандықтан құтылып, әлемдік мәдениет қазынасын да игере білгенін қалады. Зердені дәріптей отырып, ол 
жаңа құндылықтық бағдарларды, өмір мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді қалыптасырды. 
Абай даналыққа, даналықты жеткізетін сөзге, іске, мінез-құлыққаерекше мән береді. Абай даналықты танып, 
бағалайды. Абай іліміндегі даналық теориялық топшылау емес, адам болып өмір сүру тәсілі.Даналықтың түйіні, нақты 
көрінісі – түсінік. Адамғақатысты нәрселердің бәрін Абай терең түсінеді. 
Абай өсиеті, ақыл-ойықазақтыңалғадамуыныңсарқылмасқайнаркөзі. Жасұрпақтың сана-сезіміноятып, олардың 
бойында ар, ұят, адамгершілік және басқа да қасиеттердің қалыптасуына Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің қайсысын 
алсаңда жастардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпалы зор. Абай қоғамшындығын, қоғамды қойды көркем 
бейнелеп, адамның өнегелік қасиеттері туралы ілімді кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Адам мәселесі, оның ішіде шығу 
тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың 
бірі болып табылады. Абай адамды философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыда 
әр қырынан қарастырған. Себебі адам мәселесі оның дүниетанымының өзегі болды.
Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз 
қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы – 
ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Өйткені, хакім ғұламаның басты мақсаты – адам болу 
үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан 
Абайдың «Адам бол!» деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет