276
List of references
1. Bynom, A. 2001. Testing terms . English Teaching professional. Forum. July. Issue Twenty
2. Gear, 1996. CambridgePreparation for the TOEFL Test. Cambridge University Press.
4. Grellet. 1981. Developing Reading skills . Cambridge University
Press
5. Heaton, J. 1990. Classroom Testing. Longman
ӘОЖ 341.231(574)
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ
Утеб Р. – ЮМ-19-3к тобының студенті
Абдуали М.А. – магистр оқытушы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан
тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел
екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы,
діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары,
мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас
Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-
бабаларымыздың
аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір
Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас
мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің
ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен
валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының
алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.
1991 жылы 1 желтоқсан күні жалпы халықтық сайлау нәтижесімен Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті болып тағайындалды.1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының
Тәуелсідік күні болып бекітілді.1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
атанды.1991 жылы 4 маусымда Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы,Әнұраны,Елтаңбасы туралы» заңға қол қойды.Сонымен Қазақ халқының 1-ші Дүниежүзілік құрылтайы өтті.1993
жылы 28 қаңтарда еліміздің тұнғыш Ата заңы қабылданған болатын.1994 жылы 16 ақпанда Елбасы н.Назарбаев
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық рефендум негізінде
Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданып,5 қыркүйек күні күшіне енді.1996 жылы Ынтымақтасу мақсатында
құрылған «Шаңхай бестігі»Ұйымына мүше болды.1997 жылы ҚР-ның астанасы ресми түрдле
Астана қаласы болып
жарияланды.1998 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» заң қабылданды.2001 жылы
Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл толды.2002 жылы Киелі Түркістан қаласында Дүниедүзі қазақтарынң екінші
құрылтайы өтті.2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп жарияланды.2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны жаңартылды.2008 жылы «Самұрық-Қазына»ұлттық әл-ауқат қоры құрылды.2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық
етті.2011 жылы Қысқы Азия ойындары Астана және Алматы қалаларында өтті.2011-2012 жылдары аралығында Ислам
Конференциясы Ұйымына төраға болды.Сонымен қатар 2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы 2017
жылы елде әлемдік деңгейі жоғары көрме өткізу құқығына ие болды.2013 жылы Тұңғыш Президентіміз «Қазақстан-2050
Стратегиясын» жариялады.2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі
атанды.Сонымен қатар2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілді.2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жыл
толды.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жарияланды.Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды.2017
жылы ЭКСПО-2017 көрмесі өтті.Қазақстан Азия тобы мемлекеттерінің атынан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар
Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.2018 жылы 1 қаңтардан
бастап Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті.2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Президенті
болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.Сонымен қатар 2019 жыл «Жастар жылы»деп аталды.2020 жыл «Еріктілер
жылы» деп аталды.Қазақмстан Респуликасының Президенті 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама
Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция,
Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған
алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген
сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып
Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді
мойындауда он жетінші болды.
Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз
күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен
ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік
бәрінен
қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!
Достарыңызбен бөлісу: