Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет150/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Список литературы 
1. 
Устинов В. Турар Рыскулов. Алматы, Казахстан, 1996. 
2. 
Рыскулов Т. Р. Собрание сочинение в трех томах. — Алматы: Қазақстан, 1997. 
3. 
Рыскулов Т. Из прошлого казахской интеллигенции. Избранные труды. Алма-Ата, Казахстан, 1984. 


170 
ӘОЖ 231.08 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨЛІКТІҢ ӘР ТҮРІНЕ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУМЕН КЕДЕНДІК 
БАҚЫЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жанәділова Ж. Е. – ЮМ-18-4К тобының студенті 
Муратова Г. Т. – аға оқытушы, құқық магистрі 
 
Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау темір жол, автомобиль, әуе және теңіз көлігімен жүзеге асырылады. 
Халықаралық тасымалдау деп екі және одан да көп мемлекеттер арасында осы мемлекеттер жасасқан халықаралық 
келісімдерде белгіленген шарттарда орындалатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдау түсініледі. Бұл саладағы 
құқықтық реттеудің өзіне тән ерекшелігі, тасымалдаудың негізгі мәселелері жүктер мен жолаушыларды халықаралық 
тасымалдаудың шарттарын біркелкі айқындайтын біріздендірілген нормаларды қамтитын халықаралық келісімдерде 
(көлік конвенцияларында) шешіліп отыр.
Көлік-құралдарды тасымалдауының кедендік бақылауы екі түрге бөлінеді: тауарларды тасымалдау кезіндекөлік-
құралдардың кедендік бақылау, тауарларды түсіргеннен кейін орындалатын кедендік бақылау. 
Кедендік бақылау шекаралық өткізу пункттерінде тас жол өтпелерінде, тауарларды жеткізу орындарында жүзеге 
асырылады. 
Көлік-құралдарының кедендік бақылауы мынадай мақсаттарды көздейді: 
* тауарларды кедендік бақылаудан жасыру үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарын анықтау және 
пайдаланудың жолын кесу; 
* халықаралық жолаушылар мен ресми жүктерді тасымалдаудан басқа, көлік құралдарын кедендік шекара 
арқылы өзге мақсаттар үшін өткізуге жол бермеу; 
* кедендік бақылаумен жүктерді жеткізу үшін көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. 
Көлік құралдарын кедендік бақылаудың кіші түрлеріне жүк автомобильдерінің жүргізушілері, жүктерді алып 
жүретін экспедиторлар және жолаушылар автобусының жүргізушілері өткізетін тауарларды бақылауды жатқызуға 
болады. Бақылаудың бұл кіші түрі жеке (жеке) тұлғалар өткізетін тауарларды бақылауға ұқсас жүзеге асырылады. 
Жүк автокөлігін тас жол өткізу пункттерінде кедендік ресімдеу және бақылау мынадай ретпен жүзеге 
асырылады: 
* тасымалдаушының кедендік және шекаралық бақылау аймағының аумағына кіру кезінде кеден органының 
лауазымды тұлғасына көлік құралына және тасымалданатын жүкке құжаттарды тапсыру нысанында әкелу (әкету) 
туралы хабарлама беруі; 
* кеден органы лауазымды тұлғаларының берілген құжаттарды тексеруі және тасымалданатын жүкті кедендік 
ресімдеудің нысаны мен орны туралы шешім қабылдауы; 
* көлік құралын кедендік бақылау нысаны туралы шешім қабылдау; 
* жүргізуші және автокөлік құралында жүретін басқа да жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу; 
* көлік құралын және тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау; 
* тасымалдаушыға көлік құралы мен тасымалданатын тауарларға құжаттарды тапсыру; 
* көлік құралын шетелге немесе ел ішіне шығару. 
Шекаралық және паспорттық бақылау, сондай-ақ басқа қызметтер тарапынан бақылау кедендік бақылаумен бір 
мезгілде жүзеге асырылады. Бақылау қызметтерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі шекаралық тас жол өткеліндегі 
шекаралық және кедендік ресімдеудің технологиялық схемаларымен белгіленеді. 
Жолаушылар автокөлігін кедендік ресімдеу мен бақылаудың реті келесідей: 
* тасымалдаушының кіру (шығу) туралы хабарламаны ауызша өтініш нысанында беруі және көлік құралына 
құжаттарды және жүргізуші мен жолаушылардың жеке құжаттарын кедендік және шекаралық бақылау аймағының 
аумағына кіру кезінде шекара әскерлерінің немесе кеден органының (қабылданған технологиялық схемаға байланысты) 
лауазымды тұлғасына ұсынуы; 
* жүргізуші мен жолаушылардың қол жүгі мен багажын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау; 
* көлік құралын кедендік ресімдеу және бақылау; 
* сәйкесінше көлік құралын, жүргізуші мен жолаушылардың қол жүгін және багажын шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет