196
Ал, ендігі кезекте, ұлттық кодтың жастарға қандай қатысы бар? Меніңше, тікелей қатысы бар. Себебі, жастар –
біздің
болашағымыз, ертеңіміз, біздің ұлттық кодымызды сақтап, келер ұрпаққа берушілер. Ұлттық кодымызды
сақтағымыз келсе, бірінші кезекте жас буыннан бастауымыз керек. Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар әрі
жалғастыраржастардың бүгінгі күнгі
өнегелі тәрбиесі, сапалы білімі, ұлттық санасы –бүгінгі жастар алдында тұрған
мақсат пен міндет. Сол үшін, барлығымыз үшін жастардың білімі мен мәдениеті ең маңызды нәрсе.Жастар мәселесін
шешу және талқылау қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік саяси бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі жастар
қандай, олардың батысқа еліктеуі әрі заманауи көзқарастары қандай, болашақта біздің
ұлттық мұратымызды сақтай
алады ма деген сұрақтар біз үшін өте маңызды. Жастардың дұрыс жолда болуы, дұрыс тәрбиеленуі – ұлттық кодпен
жүзеге асырылады, өз кезегінде, ұлттық кодтың дұрыс сақталып, келесі буынға берілу жастардың қолында. Ұлттық код
ұлттық сананы, ұлттық рухты асқақтатып, жастардың бойындағы ұлттық сананың кемелденуіне жетелеуі тиіс. Қазіргі
таңдағы жастардың мәдениетіне келетін болсам – өзімнің байқауымша, толығымен шетелге еліктеу(әсіресе, Батыс
елдері, Оңтүстік Корея, АҚШ), солардың менталитеті мен болмысын көшіру, меңгеру, өздеріне қолдану –кең әрі терең
тамыр жайды.Ұлттық кодымызда көп қолданылмайды. Әрине,
оны сақтайтындар, ұстанатындар бар, бірақ өте аз.
Ұлттық кодтың ең маңызды элементі – тіл. Қазіргі күндері, қазақ тілі мен оның тазалығын сақтау - өте маңызды мәселе.
Қарапайым мысал, ол әрине жастар. Қазақ жастарының арасында қазақ тілі емес, орыс және ағылшын тілдері көп
қолданылады.Орыс тілін білмейтін орыс жоқ, бірақ қазақ тілін білмейтін қазақтар бар, тіпті көп.Бұл процесс жастарды
толығымен жаулап алды, енді кезекте келесі буынға да берілейін деп тұр. Келесі кезекте – қазақ тілін таза қолданбау.
Яғни, қазақ тілін дұрыс емес пайдалану, бізге жат сөздерді қолдану. Жастар арасында өз Отанын тастап, шетелге көшу
кең етек жаюда. Бұл ұлттық кодтың бұрмалануының тағы бір түрі. Менің байқуым бойынша,
жастардың көп бөлігі
өздерінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, Отанын менсінбейді, тіптен жек көреді. Осы – біздің
үлкен әрі ең осал мәселеміз. Осы мәселелер ұрпақтан ұрпаққа берілсе, ұлттық кодымыз түгілі ұлтымыз жойылып кетеді.
Қорытындылай келе, ұлттық код – ұлтты сақтайтын және болашағын жасайтын маңызды құрал.Оны сақтау –
ұлтымызды сақтау. Оны біздің азаматарымыз бен азаматшаларға бала күнінен бастап құлағына және санасына сіңіруіміз
керек: біздің құндылықтарымыз бен мәдениетіміз және дәстүріміз негізінде патриоттық сезімді оятып, халқымыздың
дана сөздерін, тарихын естірітіп, үйретуіміз қажет. Жастар ең алдымен, қазақ тілін толығымен меңгерулері керек және
әрқашанда тек қана сол тілде сөйлесіп, қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланулары керек. Өзінің туған тілін, туған
тарихын, мәдениеті мен құндылықтарын толық сіңіру арқылы ғана –адам басқа тілді меңгере алады, санасы дұрыс әрі
толығымен қалыптасады.Ұлттық код – рухани болмыс кілті әрі болашаққа деген сенімді бағдар.
Достарыңызбен бөлісу: