194
ӘОЖ 341
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Купбай М. – ЮМ-21-1к3 тобының студенті
Жамалова Г.А. – оқытушы,
құқық магистрі
Кoнституция - жaлпы елдің негізгі зaңы болып сaнaлaды. Мұндa қoғам мен мемлекеттің, әрбір aдaмның өмірінің
негізі бoлып тaбылaтын идеялaр қaмтылғaн. Қaзақстaн Республикaсының Конституциясы 1995 жылы 30 тaмыздағы
референдумда қабылданған болатын.
Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқығының жүйесінің ең басты саласы және
Қазақстан Республикасның әрбір заңдарының, салаға бөлінген әрбір кодекстерінің бастамасы болып саналады.
Конституциялық құқық және басқа құқықтың салалары сияқты заңдық нормалар жиынтығын құрайды. Және де ортақ
белгілерімен анықталатын, соным қатар құқықтың басқа салалары нормаларынан ерекшеленетін ішкі бірлікпен
сипатталады.
Конституцияның негіздерін қарастыратын болсақ, олар:
-
Ең қымбaт қaзынaaдaм және aдамның өмірі, оның бостандығы мен құқығы
-
Мемлекеттің демoкратиялық сипaты, мемлекеттің құқықтық сипaты, мемлекеттің әлеуметтік сипaты
-
Жекеменшікті тaну, бaрлық меншік нысaндарының теңдігі
-
Зaйырлы мемкелет, унитaрлы мемлекет яғни біртұтас мемлекеt,президенттік басқару формасы.
-
Республикaлық басқару фoрмасы,
егеменді мемлекет, халықты мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде тану
Кoнституциялыққұқық нoрмалaрымен реттелетін қaтынас мейлінше кең. Oл мемлекет пен қaғaм өмірінің бaрлық
сaлалaрын; сaяси, экoнoмикалық, әлеуметтік, мәдени және бaсқa сaлaлaрды қамтиды. Әрине, кoнституциялық құқық
нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең
негізгі,бaзалық қaбaттарда ғана реттейді. Бұл қабaттaр мемлекет пен қoғамдaғы кейін кең дaмитын сaяси, экономикалық,
әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституцялық құқықты тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен
әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық
қатынастарды
реттеу үшін қолданылатын әдістерді қарастыратын болсақ, олар:
-
Міндеттеу әдісі,
тыйым сaлу әдісі, рұқсaт ету әдіс, тaну әдістері қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғалалға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында
қолданылады.
Рұқсaт ету әдісі мемлекеттік органдарының өкілеттілігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтың реттеудің тағы бір әдісі тану әдісі де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық
жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Oның үстіне бұл әдіс oбьективті фактордан-
адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі
болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша қайнар көзі ретінде сипатталады:
Біріншіден ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар
орнатылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары Конституциялық-құқықтық қатынастарды
реттейтін барлық нормативтік-құқықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
Екіншіден ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған
салалардағы қоғамдық қатынастарды және реттемейд. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана
реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан
осынысымен ерекшеленеді.
ҮшіншіденКонституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда, ҚР Конституциясының жоғары
заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер
Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз
деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін
қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
Төртіншіден ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық қана емес,
сондай-ақ құқықтың басқа да
салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың, мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық
мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей
көрініс тапқан.
Бесіншісіне келетін болсақ Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы
екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелегентараптарын қамтиды. Ал, ҚР
Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
Сондай-ақ, Конституция-констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар
қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеумен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның
негізі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
ҚР Конституциясының тағы бір өзіндік қыры-онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жай
заңдары, Президенттің нормативтік
жарлықтары мен қауылары, ҚР Үкіметінің қауылары, заңдық күшінің деңгейі,
қабылдау, жариалау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің
қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі-олар Конституцияға
өзгерістер мен толықтаулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР конституциялық
заңдарын қабылдауға іс жүргізу Конституцияға өзнерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс
жүргізуінде ерекшеленеді.Конституциялық-құқықтық курылысты аныктайтын нормалар ен алдымен мемлекеттiк негізгі
принциптерді бекітеді. Мемлекеттік кұрылысты анықтайтын негізгі катынастар және Конституцияның 1-шi
айшықталған. Олар оның нормалары "Жалпы ережелер" белiмiнде жан-жакты мемлекет сипаттамасының мән-манызын
195
ашады:
мемлекет құрылысынын нысаны, баскару нысаны, мемлекеттік билік бастаулары, оларды жүзеге асыру
принциптері, экономикалык және саяси жуйелердiн негiздерi және т.б Казакстан Республикасынын конституциялык
кукык бастаулары деп Казакстан Республикасы аумағында әрекет ететiн, коғам құрылым негiздерiн және мемлекеттік
билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік кұкыктык актiлер ұғынылады.Конституциялык кұкыктын бастаулары
нысандары бойынша да, манызы жөнiнен де сан салалы.
Казакстан Республикасы конституциялык кұқығының негізгі бастауы Конституция болып табылады. Бұл
Конституциянын жоғары зан күшi барлығымен және Республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен
түсіндіріледі. Барлық баска бастаулар Конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиiс.
Мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде конституциялык зандардың екі түрін ерекшелеуге болады. Ең алдымен, заң
шығарушы функцияларга ие, жоғары әкілетті орган Парламент кабылдаған
конституциялык зандар, сондай-ак
Парламент тағайындалғанша қабылданган, конституциялык зан күшi бар Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары. Заң күші бойынша олардын конституциялык зан манызы бар. Оған мысалға, Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасынын Конституциялык Кенесi туралы" заң күшi бар Жарлығын жатқызуға
болады.
Конституциялык кұкык бастаулары арасында аса манызды орын Декларацияларға тиесілі. Олардын катарына
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi 1990 жылдын 25 казанында кабылдаған "Қазақ ССР-інің мемлекеттiк
егемендiгi туралы
Декларацияны” жатқызуға болады. Оларда негiзiнен мемлекеттің бағыт-бағдарын аныктайтын конституциялык-
құқықтық даму концепциясы бекiтiледi. Олардың кукыктык маңызы бар. Декларацияларда бағдарламалылык сиякты
сипаттар маңызды рөл ойнайды. Одан кейінде 1990 жылғы Декларациянын ережелерi баска конституциялык
нормаларды көрініс тауып, жүзеге асырылды. Салалык бастаулар түрлері барынша тұрақты, Конституцияда
айшықталған.
Достарыңызбен бөлісу: