245
Судың тығыздығына
байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал
дем
шығару судың кедергі күшіне байланысты. Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады,
сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу
сабағы кеңінен
таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді.
Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және
төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң
және әсем болуына ықпалын
тигізеді. Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.Оның ағзаға,
әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене
белсенділігінің басқа түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы
ретінде пайдаланылған.
Жүзумен барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар айналыса алады,
өйткені дене суда ұсталып
тұратындықтан, ешбір бұлшық етке немесе буынға артық салмақ түспейді. Оның үстіне қажетті құралдары да көп емес,
жүзуді кез келген жаста бастауға және оған деген бейімділікті сезінгенше жалғастыра беруге болады.
Нәтижелер мен оларды талқылау
Жүзудің кейбір жақсы жақтары:
1. қарама-қайшылығы аз;
2. төзімділік пен икемділікке әсер етеді, қан айналымын белсендіреді;
3. бұлшықет тепе-теңдігін оңтайландырады (көптеген кәсіпқой спортшылар жаттығудың бір бөлігін міндетті
түрде қауызда өткізеді);
4. бұлшықет және буын жарақаты мен аурулары кезінде қалпына келтіру терапиясы ретінде қолданылады;
5. ширығудыболдырмаудыңтамашақұралыболыптабылады;
6. еңбекқабілеттілігінарттырып, өмірліккүшбереді;
7. салмақтыбақылапотыруғамүмкіндікбереді.
Алайда, жүзу арқылы салмағын түсіргісі келетіндер үшін кері әсері болуы да мүмкін. Жүзуден
тек арықтауға
ғана емес, толуға да болады екен!
ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жүзуден жаттықтырушы Екатерина Геннадьевна Полевая: «Бассейнге
келетіндердің көпшілігі жүзбейді, шомылады. Яғни, жолдың бойымен баяу, жалқаулана қозғалып жүреді. Мұндай кезде
каллория шығындалмайды, есесіне жаттығудан кейін қарныңыз ашып тұрады! Өйткені
қандағы қант мөлшері
төмендейді, ал оның қорлары қанға түспейді: түскен салмақ дұрыс емес болады. Қызу, дұрыс салмақ түскен кезде
бауырқанға өз қорындағы қантты бөліп шығарады, сонда сіздің екі сағатсыз қарныңыз ашпайды. Міне,
сонда ғана
жүзген сайын сымбаттана түсесіз. Ал адамдардың басым көпшілігі суда шолпылдайды да, тезірек тамақ ішуге жүгіреді»,
-
деп түсініктеме берді.
Достарыңызбен бөлісу: