105
Жүн талшықтарының мықтылығыоның жуандығы мен құрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн - жуан,
бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН-қа дейінгі үзу салмағымен сипатталады,
жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар – 30 сН-ге дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8 – 13,5
сН/текс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол
талшықты жуан қылып көрсеткенімен мықтылығын арттырмайды.
Құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы40% .
Толық ұзарудың әжептеуір үлесі (7%-ке дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформацияға келеді,
солардың әсерінен жүн матадан істелген
бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.
Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті,ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі – сұр, қызғылт, қара.
Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына байланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді
жылтыратып тұрады. Майда, талшыққа жабыспайтын қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді.
Киіздену
–жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады.
Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы18 %, қылшық жүндікі – 15 %. Жүннің барлық
қасиеттері – физика-механикалық, технологиялық және химиялық болып үшке бөлінеді. Технологиялық қасиеттеріне:
жүннің шығымы, иіру қабілеттілігі, илеу қабілеттілігі жатады. Физика-механикалық қасиеттеріне: жіңішкелік, ұзындық,
гигроскопиялық, беріктілігі, түсі, жылтырлығы және тығыздығы жатады Басқа талшықтарға қарағанда жүннің
гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды жәй тартады, жәй шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн
талшығы 60%-ке дейін,
одан да көп, ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып оған үтектеу,созу, декатирлеу
сияқты операциялар жасай аламыз.
Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердіңәсеріне жүн
төзімді. Жүнде амфотерлік қасиеттербар, яғни қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесе алады.Қайнатқанда
жүн күйдіргіш натрдың 2%-ті ерітіндісінде ериді. Сұйытылған қышқылдың (10%-ке дейін) әсерінен жүннің
мықтылығы біршама артады. Концентрациялы азот қышқылының әсерінен жүн сарғаяды, концентрациялы күкірт
қышқылының әсерінен күйеді.110
о
С, одан да жоғары температурада құрғақ жүн талшықтары өзінің мықтылығын
жоғалтады.Өсімдік талшықтарына қарағанда жарық пен ауа райы әсерінежүннің төзімділігі айтарлықтай жоғары.
1120 сағат тікелей түскен күн сәулесінен жүн талшықтарының мықтылығы 50%-ке кемиді.
Жүн жанғандаталшықтар жалында піседі, жалыннан
алсақ жанғаны басылады, ұшында күйген қара
түйіршік пайда болып, күйген қауырсынның иісі сезіледі [2].
Достарыңызбен бөлісу: