Әдебиеттер
1.
Жапарова М.Ж. Әйелдер қылмысы өсіп барады/ Жапарова М.Ж.// Заң және заман журнал. 2009. №3. Б. 14-15
2.
Құрбанова И.Қ. Заңгер мен психолог іс -әрекеттерінің психологиялық процестер жүйесіндегі қасиеттер мен
сипаты жайында/ Құрбанова И.Қ.// Заң психологиясы журнал. 2008. №3. Б. 20-23
3.
Есематова А., Уалиева Ж. Қылмыс объектісін анықтаудың өзекті сұрақтары // Заң және заман. 2015. №1(169). с.
57-61. 6.
ӘОЖ 339.7
СУДА ЖҮЗУДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Сакенова Э – ЮМ21-6к
Кумарова А.К. – аға оқытушы, Мусаев А. – оқытушы
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру суда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді,
сүңгуді, судың бетінде қалқуды адам бірден білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да
қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып жатса, оны құтқара да
біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшықет
талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.Жүзу
кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу
жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады. Суда жүзу кезінде
сіздің барлық бұлшықетіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің
жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшықет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшықеті өз формасына
қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.Суда жүзу омыртқа ауруларынан алдын алады. Қозғалыс дене
мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді тынықтырады. Омыртқа
бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа
келтіреді.Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге алғыс білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан
айналымын жүйеге келтіреді.Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын
болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады. Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай,
иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады.Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар.
Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде
омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.Және де жүзу спорты жүйкені жұқартпай, ойды мың
бөлген күйзелістен арылтуға септігін тигізеді. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді
шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді. Судың температурасы адамның дене қызуынан қай уақытта да төмен
болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене
мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын
тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдерде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |