102
болады. Бұл жарық толқынының ұзындығынан жүздеген есе қысқа болып келетін өте ұсақ өлшем,оны тек атомның
көлемімен ғана салыстыруға болады. Сондықтан, микроөлшемнен (10 метрдің-6дәрежесі) наноөлшемге (10метрдің –
9дәрежесі )көшкен кезде бұл сандық емес,сапалық көрсеткішке айналады да заттан
жекелеген атомдарға ауысуды
білдіреді.Нанотехнологияны дамыту үш бағытта жүргізілуі мүмкін: молекулалар мен атомдардың мөлшерімен ғана
салыстыруға болатын белсенді элементтері бар электронды схемалар (ауқымды схемаларды қоса алғанда) жасау;
наномашиналар, яғни мөлшері молекуладай ғана болатын тетіктер мен роботтар жасау; тікелей атомдармен және
молекулалармен жұмыс істей отырып, қажет нәрселерді солардың өзінен жасау. Қазір осы үш бағытты да жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Жекелеген атомдардың орнын ауыстыру және олардан белгілі бір құрылымдар түзу жөніндегі
алғашқы нәтижеге осыдан он жылдай уақыт бұрын қол жеткізілген болатын.Тұңғыш электронды элементтер сол кезде
жасалды.
Мамандардың бағалауы бойынша,ғасырымыздың бас кезінде-ақ нано-электронды чиптер, мысалы,
сиымдылығы ондаған гигабайтқа жететін есте сақтау микросхемаларын жасау қолға алынбақ.
Наноталшықтарға негізінен химиялық талшықтарға әр түрлі нанобөлшектерді және нанотүтікшелерді енгізу
арқылы алынған талшықтар жатады.Яғни наноталшықтар нанотехнологияны қолдану арқылы өндіріледі.
Химиялық талшықтар мен жіптердің беріктік қасиеті олардың құрылымының жаңару дәрежесімен
сипатталады.
Бұл көрсеткіштер тек талшықтарды алу жағдайына ғана емес полимердің химиялық құрылысының
ерекшелігіне байланысты. Термиялық әрекеттерге берік құрылымға ароматты және гетероциклді
тобы бар жоғары
термиялық суперталшықтар жатады. Беріктігі жоғары және жоғары термиялық наноталшықтардың химиялық
құрылымы өзгеше болып келеді. Талшықтардың құрылымының ерекшелігі олардың негізгі қасиеттерін айқындайды.
Беріктігі жоғары талшықтар дөңгелектің кордында, оптикалық талшықтарды, кабельдерді,
арнайы оқ өткізбейтін
киімдерді дайындауға қолданылады. Термиялық тұрақты талшықтар авиақұрылыста, арнайы киімдер дайындауда,
ыстық газдарды тазалау үшін фильтрлік материалдар жасауға қолданылады.
Нанотехнологияныңкөмегімен алынған Forta Super-Sweep талшығына тоқталайық.
Forta Corporation ғылыми зерттеу,жасау және сынау жылдарынан кейін бұрғылау барысында ұңғымаларды
тазалауға арналған заманауи өнімді,яғни, Forta Super-Sweep талшығын шығарды. Forta Super-Sweep талшығы сұйықтық
тұтқырлығын жоғарылатпай бұрғылау ерітінділерімен бірге шламдарды шығарудың автоматты түрдегі
тез әрі
қарапайым әдісін ұсынады. Forta Super-Sweep талшығы қиындықсыз бұрғылау операцияларының қандай да түрі
болмасын шламды жоюдың тиімді әдісін қарастырып және бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Forta Super-Sweep
талшығы моножіп түрінде таза материалдан жасалған арнайы өңдеуден өткен синтетикалық талшық болып
есептеледі.Ақ түсті Forta Super-Sweep талшығы теңдей ұзындықта шығарылады,ерітінділерді қандай болмасын
түрлерінде алып жүрудің теңдей қабілетіне және және лезде араласу қабілетін өткізуге мүмкіндік береді. Forta Super-
Sweep талшығы сонымен қатар химиялық инертті және улы емес,синтетикалық негізде су,май және басқа да еріткіштер
түрлерімен араласқыш болып келеді.
Forta Super-
Sweep талшығы 15 фунттық,жеңіл ашылатын және қатты қағазды қорапшада оралады. Forta Super-
Sweep талшығымен алынған шлам бұрғылау ұңғымаларында қатып қалғандарын шығара алады.
Forta Super-
Sweep
талшығының құм,көмір,тастақ,лайлы сланецті,кесуден кейінгі темір қалдықтарын жою
барысындағы тиімділігінің анағұрлым тиімді екенін көрсетті.Жоғарғы байланысты жоюшы шлам полимерлерден Forta
Super-
Sweep талшығының ерешелігі қашан тұтқырлығы жоғарыланған ауыр ерітіндінің тәуекелсіз қажеттлігі болуы
барысында да аталған талшықты қолдануға болады.
Forta Super-
Sweep талшығы түрлі бұрғылау
ерітінділеріне қосылады, олар ағымды және ұңғыманы бұрғылау
барысында қалдықтарды жою күшін жоғарылатады. Forta Super-Sweep талшығы жеңіл өлшеніп және теңіз суында,су
негізіндегі бұрғылау ұйықтықтарында теңдей реттеледі, бұрғылау барысында шламды тиімді түрде жоюына мүмкіндік
береді.Forta Super-Sweep талшығы химиялық түрде ешқандай әсері жоқ,сонымен қатар бұрғылау ерітіндісінің
тұтқырлығын жоғарылатпайды.
Forta Super-
Sweep талшығын қолдану барысында алынатын негізгі жетістіктер:
-
шламды барлық сұйықтықтармен шығару мүмкіндіктерін автоматты түрде жоғарылату;
-
қымбат тұратын бұрғылау сұйықтықтарын ауыстыру,оның орнына престелген
немесе теңіз суын қолдану
мүмкіндігі;
-
құбырларды кесу барысында пайда болатын темір қалдықтарын жою;
-
бұрғылау барысында кездесетін қатты породалы бөлшетерді залалсыздандыру немесе құрал саймандарды түсіру
көтеру;
-
ұңғыманы түсіру барысында ұңғыма қбырларын тазалау және каротажды жүргізудің тиімді әдісі;
-
ұңғыманың қандай да бір тереңдігінде қолданылуы мүмкін;
-
синтетикалық негізде барлық су,май және ерітіндінің түрлерімен химиялық түрде байланысады;
-
қоршаған ортаға зияны жоқ (қауіпсіз)- LC мәні 50-ден 1 миллионға дейін болады;
-
жұмыс операциясы барысында қолданылатын полимерлермен салыстырғанда ұңғыманы тазалау құны төмендігі;
-
бірқатар полимерлер сияқты О
0
С және одан да төмен температураларда бұзылмайды.
Forta Super-
Sweep талшығы реагент сияқты ұңғыма құбырларын тазалаушы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келсек химиялық талшықтар өндірісінің дамуы синтетикалық талшықтарды,
полиэфирлі талшықтарды, соның ішінде супер талшықтарды шығаруды кеңейту қажет. Алдағы уақытта химиялық
талшықтар өндірісі дамып, тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: